7


  • Учителю
  • Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”

Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Казнаковка орта мектебі» КММ

Химия және биология пәні мұғалімі Булембаева Жанар Толеухановна

Конференция сабақ

"Дені сау ұрпақ жарқын болашақ"

Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық жеке адамның ғана емес сонымен қатар барлық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады.

Ұлт Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.

2014 жылғы 11 қараша





Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ-ның қазіргі таңдағы азаматтың басты мәселесі екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты аңғарту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана- сезімдерін дамыта түсу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырып негізінде шылым шегу, нашақорлық, ішімдік ішу - адамзат өмірінде жаман әдет екендігіне көз жеткізе отырып, жаңадан жасалған статистикалық мәліметтермен таныстырылады.

Көрнекілігі: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық кітапшалар, нақыл сөздер.

Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”





Кіріспе.

Модератор: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға келген қауым! Бүгінгі ұйымдастырылған отырысқа негіз болған Елбасының 2011-2015 жылдар аралығында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы. Бұл бағдарлама аясында Елбасы 2014 жылы 11 қарашада №19 кезекті Жолдауында былай деген: «Ұлт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі. Денсаулық жеке адамның ғана емес сонымен қатар барлық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі болып табылады». Бұл мәселе бүгінгі күннің басты назарында, жасөспірімдер ортасында жат қылықтарға орын бермей. Оның алдын алу жолдарын қарастыру мақсатында осындай отырыстар өткізе отырып, насихаттау жұмыстары жүргізілу керек деп ойлаймын.





Модератор: бағдарламамен таныстырады,









Ж: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі конференцияға қатысатын қонақтармен таныстырып өтейік.

Модератор: Конференцияға қатысушы маман иелері :

  1. №2 Аудандық аурухана педиаторы: Смагулова С

  2. №2 Аудандық аурухана медбикесі: Кушербаева К.З.

  3. Тарихшы маман: Тарих ғылымының кандидаты, доктор Олжас (9 с)

  4. Биолог маман: биология ғылымының профессоры Алия (10 с)

  5. мектеп мейірбикесі: Тілепберген Жанерке

  6. Психолог маман: Дауылбаева Гульмира Жетписовна

  7. ШҚО денсаулық сақтау департаменті өкілі: Төлеу (8с)

  8. жүргізуші-көмекші: Еркетан (8 с)





Ж: осы отырыста сіздерді ойландырып, толғандырып жүрген мәселелерге толық жауап ала аласыздар. Сонымен қатар, ортамызда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де келіп отыр, олай болса солармен де таныстырып өтелік: «Хабар» телеарнасының жергілікті корреспонденті Ақмарал (8с), аудандық «Жұлдыз» газетінің өкілі, журналист Аманжол (10 с), ФМ радиосының жергілікті өкілі- Ардагүл (11с).

Модератор: Құрметті аудитория бүгін №2 Аудандық аурухана педиаторы Смагулова С және медбике қызметін атқарып жүрген Кушербаева К.З. ортамызға келіп отыр, қанекей, осы кісілерге сөз береміз. .

Модератор:Алдымен «Ғасыр дерті» деген не?

Сол сұраққа толығымен тоқталып өтейік. Сіздерден маман иелері қандай жауаптар болады екен?

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз- қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен тарап ушығып тұрған темекі, арақ, есірткі, ЖҚТБ мәселелері. Ендеше алдыңғы кезектің зиянына тоқталайық.





І бөлім "Темекі" бейнеролик.

Ж: Ия осы көріністен түсінгеніміз бірінші ортадағы қарастыратын мәселеміз «Ғасыр дерті» ол темекі .





Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”





  1. Бұл отырған - шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды «тоқтат» деген тіліңді.

Қой десеңде қоймайды, көк түтінге тоймайды

Сора - сора уыты өн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды.

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.

Ж : темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамдарға шылым шегу жараспаған. Бұл кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма?

Сол туралы болмақ..

Тарихшы маман: (Олжас)- темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегугеқатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда дер көрінеді» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлаған. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен. Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростарына достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккізген».

  1. Биолог маман: биология ғылымының профессоры Алия

Темекі алқа тұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Авсралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грмында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, өліп қалады. Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі. Дүнижүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстан жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

Ж: адам үнемі білуге құмарланып тұрады ғой. Менің сұрағым дәрігер маманға: Адам алғаш темекі тартқанда қандай күйде болады? Бұл әдетті бірден тастап кете ме, жоқ әлде әдетке айнала ма?

Мектеп мейірбикесі (Жанерке) - Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі айнидықұсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілекейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады, тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97% өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдары мен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды. Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80 ы - темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруларына шалдыққандардың өлімі-20. Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім - 30, өкпе рагы 90 темекі зардабынан болады. Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми жасушаларына жетеді де уақытша белсенділігі артады. Басында әуес көріп тартқан адам өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады да, бір жыл ішінде нағыз шылымқор болады. Тез арада темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушың күй кешеді.

Психолог: Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 % өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, күйзеліс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді. Темекіні сорғанда оның Ұшында температура 60-90 градусқа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиянды қосылыс түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 % никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунт ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеліп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг деін никотин қабылдайды. Темекі түтінінде басұа да улы заттар бар: 20 жыл ішінде өспеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ғана сүзгіде қалады.

Модератор: ШҚО бойынша осы шылым шегу мен ішімдікке қарсы қандай іс-шаралар өтуде? әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Қазір қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы ШҚО денсаулық департаменті өкілі Төлеу не айтасыз?

ШҚО денсаулық департаменті өкілі Төлеу- осы жылдың ақпан айында жаңалықтардан естіп, көрген шығарсыздар біз «темекі шегу насыбай шегудің алдын алу жолдары » акциясын жариялап, соның аясында қалалық мектептердің бірінде отырыс өткізіліп, соған қатысып едік. Онда дәл осылай ғасыр дертіне айналған әдеттерді талқылаған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 31 мамырды Дүниежүзілік темекісіз күн деп жариялады. Әлемдік қауымдастық алдына - ХХІ ғасырда темекі тарту мәселесін жоюға қол жеткізу міндеті қойылды. Статистикаға сүйенсек, шылым шегетін адамдардың тең жартысы осы жағымсыз әдеттен көз жұмады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, 2030 жылға қарай темекі жыл сайын 8 миллион адамның өліміне себепші болады. Онымен қоса, қайғылы бес оқиғаның төртеуі төмен және орташа табысты елдерге тиесілі болмақ.

Темекі қатерлі ісік, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті және тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары сынды инфекциялық емес сырқаттардың пайда болуының негізгі факторы болып табылады. Өлім жағдайларының 63 пайызы инфекциялық емес сырқаттардан болады. Онымен қоса, жыл сайын шылым шекпейтін, бірақ оның түтінімен демалуға мәжбүр 600 мың адам көз жұмады. Балалардың барлық санының тең жартысы темекі түтінімен ластанған ауамен тұрақты түрде тыныс алады және 40 пайыз баланың ата-анасының біреуі бұл әдетке әуес. 2004 жылы балалар өлімінің үштен бір бөлігі дерлік темекі түтінімен тыныс алу салдарынан болды. Темекіден бас тарту мен арақты тию адамзатты сауықтырудың басты жолдарының бірі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Х.Малер «Шылымқорлық-алдын алуға болатын, әлемдегі барлық аурулардың басты себепкері болып отыр» дейді. Бұл жерде «алдын алуға болатын» деген сөздерге басты назар аударуымыз қажет. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан бастап, халықтың денсаулығына жауапты деген ұйымдар «темекінің адам өміріне зиян екендігін» айтып, дабыл қаққаннан жалыққан емес. Жылына темекі тартушылықтың салдарынан болатын түрлі аурулардан жер шарында 5 миллион адам қайтыс болады екен. Оның 600мыңы балалар мен жасөспірімдер. Шынына келсек, темекі жаппай жою қаруына айналып келеді. Оның келтірген нұқсаны ядролық, химиялық және биологиялық қаруларды бірге алғандағы келген зардаптан асып түседі. Кейінгі жылдары темекі тартушылардың қатары қыз-келіншектермен толыға түсіпті. Бүгінде Қазақстандағы қыз- келіншектердің 9,8 % нағыз темекі тартқыштар саналса, 12 жастан асқан балаларымыздың 7,5 % темекіге әуестік дертіне ұшыраған. Қыз-келіңшектердің арасындағы темекі тартушылық 18-25 жас аралығындағылар арасында өршіп тұрған жайы бар.

Жылына қазіргі кезде Қазақстан бойынша 25 мың адам осы темекі шегуден қайтыс болады екен. Осы дертке тосқауыл жасау үшін сөрелердегі темекі қораптарына денсаулығына зақым келетін аурудың бегілерінің суреттері, сол туралы ақпарат жазылған. Сондай-ақ, темекі шегудің алдын алу жоспары жылда департаменттің мәселесінің басты назарында тұрады. Бұл: осы Самар регины бойынша Спорт мектебінің ашылуы, кәсіптік бағдар беретін сыныптардың ашылуы, оқытуы; мектептерде Салауатты өмір салтын сақтау бағдарламасы бойынша жұмыс үнемі жүргізілуіде. Ол: волейбол, күрес, баскетбол, шахмат, дойбы, домбыра, би үйірмесі белсенді жұмыс атқаруда.

Дәрігер маман: әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян келтіреді. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді. Темекінің әйел ағзасына әсері.

Ж : Сонда, Гульмира апай, сіз психолог ретінде темекіні қою жөнінде қандай кеңес бере аласыз? темекіні қоюдың әр түрлі тәсілдері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен айырылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты.

1Ж: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.

Уланған темекіден қайран қыздар.

Тартқанда қыз-келіншек денең мұздар

Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға

Көргенде осындайды жүрек мұздар

Азаматтар!азаматтар

Келе ме емін білгіңіз

Ашсам ба сырын әлде шын

Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін

Темекіні тастаңдар!!!!!

Биология пәнінен сыныптан тыс сабақ “Дені сау ұрпақ жарқын болашақ”





ІІ бөлім «Арақ» бейнеролик.

Ж: 29-қазан -алькогольден бас тартудың дүниежүзілік күні. Ішімдік адам баласына еш абырой әкелмейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі-мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып құмарту. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, психикалық ауытқушылық құбылысы дами бастайды. Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян: отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар. Балаларды оқытып-тәрбиелеуге, бірқалыпты жағдайлардың болмауына арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдіктің 20 пайызы-арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 пайызы мас болған жағдайда жасалады. Осы кезекті ШҚОденсаулық сақтау департаменті өкілі Төлеу Сіз не айтасыз? Қандай деректер сізде бар?

Төлеу - облыста ішімдікті өндіру туралы. 2014 жылғы қаңтар-тамызда облыстағы бағамен 520,1 млн. Теңге сомасына ішімдік өндірілді. 2013 жылғы қаңтар-тамыздағы ішімдік өндірудің нақты көлем индексі 97,9 %-ды құрайды. Республикалық ішімдік өндіру көлемінде облыстық үлесі 0,3%-ға бағаланады. Облыс көлемінде өнімді өндіруде бұл саланың үлесі 0,1%-ды құрады. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда арақ 4,8 есеге (128,5 мың литр), минералды сулар және өзге де алкогольсіз сусындар 11,4 %-ға артты, сонымен қатар сыра өндірудің көлемі 32,2 %-ға төмендеді. Облыстағы тауар өндірушілерге ішімдік өндіру бойынша едуәір өндірістік қуаттылық бар. Дегенмен, нарықтағы жоғарғы бәсекелестік нәтижесінде, өндірістік өнімді өндіру көлемі үнемі төмендеуде, сәйкесінше, өндірістік қуаттылықты пайдалану көрсеткіштері төмендеуде. 2013 жылғы қуаттылық теңгерімінің деректерінде өндірістік әлеуметтіліктің жүктелуі, сыра өндіру бойынша 2,2%-ды құрады, өзге де алкогольсіз сусындар-11,8%. Ағымдағы жылы ішімдік өндіретін кәсіпорындарда жұмыспен 439 адам қамтамасыз етілді немесе барлық өнеркәсіп өндірісте жұмыс жасайтындардың 0,6%. Салада жұмыс жасайтындардың орташа айлық жалақысы 79022 теңгені құрады.

IWSR (халықаралық шарап пен спирттік ішімдіктер нарығын зерттеу ұйымы - ред.) зерттеуінде әлем елдерінде ең көп ішілетін ішімдіктер - арақ, ром, джин және текила екені анықталған. Оның ішінде арақ бірінші орынға шыққан.



The Economist журналы сілтеме жасаған IWSR-дың мәліметі бойынша, дүние жүзінде 2012 жылы 4 миллиард 440 мың литр арақ ішілген. Оның жартысын осы ішімдікті ойлап тапқан ел - Ресей тұрғындары тұтынған.

«Хабар» телеарнасының жергілікті корреспонденті: ішімдік туралы жалпы статистика мамандары не дейді?

Биология ғылымының профессоры: Алия - бұл сұраққа мен әлем деңгейінде алғашқы бестіктің мәліметін келтіре аламын. 2012 жылы жан басына шаққанда Ресейде әр адамға 13,9 литр арақтан келген. Ресей арақ тұтыну жағынан тізімнің басында тұр. Екінші ел - Беларусь. Онда бір адам жылына 11,3 литр арақ ішетін болып шықты. Үшінші және төртінші орындарда - Украина (7,7 литр) мен Польша (7литр). Бесінші орында - Қазақстан. Қазақстанда жыл сайын жан басына шаққанда 5,9 литр арақ ішіледі. Жалпы, Қазақстанда орыс ұлты көптеп шоғырланған аймақтарда ішімдікті пайдалану жиі тіркеледі. Бұл деген ішімдікті көптеп алатын аймақ Қазақстанның Шығыс, Павлодар облыстары болмақ. Сондықтан да мынадай тағы бір мәлімет айта кетейін: 2014 жылы арақты ең көп ішкен 10 елдің жан басына шаққандағы көрсеткіштері: Әлемде арақтан басқа ішімдік анағұрлым аз қолданылады. Мысалы, ромды ең көп ішеді деген Кубада жан басына шаққанда бұл ішімдік әр адамға 4,9 литрден келеді. Джинді ең көп ішетін Филлиппинде бір адам жылына 1,4 литр тұтынады. Шотланд вискиін ішуден Франция бірінші тұрса (1,4 литр), АҚШ (0,36 литр) текила ішетіндер тізімінде бірінші орын алған.

ФМ радиосы- бізге редакцияға жас балаларда кейде хабарласып жатады, немесе біз өз ішімізде белгілі бір кезеңде оқушы балалрды тексеру рейгтеріне шығып жатамыз осы жерде балалар арасындағы маскүнемдік туралы не айтасыздар? Бұл сұраққа модератор жауап береді:

Модератор:

БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ МАСКҮНЕМДІК.

Әлемдегі ең әйгілі алкоголь өнімі арақ болса, оны көп ішетін - бұрынғы коммунистік елдердің тұрғындары. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылғы мәліметіне қарағанда, елде 200 мыңнан астам адам маскүнемдікке шалдыққан. Ресми мәлімет бойынша, маскүнемдердің жалпы саны азайып келе жатқанымен, араққа құмар жастардың саны азаймай отыр. Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, маскүнемдікке шалдыққан балалардың үлес салмағы артып келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жан басына шаққанда 8 литрден көп алкоголь өнімін тұтынатын елдердің ұлттық генофонды деградацияға ұшырайды деген ақпарат таратқан. Қазақстанның статистика агенттігінің мәліметі бойынша, арақтан бөлек, ел тұрғындары жан басына шаққанда жылына 31 литр сыра ішеді. Бұл да әлемдегі жоғары көрсеткіштердің бірі.

ІІІ Бөлім Нашақорлық бейнеролик.

Модератор: «Адам азса, заман тозады» дейді халқымыз. Темекі мен арақтың қасіретінен арыла алмай жүрген «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей жастарымыз енді есірткіге бой ұра бастайды. Наркомания - грек сөзі, оның аудармасы «ЕССІЗДІК». Ол туралы тозаққа апарар тура жол дейтін анықтама да бар. Жуықта бір газеттің бетінен бір баланың өкініп, құсалықпен жазған хатын оқыдым. Онда былай делінген: «Мен кішкентайымнан тұрмыстың зардабын көп тарттым. Ата-анам жұмыссыз қалып үйдегі төрт баланы асыруға шамасы келмеді кей-кезде үйде қара нанның да болмай қалатын кездері болды. Әкем ауруға шалдығып, шешем жасынан ертеқартайды. Мұндай жағдайларда сабақ оқымақ түгілі кейде үйден безіп кеткім келетін. Сөйтіп жүріп бір балалармен достастым. Күнде кешкілік ермегіміз наша шегіп, бар дауысымызбен айқайлап ән салып, көшедегі жүргіншілерге тиісу болатын. Осылай нашамен қалай достасқанымды байқамай қалыппын. Менің түрімді көріп әке-шешемнің тіпті ұнжірғасы түсіп кетті. Бір күні ақша болмай қалып, бір досым аурудың азабынан шыдай алмай көз алдымызда көз жұмды. Наша табу үшін ұрлық жасауға көштік. Сөйтіп жүргенде қолға түстім. Менің көрген азабымды ешкімнің басына бермесін. Енді аман-есен шықсам, осы бір дерттен құтылып, басқа адамдардай жайлы өмір сүріп, жұмыс істеп бауырларымды асырағым келеді.

Модератор: отырған оқушыларға: - кейіпкерімізді нашақорлыққа итермелеген не?......

Ж: енді осы тақырып жөнінде мамандармен ой бөліссек

Қалай ойлайсыздар ЖҚТБ ауруына ем барма, оны емдеу керек пе, әлде жазалау керек пе?

ШҚО денсаулық департаментінің өкілі: мен ЖҚТБ-мен ауыратындарды емдеуге қарсымын, өйткені ол-жазылмайтын дерт. Оны емдеп қаржыны босқа шашқанша, басқа пайдалы нәрсеге жұмсау керек. 1 адам-7 адамға , ол 7 адамның әрбіруі тағы 7 адамға жұқтырады екен, яғни геометриялық прогрессия заңы бойынша көбейе береді екен, жазықсыз адамдар неге ауырыуы керек?

Психолог маман: ал өздеріңіз айтыңыздаршы, мектептерді компютерлендіру басталғанда бізге «Тез осылай компютер келе қояды» деп ойладыңыздар ма? Егеменді ел болғалы елімізде қаншама өзгерістер болып жатыр. Демек ЖҚТБ ауруының да емі табылады. Сондықтан ем табылғанша адамдарға көмек көрсету керек. Дегенмен, бос уақытымызды пайдалы істерге арнаңыз: спротпен шұғылданыңыз, мәдени шараларға қатысыңыз. Сонда сергек жүресіз және осыны өзіңізден талап етуіңіз қажет.

«Жұлдыз» газетінің корреспонденті : құрметті Гульмира апай, ғасыр дертіне айналған нашақорлықты қоғамда Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу үшін қандай іс-шаралар жасалу керек?

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу

- бұл негізінде есірткіден психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан туатын ауру.

Есірткі - бұл ми жасушаларының жұмысын өзгерте алатын химиялқ зат, сол қасиетінің арқасында адам ағзасында жалған ләззат сезімі мен көтеріңкі көңіл-күй тудырады. Өкінішке орай, бүгінгі таңда жастар арасында нашақорлықтың тез өсуі байқалады. Жастардың арасындағы нашақорлықтың пайда болуының негізгі себебі нашаға деген «мода» және жастардың жаңа сезімді бастан кешуге деген талпынысы.

Жасөспірімдердің есірткіге үйірлігінің негізгі себебі олардың өздерін ешкімнен тәуелсіз сезінгілері келуінде. Көптеген жасөспірімдер есірткіні достарынан ерекшеленбеу үшін немесе олардың алдында өз беделін көтеру үшін шеге бастайды. Жастар арасындағы нашақорлықтың өршуінің тағы бір себебіне жастардың өмірлік қиыншылықтарды жеңе алмауын жатқызуға болады. Наша уақытша психикалық қысымды төмендетеді, бірақ жастар оның адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы ойламайды. Олар нашақорлықтан кез келген уақытта еш қиындықсыз бас тарта алатындарына сенеді. Бірақ нашадан психикалық және физикалық тәуелділік пайда болғаннан кейін бұл шешім кейінге шегеріне береді.

Психикалық тәуелділік тез арада пайда болады, кей жағдайда ол есірткіні тіпті бір ғана рет пайдаланғаннан кейін де пайда болады. Адамның миы есірткіні қабылдағанда пайда болатын ләззат сезімін есінде сақтап қалады да, бұл сезімнің қайталануын талап етеді. Сол себептен есірткіге үйренген адам бастапқыда пайда болған сезімді күшейту үшін оның мөлшерін күн өткен сайын көбейтуге мәжбүр болады. Кей жағдайда есітркінің мөлшерін шамадан тыс асыру мезгілсіз өлімге әкеліп соқтырады. Қабылданған есірткінің әсері басылғаннан кейін адам ағзасында психикалық және физикалық жайсыздық пайда болады. Нашақор адамдар бұл жағдайды «дененің сынуы» деп атайды. Дененің сынуы - ол адамның тоңуы, буындар мен сүйектердің, бұлшықеттердің сынып ауруы, дене бұлшықеттерінің дірілі, тартылуы, әлсіздік, тершеңдік, жүректің айнуы, адамның құсуы және ішінің өтуі, іштегі қатты ауыру сезімі, мұрынның бітелуі. Соным қатар нашақор адамда өлімнен қорқу сезімі, тынышсыздық, ұйқысыздық, галлюцинация пайда болады. Нашақор «дененің сынуын» басынан кешпес үшін есірткіні қабылдауды жалғастыруға мәжбүр.

Пайда бола бастаған нашақорлықтың белгілерінің тізімін білу ата-аналар үшін өте маңызды болып табылады. Жасөспірімдердің бойынан сіздер байқаған нашақорлықтың белгілері есірткіге тәуелділіктің алдын алуға және керекті шараларды уақытылы қабылдауға көмектеседі.



Есіркіні қолданудың негізгі белгілері:

  1. -Есірткіні қолданғанда - көз қарашығы кішірейеді және жарықтың әсеріне еш жауап бермейді. Тері сұрланады. Конопляны қолданғанда - көз қарашығы үлкейеді, адамның тәбеті ашылады, және тынышсыздық пайда болады.

  2. -Өзін мас адам сияқты ұстау - өз істеріне жауап бермеу, ұйқышылдық немесе керісінше еш себепсіз тынышсыздықтың пайда болуы.

  3. -Еш себепсіз тез арада көңіл-күйінің өзгеруі.

  4. -Қылықтарының өзгеруі - жұмбақшылық пайда болады, өмірге деген қызығушылық төмендейді, жаңа достар пайда болады. Тез шаршайды, сабақ үлгерімі төмендейді. Қалай болса солай киіне бастайды.

  5. -Денсаулығының нашарлауы. Жөтелдің пайда болуы, мұрынның бітелуі.

  6. -Көк тамырдың бойында пайда болған иненің іздері, ісіктер мен көгерулер. Нашақорлар инені қолдарына ғана емес денелерінің басқа мүшелеріне де сала береді.

  7. -Әрқашан ақша сұрай береді. Үйдегі қымбат заттардың жоғалуы.

  8. -Үйде әр түрлі дәрілердің қораптарының, инелердің, кішкетай қасықшалар мен шыны құтылардың, фольганың, қағаздың және полиэтиленнің тілімдерінің пайда болуы.

Нашақор адамның орта жасы - 30 жас. Нашақорлардың үштен бірі өмірмен өз ерікерімен қоштасып жатады. Нашақорлар ары қарай есірткіні шеге алмағандықтан өмірден кетіп жатады, тірідей өліп жатады. Табиғат олардан нашақорлық жолды таңдағаны үшін кек қайтарып жатқандай.

Нашақорлық - бұл әрқашан трагедия. Оның өршуі өте тез, ал аяғы белгілі - қылмыс пен өлім. Есірткіге «ИЯ» немесе «ЖОҚ» деп жауап берер алдында осыны есіңде сақта. Нашақорлық</</u>

Ж: ойларыңызды қорыта келе айтатын болсақ, адамдардың ерік-жігері мықты болуы қажет. Бұл ауруды құпия сақтауы қажеті жоқ. Құпия нәрсе көбейген сайын қылмыста көбейе түседі. «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» дегендей құлағанды демеп, жылағанды жұбату-адамдық парызымыз! Ол адамға күш береді. Абайдың сөзімен айтсақ: «Адам әр он күн сайын өзіне есеп беруі керек» ең бастысы адаспайық!!!

Модератор: бүгінгі конференцияда мектеп оқушыларының жасөспірім қоғамында өмірдің өзекті мәселесі мен ғасыр дертіне айналған темекі шегудің салдары, ішімдік, нашақорлықтың жалпы жағдайы талқыланды. Конференцияға белсенді қатысып, қоғамдық өмірдің өзекті тақырыбын талқылап, жасөспірімдерге салауатты өмір салтын дәріптеу, насихаттау жұмыстары елеулі рөл атқарды. Оқушылардың өз бетімен іздену жұмыстары және мектеп әкімшілігі тарапынан алтын уақыттарын бөліп, дәріс оқып, аудитория тыңдаушыларын жаман әдеттен алыс болу жайлы тәрбиелік маңызы зор әңгімелеріңізге рахмет. Болашағымыз жарқын болу үшін еліміздің іргесін берік ұстайтын жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуі керек.

Қорытынды. Бейнеролик «Бақытты болу үшін»

Алда жұмыстарыңызға сәттілік тілей отырып, бүгінгі конференциядан естелік ретінде мына естеліктерді алуыңыздарды сұраймын: күнтізбе, қалам, дәптер.









































14







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал