7


Сабақ жоспары 7 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: ______________ Күні: 13.01.2016ж Сыныбы: 7

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің

көптүрлілігі. Бунақденелілердің құрылысының ерекшелігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің

көптүрлілігі. Бунақденелілердің құрылысының ерекшелігі туралы мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің

көптүрлілігі.Бунақденелілердің құрылысының ерекшелігі туралы білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы.

Бунақденелілердің көптүрлілігі. Бунақденелілердің құрылысының ерекшелігі

туралы ой - өрісін дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру

1. Буынаяқтылар қалай көбейеді?

2. Хитин деген не?

3. Буынаяқтылардың неше класы бар?

III.Жаңа сабақ

Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдерідеп аталады.

Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.

Бунақденелілерге қоңыздар, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері - суаршын, суқандала, сушалқақ, зұламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы(шыбын); шаншып-сорушы (маса, орман қандаласы); кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек).

Өрмекшітектестер мен бунақденелілер дене құрылысының сызбанұсқасы: 1 - денесі екі бөлікті (баскөкірек және құрсақ); 2 - денесі үш бөлікті (бас, көкірек, құрсақ)

IV. Бекіту

1. Бунақденелілер негізгі неше класс тармағы бар?

2. Бунақденелілердің қанша түрі бар деп есептеледі?

3. Бунақденелілер класының қанша отрияды бар?

V. Қорытынды

Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Олардың 700 000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар. Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: бас, көкірек және құрсақ бөлімдерідеп аталады.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылысы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы(шыбын); шаншып-сорушы (маса, орман қандаласы); кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек).

VI.Үйге тапсырма

§47 Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі.

Бунақденелілердің құрылысының ерекшелігі

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал