7


  • Учителю
  • Тақырыбы: АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚЫСКАША ШОЛУ

Тақырыбы: АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚЫСКАША ШОЛУ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақ 1. Күні: 02.09.2015.

Тақырыбы: АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ФИЗИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚЫСКАША ШОЛУ

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды анатомия және физиология ғылымдарының даму жолдары туралы толық түсініктер алу.

2. Биология ғылымынның даму ерекшеліктерін жүйелі сипатау,ғалымдар еңбегі есте сақтау, бұл еңбектердің маңызын білу.

3, .Оқушыларды ғылымқұштарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа с абақ

Сабақтың әдісі: сұбхат, баяндау.,.

Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих,Қазақ әдебиеті..

Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар портреті..

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІІІ. Бекіту.

ІV. Үйге тапсырма беру.

І. Амандасу. Түгелдеу, сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Гиппократ (б.з.д. 460-370 жж.) - Ежелгі Грекиядағы философ әрі дәрігер. Темперамент пен дене құрылысының төрт типі туралы ілімді тұжырымдады

Гиппократ этикалық тәртібі мен адамгершілік қасиеті жоғары дәрігердің үлгісі

болып саналады. Қазіргі уакытка дейін медициналық оку орындарының студенттері

Гиппократ антын - дәрігердің өнегелік кодексін жаттайды. Ол өз еңбектерде өзіне

дейінгі ғалымдардың адам денесінің құрылысы туралы келісілмеген барлық мәлімет терін жинақтап қорытты. Ол "медицинаның атасы" болып саналады.

Клавдий Гален (130-200 жж.) - рим анатом-физиологі, антикалык дүние дәрігері. Ол адам денесінің анатомиясын сипаттады. Гладиаторлар мектебінде хирург болып жұмыс істеп, анатомиялык танымын кеңейтті. Сүйектерді, көптеген бұлшық еттерді, сіңірлерді, қан тамырларын накты сипаттады. Артерияда ауа емес, кан болатынын ең бірінші сипаттаған ғалым. Бүрын артерияда ауа болады деп саналған. Бүлшык еттердің жиырылуы мен кимыл-козғалыстағы жүйкелердің рөлін аныктады. Гален өз еңбектерінде көптеген ауруларды сипаттап, емдеу гимнастикасы жөнінде біркатар практикалык кеңестер берді. Мидын қызметін дүрыс анықтады.Анатомия басқа да ғылымдар сияқты Қайта өрлеу дәуірінде ерекше жетістіктерге жетті. Әсіресе анатомияның дамуына Леонардо да Винчи(1452--1519жж.) үлкен үлес косты. Ол дене бітімін зерттеді; ең бірінші болып бұлшык еттердің жіктелуін (классификация) жасады; сүйек, бұлшық ет, жүрек және баска мүшелердің 800-дей суретін салып, оларға ғылыми түргыда сипаттама берді.

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.) -ұлы ойшыл, философ. Әл-Фараби заманында медицина жаратылыстану ғылымдарьның ішіндегі едәуір дамығаны еді. Оның теориялык медицина саласындағы білімі терең болды. Ол: "Медицинаның міндеті - ауру себептерін анықтау ғана емес, денсаулықты сақтау, ауруды емдеу жолдарын зерттеу", - деді. "Қайырымдылық қаласы" атты еңбегінде жүректі "табиғи жылу көзі" деп, ол туралы кұнды деректер келтіреді. "Жүрек - басты мүше, ол баска мүшелерге бағынбайды", - деп тұжырымдады. Әл-Фарабидің 160-ка жуық ғылыми еңбегі бар.

Әбу Эли ибн Сина (Авиценна) (980-1037 жж.) - шығыстың ұлы энциклопедист ғалымы. "Дәрігерлік ғылымның ережелері" деген энциклопедиялык еңбегінде сол замандағы медицина туралы көптеген деректер бар. "Адам анатомиясы" деген тарауында адам денесінің кызметі мен кұрылысы жайлы жалпы сипаттама беріліп, сүйек, буын, сіңір, тістің кұрылысы, бас суйек, жүйке туралы мәліметтер келтірілген. Бұл кітап көптеген ғасырлар бойы дәрігерлердің міндетті нұскау кұралы болды. Әбу Әли ибн Синаның медициналық еңбектері мен философиялық трактаттары, математика, астрономия, геология, тіл білімі, музыка теориясы жөнінде жазған еңбектері бар.

Уильям Гарвей (1578-1657жж.) - ағылшын дәрігері, казіргі заманғы физиологияның негізін қалаушы. "Жануарлардағы жүрек пен канның козғалысы туралы анатомиялык. зерттеулер" деген еңбегінде жүректің бүлшык етті мүше екенін және канды кан тамырларына айдап шығарып, оның үздіксіз козғалысын камтамасыз ететінін, қан тамырларының канайналымның екі түйық шеңберін күрайтынын дәлелдеді. Онын еңбектері мүшелердің кызметі туралы жеке ғылымның - физио логиянын қалыптасуына әсер етті.

Андреас Везалий (1514-1564 жж.) - қазіргі заманғы ғылыми анатомияның негізін калаушы. "Адам денесінің күрылысы туралы" деген негізгі еңбегінде (7 кітап) барлык мүшелер мен жүйелерге ғылыми сипаттама берді. Өзінің еңбектерінде ізашарларының анатомиялық қателерін көрсетіп, сол үшін қарсыластарынын қуғындауына ұшырады. Везалий ерлер мен әйелдерде қабырға саны бірдей болатынын дәлелдеді. Ол адамның шынайы анатомиясының негізін қалауға көп еңбек сіңіріп, анатомдар мектебін кұрды.

Николай Иванович Пирогов (1810-1881 жж.) - көрнекті орыс анатомы, хирург. Практикалык дәрігер үшін анатомиялык білімнін маңызы зор екенін түсінді. "Артерия дінінің хирургиялык анатомиясы" деген кітабында "Адам денесінің колданбалы анатомиясының толык курсын" жариялады. Кейін Н.И. Пирогов "Топографиялық анатомия" атты әлемге әйгілі еңбегін жарықка шығарды.

Ол бірінші болып эфирлі наркозды, сүйек сынғанда гипс таңғышты, жара іріндегенде спирт пен йодты пайдаланды. Н.И. Пирогов хирургиялық операциялар жасаудың жолдарын ұсынып, далалык хирургия әдістемелерін күрастырды және практикада колданды. Н.И. Пироговтың тұрған үйінде мұражай ашылды.

Иван Михайлович Сеченов (1829-1905 жж.) - орыс физиологиялық мектебін ашкан ғалым. Қанның тыныстык қызметін зерттеді. Орталык жүйке жүйесіндегі тежелу кұбылысын ашты. "Ми рефлекстері" атты еңбегінде адамның саналы және санасыз іс-әрекеттерінің рефлекстік табиғатын негіздеді. Еңбек физиологиясын кұрастырды.

Иван Петрович Павлов (1849-1936 жж.) -ұлы орыс физиологі. Қанайналым және ас корыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашкы орыс ғалымы. Оның шартты рефлекстер туралы теориясы тірі организмдердің сырткы ортамен байланысы және олардың сырткы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізді. И.П. Павловтың зерттеулері физиология, медицина және психологияның дамуында үлкен рөл аткарды.

Халел Досмухамедов (1883-1939 жж.) - біздің республикамызда медицина ғылымының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген казак ғалымы. Ол көптеген еңбек жазды: "Қырғыз аймағындағы халыктар арасында обамен калай күресу керек" (1918 ж.), "Табиғаттану" (1924 ж.), "Окушылардың денсаулығын сактау" (1925 ж.), "Адамның тіршілік әрекеттері"(1927ж.)және т.б. 1922 жылы"Адам анатомиясы мен физиологиясы" деген окулығын жарыкка шығарды. Осы окулыкта адам денесінің кұрылысы мен оның мүшелерінің қызметі туралы мәліметтер алғаш рет казак тілінде берілді.

ІІІ.Бекіту.

1. Гиппократ және Аристотель адам туралы ғылымның дамуына қандай үлес қосты?

2. Адам организмінің қызметіме қандай ғалым ең бірінші болып қызығушылық танытты?

3. К. Гален қан тамырлары жүйесінің қүрылысы туралы не айтты?

4. Леонардо да Винчи анатомияның дамуына қандай үлес қосты?

5. Адам денесінің құрылысы туралы ғылымның дамуына қандай отандық ғалым зор үлес қосты

ІV. Үйге тапсырма беру. Оқу, мазмұндау, конспект жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал