7


  • Учителю
  • Есіңізде болсын. Масаның адамдарды шағуы

Есіңізде болсын. Масаның адамдарды шағуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Маса адамдарды әр түрлі шағады

Салмақты адамдар масаның шаққанына өте сабырмен қарайды.Ал, бірақ масаның шағуы тіпті өлімге де апаратын жағдайлар болады.Дүниежүзінде масаның шағуынан жылына 2 миллионға жуық адам өледі. Масалар бір адамдарды көп шақса, екіншісін керсінше аз шағады. Мамандардың сараптамасы бойынша жер бетіндегі адамдардың 20 пайызы масалар үшін аса тартымды. Осы күндері масаларға қарсы тек спрей ғана ойлап табылды.Ғалымдардың зерттеуінше, масалар адамдарды төмендегі себептерге байланысты көбірек шағады: Қанымыздан ақуызды алу мақсатымен шағатындықтан, кейбір қан топтары дәмдірек болатыны таң қалдырмайды. Басқа қан топтарына қарағанда, бірінші қан тобындағы адамдар масаға көбірек таланады екен. Бұдан кейінгі орында үшінші топтағылар тұр. 85 пайыз адамдар қаны туралы масаларға мәлімет берсе, 15 пайызы олай жасамайды. Мұнымен қатар масалар өз құрбандарын тыныс алған кезде бөлініп шығатын көмірқышқыл газы арқылы іздеп табады. Ауыз қуысының ерекше құрылысының арқасында көмірқышқыл газын 50 метр жерден сезеді. Балалар көмірқышқыл газын үлкендерден аз мөлшерде талап ететіндіктен масалардың назарына ілікпей азырақ таланады. Және көмірқышқыл газына қоса сүт қышқылы, аммиак, несеп қышқылы және өзге де термен қоса шығатын заттектердің арқасында шағуға болатын адамдарды тез табады. Оларды температурасы жоғары адамдар қызықтырады. Сол себепті физикалық жаттығулар жасайтын адам ағзасындағы сүт қышқылының мөлшерін арттырып, массаларды өзіне тарта түседі.Ғалымдардың анықтауынша, масалар шағуына терідегі бактериялар да әсер етеді. Бактериялар аз орналасқан жерлерге жоламайтыны да қызық. Олар үнемі тобықтың айналасын, балтырдың төменгі жағын шағатындарын осымен түсіндіруге болады.Масалар иіс сезу мүшелерімен қатар көру мүшелерін де жақсы пайдаланады. Егер қара, көк, қызыл киімдер киіп жүрген болсаңыз, олар сізді бірден тауып алады. Бұл тұжырымдаманы енгізген Флорида университетінің энтомологі Джеймс Дэй (James Day).Көптеген мамандар кейбір адамдарды масалардың мүлдем шақпайтындығына таң қалада.: "Соның себебін анықтап, келесі ұрпаққа табиғи репелленттер ойлап табуға болатын еді" дейді. Ұлыбританияның Ротамстед зертханасының мамандары осы адамдардың хромотографиясын пайдалана отырып масаларға мүлдем ұнамайтын заттектерді анықтады. Осы заттектерді жәндіктерге қарсы қолданылатын спрейдің құрамына қосып қойсақ, спортшылар да, жүкті әйелдер де, қара түсті киімдерді ұнататындар да масалардан біржолата құтылатын еді. Маса шаққанда дене бөртіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанған жөн.Адам баласы сияқты масаға да жағымсыз иістер әсер етеді. Маса шүйгіншөп (валериан), қалампыр гүлі, темекі, базилик өсімдігінің иісіне төтеп бере алмайды. Үйіңізге маса кірмесін десеңіз, терезеңіздің алдына базилик не қалампыр жапырақтарын қойып қойыңыз. Ал маса шағып алмасын десеңіз қол-аяғыңызға азғантай ғана шүйгіншөп сұйықтығын жағып алыңыз. Маса ашық түстерді, соның ішінде сары түсті жақтырмайды. Егер де таза ауада демалуды көздесеңіз, үстіңізге сары киім киіп алыңыз. Сонда сізді маса шақпайды әрі демалысыңыз сәтті өтеді. Ал қара, күлгін, көк түстер масаны өзіне тартып тұрады.Маса жынысы мен жасына қарамастан көбіне аққұба адамдарды шағады екен. Сондай-ақ, маса ер азаматтарға қарағанда нәзік жандыларды көбірек, әсіресе, аяғы ауыр келіншектер мен жас босанған әйелдерді жиі шағадыМассалар шақпас үшін: Жәндіктер насыбайгүл, эвкалипт, қалампыр, бәден өсімдіктерінің иісінен қашады. Осылардың майын денеңізге жағып қойсаңыз масалар жоламайды. Бөлме ішіне насыбайгүл мен мойыл жапырақтарын турап қойсаңыз болады. Түтіннің иісін жеккөреді. Сол себепті жатар алдында бөлмеге арша жақсаңыз болады.

Есіңізде болсын!

Егер маса шағып алса, айран немесе сүтпен ысқылап қойыңыз;

Шаққан денедегі орындарды қасып, тырнауға болмайды;

Тырнап, қасып тастасаңыз, ас содасы қосылған сумен шайып жіберіңіз;

Йод, шүйгіншөп сұйықтығын жағып қойыңыз;

Егер да маса сізді табиғат аясында шағып алса, шаққан орынға бақбақ, жалбыз, түймедақ жапырақтарын басыңыз.

Үй өсімдіктерінің ішінде алоэ, қазтамақ (герань) жапырақтарын басыңыз.

Маса кішкентай сәбиді шақпас үшін бесігінің я төсегінің жанына лимон сарымсақ қойып қойыңыз. Шаққан жағдайда, балаға жылы сүт я қайнаған су беріп, шаққан орындарды тұзды сумен шайып жіберіңіз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал