7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Тақырыбы: Макроэволюция, оның дәлелдемелері.

Сабақ жоспары: Тақырыбы: Макроэволюция, оның дәлелдемелері.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Алматы облысы. Қарасай ауданы. Шалқар ауылы.

М.В. Ломоносов атындағы орта мектебі

Биология пәнінің мұғалімі: Жидибаева Раушан Сапаровна .

Санаты : Бірінші.

І-деңгей. ПШО. Талдықорған қаласы. 2013.


Тақырыбы


Макроэволюция, оның дәлелдемелері.

Мақсаттары

  • Макроэволюция туралы ұғым қалыптастыру;

  • Оқушылардың микроэволюцияның негізгі және жанама дәлелдемелері туралы білімдерін жаңғырту және тереңдету.

  • Оқушыларға түрлі ғылыми салалардан жинақталған эволюция дәлелдемелерін қолдана білуге дағдыландыру.

  • Жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюциясын түсіну үшін барлық ғылыми салалардан жинақталған дәлелдемелерді комплексті түрде қарастыру қажетілігіне оқушылардың көздерін жеткізу.

Жалпы мақсаты

АКТ технологияларын қолдану арқылы оқушыларға макроэволюция түрлік эволюциядан жоғары таксондарда болатын процесс екенің түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар палеонтология, эмбриология, салыстырмалы анатомия, молекулярлы биология, биогеография ғылыми салалары туралы мәліметтерді игереді,

  • Онтогенез, филогенез, дивергенция, конвергенция, гомологиялық және анологиялық мүшелер, атавизм, эндемик, реликт ұғымдары туралы түсініктері қалыптасады.

  • Жер ғаламшарында эволюциялық процесс көріністерін түсіндіре біледі.

Сілтемелер:


Биология оқулығы, биология хрестоматиясы, интернет желісі.

Интерактивті тақта, Эволюция дәлелдемелері тақырыбына презентация.

Сабақ түрі:

Жаңа материал игеру.

Оқыту әдістері:

Оқыту формалары:

Мәселе шешу,пікіртерім, жартылай-ізденіс.

Оқушылардың өзіндік -ізденіс жұмыстары, жеке және топтық жұмыс

7 модульдің қолданылуы

АКТ, "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер"."Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", «СТО»

Қолданылатын ресурстар

Жұмыс дәптерлері. Портреттер,тақта,стикерлер,интербелсенді тақта.интернет желісі, ноутбуктар. Карта.



Сабақ барысы.

Сабақ кезеңдері.

Мұғалімнің іс-ірекеті

Оқушылардың іс-әрекеттері




  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды жұмысқа ынталандыру.
Презентация

- Салемдесу.
- Топтастыру. (Тұрақты топтары бойынша)
- Сабақты мақсаттау.
- Жұмыс барысымен таныстыру. (Слайд 1, 2)

Оқушыларға сабақ барысында рефлексия парағын ұсыныу,
()

- топтасады ;
- дәптерлеріне тақырып жазады;
- сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады;
- Рефлексия парағымен танысады..

2.Базалық білімдерін байқау. Жаңа материалмен байланыстыру. Салыстырмалы талдау кестесімен таныстыру.



Түсіну. Өзіндік -ізденіс кезеңі: ( оқулықпен жеке жұмыс, суреттер жинағымен-топтық жұмыс, Презентациямен танысу.

«макроэволюция» және «микроэволюция» ұғымдарын салыстыру анализын жасауды ұсыну. (Слайды 3, 4)
Макроэволюция - анықтамасы
Микроэволюция - анықтамасы
Макроэволюция тарихи ұзақ мерзімдерге созылатын себептерінен оны қысқа бір уақытта бақылап-сипаттау мүмкін емес.
макро- и микроэволюция ұқсастығы:
-екі процестің негізінде де: тұқымқуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу, оқшаулану жатыр.
- Екеуі де дивергенты бағытта жүреді

Ғылымда макроэволюция процесі үздіксіз жүретіні туралы көптеген дәлелдемелер бар..



Аталған ғылымдар нені зерттейді?
Палеонтология, эмбриология, салыстырмалы- анатомия, молекулярлы биология, биогеография
Эволюция процессінің дәлелдемелері: Кесте толықтыру. Палеонтологиялық, эмбриологиялық, салыстырмалы-анатомиялық (морфологиялық), молекулярлы-биологиялық және цитогенетикалық, биогеографиялық (Слайд 5)





Оқушылар терминдерге анықтама береді,

«макроэволюция» және «микроэволюция» ұғымдарын салыстырады.



Оқушылар оқулықтан өз бетінше дәлелдемелерге сипаттама табады дәптерлеріне жазады.





Қолдану.

Оқулықтағы мәтінді талдау арқылы керекті міліметтерді жинақтау.


Топтарға тапсырма беру. Кестені толтыру тапсырмасын беру.

Жетон тарату. (Слайд 8)
(Презентация, Слайд 9)
Тапсырмалар.
1. Оқулық,биология хрестоматиясын пайдалана отырып біздің жершарымызда эволюция процестерінің дәлелдемелерің табу.
I топ - палеонтологиялық дәлелдемелері;
II топ - эмбриологиялық дәлелдемелері
III топ - салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелері;
IV - молекулярлы-биологиялық және цитогенетикалық дәлелдемелері.

2. Кестені толтыру тапсырмасын беру.

Жетон тарату. (Слайд 9)


Әр топ кестені қорғап болғаннан кейін презентация слайдтарын көрсетіп білімдерін толықтыру.



Палеонтологиялық. Слайд 10-11);
- ежелгі тірі ағзалардың қазба қалдықтары;
- қазіргі замандағы өтпелі формалар;
- филогенетикалық қатар (жылқы)
Эмбриологиялық:
Слайд (12-13,) ;
- Ұрықтардың ұқсастық заңы;
- биогенетикалық заң.
Салыстырмалы-анатомиялық (морфологиялық) (Слайды 14-19)
- ағзалардың жасушалық құрылысы;
-Омыртқалылардың ортақ белгілері
- гомологиялық және анологиялық мүшелер.
- рудименттер мен атавизмдер;
- қазіргі замандағы өтпелі формалар.
Молекулярлы-биологиялық және цитогенетикалық. (Слайды 20-21)
- Жасушалардың химиялық құрылысының ұқсастығы.
- Органикалық молекулалардың құрылысы мен қызметі.
- энергии аккумуляторы - АТФ;
- генетикалық код (әмбебап);
- нәруыз биосинтезі ;
- Жасушалардың көбеюі (митоз и мейоз).
Биогеографиялық: (Слайд 25-32)
Жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы бойынша А.Р. Уоллестің 6 зоогеографиялық аймақтары.


Оқушылар топтасып кестені толтықтырадырады. Ноутбук көмегімен интернет желісінен ақпараттар, суреттер жинақтайды.

Толықтығы жетондар арқылы бағаланады.


Талдау.




Топтарға өз жұмыстарын көрсетуге тапсыру. Уақыт мөлшерін ескерту.

Әр топ лидерлері өз жұмыстарын көрсетеді. Мүшелері көмектеседі.


С деңгейіндегі оқушылармен жұмыс.


Терминдерді түсіндір?
Онтогенез, филогенез, дивергенция, конвергенция, гомологиялық және, аналогиялық мүшелер, рудимент, атавизм, эндемик, реликт.

Терминдерге анықтама айтады.

Қорытынды.

Косымша мәліметтер.



А деңгейіндегі сұрақтар.

Жинақтау.

Қорытындылау сұрақтары:

1. Неоарктика аймағы (Солтүстік Америка) және Палеоарктикалық аймағы (Евразия) Беринг бұғазымен бөлініп тұрса да флорасы мен фаунасының ұқсастығы немен түсіндіріледі
2. Неге Неарктика аймағы (Солтүстік Америка) Неотропика аймағы (Оңтүстік Америка) бір-бірімен Панама мойнағымен байланысып тұрса да флорасы мен фаунасы ұқсамайды?
3. Неге Неотропика аймағы (Оңтүстік Америка) және Эфиопия аймағы (Африка) флорасы мен фаунасының ортақ белгілері өте көп?
4. Неге тек Австралияда қалталы жануарлар өмір сүреді?
5. Неге Британия аралының фаунасы мен флорасы материк жағалауындағы аралдарына ұқсас келеді ал Мадагаскар аралының фаунасы мен флорасында Африка материгине тән ірі жыртқыш аңдар, тұяқты жануарлар мен жоғары сатылы маймылдары жоқ.
Бірақ ол жерде тек сол аралға тән- эндемик саналатын - төменгі сатыдағы маймылдар көп.


Мұғалім: Аралдардың фаунасы мен флорасының ерекшеліктері эволюция процесстерінің меншігін дәлелдейді.
Сұрақ: Неге мұхит аралдарындағы ағзалардың түрлері материк жағалауындағы аралдардың табиғатының көптүрлігінен аз келеді. Себебі: Жақын аралдарда кездейсоқ ұшып келген құстар, кемелер арқылы жеткен жорғалаушылар, кездейсоқ сумен, желмен, жануарлармен келген өсімдіктердің тұқымдары осы аралдарда көп кездеседі , ал алыстағы мұхит аралдарына олардың жетуі қиын, ал жеткен жағдайда олар өте тез көбеюге мүмкіндіктері болады, себебі олардың әлі табиғи жаулары жоқ.
Мысалы, Галапагосс аралдарында 108 құс түрінің 82 және 8 түр жорғалаушы ағзалар эндемик болып саналады.
Гавай аралында бір типке жататын 300 түрлі эндемик ұлулары кездеседі.

.Жер бетінде жануарлар мен өсімдіктердің таралуы және олардың биогеографиялық аймақтарға топтасуы жер мен органикалық ағзалардың ортақ тарихи дамуымен түсіндіріледі.



Пікіртерімге белсенді қатысады, ойларын ортаға салады. Жинақтаған мәліметтері арқылы дәлелдемелер ұсынады.

Бағалау.


Жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюциясын түсіну үшін барлық ғылыми салалардан жинақталған дәлелдемелерді комплексті түрде қарастыру қажетілігін түсіндіре алады.

Тұжырымдама.

Жер бетіндегі тірі ағзалардың эволюциясын дәлелдеу үшін түрлі ғылыми салалардың дәлелдемелерін жинақтап, біріктіру қажет.


Оқушылардың білімін бағалау.

Критериилер арқылы.




Бағалау критериилерімен таныстыру.

  1. 1.Тақырыптың негізгі түйіндерін игереді.Термин сөздерінің мағынасын түсінеді.Картадан аймақтарды көрсетеді. Тақырып материалы дәптеріне жазады..



  1. 2.Тақырыптын негізгі түйіндерін түсіндіре алады, мысалдар келтіру арқылы сипаттай алады, термин сөздерін қолданады. Дәптері толық. Картамен жұмыс жасай алады.

  2. 3. Жаңа материалды толығымен игереді,барлық материалды тиянақтап, оны жүйелей алады, терминдерді жеңіл қолданады, сызба кестелерді өздігінен толықтыра алады, қосымша мәліметтерді жинақтау арқылы негізгі материалды толықтыра алады. Басқалардың жұмысымен салыстыра алады

Критериилер арқылы сыныптастарын бағалауға көмектеседі. Бағаларын қойғызады.

Рефлексия

  1. Рефлексивті парақтарын толтыруға ұсыну. Астын сызу. Себебін түсіндіру. Физикалық ( Бүгінгі сабақта мен баріне үлгердім - үлгермедім, Мен үшін сабақ жеңіл (ауыр) болды);

  2. Сенсорлы (Көңіл-күйім: жақсы - жаман, себебі... Сабақ қызықты болды - қызықпадым );

  3. Интеллектуалды ( Тақырыпты толығымен түсіндім. Тақырыпты түсінбеген жерлері болды.);

  4. Психологиялық ( Сабақ үстінде сыныптастарыма көмектескенім үшін көңіл - күйім жақсарды. Сабақ үстінде сыныптастарым көмек сұрап көңіл - күйімді түсірді. Сабақ үстінде, сыныптастарыма сабақты игеруге кедергі жасап отырғанды ұнатамын. Биология сабағы мені қызықтырмайды.


Рефлексия парағын толтыру.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал