- Учителю
- Тамыр және тамыр жүйесі 6 сынып
Тамыр және тамыр жүйесі 6 сынып
6 сынып Биология
Тамыр және тамыр жүйесі туралы білетін болады.
Тамырдың дамуын, тамыр жүйелерінің типтерін, олардың құрылысының ерекшеліктерін анықтай алады.
Өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді.
Негізгі идеялар
Өсімдіктің жер асты мүшесі.Тамыр шығу тегіне қарай негізгі, жанама, қосалқы болады. Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамырдан тұрады.
Тапсырмалар
Тапсырмалар
АКТ. Жұмбақ шешу.
Топтық жұмыс: Тамыр және тамыр жүйесі (мәтінмен жұмыс).
«Сұхбаттасу кезеңі».
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім , жеке оқушы немен айналысады)
І .Ұйымдастыру кезеңі
1.1 Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.2.Назарларын сабаққа аудару, оқушылар реттілік бойынша(1,2,3,4) саналып, 4 топқа бөлу
(1-3 мин).
Жаңа тақырыпқа оқушылардың зейінін аудару мақсатында:
Жұмбақ ( 2минут)
Жер астында тұрағы,
Қорегін жұтып тұрады.
Сол қоректің нәрінен,
Жайқалады жапырағы. (тамыр)
II. Топпен жұмыс: Тамыр және тамыр жүйесі (мәтінмен танысу) Мәтінді топ мүшелері оқып талқылайды. Мәтінді қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында «сұхбаттасу кезеңі» атты тапсырма беріледі. Топтар өзара бағалауды жүзеге асырады. (5 минут)
Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау (10 минут)
III. Топтық жұмыс: Жағдаят кезеңі (10 минут)
Әр топ оқушылары өз ойларын ортаға салады. Интерактивті тақтада жағдаяттың дұрыс жауабы көрсетіліп, оқушылар өз жауаптарын тексереді. Қате жауаптар талқыланады.
Өз жұмыстарын төмендегі критерийлер бойынша бағалайды.
1. Оқушының тапқырлығы
2.Оқушының жауабының нақтылығы
3. Жағдаяттан шығуы
Жұптық жұмыс: Құпия хат (5 минут )
Кері байланыс: сұрақ арқылы бағалау:
1. Не үйрендім?
2.Маған не қиын болды?
Кейінгі тапсырмалар: Дәптерге «Тамыр типтері мен жүйелерінің» суретін салу.
Кейінгі оқу: «Тамыр және тамыр жүйесі» параграфты оқу.