7


  • Учителю
  • Урок по биологии на тему: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар (6 сынып)

Урок по биологии на тему: Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар (6 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Исатай ауданы, Аққыстау селосы

Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Сарсенова Айнаш Махтымбердіқызы





Биология

Сыныбы: 6 «А,Б»

Күні:

Сабақ аты:

Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.

Сілтеме:

Қ.Қайым, Б.Муханов "Биология" 6 сынып

Жалпы мақсаты:

Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар туралы біледі, құрылысын ажыратып, салыстырмалы талдау жасай алады.

Оқыту нәтижесі:

Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпаларға сипаттама береді, олардың құрылысын талдайды.

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік әдіс

Интерактивті әдіс

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Негізгі идея:

Бөліп шығарушы ұлпа-өсімдік мүшелерінен әр жерінде шашыранды орналасқан. Өсімдікте зат алмасудың нәтижесінде бөлінетін қатты және сұйық заттардың бөліп шығарылуы ұлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

Ішке бөлетін: шайыр жолы, эфир майы каналы, сүт жолдары

Сыртқа бөлетін: домалақ басты түктер, жабысқақ (безді) қабыршақтар, шірнеліктер.

Тірек ұлпасы-өсімдіктердің сабақтарында, жапырақтарында, жемістерінде орналасатын ұлпалар. Алмұрт, шетен, беже (айва) жемістерінің жұмсақ етіндегі қатты қиыршық жасушалар - тірек ұлпа. Тірек ұлпасы өсімдікке беріктік қасиет береді.

Өткізгіш ұлпа-қоректік заттарды өсімдіктің бір мүшесінен екінші мүшесіне өткізеді.

Оқушылар ойын бойынша топқа бөлініп, тақырыпты меңгеруге топпен жұмыс жасап, постер құрастырады

Тапсырма:

1.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:

а)түзуші ә)негізгі б)жабын

2.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

3 Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші

4. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа: а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш

5. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:

а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы

6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:

а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш

7. Жасушалары қатты, қиыршықты ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

8. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:

а)түзуші ә)бөліп шығарушы б)негізгі

9. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа:

а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі

10. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:

а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.

11. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа: а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш

12. Сүт жолы мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:

а)жабын ә)бөліп шығарушы б)негізгі



Сұрақ қою тестіне жедел жауап жазады. Жеке жұмыс жасайды



Кезекті оқу

Өткізгіш және бөліп шығарушы ұлпалар.

Үйге тапсырма алады

Бағалау



Оқушылар өздерін бағалайды

Сабақ бойынша рефлексивті есеп

Өткен сабаққа кері байланыс жасау

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақта сен үшін не қиын болды?

Бұл сен үшін неге қиын болды?

Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердің?













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал