- Учителю
- 'РНҚ құрылымы, қасиеттері' қысқа мерзімді жоспар
'РНҚ құрылымы, қасиеттері' қысқа мерзімді жоспар
Турсынова Жаннат Манаповна
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сарыағаш ауданы, №52 М.Өтемісұлы
атындағы жалпы орта мектептің
биология және химия пәндері мұғалімі.
Сыныбы: 10 «А»
Пән атауы: Биология.
Сабақ тақырыбы: РНҚ құрылымы, оның түрлері мен қызметі. АТФ.
Сабақ мақсаты: РНҚ құрылымы, түрлері жайлы білімді меңгеру, олардың біздің өміріміздегі рөлін, түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрену. АТФ-тың қызметін түсіну.
Міндеттері:
-білімдерін жетілдіру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, еркін жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
-топта ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу;
-өз ойын еркін айта алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін тұлға қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: РНҚ құрылымы, түрлері жайлы білімді меңгереді, олардың біздің өміріміздегі рөлін, түрлерін бір-бірінен ажырата біледі. АТФ-тың қызметін түсінеді.
Қолданылатын модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру, оқыту, Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, ОүБ және ОБ.
Стратегиялық іс-әрекет: «Семантикалық карта» әдісі, «ДЖИГСО» әдісі, «Венн диаграммасы».
Р\с
Уақыт өлшемі
Жоспар мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1
4 мин.
І.Кіріспе.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу. Жағымды психологиялык ахуалды қалыптастыру. Өзін-өзі реттеу. Топтарға бөлу.
Сыныпқа кіріп, сәлемдесіп, оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару, жылы қабақ таныту. Шаттық шеңберінде тілек білдіру. Нуклейн қышқылының түрлеріне, АТФ-ке байланысты оқушыларды 4 топқа бөлу І топ: рРНҚ, ІІ топ: аРНҚ, ІІІ топ: тРНҚ.
Оқушылар сәлемдеседі, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Олар РНҚ типтерін қайталап айту арқылы топтарға бөлінеді.
2
5 мин.
Үй тапсырмасы. Семантикалық карта.
Әр топқа семантикалық карта таратып береді.
Алдарына берілген семантикалық картаны толтытып, парақтарды ауысып, тақтадағы жауаппен тексереді.
3
20 мин.
Негізгі бөлім.(Жаңа сабақ). РНҚ түрлері,қызметі. АТФ-энергетикалық нуклеотид.
Жаңа сабақты жақсы меңгеру үшін «ЖИГСО» әдісін пайдаланамын. Тапсырмалар: І топ.: рРНҚ, ІІ топ: аРНҚ, ІІІ топ: тРНҚ құрылымы мен функциясын оқыту, орындату, қорғату, қадағалау, көмек беру.
І топ.: рРНҚ, ІІ топ: аРНҚ, ІІІ топ: тРНҚ құрылымы мен функцияларын оқып, бір-бірлерімен ақылдаса отырып, түсінгендерін флипчартқа түсіріп, қорғайды.
4
7 мин.
Сабақты бекіту
Жаңа сабақты бекіту үшін « Венн диаграммасын» пайдаланамын. ДНҚ мен РНҚ ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату, салыстыру,талдату.
Оқушылар жауаптарын топпен ақылдасып, талқылап, «Венн диаграммасын» толтырады, постер қорғайды.
5
3 мин.
Бағалау.
Әр топ басшысын сайлап, тапсырма орындау барысында, бағалау парағы арқылы топ мүшелерін бағалатамын, суммативті бағаны қоямын.
Әр топ басшысы өзінің топ мүшелерін бағалайды.
6
2 мин.
Үйге тапсырма
62-беттегі А,В,С деңгейлік тапсырманы орындауға беру.
Оқушылар білім деңгейіне қарап тапсырмаларды орындайды.
7
4 мин.
Рефлексия
Оқушыларға жасыл, қызыл түсті стикерлер тарату, тақтаға жүректің суреті бар плакат ілінеді, ол жерде мынадай сұрақтар беріледі:
-Не ұнады?
-Не ұнамады?
-Не білгің келеді?
Оқушылар стикерлерге бүгінгі өткен сабақ бойынша
-Ненің ұнағанын,
-Ненің ұнамағанын,
-Не білгісі келеді? деген сұрақтар төңірегінде өз ойларын, сезімдерін жазады.