7


  • Учителю
  • 'Тамыр бөлімдері' тақырыбына сабақ жоспары

'Тамыр бөлімдері' тақырыбына сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: ______

Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Тамыр бөлімдері

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға тамыр бөлімдерінің 5-ке бөлнетіні, олардың құрылысының ерекшеліктері, бөлімдердің қызметі туралы түсінік беру.

Тәрбиелігі: Тамырдың өсімдік тірішілігіндегі, табиғаттағы маңызын талдау арқылы оқушыларды іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке, өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Өсімдік шаруашылығы үшін тамыр жүйелерін дамыту туралы білімінің маңызын ашу.

Міндеттері:

1.тамырбөлімдері туралы жалпы сипаттама беру;

2.өзара пікір алмасуға ықпал ету;

3.оқушылардың бағалай білуіне ықпал ету;


Сабақтың тақырыбы

Тамыр бөлімдері

Мақсаты

Тамыр бөлімдерінің құрылысын, алып жатқан орнын, маңызын таныстыру және әр бөліктің атқаратын қызметіне толық тоқталу.

Білімділігі - тамыр бөлімдерінің құрылысын және өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

Тәрбиелілігі - оқушылардың ғылыми дүниетанымын байытып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылығы - пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Күтілетін нәтиже

1. еркін сөйлеу мүмкіндігі;

2. Оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік алады;

3. Оқушылар өз идеяларын дәлелдеуіне мүмкіндік алады.

Сілтеме

6 сыныптың «Биология» оқулығы. Интернет ақпараттары: http://u-s.kz/ сайты. Википедия анықтамалығы.

Ресурстар

Интербелсенді тақта, проектор, оқулық, плакат, үлестірмелі карточкалар, презентация, жеклеме тапсырмалар.

Өтілетін уақыты

45 минут

Үйге тапсырма


"Тамыр бөлімдері" атты суретті анықтама дайындыу


Сабақ барысы


Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

(5 минут)

Сәлемдесу, қатысуын тексеру, дайындықтарын бақылау, сабақтың саяхат түрінде өтетінін, саяхатқа поезбен шығып білім қалашығына баратынымыз айтылды. Поезда үш вагон бар, 1-ші вагон жұмсақ, 2-ші вагон жайлы, 3-ші вагон жалпы. Оқушыларға әр аялдамада билеттер сатылатыны айтылды. Әр билетте сұрақтар болады. Сұрақтарға жауап беруіне байланысты оқушылар әр вагонның астына өздерінің атын жазады. Вагондарға отырғызуды жауап бергеніне қарай отырған оқушылар айтатындығын айтылды.

Жұмсақ вагон - 5.

Жайлы вагон - 4

Жалпы вагон - 3 деп бағаланады.

Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарының әзірлігін тексеру, топқа бөліну: Тамыр бөлімдерінің атауы бойынша.

Стикерлерге тамыр аймақтарының атаулары жазылып, парта шетіне жабыстырылған. Қай оқушы қай бөлімді алса, сол топқа біріктіріледі.

- "Бөліну аймағы тобы"

- "Өсу аймағы" тобы

- "Сору аймығы" тобы

-"Өткізу аймағы" тобы.


Қызығушылықты ояту

(15 минут) Үй тапсырмасын сұрау мақсатында әр аялдамалардағы тапсырмалар орындалады. Сұраққа жауап, сызықтық диктант, құпияхат тапсырмасы.


Әр топтан оқушылар шығып, тапсырмаларды кезекпен орындайды. Топ басшылары бағалау парағына оқушылардың әр тапсырмада алған бағаларын жазып отырады. Сұрақтарға жауап беріледі, сызықтық диктантта сөйлемдерге "иә" немесе "жоқ" деп жауап береді, құпияхат тапсырмасында сандар арқылы сөйлем құрап шығады.

Мағынаны тану(20минут)

Әрбір топ өз атауларына байланысты тамыр бөлімдері оқып, оны жасаған постерлері арқылы қорғайды.


4.Сергіту сәті. «Алдар көсе» бейнебаянына билету

Бағалау.

6.Топ жетекшілері бағалау кестесі арқылы топ мүшелерінің білімін, белсенділігін сараптап бағалайды.

Әр топ өзіне берілген мәтінмен танысып, оны талдап, түсіндіреді, жаңа сөздермен жұмыс жасайды.


Бір - бірімен ақылдасып, көрініс арқылы немес постер қорғау арқылы ойын жеткізеді.

Бейнебаяннан көрген дене қимылдарын қайталайды.

Оқушылар бір-біріне әділ баға береді


Рефлексия

(5 минут)


"Бес саусақ" әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін жазу.

Әркім өз ойын ашық жазып білдіреді.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал