7


  • Учителю
  • Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері

Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: ______________ Күні: 19.01.2016ж Сыныбы: 10 "А"

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері

туралы мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері туралы

білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері

туралы ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру

1. Овогенез, спермотогенез дегеніміз не?

2. Жынысты көбею деген не?

3. Мейоз деген не?

4. Диакинез деген не?

III.Жаңа сабақ

Ұрықтану дегеніміз - жұмыртқа жасушасымен сперматозоидтің бір-бірімен қосылу процесі. Олардың ядролары бірігіп, диплоидті зигота түзіліп, одан жаңа организм дамиды. Сперматозоид және жұмыртқа жасушасының ядросында хромосома жиынтығы гаплоидті болады.

Толық пісіп жетілген жұмыртқа жасуша қабықшамен қапталады және оның сперматозоид енетін кішкене тесігі болады. Ұрыктану кезінде жұмыртқа жасушасының ядросы мен сперматозоидтің ядросы қосылады. Жұмыртқа жасушасына бір немесе бірнеше сперматозоидтер енеді. Бірақ жұмыртқа жасушасының ядросымен тек бір ғана сперматозоидтің ядросы қосыла алады. Ұрықтанған жасушаны зигота деп атайды, оның ядросында хромосома жиынтығы диплоидті болады.

Зиготаның ядросында барлық хромосомалар қайта жұптасады: гомологиялық хромосоманың әр жұбында бір хромосома - аталык, ал екіншісі - аналық. Соған байланысты организмдердің әрбір түрінің соматикалық жасушасына тән диплоидті хромосома жиынтығы тек ұрықтану кезінде ғана қалпына келеді. Ұрықтану аякталған соң ДНҚ синтезі жүріп, хромосомалар екі еселенеді және митоз жолымен жүзеге асатын зигота ядросының бірінші бөлінуі басталып, жаңа организмнің даму бастамасын береді.

Ұрықтанған кезде:

Спермий + жұмыртқа жасушасымен қосылады зигота түзеді.

Гүлді өсімдіктердің қосарлана ұрықтануы. Жануарлар мен жоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мейоз жолымен бір диплоидті жасушадан 4 гаплоидті жасуша түзіледі, олардың үшеуі өліп, қалған біреуі митоз жолымен үш рет бөлінеді. Осылай ұрық қапшығын түзетін 8 гаплоидті жасуша түзіледі. Осы 8 жасушаның бесеуі ұрық капшығының кабырғасын түзе отырып, көмекші рөл аткарады, ал оның үшеуінің біреуі жұмыртка жасушаға айналады. Екі гаплоидті хромосома жиынтығы бар жасуша қосылып, диплоидті хромосома жиынтығы бар жасушаға айналады. Диплоидті жасуша - ұрық қапшығының қосалқы ядросын түзеді. Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады.

Маңызы. Ұрықтанудың биологиялық ерекшелігі.

1. Гүлді өсімдіктердің ұрықтану ерекшелігі неде?

2. Бұдан қандай артықшылық болады?

Ұрықтану бомаса тірі ағзалардың ұрпақтары жалғаспас еді, жерде тіршілік болмас еді. Гүлді өсімдіктерде, егер тозандану үдерісі жене қосарынан ұрықтану болмай қалса, тұқым және жеміс түзілмейді. Сондықтан қолайсыз жылдары, мысалы, көктемде суық түссе, алма, алмұрт, шабдалы немесе кез келген жемісті дақылдарда түсім болмайды. Атап айтқанда, жабықтұқымды (гүлді) өсімдіктердің алға басуына жәрдемдесетін себептерінің бірі, міне, осы.

Мысалы, балықтарда және қосмекенділерде осылай өтеді. Аталықтар шәует шашқаннан кейін сперматозоидтар кептеген уылдырықтарға кездеседі. Мұндай үдерістердің іштей ұрықтану кезінде де болуы мүмкін. Жыландар және кесірткелер әдетте бірнеше жұмыртқа туады. Ірі қағанақты жануарларда бұл үдеріс - сирек, ал ұсақ жануарларда жиірек өтеді. Әдетте пілдер ешқашан екіден тумайды, ал тышқантектес кемірушілерде әдетте бірден көп болады. Адамда да бір жұмыртқалы (әр жынысты немесе біріне-бірі ұқсамайтын) егіздердің болуы мүмкін.

.Партеногенез.Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін партеногенез деп атайды.Партеногенез грекше «partenos»- қыз, «genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны білдіреді.
Бұл құбылыс табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі. Мысалы, дафнияда ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шығып, көктемде партеногенез жолымен көбейе алатын аналықтар қайтадан дамиды. Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларада, жабайы арада, өсімдіктерде - бақбақта, тағы басқаларында кездеседі.
Баларада партеногенез басқаша жүреді. Ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аталықтар (трутеньдер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналық ара) мен жетілмеген аналықтар (жұмысшы аралар) дамиды.Жоғары және төменгі температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушадан жаңа организмдер дамитыны дәлелденді.Бірақ бұл құбылыс өте сирек кездеседі.Атақты орыс генетигі Б. Л. Астауров жасанды партеногенездік жолмен көбею қабілеті бар жібек құртын алды. Жыныссыз көбею - көбеюдің қарапайым түрі.
Жыныстық жолмен көбею - сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады.
Партеногенездің ерекшелігі - ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аналықтар, ал ұрықтанғандарынан аталықтар дамиды.

IV. Бекіту

1. Зигота деген не?

2. Партогенез деген не?

3. Ұрықтанудың биологиялық ерекшелігі?

V. Қорытынды

Ұрықтану дегеніміз - жұмыртқа жасушасымен сперматозоидтің бір-бірімен қосылу процесі. Олардың ядролары бірігіп, диплоидті зигота түзіліп, одан жаңа организм дамиды. Сперматозоид және жұмыртқа жасушасының ядросында хромосома жиынтығы гаплоидті болады.

Ұрықтанған кезде:

Спермий + жұмыртқа жасушасымен қосылады зигота түзеді.

Партеногенез.Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін партеногенез деп атайды.Партеногенез грекше «partenos»- қыз, «genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны білдіреді

.VI.Үйге тапсырма

§18 Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал