7


  • Учителю
  • 11 Сынып биология пәнінен ': Ф. Редидің тәжірибелері, У. Гарвейдің ой-пікірлері, Л. Пастердің тәжірибелері. Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастары' сабақ жоспары

11 Сынып биология пәнінен ': Ф. Редидің тәжірибелері, У. Гарвейдің ой-пікірлері, Л. Пастердің тәжірибелері. Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастары' сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 3

Пән: биология Сынып: 11 «А» Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ф.Редидің тәжірибелері, У.Гарвейдің ой-пікірлері, Л.Пастердің тәжірибелері. Тіршіліктің мәңгілік теориясы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастары

Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларға атақты ғалымдар Ф.Реди, В.Гарвей, Л.Пастердің тәжірибелері мен ой-пікірлерімен таныстыру, тіршіліктің мәңгілік теориясының мәнін және Жер бетінде тіршіліктің пайда болу туралы материалистік көзқарастарымен таныстыру;

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, өз көқарастарын дәлелмен айтып үйренуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік: Оқушылардың бойында биология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбетеріне сыйласымдылық көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: ҰБТ кітапшаларымен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, өз ойларын айтуы

Көрнекіліктер: Ф.Реди, В.Гарвей, Л.Пастердің портреттері

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын сұрау

Жабық тест

  1. Метаболизм сөзінің мәні, қандай ұғымды білдіреді? («өзгеру, алмасу»)

  2. Барлық тірі организмдердің құрылымдық және қызметтік бірлігі. (жасуша)

  3. Тірі организмдер өздерінің белгілерін, қасеиттерін және ерекшеліктерін ұрапқтарына беру қасиеті. (тұқымқуалаушылық)

  4. Тітіркенгіштік дегеніміз - .... (тірі организмнің сыртқы орта жағдайларына жауап беру қасиеті)

  5. Тіршілікке тән бастапқы ең қарапйым деңгей. (молекулалық-генетикалық)

  6. Популяция дегеніміз - ... (бір түрдің жеке өз алдына оқшауланған әрі көптеген даралардан тұратын тобы)

  7. Алғаш рет қарапйым эволюциялық өзгерістер байқалатын тіршілік деңгейі. (популяциялық-түрлік)

  8. Бүкіл Жер бетіндегі заттар мен энергияның айналымы барлық тірі организмдердің қатысуы арқылы жүріп отыратын тіршілік деңгейі. (биосфералық)

  9. Креационистік көзқарасты қолдаушы ғалымдар. (К.Линней, Ж.Кювье, Ч.Лайель)

  10. «Тіршіліктің мәңгілік теориясының» авторы. (В.Прейер)

  11. Р.Гук, Д.Дидро, Ж.Бюффон қолдаған пікір. (трансформистік көзқарас)

  1. Жаңа тақырып

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын нақты ғылыми тұрғыда түсіндіру үшін табиғатқа арнайы бақылаулар мен тәжірибелер жасап түсіндіру қажет екендігіне кейбір ғалымдар басты назар аудара бастады. Мысалы, тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның «эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек» деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.

ХҮІІ ғ.ортасында италиялық жаратылыс зерттеуші әрі дәрігер Франческо Реди (1626-1698) тәжірибе жасап, «тіршілік өздігінен пайда болады» деген теоряға қарсы шықты. Ол 1668 ж. төрт ыдысқа ет салып, оларды ашық қойды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжіриебсі арқлы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтыны дәлелдеп берді.

Эксперименттік физиология мен эмбриологияның негізін салған және қан айналу шеңберлерін алғаш рет ашқан көрнекті ағылшын ғалымы У.Гарвей (1578-1657) өзінің эпигенез теориясын ұсынып, «барлық тірі организмдер жұмыртқадан пайда болады» деген қорытынды жасады. Оның пікірі бойынша ұрықтанған жұмыртқа жасушасы тіршіліктің бастамасы болып, артына ұрпақ қалдырады. Тіршілік осылай жалғаса береді. Дегенмен көптеген біржасушалы организмдер ұрықтанбай-ақ артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғасытра беретіні белгілі. Сондықтан У.Гарвейдің бұл теориясы барлық тірі организмдерге тән қасиетті білдіре алмайды. Сонымен қатар ол жәндіктер немесе құрттар өздігінен пайда болуы мүмкін деген қате пікір айтты.

1859 ж. француз ҒА тіршілік тің өздігінен пайда болмайтындығын нақты дәлелдейтін ғылыми еңбекке сыйлық беру үшін арнайы конкурс жариялады. Бұл сйылыққа 1862 ж. француздың көрнекті ғалымы Луи Пастер өзінің құнды тәжірибесі арқылы ие болды.

Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 ж. француз ғалымы, микробиолог Л.Пастер арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны қайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішінде ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Бұл қарапайым тәжірибесі арқылы Л.Пастер «организм тек тірі организмнен ғана пайда болады» деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді.

Л.Пастер бұл қарапайым тәжірибесі арқылы тіршілктің пайда болуы туралы мәселені ғылыми тұрғыда түсіндіріп берді.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік көзқарастары

Табиғатта өлі және тірі табиғат деген ұғымдар бар.

Тіршіліктің пайда болуы деген ұғым тірі организмдер туралы деректердің көбеюімен және тереңдей түсуімен тығыз байланысты. Бұл салада неміс ғалымы Э.Пфлюгердің (1829-1910) нәруызды заттардың шығу тегін зерттеуінің маңызы зор (1875). Ол нәруыздың цитоплазма құрамының негізгі бөлігі екендігіне ерекше мән беріп, тіршіліктің пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Тірі табиғат құрамындағы нәруыздар тұрақсыз әрі үнемі өзгеріске ұшырап отыратындығына Э.Пфлюгер ерекше мән берді.

Э.Пфлюгер тірі табиғатта кездесетін нәруыздардың цианды қосылыстары (CN) Жер ғаламшарының алғаш пайда болған өте ыстық кезеңінде де болғаныдығын атап, дәл сондай жағдай жасап зертханалық жағдайда жасанды жолмен цианды қосылыстарды алуға болады деген қорытынды жасады. Э.Пфлюгер теориясының материалистік тұрғыдан маңыздылығы - ол тіршіліктің құрамында нәруыздардың болатындығын атап көрсетті.

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуын, органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуін дәлелдеуде орыс ғалымы А.И.Опарин гипотезасының ғылыми мәні зор (1924). Оның көзқарасын көптеген шетел ғалымдары да қолдады. 1928 ж. ағылшын биохимигі Джон Холдейн : «Жер бетінде органикалық қосылыстардың түзілуіне қажетті энергия - Күннің ультракүлгін сәулелері» деген қорытынды жасады. Алғаш рет мұхит суында аминқышқылдарының, т.б.органикалық қосылыстардың жинақталуынан тіршілік пайда болды деген көзқарасты қазіргі кезде көпшілік ғалымдар қолдайды.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту, қорытындылау

Деңгейлік сұрақтар:

А) 1. Ф.Редидің жасаған тәжірибесін сипаттаңдар.

2. У.Гарвейдің «барлық тірі организмдер жұмыртқадан пайда болады» деген қағидасының мәні қандай?

3. Л.Пастер тәжірибесінде неліктен қайнаған сорпада микроорганизмдер пайда болмады?

В) 1. Л.Пастер өз тәжірибесі арқылы нені дәлелдеді?

2. В.Прейердің тіршіліктің мәңгілігі теориясының мәні неде?

3. Өлі табиғат пен тірі табиғат арасындағы басты айырмашылық белгілерін атаңдар.

С) 1. Тіршілік үшін нәруыздардың қандай маңызы бар?

2. В.Пфлюгердің теориясы неге негізделген?

3. Абиогенез және биогенез теориялары тіршіліктің пайда болуын қалай түсіндіреді?

  1. Оқушыларды бағалау

  2. Үйге тапсырма: §2, 14-19 бет оқу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал