- Учителю
- 6 Сынып жылдық бақылау жұмысы
6 Сынып жылдық бақылау жұмысы
Биология пәнінен 6 сыныпқа арналған жылдық бақылау
І - нұсқа
-  Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым 
 А) биология Б)ботаника В) зоология
-  Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым. 
 А) биология Б)ботаника В) зоология
-  Алғашқы микроскоп қай жылы жасалды: 
 А) 1609 Б)1590 В)1665
-  Ағзадан соңғы өнімдерді шығару қызметін атқарады 
 А) тірек Б) өткізгіш В) бөліп шығарушы
-  Негізгі тамырдан тарайды 
 А)жанама Б) негізгі В) қосалқы
-  Генеративті мүшеге жатады 
 А) жапырақ, тамыр, сабақ Б)гүл, жапырақ, сабақ В) гүл, жеміс
-  Тыныштық күйге ауысқан бүршік. 
А) қолтық бүршік Б) бұйыққан бүршік В) төбе бүршік
-  Өніп келе жатқан ұрықтың алғашқы кездегі қоректену заттары: 
 A)эндоспермдегі су және минералды тұздар Б)су, ауа В)органикалық заттар
-  Күрделі масақ гүлшоғырлы өсімдіктер: 
 А)балдырған Б)орамжапырақ В)күріш Д)бидайық
-  Көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым: 
 А) микробиология Б) цитология В) гистология Д) зоология
-  Жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерге жататыны: 
 А) Қырықбуын тәрізділер Б) Қылқан жапырақтылар В) Қыналар
-  50 жылда бір жеміс беретін Қазақстанның қызыл кітабына енген ашық тұқымды өсімдік 
 А)кәдімгі қарағай Б)жатаған шырша В)зеравшан аршасы
-  Екі үйлі мүк: 
 А) көкек Б)шымтезек В) бауырмүк
-  Вирусты ашқан ғалым: 
 А) Мечников Б)М.В. Бейерник В)Д.И. Ивановский
-  Бактерияларды зерттейтін ғылым 
 А) микробиология Б) микология В) бриология
-  Бір жасушалы талшықты, қызыл көзшесі бар балдыр 
 А) хломидомонада Б) хлорелла В) хлорококк
-  Бактерия жасушасына енетін вирус 
 А) вирион Б) бактериофаг В) кох таяқшасы
-  Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруы қалай аталады? 
 А)індет Б)бактериоз В) гоммоз
-  Р.Кох анықтаған бактерияның әсерінен туындайтын ауру? 
 А) сары ауру Б)дизентерия В) туберкулез
-  Қырықжапырақтың тамырсабағы қалай аталады 
 А) қысқарған сабақ Б) қысқарған тамыр В) қысқарған тамырсабақ
-  Қырықбуынның көктемгі өркені қандай қызмет атқарады 
 А)бөліну Б)өсу В)көбею
-  Плаун спорасының өнуінің қандай типтері белгілі 
 А)жерасты Б)жерүсті, жерасты В) жерүсті
-  Бұршақгүлділер тұқымдасымен селбесіп тіршілік ететін бактерия 
 А)ашытқы Б)түйнек В) шіріту
-  Жидекке ұқсас домалақ өсінділері бар балдыр 
 А) саргассум Б) ламинария В) нереоцистис
-  «Теңіз орамжапырағы» деп аталатын балдыр 
 А) саргассум Б) ламинария В) нереоцистис
 
Биология пәнінен 6 сыныпқа арналған жылдық бақылау
ІІ- нұсқа
-  Елімізде өсімдіктер мен жануарлар арнай қорғалатын тұтас табиғи аймақтар. 
 А) қорықтар Б) қорықшалар В) қызыл кітап
-  Жасушаның көбеюіне қатысады. 
 А) пластид Б) вакуоль В) ядро
-  Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым 
 А) биология Б)ботаника В) зоология
-  Жасушаны кім ашты 
 А) Р. Гук Б) А.Левенгук В) Янсендер
-  Сабақ пен жапырақ ұшында орналасқан ұлпа 
 А) жабын Б) түзуші В) тірек
-  Вегетативті мүшеге жатады 
 А) тамыр Б) гүл В) жеміс
-  Сабақ пен жапырақтан өсіп шығады 
 А) негізгі тамыр Б) кіндік тамыр В) қосалқы тамыр
-  Собық гүлшоғырлы өсімдіктер: 
A)бидай Б)күнбағыс В)калла Д)жүгері
-  Екі тұқым жарнағы бар өсімдік: 
A)дара жарнақты Б)қос жарнақты В)жарнақсыз Д)Көп жарнақты
-  Жасушасы жоқ тіршілік формасындағы ағзалық зат 
 А) бактерия Б) вирус В)саңырауқұлақ
-  Тірі ағзалар жасушаларымен қоректенеді 
 А) сапрофиттер Б) паразиттер В) эндопаразиттер
-  Вирустарды зерттейтін ғылым 
 А) микробиология Б) микология В) вирусология
-  Спора бактерияларға не үшін қажет? 
 А) Көбею Б) Қолайсыз жағдайдан қорғау үшін В) Қоректену үшін
-  Төменгі сатыдағы өсімдіктерге жататыны: 
 А) Қырықбуын тәрізділер Б) Мүктәріздестер В) Балдырлар
-  Шымтезек мүгінің ақшыл түс көрсетуінің себебі: 
 А) Ақшыл пигіментінің болуынан Б) Хлоропластың болмауына байланысты
В) Суға толы жасушаларынабайланысты
-  Бактериялар сүттің құрамындағы немен қоректенеді? 
 А) қант Б) сүт қышқылы В) нәруыз
-  Таллом дегеніміз: 
 А) ядросы жоқ жасуша бөлігі Б) мүшелерге бөлінбеген ұлпа В)жасушаларға бөлінбеген дене
-  Қырықбуынның жаздық өркені қандай қызмет атқарады: 
 А)бөліну Б)өсу В)көбею
-  Қырықжапырақтың ірі жапырағы қалай аталады: 
 А) Вайя Б)сорус В) спорангий
-  Спираль тәрізді көпжасушалы балдыр 
 А) улотрикс Б)спирогира В)клодофора
-  Ұсақ ағзаларды алғаш ашқан ғалым? 
 А) А.Левенгук Б) Р.Гук В) Л.Пастер
-  300 жылға дейін тіршілік ететін Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген ашық тұқымды өсімдік 
 А)кәдімгі қарағай Б)жатаған шырша В)зеравшан аршасы
-  Плаунның шөбін қандай дәрі ретінде қолданылады: 
 А)іш жүргізетін, несеп айдайтын, өтті тазартатын
 Б) қан қысымын реттейтін, іш жүргізетін, бүйрек ауруын емдейтін
 В) өтті тазартатын, бүйрек ауруын емдейтін, қан қысымын реттейтін
-  Қағаз өндірісінде пайдаланатын жасыл балдыр 
 А) улотрикс Б)спирогира В)клодофора
-  «Вирус» сөзінің мағынасы 
 А)паризит Б)у В) ұсақ ағза