7


  • Учителю
  • Бейімделушілік - эволюция факторының өзара әрекетінің нәтижесі тақырыбына сабақ жоспары (11 сынып)

Бейімделушілік - эволюция факторының өзара әрекетінің нәтижесі тақырыбына сабақ жоспары (11 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сыныбы: 11

Сабақ реті: 16

</ Сабақтың тақырыбы: Бейімделушілік - эволюция факторының өзара әрекетінің нәтижесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: бейімделушілік туралы түсінік, оның түрлерін түсіндіру.

ә) дамытушылық: Тірек - сызбамен жұмыс істей отырып жергілікті жер жануарлары мысалында эволюциялық күштер жөніндегі ой - өрісін дамыту,

өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік: батыл шешім қабылдауға, іскерлікке, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу,

тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттеу арқылы ғалымдардың еңбегін бағалау, оқушыны ұлтшылдыққа, жанашырлыққа, тәрбиелікке үйрету.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ -жауап, көрнекілік.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызба қағаздар, электронды оқулықтар.

Сабақтың типтері:

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды журнал бойынша түгендеп, оқушы зейінін сабаққа аудару.

IΙ.Өтілген материалдарды қайталау .

а) Панспермия теориясының мәні неде?

ә) Ф.Реди өз тәжірбиесі арқылы нені дәлелдеп берді?

б) Тіршіліктің пайда болуын түсіндіруде бір - біріне қарама - қайшы қандай пікірлер бар?

IΙI.Үй тапсырмасын сұрау.

Өсімдіктермен жануарларды қажетті белгілеріне қарай сұрыптап, іріктеп алуды Ч. Дарвин қалай атады? ( қолдан сұрыптау)

2. Ч. Дарвин қолдан сұрыптаудың қандай түрлерін айқындар берді? (Санасыз, әдістемелік)

3. Ч. Дарвиннің 1868 жылы шыққан еңбегі қалай аталады? (Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктерінің өзгеруі)

4. Популяциядағы гендер жиынтығы қалай аталады? (Генофонд)

5. Қолдан сұрыптаудың ерекшелігін білу мақсатында Ч. Дарвин қай елдің ауыл шаруашылық практикасына көп көңіл бөлді? (Англия)

6. Санасыз сұрыптау дегеніміз не?

7. Ч. Дарвиннің 1859 жылы қандай еңбегі жарық көрді? (Түрлердің шығуы)

8. Бір кеңістікте тіршілік етіп, бір бірімен еркін шағылысып, ұрпақ беретін, бір түрге жататын даралардың жиынтығы? (Популяция)

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірі органаизмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себеп - табиғи сұрыпталу. Мысалы құр орман құсы екені белгілі. Мекен ету ортасына қарай әр түрлі бейімделушілік пайда болады; а) қорегін орман ағаштарының жапырақ төсеніштері мен қалың қардың үстінен алып жеу үшін тұмсықтары қысқарған; ә)қалың қарға батып кетпей, үстімен жеңіл жүру үшін саусақтарының жиегінде мүйізді қатпарларының болуы; б) жерден оңай ұшу үшін қанаттары жалпақ, ұшы доғал және т.б. мекен ету ортасына байланысты бейімделу үшін дене құрылысының өзгеріске ұшырауы ата тегінде болмаған. Жануарлардың жүндеріне жабысып таралу үшін өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарының сырты тегіс болмай кедір - бұдырлы тікенекті болады. Желмен ұшып таралу үшін өте жеңіл үлпекті, жұқа қанатшалы болып өзгеруі. Өсімдіктер мен жануарларда қандай да бір бейімделушіліктің пайда болуы - ортақ құбылыс. Жануарлардың құрылысындағы, реңіндегі, дене пішініндегі және мінез - қылығындағы бейімделушліік ерекшеліктері су жануары - дельфиннен айқын байқалады. Денесі сүйір, суда өте тез әрі кез-келген бағытқы еркін жүзеді, қозғалу жылдамдығы сағатына 40 км. Құстардың ұшуға бейімделішілігінің көрінісі:қауырсын жамылғысының болуы, құлақ қалқаны мен тістерінің болмауы, құстардың басының 180-қа бұрылуы, сүйектерінің жеңіл болуы, асқазанында астың ұзақ қорытылмауы және т.б. көп жануарлардың мекен еткен ортасына бейімделгендіктері сонша оларды ажырату қиын.

Бейімделушіліктің түрлері

  1. Бүркеніш (жасырушы) рең және оның түрлері

  2. Түйсік - сезімдік бейімделу

  3. Ұрпағына қамқорлық

  4. Физиологиялық бейімделу

Бүркеніш рең - жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік. Жерге ұя жасап балапан басатын құстардың реңі мекен ететін ортасына ұқсас.

Бүркеніш реңнің түрлері.

  1. Сақтандырушы рең

  2. Қызықтырушы рең

  3. Қауіп төндіруші рең

  4. Еліктеуші рең (мимикрия)

Сақтандырушы рең - әсіресе улы, шағатын күйдіретін жәндіктерге тән. Реңдері бірден көзге түсетін есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі - түсті айқын болуы.

Қызықтырушы рең. Бұл рең әсіресе көбейер кезінде пайдалы. Жайшылықта реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып, жауына байқалмайды.

Қауіп төндіруші рең. Кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп, денесін әртүрлі пішінге келтіре алады. Мысалы, кең алқымды жылан қауіп төнсе басын тік ұстап, алқымын жалпайтып, кеңейтіп айбар шегеді.

Еліктеуші рең (мимикрия) өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттың белгілі бір өлі затына және тірі организмдердің еліктеуі.

Өсімдіктегі еліктеуші реңнің мысалдары. Өсімдіктердегі еліктеуші рең - жануарларды қызықтырып тарту және қорқыту үшін қажет.

V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру

Сұрақ қою барысында оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру.

  1. Бейімделушіліктің түрлерін ата ?

  1. Сақтандырушы реңді түсіндір?

  1. Қызықтырушы реңді түсіндір?

  2. Қауіп төндіруші рең қандай рең?

  3. Еліктеуші рең қандай рең?

VI. Жаңа сабақты «Шынжыр» ойыны арқылы пысықтау

(Бірінші партада отырған бала сабақтан не түсінгенін айтады, оны келесі оқушылар жалғастыруы қажет).

VΙΙ. Сабақты қорытындылау: Организмдердің тіршілік ортасына түрліше бейімделуіне негізгі себепші - сұрыптау. Табиғаттың өлі заттарына және тірі организмдеріне еліктеу - өздігінен қорғана алмайтын, баяу қозғалатаны дәрменсіз организмдердің бейімдеушілігі.

VIΙI. Үйге тапсырма: §15, 56 - 61 беттер, қосымша ізденіп оқып келу.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал