7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Жануарлардың негізгі жүйелік топтары' (7сынып)

Сабақ жоспары 'Жануарлардың негізгі жүйелік топтары' (7сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 7

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: дүние , дүние тармағы, тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы.

Сабақтың мақсаты: Түр, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип туралы ұғымдар жайында, жануарлардың табиғи системасы жөнінде алғашқы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларды жануарлардың негізгі жүйелік топтарысмен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың жануарлар әлемі туралы білімдерін кеңейтіп және топтық жүйемен жұмыс жасауға дағдыландыру, логикалық ойлау, зейінін, бақылаушылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдіс- тәсілдері: баяндау.

Сабақтың пән аралық байланысы: экология

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар.

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 мин.

II. Пысықтау. 4 мин.

III. Үй тапсырмасын сұрау. 4 мин.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин.

V. Білімді бекіту. 13 мин.

VI. Үйге тапсырма беру. 1 мин.

VII. Оқушылардың білімдерін бағалау. 1 мин.

VIII. Қорытынды сөз. 1 мин.

Сабақтың барысы:

І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу.

II. Пысықтау .

1. «Зоология» сөзінің қазақша баламасы қандай, ол нені зерттейді?

2. Жануарлардың табиғаттағы маңызы қандай?

3. Адам өміріндегі жануарлардың пайда - зияны қандай?

4. Жануарлар жер шарында қалай таралған?

III. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Жануарлардың мекен ету ортасы дегеніміз не?

  2. Жануарлардың қалыпты тіршілік етуі үшін қандай жағдайлар қажет?

  3. Жануарлардың қалыпты тіршілік етуіне қажетті жағдайларға мысал келтіріңдер.

  4. Жануарлар мекен ету ортасына қалай бейімдлген?

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жануарлар кез келген жерлерден табылады. Суға үңілсек те, топырақты қазсақ та, аспанға назар аударсақ та, айналаға көз салсаң та жануарлар кездеседі. Тіпті кез келген тірі ағзаларда да жәндіктердің өмір суретші мәлім. Қазір ғаламшарымызда 1,5 миллионнан астам жануардың түрі бар деп есептеледі. Қаншама жануарлар түрі жер бетінен жойылып бітті. Біз қарастырғалы отырған омыртқасыздардың жәндіктердің саны бір миллионнан асады. жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленеді. Соншама жануарларды бірінен-бірін ажырату қиын. Сондықтан оларды топқа бөліп, жіктеп, бір жүйеге келтіру қажет.

Жүйелеу дегеніміз - ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру. Жүйелеу тобындағы реттелуді ескеріп, бүкіл жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу деп аталады. Жіктеу кезінде жануарларды бірінен-бірін ажырату да олардың құрылысы, тіршілік етуі, мекен орны негізге алынады. Бұрынғы жойылып кеткен және жер қазіргі кезде мекендейтін жануардың барлығы бір топқа - жануарлар дүниесіне біріктіріледі.

Жануарлар дүниесінің екі тармағы бар: біржасушалы жануарлар және көпжасушалы жануарлар. Біржасушалы жануарлардың денесі негізінен бір ғана жасушадан тұрады. Сондықтан олар қарапайым жәндіктер деп аталады. Көпжасушалы жануарлар ағзасында жасушалар көп болады. Олар әр түрлі қызметтер атқарады. Жасушалардың бір тобы ішкі және сыртқы орталан тітіркендіргіш әрекетін қабылдап, сезімталдық білдіреді. Енді бір тобы дыбыс тербелісін қабылдап, талдау арқылы есту жүйесінің негізін құрайды. Кейбір жасушалар тобы қорғаныш қызметін атқарады. Қорегін іздел табуға жәрдемдесіп, оны қорытуға қатысатын да жасушалар бар. Бірақ бірде-бір жасуша өз ағзасынан тыс өмір сүре алмайды.

Жануарлар дене құрылысының ортақ белгісі бойынша және болып бөлінеді. Халқымыз омыртқасыз жануарды жәндіктер дейді. Жәндіктердің денесінде ішкі қаңқа және омыртқа жотасы болмайды. Олардың біржасушалы да, көпжасушалы да түрлері болуы мүмкін. Ішкі қаңқасы және болатын түрлер омыртқалы жануарларға жатқызылады. Бұлар деп аталады. Жануарлардың ұрығы дами бастаған белгілі сатысында ішкі қаңқа нышаны байқалады. Бұл түзіліс бас пен құйрық аралығында домбыра ішегі желісіне ұқсас керіліп жатады. Сондықтан жануарлардың бұл тобы желілілер (хордалылар) типіне біріктіріледі. Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, , - жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар.

Бұларда () тек ұрықтық сатыла ғана сақталады. Одан әрі даму барысында жеке омыртқалардан құралатын омыртқа жотасына айналады. Ал төменгі сатыдағы жануарларда (, , т. б.) желі өмір бойы сақталады.

Жануарларды негізгі жүйелік топтарға жіктеу

Жер ғаламшарындағы сан алуан жануарларды жеке-жеке атау, түрлерге ажырату, жүйеге келтіру оңайға түскен жоқ. Біздің жыл санауға дейінгі (ж. с. д.) V-ІV ғасырларда ғалымдар жануарларды жүйелеп, жіктеуге ерекше назар аударды. Ежелгі грек ғалымы (ж. с. д. 460 - 370 жж шамасында) сол кезде белгілі жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктеді.

Грекияның ұлы ойшылы (ж. с. д. 384 - 322 жж шамасында) жануарларды аңдар, , балықтар, киттер және бунақденелілер деп, негізгі топтарға жүйеледі. Жануарлар өлемін жүйелеу ісінде швед ғалымы білгірлік көрсетті. Сондықтан ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы болып саналады. К. Линней ағзаларға қосарлы атау тізім беруді ұсынды. Мұнда ол туыстық белгісіне қарай түрге екі атау берді. Мысалы, туыстас қүстардың үш түрі бар. Олар: «Ақ шақшақай», «Сары шақшақай» және «Сарыбас шақшақай». «Ақ», «Сары», «Сарыбас» сөздері жеке түрге ғана қолданылады. Сондықтан мұны түрге берілген белгі деп түсінуіміз қажет. Барлығына ортақ - екінші атау «шақшақай» - құстың туыстық атауы. Ағзаларға (ұсақағзалар, өсімдіктер, ) жіктеу кезінде туыстық екі атау беру қосарлы атаутізім деп аталады. Қосарлы атаутізім бойынша құс туысының қай түрге жататынын бірден біле аламыз.

Түр дегеніміз - Жер ғаламшарындағы тіршілік атаулыларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік. Бір түрде бірнеше дарақтар (особь) болады. Олар өзара бірімен-бірі еркін жүптасып, өзінен кейін ұрпақ қалдырады. Әр түрге жататын дарақтар бірімен-бірі жұптасқанмен де, соңынан ұрпақ қалдыра алмайды. Оған мен есектің жұптасуынан туған қашыр мысал бола алады. бермейді.

К. Линней жануарларды жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негіз етіп алды. Ол түрді - туысқа, туысты - тұқымдасқа, тұқымдасты - отрядқа, отрядты - класқа, класты - типке, типтерді жануарлар дүниесіне біріктіруді ұсынды. Сөйтіп жануарларды жіктеудің мынадай қысқаша сызбанұсқасы қалыптасты:

түр -> туыс -> тұқымдас -> отряд -> класс -> тип -> жануарлар дүниесі.

Жұмыртқа салатын жабынды жануарлардың барлығы бір класқа - класына біріктіріледі. Туыстас кластар топтасып, тип түзеді. Бұдан біз жануарларды жіктеу барысында жануарлар дүниесі - ең жоғары деңгей, ал ең төменгі деңгейдегі табиғи қүрылымның түр екенін аңғарамыз.

Жануарлар мен өсімдіктерді жүйелеу негізінен алғанда ұқсас. Жануарларды топтарға бөліп, жіктеудің маңызы зор. Бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден омыртқалы жануарларға дейін қүрылымының күрделене түсетіні нақтылы көрінеді. Ғаламшарымыздағы бір жарым миллионнан астам жануарлар екі топқа бөлінеді. Денесінде ішкі қаңқасы және болмайтын жануарлар деп аталады. Ал ішкі қаңқасы және болса, олар тобына жатқызылады. Жәндіктердің біржасушалы және көпжасушалы дүние тармағы бар. Жануарлар тек көпжасушалы болып келеді. Жануарлардың ұрығы дами бастаған кезде құйрық пен бас аралығында домбыра ішегі тәрізді керілген желі байқалады. Сондықтан желілілер деп те аталады. Жоғары сатыдағы жануарларда одан әрі даму барысында омыртқадан құралатын түзіледі. Төменгі сатыдағы жануарларда желі өмір бойы сақталады.

V. Білімді бекіту.

  1. Жануарларды неліктен жүйелі топқа жіктейді?

  2. Бұл салада ғылым қандай жетістіктерге жетті?

  3. Жүйелеу деген не?

  4. Оған қандай мысал келтіре аласындар?

  5. Жіктеу деген не?

  6. Жіктеу негізіне жануарлардың қандай ерекшеліктері алынды?

  7. К. Линней жануарларды қандай жүйелік топтарға жіктеді?

  8. К. Линней еңбегінің маңызы қандай?

  9. Ағзаларға қосарлы атаутізімді беруді кім ұсынды?

  10. Оған қандай мысал келтіре аласындар?


VI. Үйге тапсырма беру. Зоология - жануарлар дүниесі. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы. Жабайы және үй жануарлары. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі. Жануарлар дүниесін қорғау.

VII. Оқушылардың білімдерін бағалау.

VIII. Қорытынды сөз.

Жануарларды жеке-жеке атап, түрге ажырату үшін оларды жіктеп, жүйелейді. Швед ғалымы ағзаларға қосарлы атаутізім ұсынды. Ол жануарларды жүйелеудің негізін қалаушысы деп саналды. К. Линней жүйелік топқа жіктеу кезінде түрді негізгі бірлік етіп, мынадай қысқаша сызбанүсқа қалыптастырды:

түр -> туыс -> тұқымдас -> отряд класс -> тип -> жануарлар дүниесі.

Біз бұдан жануарлар дүниесінің қарапайым жәндіктерден омыртқалы жануарларға дейін құрылымының күрделене түсетінін көреміз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал