7


  • Учителю
  • Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасын анықтау

Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасын анықтау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

оқушылар үйінің

«Гүлдер» үйірмесінің жетекшісі

Зұлпыхарова Майра Нұралханқызы

Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік - бөлме өсімдіктері жайлы алған білімдерін еске түсіре отырып, үй жағдайындағы өсімдік түрлерінің климаттық флорасын білуге үйрету, өсімдіктердің жақсы өсу үшін қолайлы орта жағдайын ескере отырып, бөлме өсімдіктері жайлы теориялық білімдерін меңгерту, оны іс жүзінде қолдана білуге машықтандыру;
2) Дамытушылық - бөлме өсімдіктері жайлы алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, ой - өрістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту;
3) Тәрбиелік - бөлме өсімдіктерін күтіп - баптай білуге, оған қамқорлық көрсетуге баулу, оқушылардың тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі. Жаңа білімді игерту
Әдіс - тәсілдер: талдау - жинақтау, түсіндірмелі, сұрақ - жауап, кестемен жұмыс.
Көрнекіліктер: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, плакаттар, таратпалар.
Пәнаралық байланыс: Сурет, әдебиет, география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
Ә) Оқушылардың сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын тексеру;
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аударту;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері және олардың адам өміріндегі маңызы. Оқушыларға өсімдіктердің суреті мен суретке байланысты сұрақтар беріледі.
1. Суретте қандай өсімдік берілген.(Кактус)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы. (Кактус радиациялық сәулелерді жақсы сіңіреді, оларды компьютер және теледидар алдына қойса адамға зиянды сәулелерді өзіне қабылдайды.)
2. Суретте қандай өсімдік берілген.(Спатифиллум)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Спатифиллум адамға көтеріңкі көңіл мен өзінің әсем жапырақтары арқылы таза ауа сыйлайды. Бұл өсімдік өз иесін жақсы көргендігі соншалық үнемі иесінің көңіл күйі жақсы болса өзінің әсем гүлдерін үздіксіз ашуға дайын екен. Бөлмедегі ылғал ауаны өзіне жинап бөлмені құрғатып тұрады.)

3. Суретте қандай өсімдік берілген.(Алоэ)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.( Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті көп. Олардың жапырағынан бөлінген сөлді әр түрлі дене жараларына, асқазан - ішек жолдарын тазарту мақсатында, косметикалық заттар алуға пайдаланады)
4. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Қазтамақ)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Қазтамақ бөлме өсімдігінің емдік қасиеті көп. Жапырақтарынан шығаратын исінің өзі адамның иммундық жүйесін жақсартып, жапырақтарынан тымау, құлақ ауырғанда, мұрын бітелгенде таптырмас дәрі жасауға да болады)
5. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Колонхоэ)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Колонхоэ өсімдігінің жапырағының сөлінен дәрі жасауға болады. Дәріні асқазан жарасын, асқынған жараларға жағуға сонымен қатар қан қысымы көтерілгенде пайдаланады)
6. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Бегония)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Бегония өсімдігінің тұқымынан тыныштандырғыш және ауырған жерді басатын, аллергияға қарсы әсері бар формацептика саласында дәрі жасайды)
7. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Гардения)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Гүлінің хош исі жағымды болғандықтан ежелгі қытайлықтар шәйға салып ішкен, бауыр ауырғанда, ыстық көтерілгенде, тұмауда таптырмас емдік шөп, гүлінен бөлінетін эфир майлары шаршағанды басатын, парфюмериялық иіс сулар алуда пайдаланған)
8. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Лимон)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Лимон шырынында С дәрумені көп болғандықтан әр түрлі инфекцияларға және бактерияға қарсы тұру әсері күшті. Ұстамалы ауруларда, ауырып қалған жағдайда иммунитетті қалыпқа келтіреді. Тұрмыстық қолданыста кеңінен пайдаланады.)
9. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Фикус)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Жапырағының көлемі үлкен болғандықтан, бөлменің ауасын жақсы тазартады. Көмірқышқыл газын көп сіңіргендіктен жапырақтары тез шаң басады. Жапырақтарын тазартып тұру керек)
10. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Құрма)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы. (Құрма өсімдігінде иод көп болғандықтан зоб ауруларында, әлсірегенді басатын әсері бар.)
11. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.( Антурим)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Жүрек айнығанды басатын, іш өткенде, тері ауруларын емдейтін қасиеттері бар)
12. Суретте берілген бөлме өсімдігінің атын табу.(Амариллис)
Берілген бөлме өсімдігінің адам өміріндегі маңызы.(Бұл өсімдіктің жуашығы бүйректің қабынуын басатын, жүрек айнуды емдейтін қасиеттері бар)

ІІІ. Жаңа сабақ. Теориялық бөлім.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер
Жайнар кезім келді деп.
Қанаттарың желбіреп,
Таңмен бірге оянып
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға.
Қызығушылықты ояту
Интерактивті тақтадан гүлдер туралы слайдтар музыка әуенімен көрсетіледі.
Ғалымдардың пайымдауынша, шегіргүл (фиалка) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді екен.
Климат (грекше клима - еңкіш) - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай - күйі. Климат элементтері - атмосфера қысымы, температура, жауын - шашын, жел, бұлттылық, ылғалдылық және басқа да көрсеткіштер. Мыналарды анықтап еске сақтайық: Ауа райы мен климат түсініктері бір - бірімен тығыз байланысты. Кез келген жердің климат жағдайларынан оның ауа райының сипатты ерекшеліктері көрініп тұр. Флора (латынша flora - Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs - гүл) - нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдіктердің тарихи - эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан) ажыратып қарау қажет. Мысалы, жер бетінің әр түрлі аймақтарының өзіне тән өсімдіктері болады. Таулы, сулы, батпақты, шөлді, тундралы, тайгалы жерлерде өсетін өсімдіктердің бейімделген ортасы. Әр Флораның өзіне ғана тән арнайы ерекшеліктері бар. Флораны зерттейтін ғылым саласы - флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу оның аумағындағы түрлер мен туыстардың құрамын анықтаудан басталады. География таралуына ұқсас түрлер Флораның географиялық элементін (геоэлемент) құрайды.
Бөлме өсімдіктерінің климаттық флорасы - 4 топқа бөлінеді: 1 жарықты сүйетін, 2 көлеңкеге төзімді, 3 жарықтың шашырап түскенін қажет ететін және 4 жылылықты және тік түскен жарықты сүйетін өсімдіктер болып бөлінеді.
І. бекет «Мексика» Жарық сүйгіш өсімдіктермен танысу мақсатында Оңтүстік Америкаға саяхаттаймыз.
Мексика (ис. México [ˈmehiko]), толық атауы Мексика Құрама Штаттары
(испан. Estados Unidos Mexicanos) - Солтүстік Американың оңтүстік - батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік - шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр.
Жер аумағы 1958, 2 мың шаршы километр.
Халқы 120 286 655 адам (2014).
Мексика - федеративтік республика.
Оңтүстік Американың экваторға жақын орналасқан белдеулерінде климат жағдайы өте ыстық, жауын - шашын мөлшері аз түседі. Күннің тік түсуі әсерінен ол жердің ылғалдылығы ауаға тез буланып, топырағы тез құрғап қалады, жер бедеріне шөл дала мен таулы жерлері тән. Шілде айларында 15 - 200С құрайды Жылдық жауын - шашын мөлшері солтүстігінде 200 - 400 миллиметр, сыртқы таулы аудандарында. Бұл жердегі өсетін өсімдіктердің көпшілігі жарық сүйгіш, сол жердің климат жағдайына бейімделген. Өсімдік дүниесі негізінен суккулентті; кактустың 500, агаваның 140 түрі өседі. Тауларда қарағайлы ормандар мен субальпілі өсімдіктер өседі.
Көбінесе - кактустар және суккулентті, толстянка, сүттіген, сенецио, алоэ, агава, очита яғни жапырағында немесе сабақтарында ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер өседі. Суккулентті өсімдіктер мен кактустар ылғалды аз мөлшерде сіңіріп етті денесіне жинайды. Кактустардың жапырағы түрі өзгерген тікенекке айналған. Тікенек жапырақты өсімдіктер суды өте аз мөлшерде буландырады. Мұндай өсімдік түрлерінің басты жауы ылғалдың, жауын - шашынның көп түсуі.
ІІ бекет. «Қытай». Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер
Ресми тілі: қытай
Астанасы: Пекин
Ірі қалалары: Гуанчжоу, Шанхай.
Халық саны бойынша, әлемдегі 1 - ші мемлекет (1, 3 млрд санынан астам, халық көпшілігі - этникалық қытайлықтар, өз атауы - хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3 - ші орында Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР - сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
Қытайдың көптеген аймақтары қоңыржай және субтропикалық климатқа жатады, оңтүстік аймақтарындағы климат тропикалық болса, солтүстік аймақтары суық климатымен ерекшеленеді. Әлемде теңіз деңгейінен 7000 м биіктікті құрайтын 19 таулы биіктіктер бар, солардың ішінде жетеуі ҚХР территориясында немесе шекарасында орналасқан. «Әлем шатыры» деп аталатын Циньхай Тибет таулы өлкесінде көптеген биік таулы жоталар бар. Гималайдың биіктігі теңіз деңгейінен 6000 м биікті құрайды, Джомалунгма болса, дүниежүзіндегі ең биік шың, оның биіктігі - теңіз деңгейінен 8844м құрайды. Янцзы, ұзындығы 6300 км, Ніл мен Амазонкадан кейінгі 3 - шы орынды алады. Хуанхэ екінші ұзын өзен, ұзындығы 5464 км. Қытайда суық, қоңыржай және тропикалық климаты бар солтүстік жартышарда өсетін өсімдіктер көптеген түрі кездеседі, тек биік өсімдіктерді атап айтсақ, олардың мұнда 32000 астам түрі бар. Ал кішігірім өсімдіктерді алғанда сан түрлі.
Бұл жерде өсетін өсімдіктерінің көбісі, тропикалық және субторопикалық аймақтарында өсетін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктер сол жердің климаттық флорасына бейімделген жауын - шашынның көп түсетін және күннің шашыраңқы сәулесін жақсы сіңіреді. Мұндай өсімдіктерге лимон, мандарин, акуба, бегония, гардения, қытай раушангүлі, шефлера клатеа, камелия, жасмин, фаленопсис, т. б. тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер - маранттар және фиттония. Мұнай топқа жататын өсімдіктердің көпшілігі - эпифиттер. Бөлме өсімдіктерінің түрлерінің көпшілігін осы мемлекеттерден әкелінген.
ІІІ бекет « Бразилия». Көлеңкеге төзімді өсімдіктер
Бразилия - Бразилия Федеративтік Республикасы - Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері - 8, 5 млн. км². Халқы 189 млн. адам тұрады. Астанасы - Бразилиа. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Оңтүстік Американың Бразилия елінің көпшілік жерлері ну орманды, өзен - көлдері көп болған соң булану процесі өте қарқынды жүреді және жауын - шашын көп түсетін аймақтардың бірі. Ну орманның ортасын бөліп жатқан Амазонка өзенінің жағалауларында көлеңкеге төзімді, күнің тік түсетін, шашыраңқы жарықтарын қатты қажет етпейтін өсімдіктер өседі. Мұндай өсімдіктер сулы, қара шірікті жерлерде жақсы өседі, жапырақтары суды жақсы буландырып, ылғалдылықты қажетті мөлшерде ұстап тұрады. Бұл аймақтың климаттық флорасында өсетін өсімдіктердің түрлеріне қырық құлақтар, монстера, сингониум, спатифиллюм, аспидистра, антуриум,хлорофитум, шырмауық, традесканция, зебрина, саркококка, гузмания, фикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер өседі.

ІҮ бекет «Біріккен Араб Әмірліктері». Жылылықты және тік түскен жарықты

сүйетін өсімдіктер
Біріккен Араб Әмірліктері - солтүстік - шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Катармен, Сауд Арабиясымен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. БАӘ - бұл жеті Араб мемлекетінің немесе әмірліктердің федерациясы, олардың ең әйгілелері Дубай және АбуДаби. Әмірлік - әмір немесе ханзада басқаратын аймақ. Тұрғындарының 96 пайызға жуығы мұсылмандар. 1900 жылдың орта шеніне дейін арабтардың көпшілігі інжу тастарды алып - сату немесе түйе өсірумен күнелткен. БАӘ нағыз құрғақ субтропикалық климатымен ерекшеленеді(жылына жауын - шашын дәрежесі - 13см). Жаз мезгілі өте ыстық болады(+48°С - ге дейін). Күн және бұлтсыз аспан жылына 360 күн. БАӘ - дe туристік маусым жазғы аптап азайған кезде қыркүйек айының соңында басталып, мамыр айының бірінші жартысына дейін созылады.
БАӘ - да желтоқсан мен қаңтар ең салқын айлар болып есептеледі. Бұл кездегі ауа температурасы күндіз +28°С, түнде +18°С көрсетеді.. Парсы шығанағының жылы сулары, құмды жағажайлары, шөлейтті табиғи көріністері, желкенді құрма, банан шоқтарының ылғалды алқаптары, қазіргі кезеңгі өмір тәртібі, халықтың ұлттық дәстүрге деген сенімі, еуропалық тамаша супермаркеттерi мен шығыс базарлары - бұның бәрі саяхатшылар үшін қиял әлемі секілді. Кофе тағайындау - бұл елдегі үлкен өнер болып есептеледі. Ең кереметі - арабиялық, ашық түсті кофе. Арабия елі - жер шарының экваторлық белдеуінде орналасқандықтан, бұл аймақтарда қыс болмайды және жауын - шашын аз мөлшерде түседі, ауа ылғалдылығы құрғақ, желді. Осындай ауа - райы ыстық, күннің сәулесі тікелей тік түсетін климаттық флорада жылылықты сүйетін өсімдіктер өседі. бұл топқа жататын қазтамақтар, фин пальмалары, пальма тұқымдастары, кордилиндер, драцендер, каланхоэ, катарантус, кокос, замиокулькас тағы басқа өсімдік тұқымдастары жатады. Олардың барлығы ыстық температурада жақсы өседі. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып, жапырағы түсіп қалады. Пальмалардың дүниежүзі бойынша 3000 - нан астам түрлері бар. Көбінесе Оңтүстік - Шығыс Азияда, оңтүстік Америкада кеңінен таралған. Бірақ Африка пальмалары Американың пальмаларымен теңесе алмайды. Өйткені құрғақшылыққа төзімді пальмалар жеміс береді және өртке де өте төзімді. Пальмалар үй жағдайында кез - келген ортаға бейімделе алатын, төзімді де әдемі өсімдік деп білуіміз қажет.
Қазақстанның әуежай бекеті.
Қазақстан Республикасының жер көлемі 2, 7 млн шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9 - шы орында тұр.
Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылдан бері).
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температураларының үлкен айырмашылық жасауы, ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын - шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.
Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекше. Өйткені Дүниежүзілік мұхиттардан мыңдаған километр қашық жатқандықтан олардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.
Қазақстан коңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт мезгілі (жаз, күз, қыс, көктем) айқын білінеді. Қыста Сібірдің қатты суығы келеді. Жазда Орта Азияның жылы, тіпті ыстық ауасының әсері жақсы байқалады. Жыл мезгілдерінің арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттігін арттырады. Біздің елімізде көбінесе оңтүстік аймақтарда суккуленті өсімдіктер, таулы аймақтарында көбінесе далалық - шалғындық өсімдіктер өседі.

ІҮ. Сарамандық бөлім.
Балалар біз әр мемлекеттің климаттық флорасында өсетін, сол аймақтың барлық табиғат факторларына төзімді өсімдіктерді көрдік, таныстық. Олай болса, саяхаттаған елдерімізде өзімізге жақсы таныс болған өсімдіктерімізді еске сақтау мақсатында, сол гүлдерімізді боямақты пайдалана отырып, түс үйлесімділігін ескеріп бояуларыңызды сұраймын.
Ү. Сергіту сәті:
- Қане, қане балалар, (балалар тұрады)
Шаршағанда ырғалып (тербеліп тұрады)
Гүлге ұқсап демалам (отырады)
Жұпар иісін бір иіскеп (мұрнымен демді ішіне тартып, шығарады)
Гүлдей болып жайқалам (қолдарын жоғары көтереді)

ҮІ. Бекіту. Кестемен жұмыс.
Оқушыларға шатасқан өсімдіктер беріледі. Аталған өсімдіктерді берілген 4 топқа сәйкестендіріп дұрыс орналастыру.




Өсімдіктердің атауы:

Жарық сүйгіш өсімдіктер

Жарықтың шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер

Жылылықты және тік түскен жарықты қажет ететін өсімдіктер

Шефлера

Кактус

Қырқұлақ

Пальмалар

Қытай
Раушангүлі

Монстера

Катарантус

Хлорофитум

Сутіген

Спатифиллюм

Бегония

Замиокулькас

Алое

Очита

Фикус

драцендер

Жасмин

Сенеция

Антуриум

гардения

кокос

Лимон

Мандарин

Гузмания

колонхоэ

ҮІІ. Бағалау
Сабақ барысында оқушылардың әр бір жауабы гүлмен бағаланады.

ҮІІІ. Қорытындылау. Өсімдіктерді үйде өсіру үшін өсімдіктерді іріктеп алу керек, олардың өсуіне қажетті жағдайларды жарық, температура және ауаның ылғалдылығын жақсы білу керек. Гүл өсіретін бөлмемізді табиғат жағдайларына сәйкестендірген жөн. Өсімдіктің өсіп - өнуі және фотосинтез құбылысының жақсы жүруі үшін ең бірінші топырақтың құнарлығы мен жарық және су, ылғалдылық қажет екен. Бөлмемізде гүлдер жақсы өсу үшін гүлдерді дұрыс орналастыру да маңызды екен.

ІХ. Үйге тапсырма.
Өзіміздің үйімізде немесе сыныбымызда өсетін өсімдіктердің түрін, атауын тауып, қолайлы климаттық флорасын тауып дәптерге жазып келу.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал