7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Тамыр аймақтары 6 сынып

Сабақ жоспары Тамыр аймақтары 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қарқаралы қаласы

Академик О.А.Жаутыков атындағы

ЖББ №1 қазақ орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

Жомартова Назгуль Тусуповна

«Айтсаң ұмытамын,

Көрсетсең есімде қалады,

Өзіме істетсе білемін.»

Конфуции

Сабақтың тақырыбы: §8 Тамыр бөлімдері.

Сабақтың мақсаты: Өсімдік тамырының әрбір бөлімінің қызметтерін, өсу ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

  • Тақырып бойынша түсінік қалыптастыру;

  • Танымдық белсенділігін арттыру;

  • Теориялық білімді практикамен ұштастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Еркін ойлай білуге және өздерін бағалай біледі;

  • Өзіндік ой қорытып, шығармашылықпен жұмыс жасай алады;

  • Өзін-өзі реттеуге бейімделеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: АКТ, сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс, диалог, «Синку-эй», Инсерт, зерттеу, бағалау.

Көрнекіліктер: Электронды оқулық, слайд, плакаттар, таратпа материалдар, бағалау парақшалары, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу (карточкаларда тамыр бөлімдері жазылған сөздер бойынша өз тобын анықтайды).

І-топ - «Бөліну»

ІІ-топ - «Өсу»

ІІІ-топ - «Сору»

ІҮ-топ - «Өткізу»

Әр топта 4-5 оқушыдан, барлығы 4 топ болады. Әрбір топ топтың атын, ұстанымдарын құрып, өздерін таныстырады.

Психологиялық ахуал. Оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірінің қолдарын қысып, жақсы тілектерін айтады. Осы тілекті барлығымызға тілейміз деп барлық топ оқушылары қолдарынан ұстап шеңбер жасайды. (5 минут)

ІІ. Ой қозғау. Плакатқа сұрақтар бойынша өздерінің оқып-білген, түйгендерін түсіреді. Өткен сабақта қандай білім алдық?, не көрдік?, нені зерттедік?

Жасырылған жұмбақтың жауабын шешеді, қандай тамыр жүйесіне жататындығын анықтайды. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған дәптерге «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасын орындайды. Оқушылардың іс-әрекеттері:

  • Гүлді өсімдік мүшелері (вегетативті, генеративті);

  • Тамыр қызметтерін жазады;

  • Тамыр типтерін атайды;

  • Тамыр жүйесін көрсетеді,

  • Жасырылған жұмбақтарды шешеді;

  • Қосымша іздену жұмыстарын ортаға салады

Барлық топ болғаннан кейін ортаға шығып қорғайды.(10 минут)

ІІІ. Мағынаны тану. Әр топ алған карточкаларындағы жазылған сөздерді оқиды.

  • Неге осы сөздер арқылы топқа бөлдім? Осы сөздер нені ұғындырады деп ойлайсыңдар?

«Инсерт» әдісі. (5 минут)

«V» білемін

«+»жаңа мәлімет

«-»білмеймін

«?» сұрақ туды

Кестені толтырып, білгендерін ортаға салады. «-», «?» бағандары бойынша түсініктемелер беріледі.Слайд.

Сергіту сәті. Экранда көрсетілген би қимылдарын қайталап билеу. (3 минут)

ІҮ. №6-зертханалық жұмыс. Тамыр бөлімдерін жай көзбен және ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

Мақсаты: Электронды оқулық бойынша зерттеу жүргізу. Тамыр бөлімдерін анықтап зерттеп, теориялық білімді практикамен ұштастыру. (10 минут)

Қорытындысын дәптерге жазады.

Ү. Бағалау. Алдын-ала берілген бағалау критерийлерін негізге ала отырып, әрбір топ бірін-бірі бағалайды.

ҮІ. Ой толғаныс. (5 минут)

«Синку-эй» немесе « 5-жолды өлең»

  1. Зат есім - кім? Не? 1 сөз

  2. Сын есім - қандай? 2 сөз

  3. Етістік - неғылды? Не істеді? Қайтті? 3 сөз

  4. Тақырыпты ашатын сөз тіркестері немесе сөйлем 4 сөз

  5. Тақырыптың синонимі (баламасы)

ҮІІ. Рефлексия. Бүгінгі сабақта Не білдік? Не үйрендік? Нені үйренгіміз келеді?(2 минут)

ҮІІІ. Үйге тапсырма. §8 оқу. Өсімдік тамырларының медицинада маңызы. Шығармашылық, іздену жұмыстары.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал