- Учителю
- Сарымсақтағы сан түрлі ем ғылыми жоба
Сарымсақтағы сан түрлі ем ғылыми жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейі» КММ
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
Жобаны дайындаған: Темирбекова Ардана
7 «А» сынып оқушысы
Жоба жетекшісі: Ясин А.
Теміртау қаласы 2014- 2015 оқу жылы
Аңдатпа
Бұл ғылыми жобада оқушы cарымсақ туралы мәліметтер жинай отырып,сарымсақтың емдік қасиеті туралы анықтап,адам өміріндегі аурудың алдын алу жолдарына сарымсақтың көптеген пайдасы бар екеніне толық мәлімет келтірген. Мектеп оқушыларына арнап жарнама ретінде сарымсақтың емдік қасиеттерін насихаттау үшін тест жұмыстары алынып, зерттеу жұмысын жүргізген және кітапша жасаған. Қарапайым сарымсақ көкөнісінің емдік қасиетін жан-жақты ашып көрсеткен.
Теміртау қаласы әкімдігінің «Теміртау қаласы № 9 мектеп - лицейі» КММ 3 «А» сынып оқушысы Қожабекова Аружан «Сарымсақтың емдік қасиеті» тақырыбындағы ғылыми жобаға
Пікір
Оқушы бұл ғылыми жобада сарымсақ және сарымсақтың емдік қасиеті туралы толық баяндайды. Оқушы ата-анасымен өз жетекшісінің көмегіне сүйене отырып кітапханаға барып және ғаламтордан сарымсақ туралы деректерді жинады.
Сарымсақ туралы толық біліп, Ол оқушыларға сарымсақ және оның емдік қасиеті туралы мәліметтер беріп,тест жұмысын алу арқылы бұл көкөністі оқушылар қаншалықты білетіндігін анықтаған.
Тұмаудың алдын алу және тұмау кезінде сарымсақтың емдік қасиетін біле отырып, дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды мектеп оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Пікір жазған: Болбаева П.А
Мазмұны
1. Кіріспе…………………………………………………………….2-4
2. I. Теориялық бөлім.
3. 1.1 Сарымсақтың шығу тарихы. ………………………………...5
4. 1.2 Сарымсақ туралы қызықты мәлімет. ………………...……..5-7
5. 1.3 Сарымсақтың химиялық, биологиялық құрамы. ……………7
6. 1.4 Сарымсақтың пайдасы. ………………...…….……………… 8
7. 1.5 Сарымсақтың емдік қасиеті ………………………….............8-9
6. ІІ.Зерттеу бөлімі.
7. 2.1 Арнайы зерттеулер………………………………………….....9
8. 2.2 Сарымсақтың сан түрлі дәрілік қасиеттерін талдау. ……….9-12
9. 2.3 Сарымсақтан дайындалған қоспалар………………………..12-13
10. 2.4 Тәжірибе жасау ……………………………………………..13-15
11. 2.5 Сауалнама. ………………………………………… ……….15-16
13. ІІІ. Қорытынды ………………………………………………….17
14. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...…………….…………….. 18
15. Ұсыныстар……………………………………………………….19
Кіріспе.
Бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі ұлттың денсаулығы. Өркениетті елдерде халық денсаулығы мемлекеттің басты құндылығы болып саналады. Ал денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан және аурудан алдын ала сақтанудан басталады.
Өсімдік әлемінің адам баласы үшін тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Замана талабына сай осы сан алуан өсімдік әлемінің көптүрлілігін және оның пайдасын білу қазіргі жас ұрпаққа жүктелген.
Антропогендік факторлардың әсерінен, өнеркәсіптің қарқынды дамуы есебінен экологиялық жағдайлар ұшығып, адам денсаулығына өз әсерін тигізуде.
Ғылыми жобаның тақырыбын таңдауға ұйытқы болған ең басты себеп, ол әр түрлі факторлар салдарынан адамдардың әр түрлі ауруларға душар болуы. Осы орайда күнделікті тұрмыста тағамды дәмдеу үшін қосылатын сарымсақтың емдік қасиетінің маңызын ашу. Сарымсақтың құрамындағы әр түрлі химиялық қосылыстардың адам денсаулығына пайдасын зерттеу. Зерттеу барысында қарапайым сарымсақтың қыры мен сырын әлі білмейтін біздерге бұл өте қызықты көрінді. Жасаған тәжірибемнің қорытындысын көріп, біз жасаған тәжірибелердің қаншалықты қызық екеніне көз жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы, ең алдымен сарымсақтың сан түрлі емдік қасиеттерін анықтау, оны халыққа насихаттау. Осы орайда жүргізілген ғылыми тәжірибенің, сауалнама жұмысының практикаға маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты. Сарымсақты зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау
Зерттеудің міндеттер:
* Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру.
* Ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, сарымсақтың сан түрлі қасиеттерін сипаттау.
* Сарымсақтың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін танып білу.
* Сарымсақтың емдік қасиеттері жайлы толық мағлұмат алу, қолданысқа енгізу.
* Ғылыми зерттеу жұмысының дағдыларын игеру.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазіргі таңдағы күн тәртібінде тұрған маңызы зор мәселенің бірі - адамның денсаулығы. Сарымсақтың пайдасы туралы мәліметтерді жинақтап, толық зерттеп, оны басқаларға жеткізу басты мәселе.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері:
1.Теориялық ( қолда бар әдебиеттерден тақырып бойынша зерттеу жасау);
2. Сауалнама жүргізу;
3. Қоспа дайындау;
4.Тәжірибе жасау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
Егер, сарымсақтың сан түрлі пайдасын жан-жақты қарастырсақ, адамдар сарымсақты күнделікті тағамда пайдалану арқылы көптеген ауруларды алдын алар және денсаулықтарын жақсартар еді.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Сарымсақ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан - жақты сипаттама берілді;
Сарымсақ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеудің теориялық мәні:
Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы сарымсақ өсімдігіне жан - жақты зерттеу және емдік ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.
Зерттеудің практикалық мәні:
Жұмыс барысында қолдан жасалған емдік қоспаны көпшіліктің тұрмыстық жағдайда жасап пайдалану мүмкіндігі яғни, қолжетімдігі жұмыстың практикалык мәні болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
Егер, біз сарымсақтың сан түрлі пайдасын нақты дәлелдеп айта білсек, оқушылар сарымсақты күнделікті өмірде пайдаланып, оның тиімділігін түсінетін болады. Сарымсақтың құрамында кездесетін пайдалы дәрумендерді білсек,оны денсаулығымыздың қажеттілігіне қарай пайдалансақ,онда адам денсаулығының жақсаруына ықпал жасаймыз.
Зерттеу кезеңдері:
1. Жоба тақырыбын таңдау.
2. Мақсаты және міндеттері, болжамы.
3. Зерттеу әдіс-тәсілдерін анықтау.
4. Жоспарлау.
5.Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді, басылым беттерін, ғаламтордан алынған мәліметтерді жинақтау.
6. Мәліметтерді өңдеу.
7. Күтілетін нәтиже мен болжам.
8. Қорытынды.
9. Жұмысты безендіру.
I. Теориялық бөлім
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Класс: Дара жарнақтылар
Тұқымдас: Лалагүлділер
Туысы: Пияз
Түрі: Сарымсақ
-
Сарымсақтың шығу тарихы.
Сарымсақ (Чеснок) - пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны - Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір.Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген. Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.
1.2 Сарымсақ туралы қызықты мәліметтер.
Ертеде римдіктер мен гректер сарымсақ жеген әскер батыл әрі өжет болады деп сенген. Тіпті олимпиада ойындарына қатысатын атлеттер де бұдан шет қалмаған. Мысырлық әйелдер балаларын ішек құрттардан сақтау үшін мойындарына сарымсақ іліп қоюды әдет еткен екен.
Пирамидаларды салып жатқан жұмысшыларды түрлі аурудан қорғау үшін оларға пияз бен сарымсақ қосылған тағамдарды көп жегізген. Сарымсақ жеу олардың жұмысқа деген қабілеттерін арттырған көрінеді. Бұл жайында б.з.д. 450 жылы Мысырға саяхат жасап, Хеопс пирамидасын тамашалаған көне грек тарихшысы Геродот мынадай естелік жазып қалдырған: «Пирамидада көне Египетке тән белгілермен таңбаланған жазбалар сақталыпты. Онда пирамиданы салып жатқан уақыттарда жұмысшылар тұтынған ащы көкөністер: шалған, пияз бен сарымсақтардың мөлшері көрсетіліпті. Әлгі жазбадағы таңбаларды түсіндіріп тұрған аудармашы бір мезетте қатты таңғалған кейіпте «білесіз бе, жұмысшыларға пияз бен сарымсақ алуға жұмсалған ақша тұп-тура он алты мың күмісті құрапты» дегені есімде жақсы қалыпты.
Қытай халқы сарымсақты ас қорыту мен тыныс алу жолдарындағы ауруларды емдеуге, оба мен тырысқақ індеттерінен қорғануға, әйелдердің етеккір циклі бұзылған кезде, тері ауруларына, ревматизмге, авитаминозға қарсы пайдаланса, көптеген ұлттар сарымсақты әлі де жылан шаққанда, удың әсерін кетіруге жаратуда. Бірінші дүниежүзілік соғыста да әскерлерге көбірек сарымсақ жегізу арқылы оларды жұқпалы аурулардан қорғау тәжірибесі іске асырылған.
Әлем бойынша сарымсақты ең көп экспорттайтын ел
- Қытай. Жылына 12 миллионнан астам тонна сарымсақты шет елдерге
сатады. Одан кейін Үндістан мен Оңтүстік Корея елдері. 2009 жылы
шошқа тұмауы өршіп тұрған кезде Қытайлықтар арасында "Сарымсақ
шошқа тұмауына қарсы
қорған болады" деген сөз тарап, елдегі сарымсақтың бағасы 40 есеге
дейін қымбаттаған.Адамдар үшін пайдалы болған сарымсақ иттер мен
мысықтар үшін улы болып саналады.Маса шаққан жерге сарымсақтың
шырынын жақса, ол жерде зиянды заттар қалмайды.
Тау сарымсағы
Тау сарымсағы адамзаттың алғашқы жемістерінің бірі болса керек. Ол биік тау етектеріндегі бұйраттардың тасты, шағылды бөліктерінде, көбінше күнгей беттерде өсетін көпжылдық өсімдік. Ол жыл сайынғы шашылған тұқымынан, қурап калған сабақтың тамырынан қайта көктеп шыға береді. Оның 100г, өніміндегі С дәрумені қырыққабат пен салыстырғанда екі есе, көк сарымсақ пен тұрыпқа қарағанда үш есе, кәдіге қарағанда жеті есе, усарымсақ пен қызылқылшадан 10 есе артық екен. Осының өзі оның тағамдық қуатынан гөрі, дәрілік қасиеті жоғары тұратынын аңғартса керек.
Сарымсақтардың ішінде ең биік орында тұрған тау сарымсағы цинга сырқаты мен тамырлардың тарылуына, ішектер ішіндегі құрттарға таптырмайтын дәрі.
1. Ғылыми медицинада оның 40 градустық спирттегі тұнбасы өте жоғары бағаланады. Ол үшін тау сарымсағының жас бұтақтарын шыны ыдыстың ішіне толтыра салып, үстінен аталған спиртті толтыра құяды. Осыны жылы жерге немесе күнге 15 күн қойып тұндырады. Осыдан күн сайын төрт рет әр жолы 10-15 тамшыдан қайнап салқындаған сумен ішеді. Ол адамның еске сақтау қабілетін сақтап, асқазан-ішек жолдарының ауруына ем болады.
2. Адамның дем алуы ауырлап, ентігуі көбейсе, өкпеден шығатын сұйықтық артып мазаны алса, таблеткаларға тоқтамаған жөтелге 250г, ақ шарапқа бір уыс тау сарымсағын ұсақтап турап салып, ақырын отта аздап қайнатады. Осыдан соң аздап бал қосып, бір жұтымнан ас арасында ішеді. Күніне 7-8 рет қабылдауға болады.
3. Тау сарымсағының жас бұтақтарын жесеңіз, қуық пен бүйректі тазалап, зәрді айдайды.
4. Белдің жүйкесіне суық тиіп, радикулит болып ауырғанда 3 литрлік банкіге тау сарымсағын турап толтырып, үстінен 70 градустық спирт құйып, бір ай бойы жылы жерде жабық ыдыста ұстайды. Одан соң дәріні сығып, сүзіп алып, белге жағады. Сыртын жылы орайды. Осы тұнбаны қыздыратын ішімдік ретінде ішуге болмайды. Тоңазытқышқа қойып сақтайды.
5. Тау сарымсағының шырыны жазылмай жүрген жараларды, бөрткен қотырларды, безеу сияқты тері бұзылуға да тиімді пайдаланады.
6. Шырынның тағы бір ерекшелігі ашқарақта жарты 1 стақан ішіп, соңынан қышқыл су ішетін болса ішектердегі құрттарды түгел далаға шығарады.
7. Ал аспен қосып ішетін болса ұйқы шақырып, бас ауыруын алады
1. 3 Сарымсақтың химиялық, биологиялық құрамы.
Сарымсақтың химиялық құрамы
Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар, А, В1, С, РР және тағы да басқа микроэлементтер бар химиялық зат. Басым бөлігі судан, көмірсулардан, одан кейін, ақуыздардан тұрады. Аздаған мөлшерде майлар болады. Солардың бірі - эфир майы. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың өзіне тән иісі оны кескен немесе езген кезде пайда болатын күкірттің энзиматиялық қосылыстарының ыдырауынан туындайды. Сарымсақ бактерияға қарсы қосылыстарға, эфирлі майларға сонымен қатар бос радикалдардың әрекеттерінен қорғайтын тотықтырғыштарға бай. Сарымсақтың биологиялық құрамы
Сарымсақтың өнімі жер астында өседі. Жер құнарлы әрі жұмсақ болса, сарымсақтың көлемі де үлкен болады. Сарымсақтың өнімі бірнеше кішкене бөлшектерден(тілшелерден) тұрады. Олардың сарымсақтың ұрығы ретінде егеді.Өсіп тұрған кезінде жапырағынан жебе тәрізді ұрықтанған бөлігі шығады. Оны майға қуыруға, тамаққа қосуға болады. Сол ұрықтанған гүлін дер кезінде суырып алып тастау қажет. Егер алынбаса, сарымсақ өсімдігінің барлық күші ұрықтануға кетеді де, жер астындағы өнімі дамымай кішкентай болып қалады.
1. 4 Сарымсақтың пайдасы
Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша,
сарымсақтың құрамында төрт жүзден аса пайдалы компоненттер бар.
Бірқатар пайдалары мыналар:
Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан
қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың
бітелуі мен ластануының, сондай-ақ, ми ісігінің алдын алады.
Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен
қорғайды. Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.
Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай-ақ, организмді тазалауға пайдаланылады.Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма, тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады.Сарымсақты әлемнің кез - келген елінен кездестіре аласыз. Тамақ жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін пайдаланады.Медицинада табиғи антибиотик болып саналады. Өйткені, сарымсақ вирустарға қарсы жақсы қорғаныс болады. Көптеген халықтың халық медицинасында маңызды рөлге ие өсімдіктің бірі осы сарымсақ.
1.5 Сарымсақтың емдік қасиеттері.
● Иммунитет жүйесін қуаттандырады.
● Қатерлі ісік ауруына себеп болатын заттарды денеден алыстатады.
● Микроп өлтіруші болып табылады.
● Жүрек және тамыр ауруларының алдын алады.
● Өте жақсы табиғи антибиотик.
● Тұмау және бронхитке қарсы әсерлі.
● Жасушалардың қалыптасуын жеңілдетеді.
● Бүйрек және қуық жолдарында тас пайда болуының алдын алады.
● Ас қорытуды жеңілдетеді.
● Қорғазыннан улануға қарсы жақсы әсер етеді.
● Әлсіздікке, қалжырауға және шаршауға қарсы жақсы әсері бар.
● Сіңір түйілулерінің алдын алады.
● Қызу көтерілуіне қарсы пайдасы бар.
● Дененің жас және қуатты болуын қамтамасыз етеді.
● Шаш төгілуінің алдын алады.
● Жылан уына қарсы жақсы пайдасы бар.
● Пикникке шыққанда және палаткада сарымсақ болатын болса, зиянды жануарлармен жәндіктерді жақындатпайды.
● Артериосклероз ауруына шалдыққан адамдарда зиянды холестеринді түсіріп, пайдалы холестеринді көтереді.
● Құяң (тұз байлану ауруы), демікпе, безеу және қант диабетіне қарсы жан-жақты әсер етеді.
● Созылмалы жұқпалы ауруларға шалдыққандар (Дабыл қуысының қабынуы және көз қабынулары сияқты науқастар) жүйелі түрде сарымсақ жейтін болса өте көп пайдаларын көреді.
● Сарымсақ қосылған тамақтар кеш бұзылады. Сарымсақ сақтаушы болып табылады.
ІІ. Зерттеу бөлімі.
2.1 Арнайы зерттеулер.
АҚШ пен Швеция ғалымдары сарымсақтың молекулалық тұрғыда адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеді. Нәтижесінде сарымсақтың әсерімен қан тамырларының кеңейіп, ашылатыны байқалды. «Бұл сарымсақпен гипертонияны (қан қысымының көтерілуін) емдеуге болатындығын білдіруде», - деп мәлімдеді Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джулиус.
Жапон ғалымдарының мәлімдеуінше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетеді, оның жасушаларын тазартып отырады екен. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни, сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады.
2.2 Сарымсақтың сан түрлі дәрілік қасиеттерін талдау.
Қарапайым сарымсақтың халықтық медицинада мың сан ауруға ем. Қытай халық медицинасы сарымсақты салқын тиюден болған аурулардың барлық түріне, тыныс жолдары ауруына, тіпті туберкулезге қарсы қолдануға кеңес береді. Бірінші күні 30 грамм сарымсақ қабылдау қажет. Осылайша ай жарым ішінде мөлшерін күннен-күнге көбейте 90-120 грамға дейін жеткізеді. Ал ай жарымнан кейін сарымсақтың мөлшерін керісінше біртіндеп азайтып, бастапқы кезеңдегі 30 грамға дейін төмендетеді. Осы кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ буымен дем алу қажет, ал арқа мен кеудені өсімдік майымен 1:1 араласқан сарымсақтың сөлімен сүртеді.
Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Мұны күшті жөтел кезінде сағат сайын ішуге болады. Қатты тұмауратқанда, көп сипаттағы салқын тию белгілері (түшкіру, жөтелу, қызу көтерілу т.б.) білінгенде, тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.
Тұмау, қолқаның қабынуы, өкпеге салқын тигенде 300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр "Кагор" шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы.
Жүрек ауруларына да сарымсақ - таптырмайтын ем. Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы. Бұл қоспа демікпесі бар стенокардияға өте пайдалы. Тіпті бірер адым жүрген сайын ентігіп қалып, тыныстап алатындардың өзі осындай тұнбаны қабылдағанда сауығып кеткен.
Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде де сарымсақ жақсы көмектеседі. Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет.
Ал бастапқы инфаркт кезінде тамақ мәзіріне сарымсақ майын, сарымсақ шарабын, сарымсақтың өзін араластыру керек. Бұл инфаркті тежейді.
Жүрек ұстамасының дамуын тоқтату үшін сарымсақтың тазаланған бір шағындау талын жұтып жіберген дұрыс. Қалтаңызда нитроглицерин болмай қалған кезде осылай істесеңіз, жүрегіңізді бүрген ауру із-қайым жоғалады.
Бұрынғы өткен емшілер жүрегіне қан толып, тынысы тарылған адамға сарымсақты тұзға батырып, содан соң стакан толы шарапқа араластырып ішкізген. Бұдан кейін ауру адамның пештің түбіне жылы жерде терлеп жата тұруына мүмкіндік береді. Сол кезде қан дененің барлық жеріне тарап кетеді де, ол адам тез сауығады.
Қант диабетін ауруды да сарымсақпен емдеуге болады. Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды. Сондай-ақ сарымсақтың үш-төрт басына (ұсақтап туралған) 500 мл. қайнаған су құйып, бетін орап 20 минут бұқтырады. Сосын күні бойы шай сияқты іше беруге болады. Диабетке арналған емнің тағы бір түрі - ұсақтап туралған бес-алты бас сарымсақты 500 мл. қара суға салып, жақсылап араластырады. Күннің көзіне бір сағат бұқтырады. Мұны су сияқты шөлдегенде іше береді.
Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына сарымсақтан былайша емдік тұнба жасайды. Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады. Тұнбаны жараға жағып, терінің зақымданған жерін сүртсе де артық етпейді. Іш өту және жұқпалы іш аурулары өте қауіпті. Бұл ауруларға, әсіресе, балалар бейім келеді. Әрине, дәріханада іш ауруларына қарсы неше түрлі дәрмек бар. Алайда табиғи қауіпсіз ем қолданғанға жететін ештеңе жоқ. Осы ауру түрлерінен емделуге де сізге тағы сарымсақ көмекке келеді. Мұндай жағдайда бөлшектенген қараот (портулак) жапырағын (бір ас қасық) бір стакан ыстық суға салып кішкене қоя тұрады, сосын 30 минут қайнатып, оған бір-екі бас ұсақталған сарымсақ қосады. Қымтап орап, жиырма минуттай тұндырып, сүзгіден өткізеді. Жұқпалы іш ауруларында осы тұнбаны 1/2 стаканнан күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Жұқпалы іш ауруларынан емделгенде күн сайын тәулік бойына бір бас сарымсақты тұтастай жеген дұрыс. Бұл аурудан тез жазылуға көмектеседі. Ал іш өткен кезде 2-3 грамм сарымсақ ұнтағын күніне екі рет тамақтан кейін қабылдайды. Мұның тиімді әсері бірден байқалып, іш өту тоқтайды, адамның тамаққа да тәбеті оянады. Негізінде сарымсақ ұнтағы адамды қауіпті жұқпалы іш аурулары қоздырғышынан да қорғайды. Жұқпалы іш аурулары және асқазан ішек жолдары ауруларынан емделу үшін карболен ұнтағын (дәріханалық препарат) сарымсақ сөлімен 1:1 етіп араластырып, жылы пешке (духовка) сарымсақ сөлін кепкенше ұстайды. Оны 1/3 шай қасықпен күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек. Карболен ұнтағына сіңген сарымсақ сөлі тек асқазан, ішек жолдарына түскенде қайтадан жайлап бөлініп шығады. Бұл тәсіл сарымсақтың емдік қасиетін одан сайын күшейте түседі. Бұл емді сондай-ақ тамақтан, жеміс-жидектерден уланғанда, дәрі-дәрмектік заттармен өте қатты уланғанда, асқазан бүріп ауырғанда, іш өткенде күніне үш рет (тамақтан 30 минут бұрын) қабылдау керек.
Ал шаш түскен кезде басты күн сайын ұстарамен тақырлап алып, бір апта сарымсақтың, бір апта пияздың сөлімен сүртеді. Сонда шаштың түсуі тоқтап, керісінше жақсы өседі.
Сарымсақ - теріге сыздауық , сүйел, теміреткі, қышыма тағы басқа жаралар шыққанда да таптырмайтын ем. Мысалы, шағындау шүберекті өсімдік майына шылап алып, артық майын сығып, ортасына ұсақтап туралған сарымсақ салып, сыздауықтың (тағы басқа жаралардың) үстіне жапсырып таңып тастаса, сыздауықтың қабығы тез жарылып, қабынуы тоқтап, ауруы басылады. Жараның үстіне танған сарымсақты күн сайын ауыстырып тұру керек.
2.3 Сарымсақтан дайындалған қоспалар.
№ 1 қоспа. Тамақ ауырғанда, ангина, бұлшық ет пен сіңірлер ауырғанда.
Бір шай қасық сарымсақ майын және 20-25 тамшы пияз сөлін қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады. Мұрынға 5-10 тамшыдан тамызу қажет.
№ 2 қоспа. Күшті жөтел мен тұмауратқанда.
Он шақты пиязды бір бас сарымсаққа араластырып турап, сүтке салып жұмсарғанша қайнатады. Оған аз ғана шырын немесе шөптердің қайнатпасын құйып, балды қалауынша қосады. Қоспаны қайнаған суға араластырып, жылылай бір стаканнан төрт сағат сайын ішіп отырады.
№ 3 қоспа. Өкпеге салқын тигенде.
300 грамм сарымсақты ұсақтап, шарапқа араластырып, бетін мұқият жауып, 30 минут қояды. Сосын 200 грамдай қалдығын бір литр "Кагор" шарабына сүзіп құйып, қоспаны екі апта тұндырып қояды. Қойыртпақты мезгіл-мезгіл шайқап қойған жөн. Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы.
№ 4 қоспа. Жүрек ауруларында.
Бір литр балға он лимон сөлін қосып, оған он сарымсақты ұсақтап араластырып, тығыз жабылған ыдысқа салып қояды. Ол қараңғы, салқын жерде бір апта тұруы тиіс. Сосын күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды. Әр қасықты жұтқан сайын арасына бір минут үзіліс жасап алған жақсы.
№ 5 қоспа. Ағзадағы холестериннің деңгейін төмендетуде.
Ол үшін күн сайын өрік, шие, қара өріктен алынған қойыртпақты 15-20 грамнан қабылдап, бұған қоса, бір шай қасықтан күніне үш рет сарымсақ майын немесе 1/3 шай қасық сарымсақ ұнтағын қабылдап отыру қажет.
№ 6 қоспа. Қант диабетін емдеуде.
Сарымсақтың 100 грамм кесіндісіне бір литр қызыл шарап құяды. Қоспаны жарық түсетін жылы жерге екі апта қояды. Мезгіл-мезгіл араластырып, сүзбеден өткізіп қойған да артық болмайды. Сосын мұздатқышта сақтау керек. Дайын болған емдік тұнбаны 1-2 ас қасықпен күніне үш рет тамақ ішер алдында қабылдайды.
№ 7 қоспа. Беттегі безеу, бөртпе, терінің тағы басқа іріңді жараларына.
Төрт жүз грамм сарымсақты ұсақтап шыны құтыға (бутылка) салады. Үстіне шамалап спирт құйып, күннің көзіне сұйықтық сары-жасыл түске енгенше (мезгіл-мезгіл араластырып) қою керек. Бұдан соң сүзгіден өткізіп алған жақсы. Оны қабылдағанда алғашқыда бес тамшыдан, сосын әр күн сайын оған бір тамшыдан қосып сумен ішеді. Осылайша күн сайын көбейтіп, 25 тамшыға жеткізгенде, керісінше, күн сайын бір тамшыдан азайтып, қайтадан бес тамшыға жеткенше қабылдайды. Қажет болған жағдайда бұл емдеу курсын қайталауға болады.
№ 8 қоспа. Жұқпалы іш аурулары және асқазан ішек жолдары ауруларынан емделу.
Карболен ұнтағын (дәріханалық препарат) сарымсақ сөлімен 1:1 етіп араластырып, жылы пешке (духовка) сарымсақ сөлін кепкенше ұстайды. Оны 1/3 шай қасықпен күніне үш рет тамақтан 20-30 минут бұрын қабылдау керек.
2.4 Тәжірибелер жасау.
Сарымсақтан дайындалған қоспаның адам ағзасына әсері, зерттеу нәтижесі.
•Тәжірибе №1
Сарымсақтан дайындалған қоспаның тамақ ауруларына әсері
•Зерттеу әдісі: Күнделікті ішу.
•Мақсаты: Тамақ ауруларын басқа ағзаларға зиянсыз емдеу.
•Уақыты: Бір апта
•Зерттелуші: Өзім
•Қорытындысы: Тамағының ауруы жазылды.
•Ұсынылады: Сарымсақтан дайындалған қоспаны қолдану ағзаның қызметін жақсартады. Күнделікті қолдану тамақ ауруын, ангинаны жазады.
•Тәжірибе № 2
• Сарымсақтың күшті жөтел мен тұмауға әсері.
•Зерттеу әдісі: Жылылай бір стакан төрт сағат сайын ішеді.
•Мақсаты: Жөтел мен тұмауды басқа ағзаларға зиянсыз қарапайым емдеу.
•Уақыты: 3-5 күн
•Зерттелуші: Інім
•Қорытындысы: Жөтелі тоқтап, өкпе тұсының шаншуы басылды.
•Ұсынылады: Сарымсақтан дайындалған қоспаны қолдану ағзаның қызметін жақсартады. Күнделікті қолдану жөтел мен тұмауды жазады.
•Тәжірибе № 3
• Сарымсақтың өкпеге салқын тигенде әсері.
•Зерттеу әдісі: Тұнбамен арқа мен кеудені бір-екі рет ысқылап сүртіп тұрған пайдалы..
•Мақсаты: Өкпеге салқын тигенде басқа ағзаға зиянсыз емдеу.
•Уақыты: 5-7 күн
•Зерттелуші: Өзім
•Қорытындысы: өкпе ауырғанда жақсы көмектеседі.
•Ұсынылады: Күнделікті қолдануда ауырғанды жылдам жазады.
•Тәжірибе № 4
• Сарымсақтың жүрек ауруларына әсері
•Зерттеу әдісі: Күніне бір рет 4 шай қасықтан тамақтанардан 20-30 минут бұрын қабылдайды.
•Мақсаты: Жүрек ауруларын басқа ағзаларға зиянсыз қарапайым емдеу.
•Уақыты: Қажет болған кезде
•Зерттелуші: Мұғалім
•Қорытындысы: Ауырғаны баяулап, жүрек тұсының шаншуы басылды.
•Ұсынылады: Күнделікті қолдану
2.5 Сауалнама
Сауалнама сұрақтары:
1. Сарымсақтың емдік қасиетін білесіздер ме?
2. Сарымсақты тек тағамға дәмдеуіш ретінді қолданады ма?
3. Сарымсақты тұмаумен ауырғанда ғана қолдана ма?
4. Сарымсақты басқада түрлі ауруларды емдеу үшін қолданады ма?
Сауалнама қорытындысы
Сауалнама сұрақтарына 6-7 сыныптардан 96 оқушы жауап берген.
1. Сарымсақтың емдік қасиетін білесіздер ме?
Иә деп 40оқушы жауап беріп (41%)
Жоқ деп 56 оқушы жауап беріп (59%)
2. Сарымсақты тек тағамға дәмдеуіш ретінді қолданады ма?
Иә деп 66оқушы жауап беріп (69%)
Жоқ деп 30 оқушы жауап беріп (31%)
3. Сарымсақты тұмаумен ауырғанда ғана қолдана ма?
Иә деп 72 оқушы жауап беріп (75%)
Жоқ деп 24 оқушы жауап беріп (25%)
4. Сарымсақты басқада түрлі ауруларды емдеу үшін қолданады ма?
Иә деп 20оқушы жауап беріп (21%)
</ Жоқ деп 76 оқушы жауап беріп (79%)
Нәтижесі:
- Сауалнама сұрақтары бойынша оқушылардың көпшілігі сарымсақтың емдік қасиеті туралы аз білетінін көруге болады;
- Оқушылар сарымсақты тек дәмдеуіш ретінде қолданады дегенге иә деп көп жауап берген. Ал оның емдік қасиетін жақсы біле бермейді.
Қорытынды.
Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанымен
сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі
бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды Ардақты Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.а.с.) ешқандай лабораторияда зерттеу жүргізбей-ақ,
уахиға сүйене отырып жеткізген. «Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда
жетпіс түрлі ем бар» деуі әрі оның бүгінгі күні толықтай дәлелденуі
- Әз Елшінің тек ақиқатты ғана айтқанын ұқтыруда.
Сарымсақ ертеден - ақ суық тиіп ауырға адамдарға ем - дом жасау
үшін пайдаланылды. Алайда, ол кезде сарымсақтың ауруға қарсы қалай
күресетіндігі белгісіз болатын. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид
Мирельман есімді дәрігер ашты.
Сондағысы, сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам бойындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына жұтып алуға бейім екен.
Күн сайынғы тамақта 10 - 15 гр. сарымсақ жеп
тұру денсаулыққа пайдалы. Сарымсақ пияз (жуа) секілді ауызқуысымен
асқазан жарасына зиянын тигізбейді. Осы қасиеті де оны пияздан
маңыздырақ қылады.
Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын
төмендетеді.
Асқазан - ішек жолдарына, жүрек, талма ауруларына ем. Микробты
болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды,
қақырықты түсіреді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик
болып табылады.
Қорыта келгенде ,мен осы зерттеу жұмысының барысында мынадай
мәліметтерге көз жеткіздім:
-Сарымсақтың шығу тарихы,түрлері,оның пайдасы туралы толық мәліметке ие болдым;
-Сарымсақ туралы оқушыларға түсінік беріп, сауалнама жұмыстарын жүргіздім;
- сарымсақты пайдаланып тәжірибе жасадым.
-болашақта сарымсақ тұқымдас өсімдіктерді терең зерттегім келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Болотских, А. С. Лук, чеснок- Харьков: Фолио-Плюс, 2002.
2. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
3. Ромашов, М. А. Лечение чесноком- Москва: Вечер, 2004.
4. Полевая, М. А. Чеснок - для здоровья сосудов и сердца- Санкт-Петербург: Весь, 2005.
5. аlashainasy.kz
6. kk.wikipedia.org
7. kyzmet-gazeti.kz
Пайдалы кеңестер мен ұсыныстар:
• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық
су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.
• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүреді.
• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты
азғантай балмен араластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып
тастаған жөн.
• Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды
үккіштен өткізіп алып, бір - бірімен жақсылап араластырып, белге
тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып,
қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май
жағып, жүн матамен орап тастайды.
• Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2 - 3 түйір
сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта
үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.
• Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2 - 3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.
*Күнделікті тамақ құрамына үнемі қосу арқылы денсаулықты қорғау.
19