7


Тамақтану режимі 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Теңге ауылы

№14 орта мектеп

биология пәні мұғалімі

Жолдасбаева Зауре Конакбаевна









Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.



Сабақтың мақсаты:ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білімдері негізінде қалыпты ас қорытылудың гигиеналық жағдайлары мен тамақтану режімін түсіндіру,ас қорыту ферменттеріне никотин мен алкогольдің кері әсері,тамақ ішу ережелерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері:Білімділік:тамақтану режімі және жеке бас гигиенасы ережелері,ас қорыту жолы қызметінің бұзылу себебі туралы білім беру,ас қорыту жүйесі мүшелерінің және ішекқұрт ауруларының алдын алу.

Тәрбиелілігі:ішекте астың қорытылуына алкоголь мен темекінің әсерін түсіндіру,тамақ ішу ережесін сақтауда өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру,тамақтың сапасын,сақталу мерзімін және ыдыстың таза болуын бақылау.Санитарлық-гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Дамытушылығы:тамақтану гигиенасы мен ережелерін физиологиялық тұрғыдан негіздеу,оқушылардың салыстыру,қорытындылау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:«Ас қорыту жүйесі» нақпішіні,слайдтар,кесте.

Сабақтың түрі:аралас сабақ..

Сабақтың әдісі :Венн диаграммасы, сұрақ-жауап,диктант,топтастыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.Сыныпты сабаққа дайындау,оқу құралдарын,қатынасты тексеру.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

«Білімді бестік»

1.«Ұлтабар» дегеніміз не?Ұлтабар ас қорыту жолының қандай бөлімдері арасында орналасады?

2.Қандай без өзектері ұлтабарға ашылады?

3.Майлар қандай ферменттердің әсерінен ыдырайды?

4.Қоректік заттардың негізгі сіңірілуі ас қорыту бөлімдерінің қайсысында жүреді?

5.Аш ішектің бүрлі эпителийінің құрылысы қандай?

«Құпия сан»





1

2

3

4

5

6

7

8



1-Аш ішектегі бүрлер қандай қызмет атқарады?

2-Нәруыздар,көмірсулар,майлар қандай жай заттарға дейін ыдырайды?

3-Тоқ ішекте қандай процес жүреді?

4-Сіңудің гуморальды реттелуі қалай жүзеге асырылады?

5-Қабырға маңында ас қорыту дегеніміз не?

6-Аминқышқылдардың сіңірілуі қалай жүреді?

7-Глюкозаның сіңірілуі қалай жүреді?

8-Май қышқылдары мен глицерин қандай өзгерістерге ұшырайды?









III.Үй тапсырмасын қорыту.

Венн диаграммасы

Аш ішек Тоқ ішек



Тамақтану режимі 8 классТамақтану режимі 8 класс















VI.Жаңа тақырып

Сабақтың тақырыбы:§49.Тамақтану гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.

Сабақтың жоспары:

1.Тамақтану режімі. 2.Тамақтану мөлшері.

а)Әр түрлі еңбекпен шұғылданатын адамдардың энергия жұмсауы. ә)Тамақтың мөлшерін анықтау..

3.Тәбет.

4.Асқазан-ішек аурулары,ішекқұрт аурулары және олардың алдын алу.

а)Астан уланудың алдын алу.

б)Алкоголь мен никотиннің ас қорытуға әсері.



Тамақтану режімір/с

Тамақтану мезгілі

%

1

Таңертеңгі

25%

2

Түскі

50%

3

Түстен кейінгі ас пен кешкі ас

25%



Қоректік заттардың тәуліктік қажеттілігі.



р/с

Қоректік заттар

Тәуліктік қажеттілік

1

Нәруыздар

100

2

Көмірсулар

400-500

3

Майлар

80-90





Әр түрлі еңбек пен шұғылданатын адамдардың бір тәулікте жұмсайтын энергиясы.



Оқушылар мен түрлі мамандар

Бір тәулік энергия жұмсау кДж

Мектеп оқушылары 14-15 жас

10100-10500

Студенттер

11800-12600

Тракторшылар

12200-12600

Токарьлер

13900

Тас қалаушылар

16800

Механизаторлар

19700

Орақшылар

30000





Адамның бір тәуліктегі қажет ететін тағамының шамамен алғандағы мөлшері.



Кенеулі заттар (г)

Дене еңбегіне байланыссыз маман тобы

Механикаланбаған ауыр дене жұмысы

Ақуыз

109

163

Май

106

153

Көмірсулар

433

631





Балалар мен жасөспірімдерге қажетті ақуыздың,майдың,көмірсудың физиологиялық мөлшері. (күніне грамм есебімен)



Жасы

Ақуыз

Май

Көмірсу

7-10

80

80

324

11-13

96

96

382

14-17

Ұл балаларда

Қыз балаларда



106

93



106

93



422

376



Тағамның энергиялық бағалылығы (100 грамм есебімен алғанда)р/с

Өнім

ккал

1

Қант

410

2

Сары май

780

3

Сиыр сүті

67

4

Айран

64

5

Қой еті

132

6

Картоп

90

7

Ерітілген сары май

920

8

Шұжық

315

9

Шошқа майы

854



V.Сабақты бекіту.

«Кім тапқыр»

1.Неліктен піскен тамақтан басқа,міндетті түрде шикі көкөністер мен жеміс-жидектер жеу керек.

2.Тәбет деген не?

3.Неге бірден көп мөлшерде тамақ ішуге болмайды?

4.Едәуір қолайлы тамақтану режімі қандай?

5.Неге белгілі бір уақытта тамақ ішу керек?

6.Тамақтан улану себебі неде?

7.Қандай асқазан-ішек аурулары жиі кездеседі және олардың алдын алу шаралары қандай?

8.Ішекқұртты жұқтыру көзі неде?

9.Неліктен тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуу керек?

10.Неге тырнақты тістеуге болмайды?



Сызықтық диктант

1.Белгілі бір тағамды қажетсіну сезімін тәбет деп атайды

2.Асығыс,шала шайнап,дәмін сезбей тамақ ішу-денсаулыққа пайдалы

3.Тәбетті жоғалту-көптеген аурулардың әдеттегі белгісі.

4.Қауіпті асқазан-ішек ауруларына дизентерия,іш сүзегі,тырысқақ жатпайды.

5.Әр түрлі тамақ,дәмдеуіштер,салаттар тәбетті жақсы ашады.

Дұрыс жауапқа «^», қатесіне «-» қойылады.

Жауаптары:

1.^

2.-

3.^

4.-

5.^



Сергіту сәті

Жұмыр құрттар емес бізге бағалы

Бұл жәндіктер дара жынысты болады

Аталығы аналығынан қысқалау

200 мың жұмыртқаны салады

Жұмыртқасы ішегіңе түссе егер

«Бөсір» деген ауру пайда болады

Кір қолмен тамақ жейміз неге біз

Жуылмаған көкөністі жемеңіз,

Қанмен бірге өкпені де зақымдар

Қалай пайда болған ауру демеңіз

Бұл қандай құрт жауабын шеш



Жауабы: (Ішексорғы).



VI.Сабақты қорытындылау.

Тамақтану режимі 8 класс







Тамақтану режимі 8 классТамақтану режимі 8 класс



Тамақтану режимі 8 классТамақтану режимі 8 класс



Тамақтану режимі 8 класс







VII.Оқушыларды бағалау.



VIII.Үйге тапсырма беру.

§49.Тамақтану режімі және гигиенасы.Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.Күн тәртібін жазып келу.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал