7


Урок по биологии в 7 классе

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, бауырмалдыққа баулу мақсатында «Үздік биологтер» тақырыбында сайыс сабақ өткіздім. Сабақтың көрнекілігі ретінде инт
предварительный просмотр материала

Сайыс сабақ

Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, бауырмалдыққа баулу мақсатында «Үздік биологтер» тақырыбында сайыс сабақ өткіздім. Сабақтың көрнекілігі ретінде интерактивті тақтаны пайдаландым.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру. Сайысқа 7 б, г оқушылары қатысты. Топқа ат қою, топ басшыларын сайлау. Сабақтың жоспарымен таныстыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Таныстыру.

1топ «Атамекен»

2топ «Табиғат»

2.«Менен сұрақ, cізден-жылдам жауап» (топ басшысы 1 минутта 10 сұраққа жауап беру керек.)

3.«Ойлан тап»

4.«Ғажайып биология»

5.«Білгенге маржан»

6.«Жылдар сөйлейді»


Шеберлікті білімді

Сараптан сіздер көрдіңіздер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңіздер


Әділ қазылар алқасымен таныстыру.


Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты, сол

Еңбектену жалықпау.


Сәт сапар тілеп бәріңізге,

Сайысты біз басталық.

Көрсетіп өнерлеріңізді

Қалмаңыздар жасқанып.


Ендеше, сайысымыздың бір бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.

1топ «Атамекен»

Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен Ананың

Туған жердің табиғатын аямау.

(Р.Сәтімбекұлы)

2 топ «Табиғат»

Балалар табиғатты аялаған,

Малын бағып, бауырын саялаған

Табиғатты «Ана» деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған...

(Р.Сәтімбекұлы)

Білімділер болады әркез алда,

Тез жауап бер ойланып тұрып қалма.

2 Бөлім «Менен сұрақ, сізден- жылдам жауап»

(Топ басшысы 1 минутта 10 сұраққа дұрыс, тез жауап беру керек)

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1топ «Атамекен»

1. Ағзалық әлем неше дүниеге жіктеледі?

2 .Ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан ғалым кім?

3 .Өлі ағзаларда өмір сүретін бактерия?

4 .Ғарыштық зерттеуге қолданған балдыр?

5 .Індет деген не?

6 .Асқабақ тұқымдасының жемісі қалай аталады?

7 .Бақбақ қай тұқымдасқа жатады?



8 .Сабансабақ деген не?

9 .Жержаңғақты Ресейге қай елден әкелінген?

10. Адамзат бидайды неше жылдан бері өсіріп келеді?

2 топ «Табиғат»

1.Бактерия жасушасына енетін вирус қалай аталады?

2.Спора түзілетін орын қалай аталады?

3.Түр деген не?

4.Қосарлы атау тізімді қай ғалым ұсынады?

5.Кәрім Мыңбаев қай өсімдікті зерттеді?

6.Алқа тұқымдастарының ішіндегі ең улысы?

7.Қызылша тамырының атауы?

8.Жеміс дамитын мүше?

9.Картопты Голландиядан Ресейге кім әкелді?

10.Жемісінің құнарлығы бойынша ең төмен өсімдік?


Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер


3 бөлім «Ойлан тап»

Дұрыс жауапқа 10 ұпай, 2-3 минут уақыт беріледі.

«Атамекен» тобына

Бұл қай өсімдік?

Бұл өсімдікті дала «патшасы» деп атайды.Оның жапырағы болмайды,оның рөлін бірте-бірте қатты бұтақтарға айналатын жас әрі жасыл сабақ тармақтары атқарады.Өсімдік тас көмірмен бірдей бағаланатын жақсы отын болып есептеледі.Бұл өсімдіктен тұратын тоғай көлеңке бермейді!Бұл қай өсімдік?(Сексеуіл)

«Табиғат» тобына

Бұл қай өсімдік?

Бұл өсімдік құлқайырға өте ұқсас ағаш текті өсімдік.Ол 18-25метрге,діңінің орамы 4-10 метрге дейін жетеді.Кейбіреулері 5000 жылға дейін тіршілік етеді.Саваннаның құрғақ,ылғалды маусымдары мезгіл-мезгіл ауысуы кезінде жапырақтарын түсіреді.Сөйтіп бұтақтары сидиып қалады.Сидиған бұтақтарында ірі жемістің ілініп тұруы ерекше көрініс.Оның қышқылтым шырынды,жұмсақ жемісі мен тұқымдары жеуге жарамды,қалың қабығы қағаз жасауға қолданылады.Бұл қандай өсімдік?(Баобаб)


Қайсысы білгір,білімді,

Талабына қарайық,

Кімдер зерек,кім жылдам

Талантарын табайық.


4 бөлім. «Ғажайып биология»

20 30 40

20 30 40

20 30 40

20-Бұршақ тұқымдасындағы біріккен күлте қалай аталады?

30-Неге «өгейшөп» аталған?

40-Жауқазынның ақындар атауы?

20-Бамбук неше жыл тіршілік етеді?

30-Ең улы саңырауқұлақ?

40-Ламинарияның денесі неше % көмірсудан тұрады?

20-Қағаз өндірісіне пайдаланатын жасыл балдыр?

30-Бриологияның негізін қалаушы ғалым?

40-Тұқымдастардың ішінде түр саны ең көп өсімдіктер?

Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік

деп келесі бөлімге кезек берейік.

5 бөлім. «Білгенге маржан»

Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1.Микробиология-

2.Орнитология-

3.Ботаника-

4.Зоология-

5.Микология-

6.Бриология-

7.Лихенология-

8.Алгология-

9.Энтомология-

10.Герпетология-

6 бөлім. «Жылдар сөйлейді»

Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

  1. жылы орыс ғалымы С.Г.Навашин қандай зерттеулерді жарыққа шығарды?

2.1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер қандай тәжірибе жүргізді?

3.1882 жылы Р.Кох нені анықтады?

4.1928-1939 жылдары Н.И.Вавилов дүниежүзілік экспедицияның нәтижесінде нені зерттеп дәлелдеді?

Әділ қазы алқасы,

Сараласын,бағалап,

Кім жеңеді сайыста

Анықтайық даралап.

Сайыс соңында әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі,жеңімпаз топ марапатталады.

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№14 орта мектеп

биология пәні мұғалімі

Жолдасбаева Зауре







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал