7


Ашық сабақ биология пәнінен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Құстар класы туралы жалпы сипаттама

Мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеттері: Технологиялық картаның регламентін орындау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: БжС технологиясы «Ауызша сабақ -1» кестесі арқылы

Сілтемелер: Биология 7-сынып

Көрнекілігі және құрал жабдығы: Электронды көрсетілімдер, ООМ - орынға отырғызу матрицасы

Сабақтың барысы:1 кезең.

Ұйымдастыру



Оқушылардың зейінін жинақтау:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Тақтаға норманы жазу

3.Тақырыпты айту





ООМ-орынға отырғызу матрицасы

2 кезең.

Қабылдауды ұйымдастыру











Тірек сөздермен жұмыс

Мұғалім тақтаға тірек сөздерді жазады.

1. Құс 8. Тұмсық

2. Құйымшақ без 9. Жемсау

3. Жіліншік 10. Қосарлы тынысалу

4. Пәрі 11. Жұмыртқа

5. Сояу 12. Қанат

6. Қаламша 13. Жылықанды

7. Мұртша 14. Орнитология

Берілген уақыттан соң блок жабылады. Блок ашылады. Оқушылар естерінде қалмаған сөздерді толықтырып жазып, жазбаларын толықтырып алады.

Бірінші белгі. Есте сақтауға уақыт нормативі 14 сөз - 1минут, 15 секунд



3 кезең.

Ойлауды ұйымдастыру

Оқушылар § 55 мәтінмен өз бетінше жұмыс жасап, берілген ақпаратты меңгереді. Тірек сөздердің мағынасын ашады.

Мәтінді оқу жылдамдығы

1 параққа 4 мин.

4 кезең.

Алғашқы түсініктерді тексеру

Қарама - қарсы сұрақ

Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

1. Құстар класының қанша түрі бар? (8600)

2. Қазақстанда неше түрі кездеседі? (500)

3. Құстардың қарны неше бөлікті? (2)

4. Құстар тыныс алады: (Өкпе)

5. Құстардың жүрегі: (4)

6. Алдыңғы аяқтары қанатқа айналған жануар: (Құс)

7. Ширақ балапан шығаратын құс: (Тауық)

8. Қызылшақа балапан шығаратын құс: (Торғай)

9. Құстарды зерттейтін ғылым? (Орнитология)

10.Ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі. (Қаламша)

11. Қауырсынның өзегін ? (Сояу)

12. Қауырсынның шашақтары? (Пәрі)

13. Пәрінің өзі неден тұрады? (Мұрт және мұртшалардан)

14. Құстардың дене температурасы қандай? (Тұрақты)

15. Қозғалыс ерекшеліктеріне байланысты құстарды неше топқа жіктейміз? (3)

16.Құстардың қан айналым шеңбері нешеу? (2)

17.Құстар не арқылы көбейеді? (Жұмыртқа)

18.Құстардың ұрықтануы? (Іштей)

19.Құстардың дене бөлімдерін ата.(Бас, мойын,тұлға)

20. Құстардың миы қанша бөлімнен тұрады (5)

21.Құстарда тістің қызметін не атқарады? (етті қарын)

22. Құс өңешінің кеңейген бөлігі (жемсау)

23. Құстың алдыңғы аяғы неге айналған? (қанатқа)

24. Құстардың дене температурасы (+41о С, +43о С)

25. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

26. Құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайтын, әрі салмағын жеңілдететін тыныс алу мүшесі (ауа қапшықтары).

Әрбір оқушы ООМ бойынша сұралады.

Екінші белгі. Оқушыларға жауабына қарай «+», «-» таңбасы қойылады.





5 кезең.

Алғашқы

бекітуді

ұйымдастыру

Сыни тұрғыдан сұрақтар

1. Денесі бас, мойын, тұлғаға бөлінген. (+)

2. Құстардың терісі қалың, бездері өте көп. (-)

3. Құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік.(+)

4. Құстардың терісі жұқа әрі құрғақ, бездері өте аз.(+)

5. Құстар сырттай ұрықтанады (- іштей)

6. Ұшуға бейімделуіне сәйкес құстарда қуық болады.(-)

7. Құстардың тыныс алу ерекшелігін қосарлы тыныс алу дейді. (+)

8. Құстардың жүрегі төрт қуысқа бөлінген. (+)

9. Оң жақ қарыншадан өкпе артерия қантамыры түрінде үлкен шеңбер басталады. (- кіші)

10. Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады.(+)

11. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі - сояуы деп аталады.(+)

12. Қаңқасын бассүйек, омыртқа жотасы, йық белдеуі мен қанаттары, жамбас белдеуі мен аяқтары, кеуде қуысы деп бөледі.(+)

13. Дене температурасы - тұрақты, жылықанды, әрі жоғары +41, +43ºС. (+)

14. Қазақстанда құстардың 500 - ден аса түрі мекендейді. (+)

15. Құстарды зерттейтін ғылым - орнитология деп аталады. (+)

16. Бүркіт ұша алмайтын құс (-)

17. Құстарда өңештің кеңейген бөлігі ішек деп аталады (- жемсау)

18. Құстар қос жынысты (- дара жынысты)

19. Құстарда иіс сезу мүшесі нашар дамыған (+)

20. Құстар - жылықанды жануарлар (+)

21.Қазақстанда құстардың 650 түрі бар (- 500)

22. Құс өңешінің кеңейген бөлігі жемсау .(+)

23. Құстардың бұлшықеттері нашар жетілген (- жақсы)

24. Ең кішкене құс суық торғай. (- колибри)

25. Түнде ұшатын құс үкі (+)

Үшінші белгі. Оқушылардың жауабына қарай тағы да «+», «-» таңбасы қойылады.

6 кезең

Талдау

ТСҚ - тақырыптық сөздік қор

Сабақта меңгерілген материал бойынша ТСҚ жазылады. Ең көп сөз қорын жазған оқушы дауыстап, жылдам оқиды.

Төртінші белгі. 5 минут уақыт өткен соң, оқушылар бір-бірінің қанша сөз жазғандарын санап, есебін шығарады.

7 кезең.

Рефлексия

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Өзінің тақырыпқа көзқарасын білдіреді. Тез және сапалы жұмыс жасаған оқушыларды мадақтайды.

ООМ-да әр оқушының бүгінгі сабаққа қатысуы

4 балдық шкаламен бағаланады.

8 кезең.

Бағалау

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:

4 - 5 белгі - «5»

3 белгі - «4»

2 белгі - «3»

1 белгі - «2»

Сапа нормативі: оқушылардың 63%-ы

14 оқушы 4 ұпайдан алуы тиіс

9 кезең.

Үйге тапсырма

Құстар класына жалпы сипаттамасы тақырыбымен танысып келу.

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады





















































































































































ТАҚЫРЫБЫ: «ҚҰСТАР КЛАСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА»





























Өтетін орны: 12 кабинет

Уақыты: жыл.

Сағат :

Биология пәнінің мұғалімі: А Д Ельчибекова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал