7


  • Учителю
  • Конспект урока по биологии для 6 класса 'Алқа тұқымдастар'

Конспект урока по биологии для 6 класса 'Алқа тұқымдастар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сынып:6 «а»Пән:БиологияСабақтың тақырыбы: Алқа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысыныңерекшеліктері.Сабақтың мақсаты: Алқа тұқымдас өсімдіктердің негізгі белгілерімен жәнегүлдерінің, жемісінің құрылысымен,вегетативтік және генеративтік мүшелерімен танысу.Білім
предварительный просмотр материала

Сынып: 6 «а»

Пән: Биология

Сабақтың тақырыбы: Алқа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысының ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Алқа тұқымдас өсімдіктердің негізгі белгілерімен және гүлдерінің, жемісінің құрылысымен, вегетативтік және генеративтік мүшелерімен танысу.

Білімділігі: Оқушыларды алқа тұқымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлілігі мен маңызын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық деңгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға алқа тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызын мысалдармен түсіндіріп, табиғатты аялауға оған түсінікпен қарауға оқушылардың табиғи-ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың типі: аралас сабақ, ішінара ізденуші

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тірек сызбалар, баяндау, түсіндіру, тест.

Құрал- жабдықтар: гербарий, таратпа материалдар, слайд, карточкалар.

Сабақтың Барысы

Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, құрал -жабдықтарын тексеру, сабаққа назар аудару.

Үй тапсырмасын сұрау:

I.Қызығушылықты ояту:

Балалар сендер алқа тұқымдастарына нелер жататынын білесіңдерме? (Өз ойларыңды дәптерге жазыңдар)

Шырайгүл (петуния)

Болгар тәтті бұрышы Алқа тұқымдастары картоп

Баклажан қызанақ


Алқа тұқымдастарының пайдасы

Сәндік Дәрілік тағам улы түрі


II.Мағынаны ажырату: Кестені толтыру (Деңгейге байланысты тапсырма)

А деңгейі 1-топ

Белгілері

Алқа тұқымдастары

Тіршілік ортасы

Ауа райы ыстық, қолдан өсіріледі, мәдени түрлері бар.

Құрылысы

Сабақтары бұталы, шырмалып өседі, күлтелері тұтасқан, жапырақтары кезектесіп,

Гүлінің құрылысы

Гүлдері гүлшоғырда немесе жеке орналасады, Гүлі кіріккен, дұрыс гүл,

Жемісінің құрылысы

Жидек, қауашақ

Өкілдері

Баклажан, картоп, қызанақ, шырайгүл, меңдуана, қызылқұлақ

Халық шаруашылығындағы маңызы

Тағам, дәрі, сәндік ретінде қолданылады.

2-топ Б деңгейлі

Алқа тұқымдасының формуласы, сипатта.

*Т(5) К(5) А(5) Ж(2)

Сниквейн құру

  1. Баклажан

  2. Жемісі жидек

  3. Жапырақтары кезектесіп орналасады.

  4. Сабағының биіктігі 30-70 см шамасында

  5. Алқа тұқымдас

3-топ В деңгейлі

Тағамға

Дәрі ретінде

Сәндік ретінде

Улы түрі

Картоп, баклажан, қызанақ

Меңдуана, сасық меңдуана

Шырайгүл, қызылқұлақ

Меңдуана, сасық меңдуана

III.Ой толғаныс

Сыныпты екі топқа бөлу, бірінші топты а,ә , екінші топты б, в бөлу және бір -бірінен сұхбат алу

Венн диаграммасы

ұқсастығы

Алқа тұқымдастар

Раушангүлділер


Алқа тұқымдастарының табиғат пен адам өміріндегі маңызы

Қорытындылау:Бүгін сендер немен таныстыңдар және нені түсіңдіңдер?

Үйге тапсырма: &-28, сұрақтарға жауап іздеу, Эссе жазу алқа тұқымдастары.


Белгілері

Алқа тұқымдастары

Тіршілік ортасы



Құрылысы



Гүлінің құрылысы



Жемісінің құрылысы



Өкілдері



Халық шаруашылығындағы маңызы




Тағамға

Дәрі ретінде

Сәндік ретінде

Улы түрі




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал