7


  • Учителю
  • «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»

«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік,еркіндік – ежелден ел тірегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық куресінің тарихи нәтижесі.Тәуелсіздікке, бейбіт елге қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің озық дамыған ме
предварительный просмотр материала

«Бекітемін»

Директордың оқу жұмысы жөніндегі

орынбасары:_________ Ж.Жұқатаева


Ашық сабақ жоспары.


Күні,айы,жылы

09.12.2014



Тобы

№15




Пәні: Қоғамтану негіздері.

Сабақтың тақырыбы: Ұлы бет бұрыс дәуірі. Шығыс және Батыс өркениеті.

Сабақтың мақсаты:

а) Дүние жүзіндегі, ежелгі мәдени - өркениеті жағынан ерекше дамыған, алып Шығыс және Батыс өркениеті туралы -түсіндіру, ерекшеліктері мен тарихи құндылықтары жайында мағлұмат беру.

б) Әр студенттің еркін сөйлеуіне, өз ойларын ашық айтуға жағдай жасау.

в) Ұлжандылыққа, отансүйгіштікке, өз тарихы мен мәдени ескерткіштерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (дәстүрлі емес)

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Семинар сабақ», психологиялық тренинг. (Түсіндіру,ауызшы баяндау,тізбектеу, проблемалық сұрақтар,пікір алысу,ой - көкпар,)

Сабақтың көрнекілігі: Бейнебаян, тақырыптық слайдтар.

Пәнаралық байланыс: География, Бүкіл әлем тарихы.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

1 Оқушылармен амандасу.

2 Кабинеттің тазалығын және оқушылар қатысымы мен дайындығын қадағалау.


І Мәселе: Қазақстан - өркениеттер тоғысында.

ІІ Мәселе: Ұлы бет бұрыс дәуірі. Шығыс және Батыс өркениеті.

(Тақырыптарды жариялау.)


ІІ. Үй тапсырмасы

Тақырыбы: Қазақстан - өркениеттер тоғысында.

(Үй тапсырмасын елестету сұрақтары арқылы ашу.)

1. «Өркениет» - дегеніміз не?

2. Қазақстан жалпы қандай қоғамдық өркениетті бастан кешірді?

Тізбектеу: Ежелгі адамдардың қазақ жеріне ығысуы тайпалар ерте мемлекеттер орта ғасыр жаңа заман қазіргі заман болашақта. (талдау, жеке-жеке тоқталу)

Проблемалық сұрақтарға жауап беру, пікір алысу, ой - көкпар; (ондағы мәселелер)

1.Ежелгі адамдардың еңбек құралдары мен қоғамы

2.Жайыларды тәрбиелеу. (Еж.гі діндер мен құдайлар)

3. «Ұлы Жібек жолы»

4. Шыңғыс хан - Моңғол империясының билігі

5. Араб шапқыншылығы - Ислам діні

6. Көшпенділер

Үй тапсырмасын бекіту:

1. Ресей өкіметі (отырықшылық)

2. Жаңа заман тех-ң элементтері

3. Тәуелсіз Қазақстан.

4. ЕХРО - 2017 көрмесі.

Қорытынды: Суреттерді сөйлету - 8 түрлі өркениет элементтерін жасыру,өздері таңдаған суреттерді сөйлету.

Психологиялық тренинг: «Шығыс және Батыс елдеріне саяхат.»

Тренинг мақсаты: Студенттерді сергіту,көтеріңкі көңіл - күй,ой-көкпардан кейінгі достастық жақындастыру мақсатында өткізу.

Студенттер ортаға шығып екіге қарама-қарсы сапқа тұрып кемеге отырып саяхатқа аттанады. Онда капитан болады, ас ішеді, сапқа тұрады, еден жуады. Сөйтіп Шығыс және Батыс елдеріне де, келіп жетеді.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыбы: Ұлы бет бұрыс дәуірі. Шығыс және Батыс өркениеті.

Жоспары:

1. Ұлы бет бұрыс дәуірі.

2. Шығыс және Батыс өркениеті.

Актуалдау: Тренинг арқылы байланысып, тарихтағы ең алғашқы өркениеттерге тоқталу.

(Қаз-ң физ-қ картасымен жұмыс, түсіндіру, баяндау,тақырыптық слайдтар)

Ауызша баяндау:


Сабақты бекіту:

1. Шығыс және Батыс өркениетін салыстыру. Қазіргі замандағы жағдайлары.

2. Шығыс және Батыс өркениетті елдерінің Қазақстанмен қарым - қатынасы.

Қорытындылау: Тренинг «Сыйқырлы қалпақ» Сыйқырлы қалпақты барлық студенттер басына киіп, бүгінгі сабақта не ұққандарын айтады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты түсініп оқу және қосымшалар әкелу.

Бағалау.

Пән мұғалімі: Б.М.Тулегенова



Тақырыбы: Ұлы бет бұрыс дәуірі. Шығыс және Батыс өркениеті.

Жоспары:

1. Ұлы бет бұрыс дәуірі.

2. Шығыс және Батыс өркениеті.

Қазақстан өзінің мәртебесі жағынан еуразиялық ел, еуразиялық өркениеттің бір бөлігі болып табылады. Қазіргі Қазақстанның түркі-ислам дүниесіне енуі бір қарағанда оның табиғи даму жолы сияқты көрінуі мүмкін. Өйткені ұлттық тамырларымыздың сан ғасырлардан бергі ортақтығы тілдеріміздің, дәстүрлеріміздің, әдет-ғұрыптарымыздың ортақтығы біздерді байланыстырып отырғандай.Ежелгі заманда қазақ далаларында әртүрлі діндер ұсталынып,бейбіт қатар өмір сүрді. Олардың арасында хрестиандық, буддизмда, әртүрлі тәңірге, көкке, отқа, пұтқа табыну болды. Дін қандай өркениеттің болсада негізі болып табылатын еді.

Бүгінде Қазақстанда ұлттық және азаматтық бірлесу тәсілі ретіндегі диалогты жолға қою үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған,экономиканың тұрақты және серпінді өсуі қамтамасыз етілген. Демократия мен азаматтық қоғам институттары дамып келеді, даму институттары құрылған, ғаламдық даму тұрғысының үрдісінде жас мемлекеттің тұрақтылығы, қауіпсіздігі, тәуелсіздігі нығайтылуда. Қазақстандағы дінаралық, этносаралық және мәдениетаралық диалогтің біртұтас кеңістігін қалыптастырудың мәдени - тарихи алғышарттары, міне, осылар.

Қазақстан мемлекетінің ерекшелігі - өткен тарихта ол өзінің сипаттамаларының бүкіл мәні жағынан далалық өркениетке жататындығында. «...қазақтар, - деді Қ.Р.президенті Н.Ә.Назарбаев - ұлы өркениеттердің мұрагерлері - өзінің ұлттық «Менін» барлық тарихтың шыңырау-құздарының үстінен аман алып шығып,сақтап қана қойған жоқ, тіпті көбейте түсті».

Тақырыбы: Ұлы бет бұрыс дәуірі. Шығыс және Батыс өркениеті.

Жоспары:

1. Ұлы бет бұрыс дәуірі.

2. Шығыс және Батыс өркениеті.

Адамзат өзінің ерекше алуан түрлілігіне қарамастан бір-бірінен мүлдем алшақ екі өркениет - Шығыс және Батыс өркениеті. Дүниежүзілік тарих Шығыстан басталғаны мәлім. Ең ежелгі әлеуметтік және саяси институттар осында туып, тұрақты сипат алды. Ежелгі римдіктердің құрмет сезімімен: «Нұр - Шығыстан» деп айтып келгені тегін емес.

Шығыс дегеніміз не? Бұларада әңгіме географиялық емес, өркениеттілік, тарихи-мәдени ұғым тұрғысынан қозғалып отыр. Бұл өте әртекті және бір-біріне қайшы келетін аса ауқымды адами құндылыққа жатады. Оған кейбірортақ сипаттар: қалыптасқан әлеуметтік мәдениеттердің жандандырылып, дамытыла беруі, тұрмыс - салтының тұрақтылығы, діни, мифологиялық ұғымдар мен жүйелендірілген ойлау стильдерінің ерекше мығымдылығы, сабақтастығы, жеке адамның ұжымға сіңісіп кетуі тән.

Б.з.д. 6-ғ бері Қытай тарихында «Конфуциий» ілімі пайда болды. Бұл кезеңде жоғарғы реттеуші-бақылаушы бастама ретіндеқимыл жасайды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал