7


Сабақ жоспары №30 11 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Пәні: Биология

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Эволюцияның негізгі заңдылықтары. Дивергенция, конвергенция, параллелизм.

Мақсаты:1. оқушыларға эволюцияның негізгі заңдылықтары туралы түсініктеме беру, 2.дивергенция, конвергенция, параллелизм сөздерінің мәнін ашу, оқушылардың белсенділігін, қабілетін, қызығушылығын арттыру, зеректілікке, еркін сөйлеуге,

3. табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, талдау, биологиялық диктант, суретті түсініктемелер, танымдық ойындар

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта , ғаламтор деректері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. үй тапсырмасын сұрау.

1.«Бұл кімдер?» А.Н. Северцов пен И.И. Шмальгаузеннің суреттері көрсетіледі және олардың өмірі мен ғылым жолындағы еңбектеріне тоқталу;

1.Биологиялық процесс туралы түсініктеме беру.

2. Биологиялық регресс туралы түсініктеме беру.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақырыбы: Эволюцияның негізгі заңдылықтары. Дивергенция, конвергенция, параллелизм

Эволюцияның негізгі заңдылықтары.

Дивергенция, конвергенция, параллелизм- тірі организмдер топтарының эволюциялық формалары.

Дивергенция (латыннан аударғанда « кері шегінемін» дегенді білдіреді. ) -деп туыс формалардағы белгілердің ажырауын айтады. Ол табиғатта ұдайы жүретін процесс.

Конвергенция (латын тілінен аударғанда « ұқсас болу» дегенді білдіреді)- организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады. .

Параллелизм(Грек тілінен аударғанда «қатар жүру»)- деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады.

Эволюция- қайтымсыз процесс екендігін кезінде Ч. Дарвин «Тіпті тіршілік еткен ортасы қайтадан бұрынғыдай болып қайталанғанмен жойылған түр еш уақытта қайта қалпына келмейді»- деп жазды.

ІҮ. Сергіту сәті

Қызықты сұрақтарға жауап берейік.

1. Ыстықта ит неге тілін салақтатады? .(Тері бездері аз)

2. Қыста ит, мысық неге тоңбайды?(мамығы бар)

3. Қай сүтқоректілерде мамық жоқ? (кит, морж)

4.Иттің бұғана сүйегі қай жеріне орналасқан?(жоқ)

5. Сиырдың үстіңгі жақ

Ароморфоз-организмдердің жалпы құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтеру;

Идиоадаптация-организмдердің жеке бейімделу шешімін арттырады, бірақ организмнің құрылым деңгейінде ешқандай өзгеріс болмай сол қалпында сақталады.

Дегенерация-даралардың құрылым деңгейін төмендетіп, биологиялық регреске әкеледі.

Биологиялық прогресс түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілігі үшін күресте жеңіп шығуы.

ІІІ. Ең,ең,ең….

Ең алып құс(түйе құс)

Ең тез өсетін өсімдік (бамбук)

Ең баяу қозғалатын омыртқалы жануар(жолқазан)

Ең үлкен өсімдіктер класы( қос тармақтылар)

Ең ірі тұяқты жануар (бегемот)

Ең тереңде өсетін балдырлар тобы(қызыл балдырлар)

Ең сасық иісті сүтқоректі (күзен)

Ең жүйрік аң (қаблан)

Ү . Биологиялық диктант

1.Дивергенция, конвергенция, параллелизм- тірі организмдер топтарының эвомоциялық формалары.

2. Конвергенция деп организмдердің туыстық жағынан алыс болғанымен мекен ортасы бірдей, сыртқы пішінінің бір-біріне ұқсас болуын айтады.

3. Туыс формалардағы белгілердің ажырап, табиғатта ұдайы жүретін процесс- дивергенция.

4. Параллелизм -деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады.

5. Жер бетінде еш өзгеріссізщ тіршілік етіп жатқан организмдер де бар. Оларға қылышқұйрық, саусаққанатты балықтар, готтерия жатады.

ҮІ.Үйге тапсырма:

1. Эволюцияның негізгі заңдылықтары. Дивергенция, конвергенция, параллелизм.

2. Деңгейлік тапсырмаларға жауап беру.

3. «Органикалық дүниенің даму жолдары мен заңдылықтары» туралы рефераттар жазу.

ҮІІ. Білімді бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал