7


  • Учителю
  • Бактериялар – тірі организмнің ежелгі тобы.

Бактериялар – тірі организмнің ежелгі тобы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ - 56 Сынып - 6 Мерзімі:



Сабақтың тақырыбы: Бактериялар - тірі организмнің ежелгі тобы.

Сабақтың мақсаты;

Білімділігі: Оқушыға бактериялардың табиғаттағы маңызы туралы білімін қалыптастыру;

Дамытушылығы: арттыру, сондай - ақ зиянды түрлерінің қай түрлерде болатынын түсіндіру.

Тәрбиелігі: Сыни тұрғыда ойлау мен жазу арқылы баланың өз ойын жеткізе білуге, өз еңбегіне сенімді болуына үйрету.



Сабақ түрі: Аралас, жаңа сабақ меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: Баяндама, әңгімелесу, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: альбом, суреттер, плакаттар.



Сабақтың барысы;

Ұйымдастыру кезеңі 2 мин.

Үй тапсырмасын сұрау 15 мин.

Жаңа сабақ түсіндіру 25 мин.

Жаңа сабақ бекіту 5 мин.

Үй тапсырмасын беру 3мин.



Ұйымдастыру кезеңі 2 мин





Үй тапсырмасы 15 мин

Биодиктант:



  1. Бактерия грек сөзі .......................... деген маіына береді.

  2. Спора былай түзіледі: бактерияның жасушасындағы цитоплазма жиырылып, біршама тығыздалады да жасуша қабықшасынан ажырап, жаңа қабықша пайда болады.

  3. Бактерия 20-30 жылға дейін сақтала алады.

  4. Зиянды бактериялардан қалай сақтануға болады?

  5. Бактерияларды ең алғаш ашқан ғалым ........................................

Сұрақтар:

  1. Бактериялар қандай зиян келтіреді?

  2. Бактериялар қандай ауру туғызады?

  3. Ауру туғызатын бактериялармен күресу жолы қандай?

  4. Бактериялар өсімдіктерге қандай зиян кетіреді?

  5. Жұқпалы ауруларды болдырмаудың қандай шаралары бар?





Жаңа сабақ 25 мин



І Базалық білім беру



Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі боп келеді.

Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктермен өлген жануарлардан саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып, шірітеді.

Шіріту бактериялары - Өсімдіктің қалдықтарымен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қара шіріктің түзілуіне себепші болады. Тау жыныстарын ыдыратып, жартастар мен сусымалы құмдарды құнарлы топыраққа айналдырады. Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Топырақтағы қара шірікті , минерелды заттарға айналдырады, онымен өсімдіктер қоректенеді . Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай ,сонымен біргше топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғұрлым көп болады. Топырақ бактериялары өсімдіктің өсуі мен дамуына ықпал жасайды. Өсімдіктің тамырында және оның айналасында көптеген бактериялар дамып, өсімдіктің тіршілігіне септігін тигізеді. Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне

сіңіріп , топырақты азотты қосылыстармен байытады.

Дәптерге жазғызу:

  • Шіріту бактериялары - санитарлар;

  • Қарашірік түзеді;

  • Тау жыныстарын ажыратады;

  • Қарашірікті минералды заттарға айналдырады;

  • 1 грамм топырақта 5-6 млрд. Бактерия болады;

  • Бактерия ауадағы азотты сіңіріп топырақты азотпен байытады.



Түйнек бактериясы: жоңышқа, беде, асбұршақ, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер, тұқымдасына жататын өсімдіктер мен селбесіп тіршілік етеді.

Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден - ақ ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады. Бактериялар сүттің құрамындағы сүтпен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Ал сүт қышқылы сүтті ашытып, айранға айналдырады. Сүт қышқылы бактериясын орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланылады. Түзілген сүт қышқылы орамжапырақпен сүрлемді бұзылудан сақтайды. Сірке қышқылы бактекрияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз т.б тұздау үшін қолданады.









Сабақ бакіту:



  1. Бактериялардың табиғаттағы маңызы қандай ?

  2. Цианобактериялардың қандай топтарын білесіңдер?

  3. Бактериялардан қандай дәрілік антибиотиктер өндіріледі.

  4. Бактериялардың тұрмыстағы зияны неде ?

  5. Циянобактериялардың табиғаттағы маңызы қандай ?





Үй тапсырмасын беру 3 мин



Бағалау

Үй тапсырмасын айтып, сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал