7


  • Учителю
  • 11-сыныпқа биология пәніне арналған мектеп құраушысы

11-сыныпқа биология пәніне арналған мектеп құраушысы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

11 сыныпта биология пәнінен

Мектеп компонентіне арналған күнтізбелік жоспары





Тақырыбы: Адам экологиясы

Түсінік хат

Бүгінгі таңда білім беру саласын жеке тұлғаны дамытуға бағыттау,оқыту мазмұнының құрылымына жаңаша қарауды талап етеді.Күтілетін нәтижеге бағытталған жаңа білім беру жүйесі білім мазмұнын меңгеру үрдісінде оқушылардың құзыреттіліктері мен өмірлік дағдыларының қалыптасуын,оларды әлеуметтендіруді қамтамассыз етеді.

Соңғы жылдары Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштер төмендеді,бала туу мен халықтың табиғи өсімі азайды,өлім мен аурушаңдық артты.Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының анықтауы бойынша денсаулықты нығайту-бұл тәндік,зерделік және әлеуметтік жағдайды жақсарту арқылы жаңғырту процестерін жүзеге асыру.Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын және экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда қолданбалы курс маңызды роль атқарады.

Қолданбалы курс 34 сағатқа негізделген.

Курс мақсаты:

Салауатты өмір салтын ынталандыру,ана мен баланы қорғау,нашақорлық пен темекі және ішімдік тұтынудың алдын алу,тағамның сапасын жақсарту,экологиялық мәдениеті мен құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Соңғы он жылдықтықтарда техногенді сипаттағы зиянды заттармен биосфераның ластануы байқалады.Тірі организмдер мен адам денсаулығына ең қауіптілеріне ксенобиотиктер-радионуклеотидтер,ауыр металдар қосылыстары,органикалық қосылыстар - ДДТ,инсектоцидтер,гербицидтер,пестицидтер,дәрілік және косметикалық заттар,күкірт пен көміртегінің диоксидтері,нитраттар,нитриттер,тағамдық зиянды қоспалар және т.б.

Білім алушылардың экологиялық құзыреттілігін нәтижелі қалыптастыру, оқу-танымдық үрдісін құзыреттілік тұрғыдан ұйымдастыру курстың басты мақсаты болып табылады.

Курстың маңыздылығы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің барлық Жолдауларында мемлекеттің мықты болуы білім мен ғылымды дамытуға байланысты екенін айтып келеді. Осы жолы да: «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр,» деген еді [1].Курсты меңгерту барысында оқушылардың теориялық білімдерін практикада сынауға мүмкіншілік беріліп, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіш қасиеттері қалыптасады,оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытады,оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашады.









Курс міндеттері:

  1. Оқушылардың экологиялық құзыреттілігін қалыптастыруда таным белсенділіктерін арттыру;

  2. Экологиялық білім саласындағы теория мен практиканы ұштастыру;

  3. Оқушылардың бірнеше бағыттағы -интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық, экономикалық,экологиялық т.б білімінің,біліктілігінің,көзқарастарының интеграцияланған жүйесі ретінде қарастырылатын жеке тұлғалық көзқарастары мен құндылықтар арасында өзара байланыс;

  4. Концептуалды ойлау қабілеттерін дамыту;

Оқу үдерісін ұйымдастыру

Курсқа қызығушылықтарын арттыру;диалогтік әдіс-зертеушілік әңгіме т.б

Топтық жұмыстар, ұжымдық әрекеттер арқылы ,яғни үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады.

Бағалауда қалыптастырушы бағалауды қолдану

Күтілетін нәтижелер:

  1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.

  2. Танымдық қабілеттері дамиды.

  3. Экологиялық мәдениеттері мен құзыреттіліктері қалыптасады.

  4. Қоршаған ортаға сауатты қарым-қатынас жасау дағдыларын үйренеді

Бағдарлама мазмұны

І. Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері. 8 сағат

Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері.Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің әсері.Электромагниттік сәулелер.Ядролық қаруды қолданудың әсері.Ағзаның жылу реттелуіне ауаның физикалық қасиеттерінің кешенді ықпалы.

Ағзаның метеотропты реакциясы.Адам ағзасына қысымның әсері.Дыбыстың адам ағзасына әсері.

ІІ. Қоршаған ортаның химиялық факторларының адам денсаулығына әсері. 12 сағат.

Ауа ластануының адам денсаулығына әсері.Көлікпен ластану.Су көздерінің химиялық ластануы.Топырақтың ластануының адамға әсері.Канцерогенді заттар.Микотоксиндер.Тыңайтқыштардан қоректену өнімдеріне түсетін компоненттер. Азық-түліктегі пестицид қалдықтары.Азық өнімдерінің ыдыстан,ораған материалдардан,инвентардан, жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы.Берік органикалық қосылыстар. Диоксиндер. Алкогольдің ағзаға әсері. Онкологиялық аурулардың алдын алу.

ІІІ. Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары. 8 сағат

Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы.Тағам сапасы мен денсаулық.Тиімді тамақтанудың 12 ұстанымы.Емдік тағамдар.Емдік ашығу.Ағзадағы су теңгерімі.Судың сапасының ағзаға әсері.Адамның денсаулығын сақтауда кальций мен микроэлементтердің маңызы.Тағамдық қоспалардың зиянды әсері

IV. Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері. 5 сағат

Фитотерапия.Аромотерапия.Апитерапия.Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері.Рефлексотерапия.

V. Қорытынды. 1 сағат













І. Қоршаған ортаның физикалық факторларының адам денсаулығына әсері.

8



1

Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері.

1



2

Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің әсері.

1



3

Электромагниттік сәулелер

1



4

Ядролық қаруды қолданудың әсері.

1



5

Ағзаның жылу реттелуіне ауаның физикалық қасиеттерінің кешенді ықпалы.

1



6

Ағзаның метеотропты реакциясы

1



7

Адам ағзасына қысымның әсері.

1



8

Дыбыстың адам ағзасына әсері.

1





ІІ. Қоршаған ортаның химиялық факторларының адам денсаулығына әсері.

12



9

Ауа ластануының адам денсаулығына әсері

1



10

Көлікпен ластану

1



11

Су көздерінің химиялық ластануы.

1



12

Топырақтың ластануының адамға әсері

1



13

Канцерогенді заттар.

1



14

Микотоксиндер.

1



15

Тыңайтқыштардан қоректену өнімдеріне түсетін компоненттер.

1



16

Азық-түліктегі пестицид қалдықтары

1



17

Азық өнімдерінің ыдыстан,ораған материалдардан,инвентардан,жабдықтаудан ауысатын қоспалармен ластануы

1



18

Диоксиндер.

1



19

Алкогольдің ағзаға әсері

1



20

Онкологиялық аурулардың алдын алу.

1





ІІІ.Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары.

8



21

Денсаулықты жақсартуда дұрыс тамақтанудың маңызы.

1



22

Тағам сапасы мен денсаулық.

1



23

Тиімді тамақтанудың 12 ұстанымы

1



24

Емдік тағамдар

1



25

Емдік ашығу.

1



26

Ағзадағы су теңгерімі.Судың сапасының ағзаға әсері.

1



27

Адамның денсаулығын сақтауда кальций мен микроэлементтердің маңызы

1



28

Тағамдық қоспалардың зиянды әсері

1





IV.Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері.

5



29

Фитотерапия

1



30

Аромотерапия

1



31

Апитерапия.

1



32

Ағзаны сауықтырудың және рухани байытудың шығыстық әдістері.

1



33

Рефлексотерапия.

1



34

V.Қорытынды.

1























Қолданылған әдебиеттер

  1. «Мәңгілік ел» идеясы білімнің арқасында жүзеге асады» Н.Жәрімбетова. «Егемен Қазақстан» газеті», 8 ақпан 2014жыл;

  2. Абшенова Л.У.,Аимбетова Г.Е.,Хобина Н.В. Здоровье и жизненные навыки:Методическое пособие для учителей.Алматы,2007

  3. Әбшенова Л.Ү,Заирова Б. Адам экологиясы, денсаулығы және өмірлік дағдылары:мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал

  4. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Оқу құралы.Алматы-2013





































































































11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі :

Сабақ тақырыбы: Адам ағзасына физикалық факторлардың әсері.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп оңай әрі ластану барлық жер бетіне тез арада - ақ таралады.

Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану.Ластайтын заттар өндірістен автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады.Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады.Қазақстанда ірі ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар, мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады.

Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, т.б . жағдайларға байланысты. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3, 0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы 1 млрд тоннадай шығып тұрады. Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын.

Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экземе) ; Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе); Көмірдің тотығы (СО) исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері - 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот тотығы қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ.

Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК - 5 мг/м3 Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі. Көліктің түрлері: автокөліктің қоршаған ортаға әсерлерін жағымды және жағымсыз деп екіге бөліп көрсетуге болады. Әрбір жағымды әсердің түріне бір жағымсыз әсерді сәйкес келтіруге болады. Мәліметтер кестеде көрсетілген.

Автокөліктің қоршаған ортаға әсері

Жағымды әсерлер Жағымсыз әсерлер

Сауданың, саяси, мәдени байланыстардың дамуы

Атмосферадағы газ және энергетикалық тепе теңдіктің бұзылуы.

Ғылыми техникалық прогресті ынталандыру, жұмыс орындарын беру

Атмосфераның пайдалы қазбалардың, тұщы су қорларының сарқылуы

Өндірістік процестерге көліктің енгізілуі, тауарлар өндірісінде жаңа айналыстардың қысқаруы (тауарлардың жылдам жеткізілуі) Жол көлік оқиғаларында адамдардың өмірінің қиылуы

Жеке тұлғаның еркіндігі мен тәуелсіздігін сезінуі





Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:

















11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі :

Сабақ тақырыбы: Инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің әсері..

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әртоп парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Күн сәулесінің радиациясы-күннен шығатын интегралды (бүтін) бірыңғай сәуле ағыны. Физикалық тұрғыдан алғанда күн радиациясы - толқын ұзындығы әр түрлі электромагниттік сәулелер. Олардың жер бетіне жеткенге дейін, атмосфераның әр қабаттарында сіңіру, шашырау және шағылысу салдарынан спектрлік сипаттамасы өзгереді.

Атмосфераның шекарасында:

Ультракүлгін сәулелер-5%

Көзге көрінетін сәулелер-52%

Инфрақызыл сәулелер-43%

Ал жер бетінде:

Ультракүлгін сәулелер-1% толқын ұзындығы 290-400нм

Көзге көрінетін сәулелер-40%, толқын ұзындығы 400-760нм

Инфрақызыл сәулелер-59%, қысқа толқынның ұзындығы 760-1400нм ұзын толқынның ұзындығы 1500-2800нм

Күннің көтерілу биіктігі жоғарылаған сайын күн сәулесінің тіке түсуі көбірек, ал шашырап тарауы азырақ болады. Күн сәулесінің өзгеруіне атмосфералық ауаның тазалығы, ауа - райының жағдайы көп әсер етеді.

Күн сәулелерінің қуаты ағзаға фотобиологиялық әсер етеді. Біріншіден олар фотосинтез процесінің жүруіне ықпал етеді. Екіншіден, күн сәулесінің арқасында біз көру қабілетіне және сыртқы ортаны бағдарлауға мүмкіншілік аламыз. Үшіншіден, күн сәулесінің әсерінен ағзада ақуыздар мен ферменттер ыдырайды, ал кейде зиянды өзгерістер (мутация), қатерлі ісік пайда болуы да мүмкін.

Биологиялық қасиеті жағынан ағзаға күннің ультракүлгін түсті сәулесі аса пайдалы. Ол жер бетіне 290-400 нм толқын ағымымен келеді. Ауа райы бұлтты күні оның қуатының 80%, ал шаң-тозаң кезде 11-50% кемиді.

Ультракүлгін сәуле тері бетіне түсіп жасушалар мен ұлпаларда ақуыздың өзгеруіне және рефлекторлы жолмен терінің сыртқы және ішкі рецепторларына әсерін тигізеді. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың алмасуына пайдалы, ағзаны сауықтырады, шынықтырады.

Ультракүлгін түсті сәуленің жеке өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Мысалы, 400-320 нм ұзындықтағы толқындары теріге тисе қызартып-қарақошқылдандырады, 320-275нм толқыны теріде Д дәруменінің түзілуіне себепкер, соның нәтижесінде мешел ауруының алдын алуға болады. Бұл толқындағы ультракүлгін сәулелер бактериоцидтік қасиетке ие, яғни қоршаған орта (ауа, су, жер қыртысы) санациясы жүреді. Ең қысқа толқыны 275-180нм биологиялық ұлпаны жарақаттайды.

Атмосфераның жоғарғы қабатында ультракүлгін сәулелерді озон қабаты ұстап қалады. Атмосфераны ластаушылар да ультракүлгін сәулелерді 50% дейін жібермейді. Сондықтан тек қана қиыр солтүстіктің тұрғындары ғана емес, ауасы шаңданып ластанған өнеркәсіптік қалалардың тұрғындары да "Ультракүлгін сәуле тапшылығын" бастан кешіруі мүмкін. Бұл топқа сонымен бірге инсоляция, күн сәулелері түспейтін бөлмелерде жұмыс істейтін жұмысшылар да жатады (көмір, тау-кен өндірісіндегі жұмысшылар, метро салушылар). Олар үшін ультракүлгін түсті сәуле шығаратын жасанды лампылар, мысалы арнайы фотариялар ұйымдастырылады.

Осындай жасанды сәуледен өткен адамдардың көңіл күйінің жақсарғаны, суыққа және жұқпалы ауруларға төзімділігінің артқаны, жұмысқа қабілеттілігінің көтерілгені дәлелденген.

Ультракүлгін түсті сәуленің зияны бар ма? Бар, мысалы күнге немесе лампаға шамадан тыс қыздырынса тері күйеді, көзден жас ағып, жарыққа қарай алмайды (фотоофтальмия) т.с.с.





Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 19.09.2015ж

Сабақ тақырыбы: Электромагниттік сәулелер.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Ультракүлгін сәуле шығару - жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес, күлгін және радиосәулелер аралығында орналасқан, толқын ұзындығы 400-10 нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электрмагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400-320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді. "А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріпі "тотықтырады" (секпіл басып кетеді). "В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында тұтылып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалар ісігі, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады. Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында тұтылып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады.[1]

Тарихы

Инфрақызыл сәуленің анықталғанынан кейін, неміс физигі Иоганн Вильгельм Риттер спектрдің қарсысындағы, күлгін түстен толқын ұзындығы қысқа сәулені зерттеуді бастады. 1801 жылы көрінбейтін ол жарықта ыдырайтын күміс хлориді күлгін ауданның шекарасынан тыста орналасқан көрінбейтін сәуле әсерінен тезірек ыдырайтынын байқады. Күміс хлориді жарықта бірнеше минут ішінде күңгірттенеді, ал спектрдің әр бөлігі процесс жылдамдығына әртүрлі деңгейде әсер етеді. Күлгін түске дейінгі ауданда бұл процесс ең тез байқалады. Сол кезде көпртеген ғалымсдар жарық үш компоненттен құралады деген тұжырымға келді: тотықтандыратын(инфрақызыл), жарықтандыратын (көрінетін жарық) және тотықсыздандыратын (ультракүлгін).[2]

Адам ағзасына әсері

Спектрдің 3 әр түрлі бөлігінде сәулеленудің биологиялық эффекті әр түрлі болғандықтан, биологтар өз ісінде ең маңызды деп келесілерді атайды:

Жақын ультракүлгін, УКА сәулелер (UVA, 315-400мм)

УК-В сәулелер (UVB, 280-315мм)

Алыс ультракүлгін, УК-С (UVC, 100-280мм)

Электромагниттік толқындар шкаласы

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Электромагниттік толқындар шкаласы (v < 1021 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (v < 1021 Гц) аралықты қамтиды. [1]мен ұзындықтары әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсілі, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі. 3.31-суретте электромагниттік толқын шығару диапазондарының картасы берілген. Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, улътракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер жәпе 11-сыныпқа биология пәніне арналған мектеп құраушысы- гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған (II форзацтағы 1-кестені қараңдар).

Инфрақызыл толқындарды кейде жылулық сәуле деп те атайды. Адамның көзіне әсер етіп, көру сезімін туғызатын электромагниттік толқынның бөлігін көрінетін жарық дейді. Ол ұзындығы 380 нм (күлгін түс) мен 760 нм (қызыл түс) толқын аралықтарында болады және электромагниттік толқындардың диапазонында өте шамалы бөлікті құрайды.

Толқын ұзындығы 400 нм-ден 10 нм-ге дейін болатын улбтракүлгін сәулелерді шапшаң электрондардың әсерінен туындайтын солғын разряд арқылы алады. Ультракүлгін сәулелерді 1801 жылы И . Риттер мен У . Волластон алғаш рет шығарып алған. Ультракүлгін сәулелер де инфрақызыл сәулелер сияқты көрінбейді. Бірақ химиялык активтігі жоғары. Шыны ультракүлгін сәулелерді жақсы жұтады. Зерттеу жұмыстарында кварц немесе арнайы жасанды кристалдар қолданылады. Бұл сәулелерді атомдар немесе молекуладағы электрондар бір энергетикалық денгейден екінші деңгейге ауысқан кезде шығарады. Онымен толығырақ VI және VII тарауларда танысасыңдар.



Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 26.09.2015ж

Сабақ тақырыбы: Ядролық қаруды қолданудың әсері.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Ядролық қару - жаппай қырып-жою қаруы.

Атом бомбасы (Атомная бомба) - авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол - ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 - 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.

Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20 ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20 ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық жарылысты жүзеге асырудың физика қағидаларын дайындады.

Ядролық жарылыс

Бірінші жарылыс Аламогордодағы сынақ полигонында 1945 жылғы 16 шілдеде жасалды. 1945 ж. тамызда әр қайсысының қуаттыдығы 20 кт болатын 2 атом бомбасы Жапонияның Хиросима (8 тамыз) мен Нагасаки (9 тамыз) қаласына тасталып, үлкен адам шығынына ұшыратты (Хиросимада 140 мыңдай, Нагасакида 75 мыңға жуық адам). КСРО-да академик И.В. Курчатов басқарған ғалымдар тобы ядролық қару жасады. 1947 ж. Кеңес үкіметі КСРО үшін атом бомбасының құпиясы жоқ екендігін мәлімдеді. 1949 ж. тамызда КСРО-да Семей полигонында бірінші атом бомбасын сынау өткізілді. 1952 ж. 1 қарашада АҚШ-та қуаттылығы 3 мт термоядролық қондырғы жарылды. Авиациялық бомба түріндегі термоядролық қару АҚШ-та 1954 ж. жасалды. КСРО-да термоядролық бомба 1953 жылдың 12 тамызында бірінші рет сынақтан өткізілді. 50-жылдардың ортасында АҚШ пен КСРО-да ядролық қаруды әр түрлі қашықтықтарға жеткізуге арналған әр түрлі кластар мен типтердегі тасығыштар жасалды. 1960 ж. КСРО-да Қарулы Күштердің ерекше түрі - стратегиялық мақсаттағы ракеттік әскер құрылды. АҚШ пен КСРО-дан басқа Ядролық қару 1952 ж. 30 қазанда Ұлыбританияда, 1960 ж. 13 ақпанда Францияда, 1964 жылдың 16 қазанында Қытайда пайда болды. Кейіннен Ядролық қаруға Үндістан мен Пәкстан да ие болды. Қазіргі кезде кем дегенде 30 ел ғылыми-техникалық жағынан ядролық қару шығаруға дайын. АҚШ-та 1975 жылдың өзінде 30 мың бірліктен астам ядролық қару-жарақ түрі болды (әскери-әуе, әскери-теңіз күштері мен құрлықтағы әскерлердің иелігіндегі 80 мың стратегиялық және 22 мыңдай тактикалық түрі). Ядролық қаруды межеге жеткізу үшін әр түрлі алып ұшақтар жасалып, олар тұрақты әскери дайындыққа келтірілді.



Қорытынды

5 мин

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:









Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 03.10.2015ж

Сабақ тақырыбы: Ағзаның жылу реттелуіне ауаның физикалық қасиеттері.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп оңай әрі ластану барлық жер бетіне тез арада - ақ таралады.

Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану.Ластайтын заттар өндірістен автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады.Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады.Қазақстанда ірі ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар, мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады.

Оған ғарыш айлағынан ұшатын зымырандар автокөлік санының арта түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар белгілі болады. Ауаға шығатын заттардың химиялық құрамы пайдаланылған отынның түріне, өндірілетін өнімнің құрамына, өндірістегі технологиялық процестерге, т.б . жағдайларға байланысты. Қазіргі заманда табиғат компоненттерінің толық дерлік өзгеруіне ықпал жасап, негізгі экологиялық проблемаларды туғызып отырған мұнай мен газ өнеркәсіптік кешендері мен елді мекендер. Қоршаған ортаға бүкіл әлемде жыл сайын 3, 0 млрд тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы 1 млрд тоннадай шығып тұрады. Шикі мұнай өзінің табиғатқа әсері жағынан бензинге жақын.



Мұнайдың буы онша зиян болмағанымен, сұйық мұнай адам денесіне әртүрлі тері ауруларын қоздырады (экземе) ; Бензин мен керосин адам ағзасына тыныс жолдарымен кіріп, одан ішек қарын арқылы қанға өтеді. Сөйтіп орталық жүйке тамырына әсер етеді, уландырады, кейде соңы өлімге апарады (ШРК дан асып кетсе); Көмірдің тотығы (СО) исі мен дәмі жоқ иіссіз газ. Жұмыс істейтін аймақта оның ШРК мөлшері - 20 мг/ м3. Егер концентрациясы 300 ден 600 мг/м3 болса адам жеңілдеу уланады, 1800 мг/м3 болса қатты уланады, ал 3600 мг/м3 де 2-3 рет тыныс алғанда - ақ адам өліп қалады. Азот тотығы қанды улайтын түссіз газ. Орталық жүйке тамырына тікелей әсер етеді. Азоттың қос тотығы тұншықтыратын исі бар, қоңыр түсті газ.



Ауадағы концентрациясы 10 мг/м3 болғанда иісі сезіледі, 80 м3 кубқа жетсе, тамақты жыбырлатып, ауыздан су ағады 200-300 мг/м3 концентрациясы адам өміріне қауіпті. ШРК - 5 мг/м3 Атмосфера ауасы өмір тіршілік үшін аса маңызды, тіршілікке нәр береді. Сондықтан атмосфераны ауаны ластанудан қорғау әр адамның мақсаты, міндеті болуы тиіс. Атмосфераны ластаушылардың түріде көп -ақ. Соның бірі автокөлік екені белгілі. Көліктің түрлері: автокөліктің қоршаған ортаға әсерлерін жағымды және жағымсыз деп екіге бөліп көрсетуге болады. Әрбір жағымды әсердің түріне бір жағымсыз әсерді сәйкес келтіруге болады. Мәліметтер кестеде көрсетілген.







Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен





11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 10.10.2015ж

Сабақ тақырыбы: Ағзаның метеотропты реакциясы.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

1. Ауа. Температура бірте-бірте төмендеуі мүмкін, негізгі шарт оның тазалалығы. Шыршалы орман, су жағасы болса өте жақсы.

2.Су. Табиғи су көзі, ол болмаса ағынды қүбырдағы суды қолдануға болады.

3. Күн сэулесі. Күн ваннасы күшті шынықтыру тэсілі, бірақ мөлшерін қатаң бақылап және сақтану қажет.

4.Бөлменің тиімді микроклиматы. Температурасы белгілі бір

шамада ауыспалы болатын динамикалық немесе тіршілікті микроклимат

болғаны дұрыс. Бұл тербеліс ересектерде 8 градус. Балаларда 5 градусты

қүраса, сауықтыру тиімділігі арта түседі.

5.Ортадағы ауа температурасының киімнің жылуды үстау қасиетіне сәйкестігі. Жеңіл киінуге де, ал шамалы жылы күндері орануға да болмайды. Ағзаны әсер етуші факторлардың тез және баяу, күшті және әлсіз өзгерістеріне үйренуге жаттықтыру керек. Шынықтыру жаттығулары мен физикалық жүктемелерді қатар қолданса, оның тиімділігі арта түседі.

Ауамен шынығу. Ауа ваннасы - ересек дені сау адамдар, балалар, қарт адамдар, сонымен қатар қандайда болмасын аурумен ауыратын адамдар да қолдана алатын сауықтыру эдісі. Оларды шынығудың алдынғы процедуралары ретінде қолдануға болады.

Ауа ваннасы - температурасы, ауа ылғалдылығы, жылдамдығы анықталға, химиялық қүрамы есепке алынатын комплексті әдіс.

Тері температурасы мен ауа температурасының арасындағы айырмашылық жоғары болған сайын, ауа ваннасының тиімділігі арта түспек. Ауа ылғалдылығы тері бетінен терінің булануына эсер етеді: ылғалдылық жоғарлаған сайын булану қарқындылығы да, салқындату эффектісі де төмен, ал ылғалдылығы жоғары жерде ауа тар және ыстық болады.

Ауаның жылдамдығының да алатын орны зор: дене тез желмен желденетін болса, тер буданып, тері тез салқындайды.

Ауа жылдамдығының алатын орны зор: дене тез желмен желденетін болса, тер буланып, тері тез салқындайды.

Ауа ваннасының әртүрлі әсері бар, бірақ негізгісі мыналар:

1. Жүйке жүйесінің тонусы жоғарлайды.

2. Ішкі секреция бездерінің қызметі жоғарылайды.

3. Асқорыту процесі жақсарады.

4. Жүрек тамыр жүйесінің қызметі шынығады.

5. Тыныс алу жүйесінің қызметі артады.

6. Қанда гемоглобин мен эритроцит мөлшері артады.

7. Сергектік, жеңілдеу сезімі пайда болады.

8. Эмоционалды фон теңеседі.

9. Тыныштандыратын әсер байқалады.

Ауа ваннасымен қатар таза ауада серуендеу де шынықтырушы әсер береді. Жазда ауа ваннасын кабылдамай-ақ артық киімді кимеуге тыру,жалаң аяқ жүру.

Су процедуралары. Қазіргі заманзы денсаулықты сауықтандыру жүйесінде де, халықтық эдістерінде де суық сумен шайыну терең биологиялық мәнге ие болады.

Қазіргі адам үшін салқын су - жаттықтырушы стресс болып табылады. Белгілі бір қарқындылығы бар әлсіз физикалық стресс әсерінен ағзаның бейспецификалық түрақтылығы артып, өмір сүруге қабілеттілігі жоқ жасушалар мен тіндер аластатылып, ренгенерациялық қалпына келтіру процестері белсендіріледі. Салқын сумен шайынуды - таза ауада, жерде жалаңаяқ түрып жасаған дүрыс. Жиі таза табиғи суларға шомылған жөн. Судың ағзаға қолайлы әсері турлы ежелгі египеттіктер жазған, оны көне Спарт түрғындары, көптеген халық емшілері, маман дэрігерлер қолданған жэне суды бальнеологиялық ем, душ ретінде қазірде де қолданады.





Қорытынды









Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі :17.10.2015ж

Сабақ тақырыбы: Адам ағзасына қысымның әсері.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Жоғары қысымды жұмыс істейтін адамдардың барлығы жұмысқа қабылданар алдында міндетті түрде медициналық тексерілуден өтеді.

Барлық кезкелген тірек қимыл аппаратының, жүрек тамыр жүйесінің, тыныс жүйесінің, психикалық аурулар, құлақ және вестибулярлы аппараттардың аурулары, көз, асқазан ішек жолдарының, несеп шығару жүйесінің, жүйке жүйесінің және т.б аурулар жұмысқа қабылдаудың қарсы көрсеткіші болып табылады.

Терапевт, невропатолог, отолоринголог және офтальмологтың қатысуларымен 12 айда 1 рет кезеңді түрде медициналық қараулар жүргізіледі.

Биіктік (тау) ауруы. Биікке көтерілген кезде дамыған күрделі патологиялық процесті тау немес биіктік ауруы деп атайды. Оның қалыптасуы негізінен оттегінің жетіспеушілігімен байланысты. әсер етулеріне байланысты гипоксияға бейімделмеген бірнеше адамдар тобын бөлуге болады. 0,5 км дейінгі теңіз деңгейі индифферентті зона, одан әрі 2 км дейін - бұлшық еттердің қалыптасуының төмендеу зонасы. 2-5 км аралығында тау ауруы дамиды: 2,5 км дейін қараңғыға бейімделудің бұзылуы және қабілеттену реакциясы пайда болады, 4-5 км жеткенде аурудың жедел түрі дамуы мүмкін. 5-7 км жеткенде интелектуалды және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуі және жоғалуы пайда болады. 7 км жоғары естен тануға дейін жетеді және уақыты минутпен өлшенеді, 11-12 км жоғары секундпен өлшенеді.бұл мәліметтер әртрүрлі деңгейдегі биіктікке көтерілген кездегі мүмкін болатын нәтижелерді анықтауға мүмкіндік береді.

Тамырлар зонасындағы(синокаротоидты және аорталды) рефлексогенді хеморецепторлардың тітіркенулері өз кезегінде ағзаның қан мен тіндерінің оттегімен қанығуын төмендетеді, оттегінің жетіспеушілігі биіктік ауруының пайда болуындағы негізгі орынды алады. Хеморецепторлардағы импулстардың күшеюі көптеген рефлекторлы адаптирленген реакциялардың пайда болуына әкеледі. Осы кезде гипервентиляцияның нәтижесінде гипокапния дамиды, ол биіктік ауруының патогенезінде маңызды орынды алады, сонымен қатар ол тыныс және қан айналымының реттелуінің бұзылуларының себептері болуы мүмкін. Қанның көмір қышқылымен бірігуі қышқылды сілтілі жағдайдың алкалоз жаққа қарай ығысуын тудырады және ағзада қышқылданбаған өнімдердің жиналуына әсер етеді. Кейіннен артериялды қанда оттегінің жетіспеушілігінің салдарынан ОНЖ және басқа ағзалардың, сонымен қатар барлық зат алмасу түрлерінің қызметтері өзгереді.

Сонымен қатар биіктік ауруында оттегінің жетіспеушілігімен қатар аурудың айқындылығы мен ауырлығы көптеген ішкі және сыртқы себептерге байланысты. Таудың биіктігінде жоғары күн радиациясы деңгейінің, ауа ионизациясының, ауа ылғалдылығы мен температураның күрт өзгеруі, сонымен қатар тамақтанудың белгілі бір ерекшеліктерінің әсері бар. әртүрлі региондардағы биіктік ауруларының көріністері мен ағымдары дәл осыған байланысты негізделген. Ағзаның жағдайы әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі жағдайларының маңызы зор. Адамдардың гипоксияға қабілеттенуінің жеке ерекшеліктері және жасына байланысты ерекшеліктерінің маңызы зор. Бала кезінде ұйқышылдық, ал жасөспірім кезінде эйфория бақыланады. Шамадан тыс физикалық және эмоционалды күш түсу, суық өту биіктік аурулары.







Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен











11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 24.10.2015ж

Сабақ тақырыбы: Дыбыстың адам ағзасына әсері

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Шу деп - түрлі жиіліктегі және қуатты дыбыстардың шым-шытырық қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық және нығыз толқын түрінде тараған тербелмелі қозғалыстан тұрады

1948 жылы қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті. Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты 10-15 есе көбейді

Дыбыстың зиянды жақтары бар. Қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға кеселін тигізеді.

Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл бөлмей оның мәдениетпен техниканың айырылмас жолсерігі, онан құтылудың жолы жоқ деп есептелетін.

Жоғарғы жиіліктерді өлшеу үшін оның еселік бірліктері жиі қолданылады:

1 килогерц (Кгц)= 1000 гц, 1 мегагерц (Мгц) - 1000000 гц.

Адамдардың құлағы жиілігі 16 гц пен 20000 гц аралығындағы механикалық тербелімдер дыбысын естіп, одан төменгі және жоғары тербелімдегі дыбыстарды естімейді. Бірақ бұл жиіліктегі дыбыстардың адамдар үшін өте зиянды әсері бар.

Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.

Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.





Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 31.10.2015ж

Сабақ тақырыбы: Ауа ластануының адам ағзасына әсері.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.

Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек - тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.

Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.



Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж - 3,1млн. г,1997 ж - 2,37; 1998 ж - 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар - 22,7%, қара металдар - 15,7% береді.

Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.

11-сыныпқа биология пәніне арналған мектеп құраушысыҚазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 - 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында - 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар - углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.

Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден - бір қосындылар.





Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен







11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 14.11.2015ж

Сабақ тақырыбы: Көлікпен ластану.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Автокөліктердің шығарған улы газдарымен қоршаған ортаның ластануы. Қазіргі кезде негізгі мəселенің бірі - қоршаған ортаның (экологияның) кеселді апаттарға ұшырау салдарын тоқтату. Экология - жер бетіндегі тіршілік атауларының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттеудің, жаратылыстану ғылымдарымен, медицина, тіпті социология тəрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мəні терең, адамзат болашағы үшін маңызы зор ілім.

«Экология» деген сөзді Австрия ғалымы, талантты биолог Э. Геккаль 1886 жылы «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегінде тұңғыш рет айтқан. Одан бері бір жарым ғасыра жуық уақыт өтті. Ол кездегі экологияның жағдайы мен бүгінгі хал-ахуалын салыстыруға мүлдем болмайды.

Қазіргі кезең - экологиялық жағдайдың шиеленген сəті. Қазақстан жері, экологиялық жағдайын тəуір деп айтарлықтай емес. Солардың ішінде экологиялық шырғалаңға түскен Арал өңірі бəрінен ерекше тұр. Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп, миллиондаған тонна тұз аралас шаң-тозаңды, əр түрлі химиялық заттармен қаныққан, суы ішуге жарамсыз Сырдариясын, аппақ соры бұрқыраған егістік, шабындық, жайлымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Айнала қоршаған ортаны ластаушы «Байқоңыр» ғарыш айлағының өзі не тұрады?

Осы өлкенің табиғатына, оның экологиялық жағдайына қатысты проблемалар жетіп артылады. Арал теңізі мен «Байқоңыр» ғарыш айлығына қатысты проблемалар жергілікті жердің күшімен шешу мүмкін емес. Дегенмен де, қол қусырып қарап отырмай, экономика мəселелерін жаңа экологиялық жағдайға беімделіп шешсе - қошаған ортаға, сол арқылы адамға түсетін ауыртпалықтың үлес салмағы азаяды.

Атмосфера - ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физика-химиялық жəне биологиялық процестердің жүруінің шарты жəне метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген компоненттердің қатынасы оның радиацияға, жылу жəне су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы су буы жəне əр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін, жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса онда, жер бетіндегі орташа жылдық температура +150С емес, -180С болар еді. Атмосфераға шығарылатын химиялық заттардың ішінен бірінші орында көмірқышқыл газы тұр. Бұл қосылыс ұзақ өмір сүреді жəне атмосфераға жиналуға қабілетті.

Млн. т/жылына

Көмірқышқыл газы

6000

Түтіннің қатты бөлшектері

580

Көміртегі(ІІ) оксиді

360

Ұшқыш көмір сулар жəне т.б. орг. заттар

320

Күкірт тотығы

160

Азот тотықтары

110

Фосфор қосылыстары

18

Күкіртсутек

10

Аммиак

8

Фторлы сутек

1

Хлор

1



Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен









11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 21.11.2015ж

Сабақ тақырыбы: Су көздерінің химиялық ластануы

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы, әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз болады. Суда органикалық заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. Сулардың ластануы су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы басқа заттар (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдықтар, мұнай және мұнай өнімдері) жатады.

Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.

Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.

Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек еткізеді.

Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.

Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.





Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:











Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен











11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 28.11.2015ж

Сабақ тақырыбы: Топырақтың ластануының адамға әсері.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Топырақтың ластануы (Загрязнение почвы) - топырақта, әдетте, оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердің пайда болуы және енуі немесе аталған агенттердің концентрациясының қаралған мезгілде табиғи орташа жылдық деңгейінен асып түсуі. Топырақтың ластануының көптеген түрлері, соның ішінде радиоактивтік, микробтық және тағы басқа түрлері сараланады Топырақтың ластануы топырақ түзілу процесінің барысын өзгертеді (кейде оны тежейді), түсімді бірден азайтады, өсімдіктерде ластағыштардың (мысалы, ауыр металдардың) қорлануына себеп болады. Бұл ластағыштар адам организміне тікелей немесе жанама түрде түседі (өсімдіктекті немесе жануартекті азықтар арқылы). Топырақтың ластануы топырақтың ауру тудыратын және де басқа жағымсыз микроорганизмдерден өзін-өзі тазалауын төмендетуге әкеліп соғады. Мұның бәрі ауру қауіптілігін және микробиологиялық ластануды туғызады. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және қылау қоздырғыштары 2-3 тәулік бойына сақталса, ластағыштармен әлсіреген топырақтың өзін-өзі тазалай алмайтын кезінде дизентерия қоздырғыштары бірнеше ай, сүзек пен қылау қоздырғыштары бір жарым жылға дейін сақталады. Топырақтың ластануы кейде әр дәуір аумаққа жайылады.

Топырақтың химиялық ластануы - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8-10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді - топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.

Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.

Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.



Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 05.12.2015ж

Сабақ тақырыбы: Канцерогенді заттар.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

3 Топқа бөлемін.

Әр топ парталарына өз атауларын қоямын

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Канцерогендік заттар[1], канцерогендер (латынша cancer - қатерлі ісік және грекше genes - тудырушы) - организмде қатерлі ісік ауруларын және әр түрлі қатерлі және қатерсіз ісіктерді туғызушы химиялық қосылыстар. Канцерогендік заттар туралы алғашқы түсінік 18 ғасырда Англияда пайда болған. Сол кезде Англияда жылу жүйелері үшін тас көмір пайдаланған. Ағылшын дәрігері Г.Потт ластанған үй пештерінің мұржаларын тазалайтын адамдардың денесінде тас көмір шайырының қалдықтары қалатынын байқаған (1775). Ол 15 - 20 жыл өткен соң адам терісінде қатерлі ісік пайда болатынын дәлелдеп, шайыр құрамында қатерлі ісік туғызушы зат бар екенін анықтаған. 20 ғасырдың басында ғалымдар осы тас көмір шайырын жануарлардың денесіне жағып тәжірибе жасаудың нәтижесінде, олардың терісінде қатерлі ісік ауруы пайда болатынын дәлелдеген. Кейін зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдар осы тас көмір шайырының құрамынан - 3,4-бензпирен мен әр түрлі көп циклді ароматты көмірсутек тапқан. Қазіргі кезде 1000-нан аса канцерогендік хим. заттар белгілі. Бұл заттардың құрылысы алуан түрлі келеді. Сондай-ақ, ол заттардың ерекшелігі - зат алмасу процесінен кейін организмде қатерлі ісік тудыратын қасиетінің болуы. Табиғатта жиі кездесетін канцерогендік заттар түрлері: 1, 7, 12-диметилбензантрацен; 3,4-бензпирен; 20-метилхолантрен, т.б.; бояуға пайдаланатын химиялық канцерогендік заттар 2-нафтил-амин, 2-амино-флуорен, 4-аминодифенил, т.б.; аминды топтары бар алифат циклды нитроазоқосылыстары (диметил-нитрозамин, диэтилнитрозоамин, И-метил-, И-нитро-, И-нитрозогуанидин, т.б.); өсімдіктердегі зат алмасу процестерінің бұзылуынан пайда болатын улы зат (афлотоксиндер), кейбір саңырауқұлақтар (циказин, сафрол, т.б.); гетероциклді ароматтық көмірсутегі бар заттар (1,2,5,6-ди-бензакридин, т.б.); төртхлорлы көмірсутегі, этионин, уретан, эпоксид, кейбір ауыр металдар, т.б. Хим. канцерогендер клетканың ядросына, оның бөліну, өніп-өсу аппараттарына (ДНҚ, РНҚ) тікелей әсер етеді. Канцерогендік заттардың зиянды әрекеттері (ісік туғызғыш қасиеттері) организмдегі биохимиялық алмасу процесінен соң бір тәуліктен кейін байқалады. Олар ядроның ДНҚ, РНҚ-ларымен химиялық реакцияға түсіп, биологиялық әсері өзгертілген нуклеин қышқылының жеке бөлініп шығуына жағдай жасайды. Бұл өзгертілген генетикалық аппарат организмнің жүйелі түрде реттеп отыратын тойтарыс күштеріне бағынбайды, клеткалар дамылсыз бөлініп, өніп-өсе беретін патологиялық қасиетке (яғни ісік клеткасына) ие болады.

1981</<font face="Times New Roman, serif"> жылы Францияның Лион қаласында қатерлі ісіктің пайда болу себептерін зерттеуші халықараық сарапшылар атмосфера ауаның 32 түрлі химиялық және физикалық Канцерогендік заттармен ластануының өкпе қатерлі ісігімен сырқаттануға тікелей қатысы бар екендігін анықтаған. Олардың қатарына асбест құрамындағы крокидолит пен хризотил, күкірт, азот, көміртектің қос және шала тотықтары, сынап, күшәлә, қыша газы, никель, хром, ванадий, кадмий, бериллий, висмут қоспалары, қорғасынды альдегид, ароматты көп циклды көмірсутектері (бензапирен, толуидин), радиоактивті элементтер, ауыр радон газы, нитраттар мен нитриттер, т.б. жатады. Атмосфера ауаның аталмыш канцерогендік газды-аэрозольді заттармен ластануының негізгі көздері мыналар: өндіріс орындары мен кәсіпорындар (асбест, хром, уран, әр түрлі түсті металдарды өндіретін өндіріс орындары, металлургиялық, мұнай өңдеуші заттар, т.б.); жылу жүйесіне пайдаланатын органик. отындар (тас көмір, мазут т.б.); жол құрылысына пайдаланатын битум мен асфальттың құрамындағы көмірсутек шайырлары; автокөліктер мен ұшақтар отынының қалдықтары; органикалық минералдық тыңайтқыштар. Канцерогендік заттардың организмге зиянды әсерін болдырмау үшін олардың табиғатта таралуын анықтап, алдын-алу шараларын дұрыс жүргізу керек. Ол үшін ауаның, судың және топырақ жамылғысының өндіріс қалдықтарымен ластануына жол бермей, азық өнімдері мен ауыз суға Канцерогендік заттардың еніп кетпеуін қадағалау қажет.





Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?Не қызық болды? Не қызық болмады?

Үй тапсырмасы:







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 12.12.2015ж

Сабақ тақырыбы: Микотоксиндер.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

1. Микотоксиндер (грек.микес-саңырауқұлақ) - микроскоптық зең саңырауқұлақтарының екінші метаболиттері болып табылады. Азықтар мен тағам өнімдерінен 30 мыңға жуық зең саңырауқұлақтардың түрі алынған. Олардың көбін жоғары токсинді метаболиттер бөліп шығарады, жекелей айтқанда 120-дан аса МТ. Биологиялық тұрғыдан МТ-дер микроскоптық саңырауқұлақтармен алмасып олардың тіршілігіне және әртүрлі экологиялық орындарда тіршілік ету орыны үшін бәсекелестікке бағытталған қызмет атқарады. Ал гигиеналық тұрғыдан бұлар азықтық және тағамдық өнімдерді ластайтын қауіпті улы заттар.

ФАО мәліметтері бойынша (1984) 30 млрд.руб. артық тұратын азықтық және тағамдық өнімдердің 10% жыл сайын зең саңырауқұлақтарының ластануы нәтижесінде құрытылады. Бұл сәйкестік осы уақытта да бар.

Тағам өнімдерінде және тағамдық шикізаттарда келесідей жоғары токсинді МТ-дер кекң таралған: афлатоксиндер, стеригматоцистин, охратоксин, патулин, исландитоксин, рубратоксин, цитреовиридин және т.б.

Тағам өнімдерінің ластануында қызығушылық танытпайтыны АТ Мв, ол АТ Вt-ның метаболиті болып табылады және жануарларда ластанған азықты қолданғаннан кейін сүттен бөлінеді.

Саңырауқұлақтардың дамуы мен АТ өнуі арахис пен арахис ұнында байқалады, дәнді дақыл өнімдерінде (бидай, сұлы, жүгері, тары және олардың ұнында), бұршақ тұқымдастарда, сүтте, етте, жұмыртқада және т.б. сирек кездеседі. Саңырауқұлақтың өсуі мен дамуында оптималды жағдай: t 20-30°С, ылғалдылық 85-90%. АТ-дер саңырауқұлақтары төмен температура мен ылғалдылықта белсенділігі төмендейді.

АТ-дер токсикалық әсердің кең спектрімен сипатталады.ЛД50 (ең аз мөлшері зерттелген жануарлардың 50% өлімін тудырады) АТ В^ - адам үшін 2 мг жуығы дене салмағының 1 кг-ын құрайды. АТ-дер тудыратын ауру афлатоксикоз д.а.

АТ-нің токсикалық әсер ету механизмінің ннегізгі қызметі - клеткаішілік құрылымның мембраналық өткізгіштігінің бұзылуы және ДНҚ мен РНҚ-ның синтезінің төмендеуі жатады. Соңғысы митохондриялық ақуыздар мен липидтердің, басқа да алмасу процессінің синтезінің бұзылуына әкеледі, бұл клиникалық аурулардың қатарында кездеседлі. Жалпы токсикалық әсерлермен қатар, АТ-дер канцерогенді, мутагенді, тератогенді, гонадотоксикалық және эмбриотоксикалық белсенділігі көрінеді, бұл алиментарлы афлотоксиндердің алдын алу мәсеклелерін белсенді етеді.

Рационның сапалық және сандық құрамы АТ-ның токсикалық әсеріне көп әсер етеді. Бұл әсер алмастырылмайтын май қышқылының, ретинолдың және ақуыздың жетіспеуінде күшейеді. Сонымен қатар ақуыз артық болғанда канцерогендік әсердің ккүшеюі байқалады, бұл АТ мен олардың метаболиттердің детоксикациясына жауапты ферменттер - эпоксидигидролаза мен глутатионтрансферазаның белсенділігінің төмендеуімен түсіндіріледі.

ВОЗ мәліметтеріне сәйкес, жақсы гигиеналық жағдайдағы адам тәуліктік рационмен 0,19 мкг дейін АТ қолданылады, бұл организмге кері әсер тигізбейді. Бірақ та АТ-ның тәуліктік дозасы жоғарылаған сайын бауыр ісігінің ауруы әсер байқалады.

Патулин- пеницилл және аспергиллалармен бөлініп алынады, бұл зеңденген жеміс-жидектерден алынған өнімдерде кездеседі. Жемістер мен көкеністердің шырынында, езбелердегі патулиннің ересектер үшін ПДК көрсеткіші 50 мкг/кг құрайды, ал балалар үшін 20 мкг/кг.

Микотоксикоздардың алдын алу шараларының жүйесі тағам өнімдерінің санитарлы-микологиялық сараптамасында болады. Оған қоса, АТ-мен ластанңан шикізаттар мен тағамдық өнімдердің деконтаминация мен детоксикация әдістерін зерттеуге аса үлкен мән беріледі. Осы мақсатта механикалық, физикалық және химиялық әдістер қолданылады:

- механикалық - ластанған материалдықолмен не электронды-калориметрлік әдіспен бөлу;

- физикалық - тенрмиялық өңдеу, ультаркүлгін сәуле;

- химиялық - тотықтырғыштардың, күшті қышқылдардың және негіздердің ерітінділерімен өңдеу.



Қорытынды

5 мин

Инсерт -сиратегиясы

Нені үйрендің? Нені үйренгім келеді?









Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен

11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 19.12.2015ж

Сабақ тақырыбы: Тыңайтқыштардан қоректену өнімдеріне түсетін компоненттер.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

Тыңайтқыштар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 10. Тыңайтқыштар осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс. 11. Биуреттің (карбамид үшін) массалық үлесі 2 %-дан аспауы тиіс. 12. Фосфорлы тыңайтқыштар мен топырақ жақсартушы заттар үшін табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі 4000 Бк/кг аспауы тиіс. 13. Органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштардың биологиялық қауіпсіздігі: 1) патогенді бактериялардың; 2) гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының; 3) ішектік патогенді қарапайымдылар цисталарының; 4) синантропты шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарының жоқтығымен қамтамасыз етілуі тиіс. 14. Тыңайтқыштар үшін бөлшектеп сатуға арналған тыңайтқыштарға қойылатын сақтау мерзімі және (немесе) жарамдылық мерзімі белгіленеді. 6. Тыңайтқыштарды әзірлеу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар 15. Тыңайтқыштар, оларды ғылыми негізделген нормаларда пайдалану кезінде: 1) топырақтағы, ауадағы (ұшатын қосылыстар бар болған кезде), су объектілеріндегі және ауыл шаруашылығы өнімдеріндегі қауіпті және улы заттар: радионуклидтер, ауыр металдар мен күшала тұздары, полициклды ароматты көмірсутегі және төзімді органикалық ластағыштар құрамының гигиеналық нормативтерден асуына; 2) топырақтың табиғи микробиоценозының бұзылуына; 3) қоршаған орта объектілерінде адамға қауіпті патогенді микоофлоралардың, гельминттердің тіршілік етуге қабілетті жұмыртқаларының, ішектік патогенді қарапайымдылар цисттерінің, энтерококктердің және басқа да қауіпті биологиялық агенттердің пайда болуына жол бермейтіндей етіп әзірленуі және өндірілуі тиіс. 16. Өндірістің қалдықтары негізінде жасалған тыңайтқыштар үшін қолданудың арнайы регламенттері және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары жөніндегі ұсынымдар әзірленеді. Бұл ретте: 1) тыңайтқыштың сапалық және сандық құрамын және ол тұратын барлық компоненттердің қауіптілік сыныбын (улы элементтердің жалпы құрамынан басқа олардың суда ерігіштік және жылжымалы нысандарының массалық үлесі көрсетіледі); 2) радиоактивтілігін, оның ішінде техногенді негіздегі радионуклидтердің (тиімді үлестік белсенділігі) бар-жоғын; 3) тыңайтқыштың қауіптілік сыныбын; 4) тыңайтқыштың микробиологиялық және паразитологиялық сипаттамаларын ескеру қажет. 17. Құрамында азоты бар тыңайтқыштарды пайдаланудың әзірленетін регламенттері өсімдік шаруашылығы өнімдерінде гигиеналық нормативтерде белгіленнен көп нитраттардың жиналуына әкелмеуі тиіс. Бұл ретте, құрамында азоты бар тыңайтқыштардың қауіпсіздік паспортында жалпы азот құрамын көрсетумен бірге, оның нитратты нысанының құрамы да көрсетіледі. 7. Тыңайтқыштар өндіру процесінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар 18. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындарда авариялық жағдайларды оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық шаралар көзделуі тиіс. 19. Кәсіпорынның технологиялық жабдықтары: 1) жұмыс сұйықтықтарының ағып кетуі мен шашырау мүмкіндігін, қызмет көрсетуші персоналдың олармен тікелей жанасуын болдырмауы; 2) барлық қауіпті заттардың қоршаған ортадан барынша оқшаулануын қамтамасыз етуі; 3) тазалау мен техникалық қызмет көрсету процестерінің қауіпсіздігі мен жеңілдігін қамтамасыз етуі тиіс. 20. Тыңайтқыш өндірісі бойынша кәсіпорындар атмосфераға шығарылатын шығарындыларды тазалау, ағынды суларды жинау және тазалау (залалсыздандыру) бойынша құрылыстармен (қондырғылармен) жарақтандырылуы тиіс. 21. Тыңайтқыш өндірісі бойынша әрбір кәсіпорында: 1) процестің негізгі сатылары бойынша технологиялық режимдерді және өлшемдік параметрлерді, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін; 2) қоршаған ортаға зиянды шығарындылардың сипаттамасын; 3) санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптардың, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын өндірістік бақылау жүйесі енгізілуі тиіс. 22. Өндірістік бақылау жүйесі: 1) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейін және жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар концентрациясын бақылауды; 2) қоршаған орта объектілерінде санитариялық қорғаныш аймағының (СҚА) шегінде зиянды заттардың болуын; 3) шаң-газ тұтқыш құрылғылар мен тазалау құрылыстарының тиімділігін бақылауды қамтуы тиіс. 23. Тыңайтқыштар өндіру кезіндегі жұмыстар жеке қорғаныс құралын қолдану арқылы жүргізіледі. 8. Тыңайтқыштарды сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар 24. Тыңайтқыштарды сақтау арнайы жабық үй-жайларда (қоймаларда), ыдыстарда (сүрлемдерде, сақтау орындарында) жүзеге асырылады. Жұмсақ контейнерлерге буып-түйілген тыңайтқыштарды қатты жабыны бар ашық алаңдарда және қалқа астында сақтауға рұқсат етіледі.



Қорытынды

5 мин







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен



11-сынып Мектеп құраушысы «Адам экологиясы»

Мерзімі : 26.12.2015ж

Сабақ тақырыбы: Азық-түліктегі пестицид қалдықтары.

Сабақ мақсаты: Жаңа тақырып бойынша толық мағлұмат бере отырып, білім деңгейін тереңдету.

Сабақ міндеті:

  • оқушылар өз ағзаларындағы күнделікті болып жатқан құбылыстар туралы білімдерін дамытуға ықпал ету

  • оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;

  • топпен жұмыс істеу барысында оқушыларды бір-бірінің ойын құрметтеуге және тыңдауға үйрету,

  • алған білімдерін өмірде қолдана алуға үйрету

Қолданатын модульдер :

  • Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрзеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Дерек көздер



Кіріспе

10 мин

Білу

1.Оқушылармен сәлемдеседі. 2.Психологиялық дайындық

Мұғаліммен сәлемдеседі.

Бір, екі, үш және төрт сөзін қайталау нәтижесінде 4 топ құралады.



А4 қағаздар

Жаңа

сабақтың танысты

рылымы

30 мин

Жаңа сабаққа түсінік береді.

ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ТАМАҚТЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІҢ САПАСЫНА ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ Қазіргі кездегі ауылшаруашылық өндірістерінде егінді көбейту үшін, өсімдіктердің өсуін реттеуде және қорғауда, өндірісті және мал өсіруді жоғарлату мақсатымен химиялық заттардың кең ассортименті: пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, қоректік қосымшалар, антибиотиктер қолданылады. Осыған байланысты, тамақтық азық-түліктердің нитраттармен, пестицидтермен және басқа да қауіпті қосылыстармен ластану мәселесі қазіргі кезде өте өзекті болып отыр. Ауылшаруашылығында жиі қолданылатын химиялық заттардың ішінде тамақтық азық-түліктеррді ластаушы және тұрғындардың денсаулығына әсер ететін, неғұрлым қауіпті болып пестицидтер саналады. Пестицидтер - жәндіктертрді, кеміргіштерді, өсімдіктерді, ауруының қоздырғыштарын және жануарлардың паразиттерін жою үшін арналған, сонымен қатар өсімдіктердің өсуін реттеуші және десиканттар, дефолианттар ретінде қолданылатын химиялық заттар, қосылыстар, олардың химиялық және биологиялық текті қоспалары. Пестицидтер, әдеттегідей, адамға да қатысты жоғары биологиялық белсендікке ие. Сондықтан да, 60 жылдардың өзінде-ақ тұрғындарға қауіпті, оның ішінде тамақтық азық-түліктерді қабылдау кезінде алдын алуға бағытталған пестицидтерді қолданудың гигиеналық регламентация жүйесі құрылған. Ауылшаруашылық өндірістерінде енгізуге ұсынылған барлық пестицидтер алдын ала токсикологиялық-гигиеналық бағалаудан, сонымен қоса ауылшаруашылық мамандықтарының мекемелерінде іске асатын биологиялық белсенділікті бағалаумен қатар өтеді. Бұл зерттеулер мемлекеттік сынамалар атымен аталады және зиянкестермен, өсімдіктердің ауруларымен күресетін химиялық заттар бойынша мемлекеттік комиссияның пестицидтерді тіркеуімен аяқталады. Пестицидтерді токсикологиялық-гигиеналық бағалаудың негізгі міндеттері зерттелетін заттардың мүмкін болатын патогенді қасиеттерін анықтау, осы патологияларды шақыруға қабілетті дозасын анықтау, және ең бастысы, препараттардың қасиеттерін және оларды қолданудың әр түрлі жағдайларын ескере отырып тұрғындардың денсаулығы үшін қауіптілікті ғылыми болжау. 4 қаңтар 2000 жылы № 1023 Қазақстан Республикасында қолдлануға рұқсатталған өсімдіктерді қорғау шараларын мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу сынақтарын жүргізудің арнайы ережелері бар. Бұл құжат міндеттейді, біріншіден, әр препаратты екі-үш лабораториялық жануарлар түрлерінде жедел және созылмалы токсинді препараттарды асқазанға, тыныс жолдарына, сонымен бірге тері жамылғыларына әсер етіп зерттеуді; екіншіден, организмде жиналу мүмкіндіктерін, организмнің функцияларына, ұрпаққа теріс әсер ету мүмкіндіктерін, сонымен қатар кемтарлық, ісіктер, аллергиялық реакциялар, мутация шақыруға қабілеттілігін тексеру. Егер жануарлардың организмінде препараттардың ыдырау нәтижесінде жаңа, аса токсинді қосылыстар түзілсе, токсикологиялық бағалауға және гигиеналық регламентацияға пайда болған өнімдер де жатады. Қоршаған ортададағы пестицидтердің нақты құрамын анықтау мақсатымен гигиеналық зерттеулер (тамақтық азық-түліктер, топырақ, су, ауа), тағамның тамақтық құндылығына олардың әсері және экологиялық мақсатта миграциялануы қарастырылған. Жаңа пестицид бұрынғы препарттарға қарағанда токсинділігі төмен және адамның денсаулығына қауіпті емес болуы керек. Гигиеналық талаптарға сәйкес ауылшаруашылығында ең алдымен адам және жылықанды жануарларға аз токсинді препарттар енгізіледі. Кейбір жағдайларда күшті әсер ететін және жоғары токсинді заттар рұқсатталады, бірақ олардың түрлері мен қолдану әдістері адам организміне қауіпсіздігін куәләндыру керек (түйіршіктер, микрокапсулалар, аппликатор көмегімен енгізу т.б.), тек зооцидтер және кейбір ұрықтарды улайтындардан басқа (берілген талаптарға жауап беретін препараттар әлі жаратылмаған). Ыдырау мерзімі бір жылдан артық, сонымен қатар ыдырау нәтижесінде немесе басқа неғұрлым токсинді заттармен қатынаста және айқын кумуляцияға ие төзімді түзілу өнімдерорганизмде тұрып қалатын және сүтпен шығарылатын, айқын аллергенді қасиетпен және ісік, кемтарлық, мутация ж.т.б. қабілеттілікке иезаттар енгізуге жіберілмейді. Қауіптілікті бағалау үшін пестицидтердің арнайы гигиеналық жіктелуі өңделген. Өкінішке орай, лабораториялық жағдайда зерттелетін препараттың әсерінен теріс зардаптары әрқашан анықталмайды. Қазіргі кезде 50-ен артық пестицидтерді қолдануға тиым салынды. 1972 жылдың өзінде ауылшаруашылықта осы күнге дейін кейбір елдерде қолданылып жүрген және тамақтық азық-түліктерді ластаушы болып табылатын алдрин және диэдрин сияқты жоғары токсинді препараттарды қолдануға рұқсат етілмеді. Қолдануға сонымен қатар жоғары токсинді мышьяк, сынапты препараттар



Қорытынды







Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Ж. Тамен











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал