7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері'

Ашық сабақ 'Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ішекқуыстылар типімен және оның кластарымен танысу

Дамытушылық: Оқушылардың ойларын дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа қызықтыру

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,электронды оқулық, А 3,4, маркерлер.

І Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі: - оқушыларды түгендеу

- сабаққа дайындықтарын тексеру

- топқа бөлу (қарапайымдар типіне байланысты жәндіктерді

жинастыру)

1 топ (гидратәрізділер)

2 топ (талшықтылар)

3 топ (кірпікшелілер)

Үй тапсырмасын тексеру: Кім не біледі?

Топқа бөлінген кездегі алған жәндіктерге байланысты ақпарат беру.

Қарапайымдар типі бойынша білімін тексеру (тест)

1. Амеба қалай қозғалады?

а) еттері арқылы

ә) талшық арқылы

б) кірпікшелері арқылы

в) жалғанаяқтары арқылы

2. Амебаның жиырылғыш вакуолі қандай қызмет атқарады?

а) ас қорыту

ә) тыныс алу

б) денесіндегі судың және ерітінді тұздардың мөлшерін реттеу

в) көбеюге қатысады

3. Кірпікшелі кебісше суда қалай қозғалады?

а) еттері арқылы

ә) кірпікшелері арқылы

б) талшық арқылы

в) қоғалмайды, субстратқа бекінген

4. Қарапайымдар үшін циста түзілуінің қандай маңызы бар:

а) көбею кезінде циста қажет

ә) бүркеншіктік

б) қарапайымдардың жойылу кезіндегі өзгеруі

в) қолайсыз жағдайды өткізу

5. Қандай белгілер арқылы қарапайымдар прокариоттардан ерекшеленеді:

а) ядросының болмауы

ә) ядросының болуы

б) пластидтердің болмауы

в) талшықтарының болуы

6. Эвглена жануарлардың қай типіне жатады?

а) кірпікшелер

ә) плазмалылар

б) талшықтылар

в) сорғыштар

7. Тірі ағзаның барлық атқаратын жасуша қайсысында:

а) көпжасушалы ағзаларда

ә) қарапайымдарда

б) кез келген жануарда

в) өсімдік ағзасының жасушасында

8.Екі ядросы бар біржасушалы ағза

а) кебісше в) амеба с) жасыл эвглена д) гидра

9.Біржасушалы талшықтылардың өкілі

а) кебісше в) амеба с) жасыл эвглена д) гидра

10.Өсімдік тәрізді қоректенеді

а) кебісше в) амеба с) жасыл эвглена д) гидра


Қызығушылықты ояту.бейнефильм көру.

Жаңа тақырыпты түсіну ( постер қорғау)мәтін беріледі талдайды (Формативті бағалау)

І топ - Гидратәріздестер (гидроидтар) класы.

Гидраны суы таза, оттегіне бай баяу ағатын өзендерден, көлдерден, тоғандардан табуға болады. Ол көбінесе су өсімдіктерінің сынып түскен бұтақтарында мекендейді. Гидра сыртай қарағанда жәндіктен де өсімдікке көбірек ұқсайды. Оның қимылдайтын қармалауыштары бар денесі, сабақшасы және бір нәрсеге бекінетін табаны болады. Гидраның 5 - 8 салалы қармалауыштары ауыз қуысының айналасына орналасады. Гидраның аузы ішек қуысына жалғасады, сондықтан да ол - ішекқуысты жәндік.

Гидраның қапшық тәрізді денесі жасушалардың екі қабатынан: сыртқы қабаты - эктодерма, ал ішкі қабаты эндодермадан құралады. Сыртқы қабатында тері - бұлшықет, жүйке және атпа жасушалар орналасады. Тері - бұлшықет жасушалары - гидра денесіндегі ең көп кездесетін жасушалар. Олар бірімен - бірі жанасып, гидраның жабынын түзеді.

Атпа жасушалар гидраның сыртқы қабатында орналасқан. Атпа жасушалар гидраның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарда өте көп болады. Атпа жасушалар гидраны жауынан қорғайды және сол арқылы жемін аулайды.

Коректенуі. Гидра - жыртқыш жәндік. Ол суда тіршілік ететін ұсақ шаянтәрізділермен, тіпті балықтың кішкене шабағымен коректенеді. Оның бүкіл денесінде, әсіресе қармалауыштарында жауынан қорғанған және жемін аулағанда пайдаланатын атпа жасушалары болады.

Тыныс алуы және зәр шығаруы. Гидрада арнаулы тыныс алу және зәр шығару мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы судағы оттегін ішке сіңіріп, қажетсіз көмірқышқыл газды сыртқа шығарады. Зәр шығаруы да бүкіл денесі арқылы жүзеге асады.

Жүйке жасушасы. Гидраның денесіне инемен түртіп әсер етсе, ол жұмырланып, денесін жиырып алады. Мұның мәнісі: гидраның тері - бұлшықетінің астын ала көптеген жүйке жасушаларының орналасуында. Гидра судың температурасын да, онда еріген әр түрлі заттардың ерітіндісін де тітіркену арқылы сезінеді. Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап беруі тітіркенгіштік деп аталады.




Гидраның ішкі құрылысы.

1- Сыртқы қабаты (эктодерма).

2-Ішкі қабаты (энтодерма).

3- Ішкі қуысы.

4 - ауыз тесігі


2 топ -Табақшатәріздестер (сцифоидтар) класы

Сцифоидтар (грекше «сцифос» - табақша) класына жататын медузалардың барлығы теңізде, мұхитта өмір сүреді. Бізге айқышты медуза, құлақты медуза (аурелия), цианеа көбірек таныс.

Ішекқуыстылардың терең суда жүзіп жүріп тіршілік ететін де түрлері бар, солардың бірі - медуза. Медузалар - мөлдір денелі, қолшатыр тәрізді жәндіктер. Медузаның аузы қолшатыр тәрізді күмбездің астыңғы жағында болады. Ауыздың айналасынан атпа жасушалары бар көптеген қармалауыштар байқалады. Жапон теңізіңде тіршілік ететін шаршылы медузаның атпа жасушасынан адамның денесінде едәуір күйік пайда болып, одан дене ауырсынады.

Медуза - жыртқыш жәндік, қолшатыр жиегінде төмен қарай салбырап тұрған қармалауыштарымен атпа жасуша әлсіреткен жәндікті аузына салып, ішекқуысында қорады да, қорытылмаған қалдықты қайтадан аузы арқылы сыртқа шығарады.

Ішекқуыстылар жеке де (гидра, медуза, актиния), шоғырланып та (обелия, шоғырлы қызыл маржын) тіршілік етеді. Отырықшы ішекқуыстылар белгілі бір затқа төменгі жағымен бекінеді. Дененің ол бөлігі табан деп аталады. Қармалауыштар қоршаған аузы жоғары жағында орналасқан. Медузаның денесінде табан бөлігі жоқ. Аузы мен қармалауыштары төмен қарай бағытталады да, дененің үстіңгі жағы ашылған қолшатырға ұқсайды.


Медузаның ішкі құрылысы

Медузаның қоңырау тәрізді жалпақ бөлігі тері-бұлшық ет жасушаларындағы ет талшықтарының жиырлуы арқылы қозғалады. Оның ішкі ас қорыту қуысы көп тармақтарға бөлінген. Жүйке жасушалары денесінің жалпақ бөлімінің жиегінде орналасқан. Медузаның сезім мүшелері жақсы жетілген.

Медузаның ішкі құрылысы:

1. Сыртқы қабаты (эктодерма)

2. Ішкі қабаты (энтодерма)

3. Ішек қуысы

4. Аузы

3 топ -Көпқармалауышты маржандар (полиптер) класы.

Бұлар - тек теңіздерде ғана өмір сүретін отырықшы жәндіктер.

Актинияларды теңіз гүлі деп те атады. Актинияларлар табанын жиырып - созып бояу қозғалады, шоғыр құрмай, жеке өмір сүреді.

Актиниялар - ұсақ жәндіктерді, балық шабақтарын, медузалар және көпқармалауышты маржан ұсақ жәндіктерді корек етеді. Сондықтан бұлар - жыртықыш жәндіктер.

Көпқармалауышты маржандар дүниежүзілік теңіздерде кең таралған. Олардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас - риф және шеңберлі жартас - атолл түзіледі.Бұлардың үш түрі: тосқауыл риф, жағалық риф, шеңберлі риф немесе атолл.

Актинияның түрлері

Маржан полиптері

Маржандардың актиниялардан айырмашылығы - бүршіктену арқылы көбейіп, шоғырланып тіршілік етеді. Маржандардың жасушаларынан бөлінген заттардан ізбесті қатты "қаңқа" түзіледі. Маржан шоғырлары дамылсыз өсіп, су астында әр түрлі жартастар мен кедертасты аралдар түзеді.


Қызыл маржан полипі

Қорытындылау бекіту:

1.Терминмен жұмыс: интерактивті тақтада

2.Салыстыру кестесі (венн диаграммасы)

1 топ гидроидтар класын көпқармалауышты маржандармен.

2 топ гидроидтар класын табақшатәрізділермен.

3 топ көпқармалауышты маржандарды табақшатәрізділермен

Бағалау. Оқушыларды бағалау. (топ бойынша, жеке)

Рефлекция: кері байланыс сабақтан алған әсерлері.


Үй тапсырмасын беру: § 41.оқу, сурет салу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал