7


  • Учителю
  • Cабақ жоспары биологиядан Зәр шығару жүйесі (8-сынып)

Cабақ жоспары биологиядан Зәр шығару жүйесі (8-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 8 «ә» Күні:_________

Сабақ тақырыбы: «Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары».

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Зәр шығару мүшелері, зәр шығару мүшелерінің ауруларының алдын алу маңыздылығын түсіндіріп, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында оқушылардың

дүниетанымын тапсырма лар арқылы дамыту;

Тәрбиелілік: Бүйрек аурулары, олардың алдын алу жолдарын айта отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, топтық, жұптық ,жеке жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, бүйрек суреті және макеті, доп, видеоматериал, перфокарталар, адам макеті.

Оқыту технологиясы: АКТ, АК, сын тұрғысынан ойлау, SWOT талдау, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: медицина.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Түгелдеу. Шаттық шеңбері: «Тамаша екен!». Топқа бөлу: Балалар мен сіздерге мынадай сусындар алып келдім, бұл жай сусындар емес астында топ аттары «ЖАСУША», «ҰЛПА», «МҮШЕ» жазылған сол бойынша орындарыңа жайғасуларыңа болады.

Сарапшылар: балалар әр топта бір оқушының орындығына стикер жабыстырылған, кімнің орындығында стикер бар сол оқушы өз тобының сарапшысы, сабақ соңында өз тобының жұмыс нәтижесін айтып өтеді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: дұрыс жауапқа бір смайликтен. «Мылқау сурет» С, А, В, D, PP, Лунин суреті- дәрумендер қызметін айту. Баалалар допты бір-біріне лақтыру арқылы «Сен бізді білесің бе?» витаминдер қызметі туралы бір-біріне сұрақтар қояды.

ІІІ. Бейнематериал: Әр топ не көрді айтайықшы. Қалай ойлайсыздар бүгін біз не жайында әңгіме өрбітпекпіз? Иә, зәр шығару жүйесі және зәр шығару мүшелерінің ауруларын қарастырамыз.

ІV. Ассоцияция құру: «Зәр шығару мүшелерінің аурулары» дегенді естігенде бірден ойларыңа не келеді? Бүйрегім аурулары дегенде қалай ауырсынады ойларыңды жазыңдар. Топтық жұмыс. Орындап болған топ екі рет шапалақ ұрып тапсырманы аяқтағандарын білдіреді.Балалар білімдерін ортаға салады, ал енді осы білімдеріңді осы сабақта ары қарай толықтырып тереңдете түсейік.

V. Жаңа сабақ: Дәп терімізді ашып бүгінгі күнді жазайық. Тақырып: «Зәр шығару жүйесі. Зәр шығару мүшелерінің аурулары».

Біз күнделікті пайдаланатын тағам асқазанда қорытылып болған соң ағзамызға қажетті мөлшерде ғана тағам сіңеді де метоболизмнің соңғы ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады. Артық ас- ішек арқылы, көмірқышқыл газы- өкпе арқылы, фосфор қышқылы, несепнәр, ас тұзы,су тер бездері арқылы тер түрінде шығарылады, су, тұз, улы заттар бүйрек арқылы зәр түрінде шығарылады, сөйтіп ағзаны уланудан сақтайды.

Зәр шығару жүйесі: 2 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі.

Бүйрек

Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше. Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері орналасқан. Адам бүйрегінің массасы 150 грамм. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай түсті қыртысты қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен 1,5-2см төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.

Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон(гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі - бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі - нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелеріиректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.

Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.

Тәулігіне 1500-1700л қан бүйрек арқылы сүзіліп өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.

  1. Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.

  2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

  3. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

  4. Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

  5. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.

Несепағар - қабырғасы қалың бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше. Ересек адамдар да оның диаметрі 6-8 мм, үзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі қуықпен жалғастырады.

Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық біріңғай салалы бұлщық еттен тұрады (микроскоп арқылы біріңғай салалы бұлшық етті көреміз). Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі.

Зәр түзілу: Бір минутта 1,2л қан бүйректен сүзіледі. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу , және қайта сіңірілу . Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.

Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, одан зәршығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады.

Бүйрек аурулары

Бүйрек кызметінің бұзылуынан, қанда несепнәрдің мөлшерінің шектен тыс (20-30 есе) көбеюінен уремия (зәрліқан) ауруына шалдығу мүмкін. Бүйректің ең кауіпті ауруы - нефрит (гр. nерһrоs - бүйрек) - бүйректің кабынуы. Нефритауруын бактериялар тудырады. Қанның нәруызы азайып, кан сарысуының ұлпа сұйықтығынан суды сору әрекеті төмендейді әрі зәрдің түзілуі де баяулайды. Жаракаттанған бүйрек қанта ренин затын көп бөледі. Ренин қантамырларын тарылтып, қан кысымын көтереді.

Бүйрек тасы (уролитиаз)

Зәрдің құрамындағы қатты заттар (зәрқышқылы, кальций фосфаты) өте нашар ериді. Егер қатты заттардың мөлшері зәрде көбейіп кетсе, зәр жолында қатайып, тасқа айналады. Тас өте ірі болса, зәрдің шығуына кедергі келтіреді. Хирургиялық жолмен алуға тура келеді. Зәршығару жүйесінде жиі кездесетін аурудың бірі - қуықтың қабынуы (гр.kystis - қуық). Бұл ауру көбіне қуыққа суық тиюден болады да, зәр тоқтамайды. Сондықтан мұндай ауруға шалдыққан адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы керек. Балаларда көбірек кездесетін бүйрек ауруы - түнде зәр тоқтамау (энурез). Бұл ауруды шыжың деп те атайды. Ол бадамша бездердің, жұлын қызметінің бұзылуынан болады. Ауру көбіне 2 жастан асқан балаларда жиі кездеседі. Ондай ауруды дәрігерге көрсету қажет. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді уролог (гр. uron - зәр) деп атайды.

Қазіргі кезде өте кауіпті бүйрек ауруларын емдеу кезінде жасанды бүйрек аспабы - гемодиализатор қолданылады. Сонымен бірге бүйрек өз қызметін мүлде атқара алмаса, басқа бүйректі алмастырып салуға да болады.

Бүйрек гигиенасы

Бүйректің қалыпты жұмысын камтамасыз ету үшін көптеген жағдайларды есте сақтау қажет: Салауатты өмір сүру;Өте ащы, өте тұзды тағамдарды пайдаланбау;Ішімдіктен, есірткіден, темекі тартудан аулақ жүру;Әр түрлі қабынуға қарсы аурулардың алдын алу.Бұл шаралардың бәрі де бүйректің қалыпты, ұзақ уақыт жұмыс істеуіне жағдай жасайтынын естен шығармаңдар.



VІ. Топтық жұмыс: І- Ағаш сабақтарына зәр шығару мүшелері ауруларының профилактикасы , ІІ- Постер қорғау «Бүйрек ауруларының себептері». ІІІ- SWOT талдау «Зәр шығарудың...».

Үлгерімі төмен баламен жұмыс:

  1. Зәр шығару мүшелерін ретімен жабыстырып атын ата.

  2. Зәр шығару мүшелерінің атын жаз.

VІІ. Жеке және жұптық жұмыс: перфокарта толтыру және көршісін тексеру. Үлгерімі төмен баланың жұмысын тексеру.



Дарынды баламен жұмыс:

  1. Зәр шығару мүшелерінің аурулары туралы ақпарат дайындап әкелу.

  2. Бүйрек қызметіне тұзды және ашты заттардың әсері.

VІІІ. Жұптық жұмыс: Сәйкестендіру тесті, бірін-бірі тексереді.

IX. Сергіту сәті: Шиыршықтан шығу. Әр топтан бір оқушы қалыңыздар, қалғанымыз ортаға шығып шиыршық түземіз. Ал отырған балалар көздерін жұмып отырады. Шиыршық құралған соң оны ашуға көздерін жұмған балалар тарқатады.

X. Сандар сөйлейді: 150гр- бір бүйрек салмағы, 1500-1700л - тәулігіне ағып шығатын қан, 1,2л- бір минутта ағатын қан, 150-170л- бірінші реттік зәр, 400-500мл- қуықта зәр жиналады., 2- бүйрек саны, 1,5-2л-тәулігіне су қабылдау керек .

XІ. Рефлексия:

XІІ. Үйге тапсырма: §51,52,53 оқу.

</<font color="#000000"> XІІІ. Бағалау: Сарапшыларға сөз кезегін берейік. Енді әр топ неше смайликтен жинады санап жіберейік. Бүгінгі сабаққа белсене қатысып отырғандарыңызға рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал