7


  • Учителю
  • 'Иммунитет, қан құю, қан топтары' ашық сабақ 8 сынып

'Иммунитет, қан құю, қан топтары' ашық сабақ 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ сұрақ - жауап түрде және топтық жұмыс арқылы жүйеленген. Миға шабуыл жасайды, оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тақырып бойынша өз түсініктерін әр топқа өздері түсіндіреді. Тақырып бойынша түсініктерін қағаз бетіне түсіріп қорғайды.Оқушылардың тақырып бойынша бі
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: § 33.Иммунитет, қан құю, қан топтары

Сабақтың мақсаты: тромбоциттердің құрылысы және олардың қан ұюдағы рөлі туралы негізгі түсінік беру

Сабақтың міндеті:

а) білімділік: адам тіршілігі үшін, организмнің тірек қан және қан жасушаларының белсенділігін, өміршеңдігін оқушыларға түсіндіре отырып, қан топтарын ажырата білуге үйрету және білім, білік дағдысын қалыптастыру

ә) дамытушылық: оқу материалдарының мазмұнын байланыстыру арқылы ой-өрісін жетілдіріп, дамыту, өз бетінше іздеуге шыңдау

б) тәрбиелік: оқушылардың бойына ұлттық рухты сіңіріп, салауатты өмір салтын құруға баулып, тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, кесте - сызбалар, оқулықтағы суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: сұрақ - жауап

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а)оқушылармен амандасу

ә)оқушыларды түгендеу


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Деңгейлік тапсырмалар арқылы карточкадағы сұрақтарға жауап беру, сабақ сұрау және бекіту.

  1. Иммундық жүйеге қандай мүшелер жатады?

  2. Көкбауыр қай жерде орналасқан, қызметі қандай?

  3. Қарсы денелер дегеніміз не? Лимфа түйінділері қандай қызмет атқарады, дененің қай жерінде болады?

  4. Т- лимфоциттері қандай қызмет атқарады?

  5. Т және В лимфоциттерінің бірінен бірінің қандай айырмашылықтары бар?


  1. Жаңа сабақты түсіндіру

§ 33. Иммунитет, қан құю, қан топтары.

Иммунитет - қабылдамау, қарсы тұру, ағзаға қорғаныш болу. Иммунитет - жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым - И. М. Мечников. Антитела - қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз.



Иммунитеттің жіктелуі


Қан құю, қан топтары.Ағзадан қанның көп кетуі өте қауіпті. Қан құю ертеде қолға алынса да, сәтсіз аяқталған кездері болған. Бір адамның қаны, екінші адамның қанымен сәйкес келе бермейтін, тек 1900 жылы анықталған.

Қан топтары. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді. I, II, III, IV. Қан беретін адам - донор немесе сыйлаушы, қабылдайтын адам - реципиент немесе қабылдаушы.

Адам қанының түрлі топтарындағы антигендер мен антиденелердің болуы

Қан топтары

Эритроциттерде болатын антигендер

Қан плазмасында болатын антиденелер

О (I)

A (II)

B (III)

AB (IV)

болмайды

A

B

AB

α және β

β

α

болмайды


Қан құюдағы қан топтарының үйлесімділігі


Қан тобы

Оның қанын қабылдайтын топтар

Оғанқанын беретін топтар

I

II

III

IV

I, II, III, IV

II, IV

III, IV

IV

I

I, II

I, III

I, II, III, IV

Резус - фактор (Rh - фактор) - адам мен макака - резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз. Резус - фактор деп аталу себебі бұл нәруыз алғаш рет макака - резус маймылының қанынан табылған. Егер резус- фактор. Резус - фактор ұрпақтан ұрпаққа беріледі, өмір бойы өзгермейді. Егер резус - фактор қанда болмаса - «теріс Rh», болса - «оң Rh» делінеді. Адамдардың эритроциттерінің 85 % - ында резус - фактор болады, 15%-ында резус - фактор болмайды.


Ой қозғау

1. Қан құрамы неден тұрады? (плазмадан және қан жасушаларынан)

2. Қан жасушаларын ата (эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер)

3. Иммунитет дегеніміз не, негізін салған кім? (жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Негізін салған - И.И. Мечников)

4. Қан неге қызыл? (Себебі онда темір атомдары бар).

5. Қарсыдененің ерекшелігін ата. (ол өзінің түзілуіне себепші болған микробтарға немесе уға қарсы әсер етеді).

6. Резус - фактор дегеніміз ... (адам мен макака - резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз)


Оқушылардың тақырып бойынша білімін жетілдіру үшін арнайы тест сұрақтары.

1. Қан топтары қай жылы ашылды?

а) 1900 ж

ә) 1940 ж

б) 1865 ж

в) 1818 ж

2. Қан топтарын ашқан кім?

а) Мечников

ә) Ландштейнер және Янский

б) Пастер

в) Эдуард Дженнер

3. Бірінші қан тобының құрамында болады

а) ештеңе болмайды

ә) агглютиноген және эритроцит

б) агглютинин

в) эритроцит

4. Қан қабылдайтын адам -

а) донор

ә) сыйлаушы

б) реципиент

в) қан беруші

5. Екінші топты қанды қабылдайтын топтар

а) 1 және 4 топтар

ә) 2 және 4 топтар

б) 3 және 1 топтар

в) 3 және 2 топтар

6. Қан беретін адам

а) донор

ә) реципиент

б) фагоцитоз

в) пиноцитоз

7. Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?

а) І топ

ә) ІІ топ

б) ІІІ топ

в) ІҮ топ

8. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?

а) Э.Дженнер

ә) Л. Пастер

б) И.И.Сеченов

в) И.И.Мечников

9. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.

а) эритроцит

ә) антидене

б) лейкоцит

в) тромбоцит

10. Егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері?

а) Ч.Дарвин

ә) Л. Пастер

б) Л.Гук

в) Э.Дженнер

11.Табиғи иммунитет нешеге бөлінеді?

а) туа пайда болған және жүре пайда болған

ә) белсенді және әлсіз

б) уақытша және тұрақты

в) жүре пайда болған және белсенді

12. Адам ағзасындағы лимфа түйінделерінің саны.

а) 400

ә) 460-қа жуық

б) 300

в) 360-қа жуық

13. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет.

а) табиғи

ә) туа біткен

б) жасанды

в) жүре пайда болған.

14. Иммунитеттің түрлерін ата

а) табиғи және жасанды

ә) туа біткен және тұқым қуалайтын

б) жасанды және белсенді

в) уақытша және тұрақты

15. Адамдардың эритроциттерінің қанша % резус - фактор болады?

а) 65,5 %

ә) 85 %

б) 95%

в) 25,5%


  1. Бекіту

1.Сұрақтарға жауап беру

  1. Қарсыдене дегеніміз не, оның ерекшелігі қандай?

  2. Иммунитет нешеге бөлінеді, олардың бірінен-бірінің қандай айырмашылығы бар?

  3. Қан топтар нешеге бөлінеді, I топтағы қанды қандай топтарға құюға болады?

  4. Резус - фактор дегеніміз не?

  5. Жасанды иммунитет қалай қалай қалыптасады?

  6. Иммунды жүйе дегеніміз не, оған жататын мүшелерді атаңдар.

2. Не үйрендім?

Мен білемін

Мен білдім

Мен білгім келеді ...





  1. Үй жұмысын беру

Әр оқушы қан тобын дәрігерден біліп және 10 кестені дәптерге сызып келу. Тақырыпты оқып келу

  1. Бағалау

Оқушылардың көрсеткен білімдеріне қарап, бағалау.


  1. Қорытынды

Иммунитет, қан құю, қан топтары тақырыбына реферат дайындау.

1.өзектілігі

2.шешу жолдары

3.қандай нәтиже бар.

Жоспары бойынша баяндау.


№ 14 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: § 33. Иммунитет, қан құю, қан топтары

Жаңаөзен қаласы

2012/2013 оқу жылы


1. Қан топтары қай жылы ашылды?

а) 1900 ж

ә) 1940 ж

б) 1865 ж

в) 1818 ж

2. Қан топтарын ашқан кім?

а) Мечников

ә) Ландштейнер және Янский

б) Пастер

в) Эдуард Дженнер

3. Бірінші қан тобының құрамында болады

а) ештеңе болмайды

ә) агглютиноген және эритроцит

б) агглютинин

в) эритроцит

4. Қан қабылдайтын адам -

а) донор

ә) сыйлаушы

б) реципиент

в) қан беруші

5. Екінші топты қанды қабылдайтын топтар

а) 1 және 4 топтар

ә) 2 және 4 топтар

б) 3 және 1 топтар

в) 3 және 2 топтар

6. Қан беретін адам

а) донор

ә) реципиент

б) фагоцитоз

в) пиноцитоз

7. Универсалды донор деп қандай қан топтарын атайды?

а) І топ

ә) ІІ топ

б) ІІІ топ

в) ІҮ топ

8. Иммунитет теориясының, фагоцитоз ілімінің негізін салушы ғалым кім?

а) Э.Дженнер

ә) Л. Пастер

б) И.И.Сеченов

в) И.И.Мечников

9. Бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін нәруыз.

а) эритроцит

ә) антидене

б) лейкоцит

в) тромбоцит

10. Егуді алғаш қолданған ағылшын дәрігері?

а) Ч.Дарвин

ә) Л. Пастер

б) Л.Гук

в) Э.Дженнер

11.Табиғи иммунитет нешеге бөлінеді?

а) туа пайда болған және жүре пайда болған

ә) белсенді және әлсіз

б) уақытша және тұрақты

в) жүре пайда болған және белсенді

12. Адам ағзасындағы лимфа түйінделерінің саны.

а) 400

ә) 460-қа жуық

б) 300

в) 360-қа жуық

13. Егу арқылы қалыптасқан иммунитет.

а) табиғи

ә) туа біткен

б) жасанды

в) жүре пайда болған.

14. Иммунитеттің түрлерін ата

а) табиғи және жасанды

ә) туа біткен және тұқым қуалайтын

б) жасанды және белсенді

в) уақытша және тұрақты

15. Адамдардың эритроциттерінің қанша % резус - фактор болады?

а) 65,5 %

ә) 85 %

б) 95%

в) 25,5%


  1. Қарсыдене дегеніміз не, оның ерекшелігі қандай?

  2. Иммунитет нешеге бөлінеді, олардың бірінен-бірінің қандай айырмашылығы бар?

  3. Қан топтар нешеге бөлінеді, I топтағы қанды қандай топтарға құюға болады?

  4. Резус - фактор дегеніміз не?

  5. Жасанды иммунитет қалай қалай қалыптасады?

  6. Иммунды жүйе дегеніміз не, оған жататын мүшелерді атаңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал