7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары дүниетану Жабайы аңдардың тіршілігі

Сабақ жоспары дүниетану Жабайы аңдардың тіршілігі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Жабайы жануарлардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты.: 1. Табиғат жайлы түсінігін кеңейту.Көктемгі жабайы жануарлар тіршілігінің өзгерісін түсіндіру. Жануарлардың пайдасын түсіндіру.Жануарлар өмірінің беймәлім тұстарынан мәлімет беру. Жыл мезгілдерінің өзгеруіне сәйкес тіршіліктің де әр түрлі болатынындәлелдеу.Оқушыларды табиғатты сүюге ,күтуге,аң-құстарға қамқор болуға,мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, аңдардың және олардың төлдерінің суреттері.

Сабақтың түрі: Дамытпалы сабақ

Сабақтың әдісі:Әңгімелеу,сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық сәт.

Жер байлығы көп екен

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін үйреткен

Дүниетану сабағы

«Табиғатты қолдай біл,

Аң, құсын да қорғай жүр.»

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

1.Табиғат дегеніміз не ?

2.Табиғатты нешеге бөлеміз?

Тірі табиғат және өлі табиғат.

3.Жануарлар дүниесі қандай түрлерге бөлінеді?

4.Қандай бунақденелерді білесің?

5.Олар қайда тіршілік етеді?

6.Көктемде бунақденелілер тірлігінде қандай өзгерістер болады?

7.Көбелек қалай пайда болады? 8.Қыста ұйқыға кететін аңдар қай мезгілде оянады ? 9.Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады ?









Сабақ жоспары дүниетану Жабайы аңдардың тіршілігі

-Балалардан сұрау.

-Енді осы табиғатқа байланысты сөзжұмбақ шешейік.

1.Жылдың ең ыстық мезгілі. /жаз\

2.Аңда бар,өсімдікте жоқ. /а\

3.Қасиетті тағам. /нан\

4.Балықтың мекені. /су\

5.Ағаш көркі. /жапырақ\

6.Бал жинайтын жәндік . /ара\

7.Ешкі төлі. /лақ\

8.Емен,қайың өсімдіктің қай тобына жатады ./ағаштар\

9.үй жануарының бірі. /сиыр\

-Қандай сөз шықты?

-Ендеше біздің бүгінгі жаңа сабағымыз жануарлардың көктемгі тіршілігі.

Көктем-ұйқыға кеткен жануарлардың оянатын кезеңі.Көктемде күннің көзі ауаны жылыта бастайды.Осы жылудан топырақ жібіп,қар еріп, жылғалардан су ағады.Ауаның жылуы,топырақтың жібуі жануарларға әсерін тигізеді. Көктемде жануарлардың төлдеуі басталады. Наурыз айында қояндар көжектейді. Коян жылына 3-4 рет көжектейді.Әр ретінде 3-4 көжек туады.Ол көжектерін былтырдан қалған шөптің астына жасырады.Бұл жерден оларды жыртқыш аңдар таба алмайды. Түлкі ерте көктемде күшіктейді.Олар кішкентай және соқыр болады.Аналық түлкі қорек іздеуге кеткенде,түлкінің күшіктері оны інде күтіп отырады. Аналық аю қыста балалайды.Көктемде ол апанынан қонжығын ертіп шығады.Қонжық қыс бойы енесін еміп жатады да,көктемде енесімен орманды кезеді. Кірпі қысқы ұйқыдан оянады.Тікеніндегі қоқымдарын сілкіп түсіріп, жапырақ астынан шығып,қорек іздеуге кетеді. Арыстан,жолбарыс балалайды .Киік лақтайды.Олар алғашқы кезде баласын емізу арқылы сүтпен асырайды.

Енді аңдардың балаларының қалай аталатынын білейік.

Қасқырдың баласы-бөлтірік Түлкінің баласы-мыршай Аюдың баласы- қонжық

Бұғыбаласыбұғышақ Барыс баласы алан

Елікбаласыеңлік Қоянның баласы-көжек Арыстан-абдан Жолбарыс-шөжік Киіктің лағы-құралай

Сергіту сәті.

«Қызығушылықты ояту» сатысы.

Жануарлар әр түрлі қалыпта ұйықтайды. Жарқанаттар, саусақтарымен бұтақты бүріп, аяқтарына асыла, басын төмен салбыратып ұйықтаса, ал түлкі болса, өзінің үлпілдеген құйрығын басына жастық етіп, бұйығып ұйықтайды.

Ал ақ аю күн жылы болса бауырын жерге төсеп ұйықтайды. Күн салқында бір жақ бүйірінен жатып аяқтарын бауырына жинап алады.

Қоңыр аю ұйықтағанда шалқасынан жатады. Кейбіреулері отырып та ұйықтайды.

Киіктің лағы өте әдемі,көзі мөлдіреген қап-қара болады.Сондықтан,әдемі қыздарды құралайға теңейді.Киік - ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі. Оны ақбөкен деп те атайды., баласын құралай деп атаймыз. Киіктер мамыр айының10-20 аралығында төлдей бастайды, сол кезде ауа - райы бұзылып, , жауын - шашын болады. Қазақтар оны «Құралайдың желі» деп атайды. Киіктің тағы бір ерекшелігі - олар ешқашан жетім қалған лақтарын тастамайды. Кез - келген киік маңырап шыққан құралайды кездестірсе, қасына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің жүйріктігі сондай туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсың.

Оқушылардың ізденген жануарлар туралы қызықты мәліметтерін оқыту.

Жануарлар дүниесінің тіршілігі арқылы,табиғатты болжау.

1.Өрмекші өрмегін асыға тоқыса,

Күн жылы болады.

2.Кешке шегірткелер қоймай шырылдаса,

Ертеңгі күн ашық болады.

3.Қарлығаш төмен ұшса ,

Жаңбыр жауады.

Жануарлар туралы қызықты мәліметтер:

Құмырсқа 7 жыл , тырна 40жыл , бұлбұл45жыл өмір сүреді.

Сары сілеусін , егін жаулары - суыр, тышқандардың 2000-ын бір жазда жейді.

Қоян терлемейді , оның бойындағы артық жылуды , ыстық күндері қан тамырлары ұзын құлағы арқылы сыртқа шығарылады.

Қасқыр табанына кірген шөгірді тісімен алады, егер ауырса, өзіне-өзі аштық жариялап, шөптермен емдейді екен.

Түлкінің құйрығының жоғарғы жағында әтір сияқты хош иіс бөлетін ойық болады екен.

Сәйкестендіру.

Аю мыршай

Жолбарыс көжек

Киік бөлтірік

Түлкі қонжық

Қасқыр абдан

Қоян шөжік

Арыстан құралай

Ойын:» Ненің бейнесі?»

Жануарлардың суреттері қиылады,сол қималардан жануарлардың бейнесін құрастыру.Құрастырған жануардың атын,немен қоректенетінін айтқызу.

Бейне жазба тамашалау. Жабайы аңдардың терісінен атап айтқанда түлкінің терісінен бас киім,ішік яғни сыртқы киім тігіледі.Қоянның түбітінен орамал,қолғап тоқылады.Құндыздан бөрік,сыртқы киім тігіледі. Оқушылардың үйден жаттап келген жұмбақтарын айтқызып,шешуін табу.

Жұмбақ шешу.

1. Өзі бір қу

Жүрген жері айқай мен шу.

2. Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады.

3.Тарғыл түсті

Ерен күшті.

4. Қанжардай тісі бар

Суық үрейлі түсі бар.

5. Жазда сұр,

Қыста ақ,

Өзі қорқақ.

6. Кішкене ғана бойы бар,

Тікенек инеден киген тоны бар.

</<font face="Times New Roman, serif">Ойын:»Топтастыр» Онда оқушылар үй жануарларын бір топқа,жабайы аңдарды бір топқа ажыратады.

-Жабайы аңдардың үй жануарларынан айырмашылығы не?

-Адам жабайы аңдарды қорғауға тиіс пе? Неге?

Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтап,бағалау.

Үйге тапсырма беру.















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал