7


Ашық сабақ Аралас бездер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Аралас бездер Сабақтың мақсаты:

Аралас бездердің құрылысы және атқаратын қызметтері , олардың қызметтерінің бұзылуынан болатын аурулар мен себептері туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері :

Білімділігі : ұйқы безі мен жыныс бездерінің ағзада орналасуы,құрылысы , негізгі атқаратын қызметтері , олардың қызметінің бұзылу себептерінен болатын аурулар туралы білім беру. Дамытушылығы: оқушылардың топпен және шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : салауатты өмір салтын қалыптастыру , адамгершілікке тәрбиелеу.

Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, оқулық , қосымша деректер т.б

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО ( сын тұрғысынан ойлау және жазу ) жобасы.

Стратегиялар : Венн диаграммасы , зерттеу конференциясы

Сабақтың барысы : Ұйымдастыру бөлімі

Ι. Қызығушылықты ояту Венн диаграммасы

( Ішкі және сыртқы секреция бездері )

Ашық сабақ Аралас бездер

ΙΙ. Мағынаны ашу. Зерттеу конференциясы.

Ι топ : анкета құру

ΙΙ топ : плакат дайындау

ΙΙΙ топ : кітапханаға саяхат

ΙV топ : көрініс көрсету

V топ : аргументтік эссе

Класс оқушылары топқа бөлініп , әр топтың тапсырмалары алдын ала беріледі .

Мысалы : Ι топ : анкета құрып , сұхбат алады және нәтижесін шығарады. Аралас бездер ауруына жататын ,жиі кездесесетін « қант диабеті » алынды.

Анкета

  1. Қант диабеті туралы не білесіз ?

  2. Қант диабетінің белгілері қандай болады және қант диабетімен ауыратын адамды анықтауға бола ма ?

  3. Қазіргі кезде қант диабетінің көбейіп кету себебі неде деп ойлайсыз ?

  4. Қант диабетімен ауыратын адам қалай күтіну керек ?

ΙΙ топ : аралас бездер гормоны жетіспегенде , көбейгенде болатын өзгерістер және емдеу жолдарын

түсінікті түрде суреттеп көрсетулері керек. Топтан бір оқушы шығып плакаты қорғайды .

ΙΙΙ топ : аралас бездер туралы мәліметтер жинап ( құрылысы , орналасуы , қызметі ,қызметтерінің бұзылуынан болатын аурулар т.б ) әрбір оқушы өзінің әкелген мәліметімен таныстырады.

ΙV топ : аралас бездердің қызметінің бұзылуынан болатын аурулардың себептері , алдын алу , ауырған адам қандай болады т.б көрініс қылып көрсетеді . Көрініс сауатты , мағыналы болуын қадағалау керек.

V топ : аргументтік эссе жазатын оқушылар маман дәрігерлермен кездесіп , қазіргі кезде Ақтөбе қаласында қанша адам қант диабетімен тіркеуде тұрғандарын нақты деректермен дәлелдеп берді.

ΙΙΙ :Ой толғаныс .







ΙV.Бағалау .

Әрбір топқа сабақ басталарда бағалау парағы беріледі .Бағалау парағындағы бағалау талаптарын ескере отырып әр топ бірін - бірі және әр топ басшысы өз топ мүшелерін бағалап отыру керек.

Бағалау парағы .



10 - 12 ұпай - « 5 »

10 - 8 ұпай - « 4 »

7 - 6 ұпай - « 3 »



Топ атауы ---------------------------------- . Топ мүшелері :



1.--------------------------------------------------------------------

2.--------------------------------------------------------------------

3.--------------------------------------------------------------------

4.--------------------------------------------------------------------

5.--------------------------------------------------------------------

6.--------------------------------------------------------------------



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал