7


Ашық сабақ: Қанатты достар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Оңтүстік Қазақстан облысының білім Ашық сабақ: Қанатты достар

басқармасының «Экологиялық орталық» МКҚК

әдіскері Бегімбетов Айян Тұңғышбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Қанатты достар

Білімділік мақсаты: Құстардың дене құрылысы мен тіршілік әрекеті мен сан алуандығы бойынша топқа бөлінетіндігі туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды интернеттен, электрондық оқулықтардан қосымша мәлімет алуға дағдыландыру, өз бетімен ізденуге, пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін, ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіре отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, Аннаграмма әдісі, Топтастыру әдісі

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері. Слайдтар. Плакат. Сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру бөлімі (сайысқа қатысушыларды топқа бөлу)

2. Биологиялық диктант

3. «Кім жылдам» (анаграмма әдісі)

4. «Кім тапқыр» (жыл құстары мен отырықшы құстарды табу керек)

5. «Сөзжұмбақ» (слайд тамашалау)

6. «Семантикалық карта» (құстардың тіршілік ету мекенін табу)

7. «Жұмбақ құс» (құс суретін түсіндіру)

Құстардың дауысын тап

Қорытынды

Үйге тапсырма



Мұғалім сөзі: Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі-құстар. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді.



І-кезең: Ұйымдастыру бөлімі (сайысқа қатысушыларды топқа бөлу). Қорапшада құстардың түрлері (көгершін, бүркіт, сауысқан) беріледі. Оқушылар кезектесіп, алады



ІІ-кезең: Биологиялық диктант

І -топ

1.Түйеқұстардың ең ірісі ...... ( Страус ) деп аталады.

2. ........ ( Нанду ) үш саусақты қанаты жақсы дамыған түйе құс.

3.Олардың алдыңғы ..... ( аяқтары ) ескекке айналған.

4.Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды ....... .............. ( құс қанатының ызғары ) деп атайды.

5.Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі......... ...... (Қоқиқаз).





ІІ -топ

  1. ......(Көгершін)бейбітшілік құсы. Қолға уйретілген, ақ қанатты нәзік құс.



  1. Аспан түсті көгілдір туымызда ..... .... ( Қыран ) бейнесі бар.

  2. . ........ ( Сұңқар ) өз жемтігін шашып жейтін жыртқыш құстардың бірі.

  3. .......(Қарлығаш)адамның досы. Үйге ұшып кіреді, шыбынды құртады. Ел аузында санитар-тазалықшы деп атайды.

  4. ........... ( Жыл құстары) күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады.



ІІІ-топ

  1. Құстардың ішіндегі ең кішкентайы .................... (Колибри ) деп аталады.

  2. Ол құстар ұша алғанымен мүлдем ...........(жүре) алмайды.

  3. Көктем шыға оралатын құстарды........................ (жыл құстары) атаймыз.

  4. Қыздардың бас киіміне ....................(Үкі) құсының қауырсынын тағады.

  5. ............(Тоқылдақ) орман дәрігері, орман құсы. Балға тұмсығымен ағаш қабығының зиянкестерімен күреседі.



ІІІ-кезең: Анаграмма әдісі. Оқушыларға шатасқан әріптер беріледі. Шатасқан әріптерді дұрыс құрастырғанда құстардың аттары шығу керек.





І-топ

Кітбүр..............Бүркіт

Сңұқра............ Сұңқар

Шағқарлы.......Қарлығаш

Тотсұқы...........Тотықұс

Тоқдақыл.........Тоқылдақ

Ғайтор..............Торғай

Кетпер..............Кептер

Қуақ................. Аққу



ІІ-топ

Қазқоқи........... Қоқиқаз

Натыр..............Тырна

Еккөк............ ..Көкек

Шінкөгер.........Көгершін

Азқ...................Қаз

Рекүй.............. .Үйрек

Ранық.............. Қыран

Занбірқа.......... Бірқазан

ІІІ-топ

Уықат..............Тауық

Ғиқыр...............Қырғи

Қза....................Қырғи

Қансауыс..........Сауысқан

Ғайторбоз.........Бозторғай

Елгіит................Ителгі

Лақжапа............Жапалақ

Зақиқоқ..............Қоқиқаз



ІV-кезең: «Кім тапқыр». Тақтаны екі бөлікке сызып бөліп аламыз. Оқушыларға қоқиқаз, шымшық, сауысқан, бірқазан, тырна, бозторғай, көкек, шыбынжегіш құс, балықжегіш құс, т.б. құстардың суреттері беріледі. Суреттердің ішінен оқушылар бірінші бөлікке жыл құстарын, екінші бөлікке қыстап қалатын құстардын суреттерін тақтаға іліп жабыстырып шығу керек.

V-кезең: «Сөзжұмбақ» (слайд тамашалау). Оқушыларға сөзжұмбақ беріледі. Сөзжұмбақты шешкен кезде құстың атауы шығу керек. Және слайдтан құстардың суреттері беріліп отырады. Қай топ бірінші шешетін болса, ұпайы жоғары бағаланады.





VІ-кезең: «Семантикалық карта» (құстардың тіршілік ету мекенін табу).Суда мекендейтін құстар

Тауда мекендейтін

құстар



Мекен жайды төңіректейтін құстар



Орман құстары

Дала құстары

Үй құстары

1

Тотықұс







+





2

Аққу

+











3

Қарға





+







4

Дуадақ









+



5

Шағала

+











6

Қарлығаш





+







7

Қаз

+











8

Ұлар



+









9

Бірқазан

+











10

Тоқылдақ







+





11

Түйеқұс









+



12

Күркетауық











+

13

Бөдене











+

14

Тауық











+

15

Кекілік



+











VІІ-кезең: «Жұмбақ құс» сайысы.

Бұл кезеңде тақтада номерленген құстардың суреті жасырылынып тұрады. Оқушыларға номері бар билет беріледі. Билеттегі сұраққа дұрыс жауап берсе, тақтадағы теріс тұрған құстың суретін оң қаратамыз. Әр дұрыс сұраққа бір ұпай беріледі.





1. Қарлығаш

Өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады.

2. Көкек

Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек. Дене тұрқы 25 - 40 см. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді.

3. Пингвиндердің

Дене тұрқының ұзындығы 91 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Жақсы жүзеді, сүңгиді, жарғақты саусақтары мен қысқа құйрығы руль қызметін атқарады. Жағалауға, мұз үстіне секіріп шығып, құрлықта көбіне екі жағына теңселе адымдап, баяу қозғалады, қар үстінде бауырымен сырғанайды.

4. Аққу

Ежелгі өмірдің өзгерістеріне тез уйренетін құс. Қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстан суларында оның екі түрі - сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді. Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар. Аққудың тусі ақ, салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегенде үйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзын мойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді. Қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді.

5. Көгершін құсы.

Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар.Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Ұясында 1-2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен тұқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді.

6. Тотықұс

Құстардың 350-ге жуық түрі бар. Адамдарға еліктеп сөйлей алады. Өмір жасы да ұзақ,70 жыл өмір сүреді. Жалпы тропикалық аймақтарда, табиғи жаңбырлы орманды жерлерде мекендейді. Ең жақсы сөйлейтін жако (сұр)тотысы. Қораздары мекиендерге қарағанда жақсы сөйлейді. Африканың сұр тотысы ретінде танылған жако тотысы ең зерек тоты болып табылады. Тотылар 1000-ға жуық сөздерді жаттай алу қабілетімен ең тартымды құс болып саналады.

7. Торғай

Адамдардан жасқанбай, кез келген жағдайға бейімделе алатын шағын денелі шуылдақ құс. Торғайлар өте пайдалы құс, жаз айында жасыл желекті көптеген зиянды бунақденелілерден арылтады. Ең кішкенесі-17-28г, бұлар-отырықшы құстар.

8. Тырналар

Далалы және батпақты жердің барлығында да кездеседі. Бізде тырналар тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиірек кездесетіні сұр тырна. Бұл ұзындығы-120 см, салмағы 6 кг-дай ірі құс. Тундра мен биік таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. ¥я-ларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2-3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады.. Сибирьде, Қазақстанда ақ тырна немесе стрех (G. Іеисоgегапиs) деген түрі мекен етеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары .

9. Тауыс,

Тауыстар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Қоразының дене тұрқы 110 - 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Олар Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" енгізілген.

10 Қарға

Дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бірсыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік етеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа - қүзғын. қарға, қара қарға, ұзақ, сауысқан, самырсын қус, ақтұмсық, қара қарға және қоргаторғайлар жатады.

11. Шағала

Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар. Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі.

12. Үкі

Орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ұшқанда дыбыссыз қанат қағады. Үкіні қазақ халқы қасиетті құс санайды. Оның қауырсынындағы бедер, құранның құпияланып жазылған нұсқасы деп баланың бесігіне, бас киіміне таққан. Сонымен қатар бақыт, табыс әкеледі деген сеніммен ақын, әншілер бас киімдерін, домбыраларын үкілеген.Саны кеміп келе жатқан, сирек кездесетін түр.

13. Түйеқұс

Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді. Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың бір тал қанаты тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққандықтан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан.

14. Бірқазан

Қазақстанда бұйра және қызғылт түрлері кездеседі. Ірі ақшыл құс, салмағы 13кг, ерекше үлкен тұмсчығы бар, ұзындығы 45см, оның төменгі жағы өте қатты созылатын тері қапшықтан тұрады.

15. Колибри

Ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. Колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі Солтүстік және Оңтүстік Америка өңірінде кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 5,7 см-ден - 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 - 20 г-дай. Жер бетіндегі ең ұсақ құстар. Қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, ал мекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. Төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. Колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. Кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. Колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. Олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді.

16. Лашын (лат. Falco peregrinus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс - Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты.



Қорытынды

Компьютерден құстардың дауысы (бүркіт, қарлығаш, аққу, тауық, пингвин, көгершін, бозторғай, шағала, қаз, тырна т.б.) жасырылады. Оқушылар қай құстың дауысы екенін анықтау қажет.

Табиғатты аялайық, құстарға әрқашанда қамқор болайық, сол кезде сирек кездесетін құстардың саны көп болады.





Үйге тапсырма

Біздің өлкеде мекендейтін құстар туралы эссе жазып келу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал