7


  • Учителю
  • Поурочный план по биологии на тему : Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі (6 класс)

Поурочный план по биологии на тему : Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Сынып: 6 А Сабақ№51

Пән: биология

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемінің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өсімдіктермен танысу арқылы түрлерін, құрылысын, қызметін, медицинада қолданылуын анықтай білуге үйрету, жергілікті жерде кездесетін өсімдіктер жайлы ізденуге баулу.

Дамытушылық: оқытудың беленділігін арттыру, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.

Тәрбиелік: Өсімдіктерді табиғаттың бір бөлшегі ретінде аялап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: сызбанұсқа, карточкалар, суреттер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • оқушылармен сәлемдесу

  • оқушыларды түгендеу

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақты игеру.

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде олардың негізгі қорегінің өсімдіктер болғаны мәлім. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдік түрлерінің көбеюіне байланысты адамдар олардың әрқайсысының ерекше дәмі, иісі, қасиеті барын да байқаған. Ертедегі мысырлықтар алоэ, қараған, анис, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршаның шипалық қасиеттерін біліп үй бөлмесінде, үй ауласында өсіре бастаған. Мұнан 4000 жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана біліп, гүлдер отырғызумен де әуестенген. Кейін өсімдіктердің далада, үй ауласында, үй бөлмесінде өсетін түрлері пайда болып, олар сәндік қызмет атқарды. Адамдар үйінде, ауласында өсетін гүлдерді бір-біріне сыйлап, оның жұпар иісінен, әсем түрінен ләззат алады.

Қазақстанда өсімдіктердің 6000 астам түрі болса, оның 500 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атайды.

Жүрек ауруын емдейтін дәрінің 78 %, ішекқұрт, бауыр - 75 %, жатыр, жыныс мүшелерінің ауруларының 80 %, қақырық түсіретін - 80 %, қан тиятын - 65 % өсімдіктер алынады.

Өсімдіктер әлемінің жеке дамуының (онтогенезінің) сатылары мен оларға байланысты ерекше құрылымдар төмендегіше белгіленеді:

1. Эмбриондық-зиготаның қалыптасуы;

2. Жастық - балауса (ювенильдік) - ұрықтың өнуі және негізгі өсу мүшелерінің (жапырақ, сабақ, тамыр) қалыптасуы;

3. Жетілу (жыныстық), толығу - гүл бастамаларының пайда болуы, кебею мүшелерінің (гүлдердің) қалыптасуы;

4. Көбею (жемістену) - тұқымдардың, жемістердің бір рет немесе бірнеше қайталанып қалыптасуы;

5. Қартаю (тозу) - ыдырау процестерінің және активсіз (ырықсыз) құрылымдардың басымдануы.

Сонымен, бірінен соң бірі жүзеге асатын физиологиялық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістер өсімдіктің өсуі мен дамуының жалпы, біртұтас процесі болып табылады. Барлық өсімдіктер толық гүлдеңіп, жемістеніп болған соң, біртіндеп қартая бастайды да, біраздан соң (көптеген жылдардан кейін) тіршілігін толық жояды. Мысалы, Секвойя - 1500 жыл, емен - 1500, шырша - 1200, жөке - 1000, қарағай - 500, жүзім - 80-100, қылтықсыз арпабас - 10-30 жыл, жоңышқа - 4-5, сәбіз - 2, бір жылдық шөптесін өсімдіктер - 1 жыл, эфемерлер-2-4 апта өмір сүреді.

1.Адыраспан бөлме өсімдігі ( жоқ)

2.Кактус компьютердің адамға тигізетін, зиянды әсерін

азайтатыны рас па? ( иә)

3.Шырша қысы -жазы жасыл болатын ағаш па? ( иә)

4.Жалбызды антисептикалық зат ретінде тіс тазалағыш паста

құрамына кіреді ме? (иә)

5.Сасық шөп бөлме өсімдігі ме? ( жоқ)

6.Лимоннан сірке қышқылын жасайды ма? ( жоқ)

2-ші топ.

1.Күріш дәнді дақылдарға жатады ( иә)

2.Жүгері жеуге жарамды ма? ( иә)

3.Шығыс Қазақстанда мақта өсіріледі ( жоқ)

4.Жалбыздың иісі жағымсыз ( жоқ)

5.Сұлы жылқының тағамы ма? ( иә)

6.Бақбақтың жапырақтарын суықтаған кезде пайдаланатын жөн

деген кеңес рас па? ( иә)

3-ші топ.

1.Тобылғы раушангүлдер тұқымдасына жатады (иә)

2.Бәйшешек жыл бойы өсетін өсімдік ( жоқ)

3.Еменнің орысша баламасы дуб па? ( иә)

4.Бәйшешектің орысша баламасы тюльпан( иә)

5.Тал басында қарбыз - қауын өседі ме? ( жоқ)

6.Балдыр жоғары сатыдағы өсімдіктер қатарына жатады ( жоқ)

1.Кіп-кішкентай қауғабас,

Шашы түссе дауламас ( Бақбақ)

2.Жатып жерде желіндейді,

Күз түскенше желінбейді ( Қауын )

3.Жазда жатсаң -көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң-жаның рахат табады. ( Ағаш)

4. Тәтті

Тәттінің іші қатты,

Қатынның іші тәтті. ( Өрік)

5.Айт десе жүгірмес,

Су тисе сілкінбес. ( Шөп)

6.Көздің жауын алар,

Қырға кілем жайдым. ( Қызғалдақ)

7.Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары. ( Жапырақ)

8.Компьютер жанындағы өсімдік ( Кактус)

9.Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай. (Қарбыз)

10.Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты ( Алма)

11.Тәтті жемісітің бірі,

Қауақтың кішкентай түрі.

Айыбы бұтаққа ілінеді,

Айтыңдаршы кім біледі? ( Алмұрт)

IY. Жаңа сабақты бекіту.

Y. Рефлексия.

Білемін Білмеймін Білгім келеді

Үйге тапсырма. оқу, А,В тапсырмалары, шағын эссе «Өсімдіктерді аялау».

YI. Бағалау. Сабақты қорытындылау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал