- Учителю
- Мұхиттар. Теңіздер мен көлдер.
Мұхиттар. Теңіздер мен көлдер.
Сынып: 5 «А» Күні:
Сабақтың тақырыбы: Мұхиттар. Теңіздер мен көлдер.
Сабақтың мақсаты: жердің гидросфера қабаты туралы білімдерін кеңейтеді. Судың адам өміріндегі маңызын қарастырады.
Сабақтың міндеттері:
-
Жер бетіндегі мұхиттардың ерекшеліктерімен танысып, олардың өздеріне тән қасиеттерін танып біледі.Теңіз бен көлдің айырмашылығын және олардың атауларын біліп білім қорын кеңейтеді.
-
Мұхиттардың, теңіздер мен көлдердің атауларын біле отырып,есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мазмұндап айту барысында ауызша сөйлеп, сөздік қорларын байытады.
-
Өз бетімен, топпен жұмыс істеп үйренеді. Судың да сұрауы бар екенін, адам өміріндегі маңызын біле отырып үнемшілдікке, қайырымдылыққа, табғатқа деген сүйіспеншілікке баулиды.
Коррекциялық: көз бұршағына ауырпашылық түсірмеу.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер: СТО, ауызша, баяндау, түсіндіру
Көрнекі-құралдар: Презентация, карта, глобус, үлестірмелі карточка, оқулық.
№
Кезеңі
Барысы
1
Ұйымдастыру
А) оқушылармен амандасу
Б) сыныпқа дайындығын тексеру
В) мәлімдеме бойынша журнал толтыру
Г) сабақ барысын баяндау
2
Үй тапсырмасын сұрау
§19-20. 51-55 беттер.
Пысықтау сұрақтары:
-
Гидросфера дегеніміз не?
-
Тұзды және тұщы судың қандай айырмашылығы бар?
-
Қандай суларды минералды сулар дейміз? Республикамызда шығарылатын қандай минералды сулардың түрін білесіңдер?
-
Судың қандай қасиеті бар?
-
Сусыз тіршілік «жоқ» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
3
Жаңа ақпарат
Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды Мұхит дейміз.
Мұхиттар
1.Тынық 2.Атлант 3.Үнді 4. Солтүстік Мұзды мұхит
Жер бетінің 1/3 бөлігін Тынық мұхиты алып жатыр. Мұхиттар арасында ауданы, көлемі жағынан ең үлкені және ең тереңі. Ең терең жері - Мариан шұңғымасы, тереңдігі 11022 м
Атлант мұхиты - ең терең жері Пуэрто-Рико (8742м) шұңғымасы.
Үнді мұхиты - ең терең жері Зонд (7209м) шұңғымасы.
Ауданы жағынан ең кішісі солтүстік Мұзды мұхит. Ең терең жері - 5527метр.
Теңіз дегеніміз - материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі. Теңіздер:Араб, Баренц, Охот, Кариб, Жапон, Фиджи, Банда,Жерорта, Қара, Азов, Балтық, Қызыл. Шығанақ - мұхит,теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі. Бұғаз - құрлықтарды бір-бірінен бөліп тұрған және теңіз, көл, мұхит сулары бір-бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел. Материктердің ішіндегі тұйық сулы өлкені - көл деп атайды.
Дәптермен жұмыс жасайды. Презентация көрсетіледі.
4.
Көзге арналған жаттығулар
-
Жоғары-төмен 10 рет қарау;
-
Оңға және солға 10 рет қарау
-
Көзі жұмып 10 секунд дем алу
5.
Қорытындылау
«Ең ерекше» атты карточкадағы кестені толтыру
6
Үйге тапсырма
§ 21-22. Мазмұндау
«Гидросфера» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру