7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Көру мүшесі

Сабақтың тақырыбы: Көру мүшесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: §20. Көздің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға көздің қосымша мүшелерін, қосымша мүшелердің атқаратын қызметін, көз алмасының қабықшасын, көз алмасының құрылысын, көзбұршақ пен қарашықтың атқаратын қызметін, жарыққа сезімтал рецепторлар - құтышалар мен таяқшалардың орналасқан жерін, атқаратын қызметін, торлы қабықтағы сары дақ, соқыр дақ ұғымдарын, көрудің бұзылу себептері туралы жалпы түсінік беру.

б) тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, нақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз денсаулықтарын қорғауға тәрбиелеу.

в) дамытушылық: оқушылардың білім сапасын көтеру, сабаққа, пәнге қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру, білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, тірек-сызба, тест

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Active Studio бағдарламасы, Activ Board , Activ Pen , бейнепроектор - 1, видеороликтер, интернет желісі мәліметтері, көздің құрылысы, суреттері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, қажетті құрал - жабдықтарын алдырып, назарын жаңа сабаққа бейімдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: §19. Сезім мүшелері және олардың маңызы

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

  1. Адамда қанша сезім мүшелері болады?

  2. Рецепторлар орналасуы бойынша неше топқа бөлінеді?

  3. Анализатор дегеніміз не?

  4. Анализатор қандай бөліктерден тұрады?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

Оқулықта берілген сәйкестендіру кестесін тексеру арқылы үй тапсырмасын қорытындылаймын.

  1. 1. Рецептор

  2. 2. Сезімтал жүйкелер

  3. 3. Үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

А) импульсті жұмыс мүшесіне беруӘ) тітіркенуді қабылдау

Б) рецепторлардан қозуды орталық жүйке жүйесіне беру

В) сезімтал нейрондардан қимыл - қозғалыс нейрондарына қозуды тасымалдау

Г) ерекше сезім қалыптастыру

Дұрыс жауабы: 1 - Ә, 2 - Б, 2 - В, 2 - Г, 3 - А

ІҮ. Жаңа сабақ:

§20. Көздің құрылысы мен қызметі

Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға көз туралы не білеміз? Оның адам үшін маңызы неде? деп оқушылардың пікірін тыңдаймын. Үй тапсырмасымен жаңа тақырып арасында байланыс орнау үшін биология 8 сынып электронды оқулығын пайдаланып, сезім мүшелері оның ішінде көз тақырыбын тыңдап, әрі қарай жаңа тақырыпты жалғастыру.

Көз - адамның көру мүшесі. Ол арқылы адам сыртқы ортадан ақпарат қабылдайды. Сыртқы ортадан қабылданатын ақпараттың 80 - 90 % - ы көру мүшесі арқылы жүзеге асады.Көз арқылы адам өзін қоршаған заттарды, әр түрлі денелерді, олардың пішінін, түрін, түсін, қимылын, құрылысын қабылдайды.

Көздің бұзылуы, ауру түрлері:

Алыстан көргіштік- ҚЫРАҚТЫЛЫҚ.

Алыстан көрмеушілік - СЫҒЫРЛЫҚ.

Нұрлы қабықшасының бұзылуы - ГЛОУКОМА

Көз бұршағының бұлыңғырлауы - КАТАРАКТА.

Суық тиюі - КОНЪЮКТИВИТ

Алыстан көрмеудің даму себептері және емі

Алыстан көрмеушілік (миопия) - алыста тұрған заттарды дұрыс көрмеу. Көз дәрігерлері миопияны әлсіз (3,0 диоптрийге дейін), орташа (3,25 диоптрийге дейін) және жоғары дәрежелі (6 диоптрийден жоғары) деп бөледі. Жоғары дәрежелі миопия 15-30 диоптрийге дейін жетуі мүмкін.
Алыстан көрмейтін адамдар алысқа арналған көзілдірікті қажет етеді, ал көпшілігіне тіпті жақыннан керуге арналған көзілдірік керек. Алайда көзілдірік көздің жітілігін үнемі жоғары деңгейде түзете бермейді, бұл ауру көз қабығындагы дистрофиялық және басқа өзгерістерге байланысты.
Көз жітілігінің нашарлауы туа бітуі, уақыт өте пайда болуы мүмкін, кейде бара-бара үдей береді. Ол кез-келген жаста анықталып жатады. Сырқат, әдетте, жасөспірім шақта күшейіп, 18-40 жас аралығында тұрақталады. Оның тұқым қуалауы да мүмкін.
Миопияның дамуына көзге шамадан артық салмақ түсіру де әсер етеді. Оларға жұмыс үстеліне дұрыс жарық түспеу, оқығанда және жазғанда дұрыс отырмау, теледидарды көп көру мен компьютерді жиі пайдалану жатады.
Миопия белгілері байқалған бойда оны түзету амалдарын жасау керек. Әйтпесе ауру асқына береді. Тіпті амблиопия (жалқау көз синдромы), қитарлық секілді күрделі дерттерге соқтыруы мүмкін. Егер жақын тұрған затқа қарауға арналған көзілдірік не жанаспалы линза дұрыс таңдалмаса, көз бұлшық еттеріне шамадан тыс салмақ түсіп, алыстан көрмеушілік үдей түседі. Сондықтан көздің көруі нашарлаған бойда білгір офтальмологқа қаралып, көзілдірік не линза кию керек.
Алдын алу жолдары.Көздің жітілігін сақтау үшін төмендегі ережелерді есте ұстаған жөн:
• Еңбек тәртібі мен жағдайын оңтайландыру, демалу, дұрыс тамақтану, жарықтың түсуін реттеу, көз дәрігеріне жиі қаралып тұру;
• Көзді қысып қарауға болмайды, бұл сырқатты асқындыра түседі;
• Окыган кезде ортак жарыктан өзге кітапқа түсіп тұратын жарық та қажет. Теледидарды да қараңғы бөлмеде қарауға болмайды.
Көз жітілігін сақтауға көзге арналған жаттығулар пайдалы:
1-жаттығу. Көзді қатты жұмып, қайта босатыңыз, бірақ қабақты ашпаңыз. Одан соң көзді 10 рет жиі-жиі жыпылықтатыңыз. Енді қабақты қатты таңғалғандай жоғары көтеріңіз, одан соң қабақты түйіңіз. Бұны да 10 рет қайталайсыз.
2-жаттығу. Саусақ ұштары қызғанша алақандарыңызды қатты ысқылаңыз. Көз ұясы шетіндегі самайды саусақ ұштарымен айналдыра ұқалаңыз. Және де оң қол саусақтары сағат тілінің бағыты бойынша, сол жақ қолдың сауқастары сағат тіліне қарсы бағытта қозғалуы тиіс.
3-жаттығу. Терезе алдына тұрып, алыстағы бір затқа караңыз, одан кейін көзді мұрын ұшына бағыттаңыз, сосын қайтадан алыстағы затқа қараңыз. Бірнеше рет қайталаңыз.
4-жаттығу. Көзді жұма отырып көзді баяу айналдырыңыз. Алдымен бір бағытка бес рет толық айналдырыңыз, одан соң екінші жаққа қарай айналдырыңыз. 30 секунд бойы орындаңыз.
5-жаттығу. Қабақты жауып, оларды саусақ ұшымен 30 секунд уқалаңыз.
Миопияның консервативті емі кешенді түрде жүргізіледі. Бұл үшін әр түрлі оталар, дәрі-дәрмектер қолданылады.
Миопиясы бар адамдар ақуызы, дәрумендері мен микроэлементтері мол теңдестірілген тамақ тұтынуы тиіс. Сонымен қатар офтальмолог дәрігер таңдап берген көзілдіріктің немесе жанаспалы линзаның көмегімен көздің жітілігін дұрыс реттеу маңызды. Кемінде жарты жылда бір рет офтольмологиялық нақтамалау жасау - көздің ұзына бойғы өлшемін ультрадыбыспен өлшеу керек. Көз дәрігерінің нұсқауымен жүзу, жаға аумағын уқалау, контрастылы себіл, т.б. шараларды орындау да пайдалы.

Нұрлы қабықтағы бояу жасушаларының әсерінен адамның көздері алуан түрлі болады.

  • Халел Досмұхамедовтың қағидасы.

  • Көзің сау болсын десең:

  1. Ымыртта, ала-көлеңкеде, нашар жарықта оқыма, жазба, жұмыс жасама.

  2. Күндіз жұмыс жасағанда ,жарық (терезе) сол жақтан болсын.

  3. Жұмыс уақытында көзің талса,жұмысыңды тоқтатып, көзің дем алғанша терезеге қара.

  4. Еш уақытта көзіңді уқалама,тазалап жумай тұрып қолыңды көзіңе тигізбе.

  5. Көзің ауырса,не көруің кемісе дәрігерге көрін.

  6. Бөтен кісінің бет орамалымен бетіңді, көзіңді сүртпе. Өзіңнің бет орамалың болсын!

  7. Әрқашанда тазалықты сақтап жүр.

Ү. Оқулықпен жұмыс: №3 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Көру жітілігін анықтау

Мақсаты: Адам көзіндегі тор қабықта соқыр дақтың бар екендігін анықтау.

Зерттелуші объект: Адам

Құрал-жабдықтар: қарындаш, сызғыш, соқыр дақты анықтайтын сурет.

Жұмыстың барысы:

Сол көздеріңді алақанмен жауып, суретті көздеріңнен 15см арақашықтыққа қойыңдар. Оң көзбен айшыққа қарап, кітапты жайлап өздеріңе жақындатыңдар. Содан кейін үш шеңбердің біреуі көрінбей қалғанша алыстатыңдар. Бұл құбылысты қалай түсінуге болады? Шеңбердің жоғалған кездегі қашықтықты өлшеңіз.

Қорытынды: 1.Соқыр дақ дегеніміз не?

2.Соқыр дақ қандай қабықта орналасқан? Оқушылар аталған сұрақтарға дәптерлеріне жауап жазады.

ҮІ. Тақтамен жұмыс:

«Көздің құрылысы» деген суретті қарап, көздің құрылысын атап, жазу.

ҮІІ. Бекіту:

Оқушыларға тест сұрақтарын қою арқылы жаңа сабақты бекітемін.

1.Сезім мүшесіне жатады?

А) ауыз Б) тіс В) көз Г) қол

2.Көз алмасының құрамды бөліміне не жатады?

А) қас Б) кірпік В) нұрлы қабық Г) Жас

3.Көздің қосымша мүшесін ата.

А) нұрлы қабық Б) торлы қабық В) кірпік Г) ақ қабық

4. Көз дәрігері кім?

А) стомотолог Б) педиатр В) окулист Г) кардиолог

5. Көру аймағы мидың қай бөлімінде орналасқан?

А) ми қыртысында Б) үлкен ми сыңарларының маңдай бөлімінде В) шүйдеде

Г) самай бөлімінде

Барлық сұрақтардың В жауаптары дұрыс

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: §20. Көздің құрылысы мен қызметі оқу, 69-беттегі кестені дәптерге орындап келу.

Көздің құрылысы

Көз қабығы

Құрылысы

Атқаратын қызметі





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал