7


Сабақ жоспары №5 10 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сынып:10

</ Сабақтың тақырыбы: Жасушаның химиялық құрамы. Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлі.

Мақсаты:

• "Цитология негіздері" тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау және бір-бірімен білім алмастыру арқылы толықтыру, теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc- жүзінде қолдануға үйрету.

• ақпараттану технологиясының әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз-қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.

• оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым-қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Құралдар:

• Тірек сызбанұсқалар

• Кестелер;

• Жұмыс парағы;

• Қосымша материал;

• Компьютер;

• Флипчарт

• Бейнефрагменттер

I. Ұйымдастыру.Қызығушылықты ояту

(сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару)

II.Негізгі бөлім.Мағынаны ашу

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Жұмыс түрі Уақытты

1.Тарихына шолу

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады.

Цитология -жасуша туралы ғылым Жасы -100жыл, ал термин «жасуша»- 300 жыл. Цитологияның дамуы ұлғайтқыш құралдарының пайда болуымен, дамуымен байланысты.

1838 ж-Шлейден және Шванн -жасуша теориясының негізін қалады

1858 ж - Вирхов -жаңа жасуша жасуша бөлінуінен пайда болады

Бэр -барлық тірі ағзалардың дамуы жасушадан басталады Ауызша жауап мин

Биологиядағы маңызды теорияның бірі-жасуша теориясы Жасуша теороияның негізгі қағидалары

I. Барлық тірі ағзалар жасушадан тұрады

II. барлық ағзалардың жасушалары құрылысы және химиялық құрамы бойынша ұқсас

III. Жасушалардың көбеюі бөліну арқылы өтеді

IV. Ядросына қарай жасушалар прокариоттар және эукариоттар болып екіге бөлінеді

V. Жасуша-тіршіліктің негізі

Ауызша

мин

2.Жасуша тіршіліктің негізі

бактерия, саңырауқұлақ, өсімдік және жануар жасушалары болады.

Олардың құрылысы-?

I:Жасушаның негізгі...

А)бөліктері

В)цитоплазмадағы органоидтары

С)қасиеттері

II.нұсқа: Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысын салыстыру.

III нұсқа: Бактерия және саңырауқұлақ жасушаларының құрылысын салыстыру. Тақтамен жұмыс



Қосымша №1



Қосымша №1

мин

3. Жасушаның химиялық құрамы.

Жасушаларынң құрылысында айырмашылығы болғанымен, барлық жасушалардың химиялық құрамы ұқсас

Жасуша құрамында 80-ге жуык химиялық элементтер болады. элементов. Мөлшеріне қарай: макроэлементтер(C,H,O,N) және микроэлементтер (йод, бром, селен...).

Кейбір элементтер бейорганикалық және органикалық қосылыстарының құрамына кіреді

Бейорганикалық заттар:су, минералды тұздар .Органикалық - нәруыз, майлар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, АТФ. Су маңызды зат.Су -заттар гидрофобты және гидрофилді. Су химиялық реакцияларға қатысады. Керек емес заттардың жасушадан бөлуіне , жасушаның ішіндегі заттардың қозғалуына қатысады.

Минералды тұздар катион түрінде болады (K+,Na+,Ca2+,Mg2+) және анион түрінде (HPO42-, H2PO4-, Cl-) олардың мөлшері қышқылдық ортаны қамтамасыз етеді

Органикалық заттардың маңызы:

1. Барлық қосылыстар энергия береді (көмірсулар, майлар, нәруыздар);

2.Барлығы құрылымдық қызмет атқарады;

3. Барлығы тұқымқуалау ақпаратты сақтауға, тасымалдауға қатысады

4. Жасушадағы зат алмасуды қамтамасыз етеді Тірек конспект



тәжирібе мин



мин



4. Жасуша -тіршілік негізі

Жасушадағы маңызды процесс-зат және энергия алмасу.

1.Пластикалық алмасу

А)Нәруыз биосинтезі

В)Фотосинтез



Фотосинтез-тіршілік үшін аса маңызды процесс. Неге?



Қорытынды:

Пластикалық және энергетикалық алмасу процестері тығыз байланысты. Жер бетіндегі тіршіліктің негізі-автотрофтар. Органикалық заттардың түзілуіне қажетті энергия. Пластикалық алмасу - энергия жұмсалумен өтетін реакциялар жиынтығы

1.Нәруыз биосинтезі

Рибосомаларда өтеді.

Нәруыз құрамы туралы ақпарат ДНҚ-да болады. Осы ақпаратты ДНҚ-дан рибосомаларға РНҚ жеткізеді.

АТФ - биосинтезді энергиямен қамтамасыз етеді.

Ферменттер - нәруыз молекуласының түзілуімен тездетеді

2.Фотосинтез - бұл да пластикалық алмасу

Автотрофтар-өсімдіктер және көк-жасыл балдырлар. Өсімдіктер өздері бейорганикалық заттардан органикалық заттарды түзеді.

Жер бетіндегі барлық өсімдіктер 1жылда -170млрд тонна органикалық заттар түзеді

Сонымен қатар ауаға оттегі бөлінеді Сызбанұсқа

лармен жұмыс



Бейнефраг

мент

«Нәруыз»



Бейнефраг

мент «Фотосинтез» мин



III.Бекіту

Тест жұмысы 12мин



IV.Бағалау 2 мин



V.Үй тапсырмасы: §20,21 тапсырма 5



1 нұсқа

I:Жасушаның негізгі...

А)бөліктері(мембрана, цитоплазма, ядро)

В)цитоплазмадағы органоидтары(вакуоль, пластидтер, лизосома, ЭПТ, рибосома, митохондрия, Гольджи жиынтығы..)

С)қасиеттері(зат және энергия алмасу, тітіркенгіштік, көбею...)

2 нұсқа

Өсімдік жасушасы Жануар жасушасы

Жасуша мембранасы

Жасуша мембранасы целлюлозадан тұрады, берік болады Мембрана нәруыз, майдан тұрады,

иілгіш, серпімді

Ядро

1 1, немесе бірнеше

Жасуша орталығы болмайды Жасуша орталығы болады

Цитоплазмадағы органоидтары

Пластидтер, вакуолдер болады Митохондриялар бар, кейбір түрлерінде ғана вакуолдер болады

Қорға жиналған қорек заттар

Крахмал, майлар Гликоген, майлар

Энергия түзілуі

Фотосинтез Органикалық заттардың тотығу барысында

Өсуі

Өмір бойы Көпшілігінде, жас кезінде ғана

Ұлпа

Жабын, тірек, өткізгіш,негізгі, бөліп шығарушы Эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке

3-нұсқа

Бактерия жасушасы Саңырауқұлақ жасушасы

Қабықшасы сілеймелі Қабықша құрамында -хитин

Ядросы жоқ 1-30 ядро болуы мүмкін

Фото-хемоинтез болуы мүмкін -

Қорға жинайды: крахмал, гликоген, майлар, күкірт, полифосфат Гликоген,нәруыз

Зат алмасу

Ашу, фотосинтез, тыныс алу арқылы өтеді Қорек заттардың ыдырауы арқылы

Өседі өмір бойы

Ұлпалары жоқ

Тапсырма:Тақтада берілген органоидтардан жасушаны құрастыру.

Тақтамен жұмыс:1.Жасуша органоидтарынан өсімдік жасушасын жинау.

2.Жануар жасушасына өзгерту

3.Бактерия жасушасына өзгерту.

4.Саңырауқұлақ жасушасына өзгерту..

Қорытынды: Әр топқа жататын ағзалардың жасушаларының құрылысында ұқсастығы да

айырмашылығы да бар.



Тест сұрақтары

1. Жасуша теориясының қағидалары

А - бір триплет бір аминқышқылын кодтайды В - жасушасыз тіршілік құрылым болмайды

С - ДНҚ - генетикалық ақпаратты сақтайды, тасымалдайды

Д - Әрбір жасуша бастапқы жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады

Е)-Барлық ағзалар жасушадан тұрады

2. Дененің заттан айырмашылығы

А - бейорганикалық қосылыстардын құрамы В - ферменттер арқылы

С - молекулалардың байланысы Д - зат алмасу процестері Е-көбею әдісі

3. Жасуша тіршілік негізі, өткені

А - жасуша құрамына 80 элемент кіреді В - нәруыздар 20 аминқышқылдарынан тұрады

С - жасушада үнемі синтез және ыдырау процестері өтеді

Д - барлық тірі ағзалар жасушадан тұрады Е- дұрыс жауабы жоқ

4. Тірі ағзалардың жасушаларының құрылысы химиялық құрамы ұқсас, бұл көрсетеді

А - тірі өлі табиғаттан пайда болды В - тіршіліктің шығу тегі бір

С - жасушаның фотосинтезге қабілетілігін Д - зат алмасу бірдей

Е- барлық жауаптар дұрыс

5. Жасушада заттардың алмасуын қамтамасыз етеді

А - пластидтер В - митохондриялар С- мембрана

Д - лизосомалар Е- цитоплазма

6. Жасушаның органикалық заттарына жатады

А - нәруыз, майлар, көмірсулар В - нуклеин қышқылдары

С - АТФ Д- кальций тұздары Е-су

7. Су-тіршілік негізі:

А - үш күйде бола алады В - ұрық жасушаларында судың мөлшері 90%

С - күшті еріткіш Д - қызып кетуден сақтайды Е- жылуды өткізеді

8. Биоэлементтерге жатады:

А - тірі өлі табиғат құрамындағы элементтер В - жасушаның тіршілік әрекеттеріне қатысатын

С- бейорганикалық молекулаларының құрамындағы

Д - жасушаның органикалық қосылыстарына кіретін элементтер

Е-барлық жауаптар дұрыс

9. Нәруыз-биологиялық полимер, оның мономерлері

А - нуклеотидтер В - аминқышқылдар С - пептидтер Д - моносахаридтер Е-глюкоза

10.Ферменттердің қызметтері

А - энергияның негізгі көзі В - биохимиялық реакцияларды тездетеді

С - оттекті тасымалдайды

Д - химиялық реакцияларға қатысады, бір заты басқа затқа айналдырады

Е-тек ыдырау реакцияларына қатысады

11. Денатурация қандай заттын қасиеті

А - нәруыз В - май С - көмірсу Д- нуклеин қышқылының Е-кальций тұздарынын

12. Ағзаның иммундық қасиетін атқарады

А - тасымалдау қызметін атқаратын нәруыздар В- көмірсулар

С - қан құрамындағы барлық заттар Д- антидене деген қанның ерекше нәруызы

Е-лейкоциттер

13. Жасуша бөліну арқылы көбейеді деп тұжырымдады:

А - К.Бэр В - Т.Шлейлен С - М.Шванн Д - Т.Морган Е-Р.Вирхов

14. Метаболизм-екі қарама-қарсы процестен тұрады

А - өмір және өлім В - синтез және ыдырау С-көзу және тежейлеу

Д - оттекті сіңіру және көмірқыш газды бөлу Е-оттекті бөлу және қомірқышқыл газды сіңіру

15 - Хлоропластар қайда болады

А - жабын ұлпада В - жануар жасушасында С - эукариот жасушаларында

Д - өсімдіктерде Е-өсімдіктерде және кейбір бактерияларда



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал