7


  • Учителю
  • План урока на тему Балдырлар(6 класс)

План урока на тему Балдырлар(6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала
Білімділігі: Оқушыларға балдырлар туралы, тұщы суды мекен етуші өсімдіктер туралы толық мағлұмат беру.Теңіз балдырларының түрлерімен таныстыру, балдырлардың табиғаттағы маңыздылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: таным белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше ізденісін және топпен жұмыс жасауды меңгерту, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;

Тәрбиелілігі: оқушыларға жан - жақты білім бере отырып, оқушыны ізденімпаздыққа, ұтымды жауап беруге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру.

- Жаңа материалды өз беттерімен оқып үйрену.

- Негізгі формулаларды пайдаланып есептер шығара алуы.

- Білімдерін бағалауды үйренеді.

-Сыни тұрғыда ойлап үйренеді

-Топпен ынтымақтыстықта қарым - қатынас жасап үйренеді.



Негізгі идеялар

Балдырлар;

Жасыл балдырлар;

Қоңыр балдырлар;

Қызыл балдырлар.

Дереккөздер

Биология. Оқулық. 6 - сынып. 2015ж.

Тапсырмалар

  1. «Бейдж нөмірі»

  2. Графикалық диктант

  3. Топтық жұмыс. ДЖИГСО әдісі арқылы

  4. Құпияхат тапсырмасы.

Кейінгі тапсырмалар

Жаңа тақырыпқа байланысты «Биологиялық почта», «Ерекшесін көрсету» әдістері арқылы тапсырмалар беру. RAFT стратегиясы бойынша әр топ көшбасшылары жасыл, қызыл және қоңыр балдыр ретінде объектіні суреттейді.«БЕКІТЕМІН»

________________

________________









Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 8 мин)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту ( 4 мин)

ІV. Оқушыларды білімді, саналы және белсенді

түрде дамыту. (2 мин)

V. Жаңа сабақты түсіндіру (15 мин)

VІ. Жаңа сабақты бекіту (8 мин)

VІІ. Қорытындылау және рефлексия(2 мин)

VІІІ. Оқушы білімін бағалау (3 мин)

ІХ.Үйге тапсырма беру (2 мин)

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

2)Оқу - құралдарын тексеру

3)Оқушы назарын сабаққа аудару

4) «Достық шеңберін» құрып, топқа бөлу.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау



1. «Бейдж нөмір» ойыны



1) Спирогираның жынысты көбеюі қалай жүреді?

2) Табиғатта жасыл балдырлардың қанша түрі бар?

3) Улотрикс жыныссыз көбеюі қалай жүреді?

4) Спирогираның өсімді көбеюі қалай жүреді?

5) Таллом дегеніміз не?

6) Жіп тәрізді жасыл балдырлардың табиғатта, шаруашылықта қандай маңызы бар?

7) Хроматофор грекше қалай аталады?

8) Улотрикс қайда кездеседі?

9) Спирогира мен улотрикстің айырмашылығы қандай?



2. Графикалық диктант.



1. Табиғатта жасыл балдырлардың 13 мың түрі бар. -

2. Спирогира - жібі бір қатарға орналасып, ұзын жаусшалардан құралған көп жасушалы балдыр. -

3. Спирогираның жасушалары өте ұсақ болады. -

4. Спирогира тек жынысты көбейеді. -

5. Улотрикс ағын су түбіндегі заттарға бекінеді. -

6. Улотрикс жыныссыз көбейгенде жасушасында бес, алты талшықты спора болады. -

7. Балдырлар су жәндіктерінің тіршілік ортасы және қорегі болып саналады. -



ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту



1. Құпияхат тапсырмасы.

Он алты сөзден құралған жасыл балдырлардың қызметі туралы сөйлем шығады.



  • Спирогира, улотрикс, сәлесінің, күн, хромотофорларына, көмірқышқыл газын сіңіріп, мен, еріген, қатысуымен, бөліп шығарады, суға, оттегіні.



    Жауабы: Спирогира мен улотрикс күн сәулесінің қатысуымен хроматофорларына судағы еріген көмірқышқыл газын сіңіріп, суға оттегіні бөліп шығарады.





    ІV. Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде дамыту.



Мұғалім жаңа тақырыпқа көшу мақсатында « Миға шабуыл» әдісі арқылы «Су түбі өсімдіктерінің пайдасы мен зияны» тақырыбында салыстыру мәтінін оқушылармен бірге орындайды.



V. Жаңа сабақты түсіндіру



Қоңыр балдырлар. Теңіздің тұзды суында өсетін балдырлар жасыл балдырлардан өзгеше келеді. Олар теңіздер мен мұхиттардың түбінде жүздеген шақырым жерді қамтып өседі. Оған - қоңыр және қызыл балдырлар жатады. Бұл балдырлардың кейбір түрлері Қазақстанда Каспий теңізінде де кездеседі.

Қоңыр балдырлардың барлығы да көпжасушалы, 1 500 -дей түрі бар. Биіктігі бір миллиметрден бірнеше ондаған метрге дейін жетеді. Қоңыр балдырларға ламинария, саргассум және т.б жатады. Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр терендікте өседі. Оның сыртқы құрылысы гүлді өсімдіктерге ұқсас.

Қызыл балдырлар. Теңіздің терең түбінде көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы - таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тармақталған. Өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбейгенде бөлініп қалған бөліктерінен жаңа дарақ түзілмей, жетіліп, бөлініп өседі. Жыныссыз көбейгенде түзілетін спораларының талшығы болмайды. Судың ағынымен қозғалады.

Балдырлардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызы. Балдырларды қорғау. Балдырлардың табиғатта маңызы зор. Топырақта өсетіндері оттек бөлумен қатар өздері шіріп, топырақты құнарландырады.

Теңіз балдырларын өнеркәсіптің көптеген салаларына шикізат есебінде қолданылады. Олардан йод, спирт, сірке қышқылы, жасунық, агар-агар алынады. Агар-агарды тамақ өнеркәсібінде де пайдаланады.



VІ. Жаңа сабақты бекіту



1. «Биологиялық пошта» ойыны



«Биологиялық пошта» (4 минут)

Балалар балдырлардың атауларына қарап олардың қай почтаға тиесілі екенін салады.



Жасыл балдырлар

Қызыл балдыр

Қоңыр балдыр

1.Хлорелла. 4.Хламидоманода 7.Хлорококк 10.Ульва

2.Хондрус 5.Плюмария 8.Спирогира 11.Турбинария

3.Ламинария 6.Саргассум 9.Улотрикс 12.Коралина.





2. «Ерекшесін көрсету» ойыны (7 минут)

ДЖИГСО әдісі арқылы әр топ балдырлардың бөлімдерін сипаттама береді.

Шағын лекциялар беріледі, әр топ ойын ережесіне сай басқа да топ мүшелерімен өз білімдерін алмасады.

Негізінен, ерекшеліктері мен табиғаттағы маңызы беріледі.



1.Қоңыр балдыр



2. Қызыл балдыр



3. Жасыл балдыр



VІІ. Қорытынды және рефлексия



VІІІ. Оқушы білімін бағалау

Әр топ басшысына төмендегідей бағалау парағы беріледі, сол бойынша топ мүшелері түгел бағаланады:



«Ерекшесін

көрсету»

Жалпы ұпай\ баға

1















2















3















4















5















6















7















8



















ІХ. Үйге тапсырма беру.



1. Тақырыпты оқып, мазмұндау

2. Сұрақтарға жауап жазу

3. Сурет салу

4. Тақырып соңындағы «Білімінді сына» тапсырмасын орындау.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал