7


  • Учителю
  • Урок на тему 'Жуа тұқымдастар'

Урок на тему 'Жуа тұқымдастар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылықтық өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Пияз тұқымдасына жататын түйнек - пиязшықты, тамыр сабақты, көпжылдық өсімдік сарымсақтың алуан турлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.
Дамытушылығы: Жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделігіне қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелілігі: Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, тиянақты айта білуге, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Түрі: Зертханалық
Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедия, электрондық оқулық, кестелер.

Сабақтың жүру барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Негізгі бөлім

Үй тапсырмасын сұрау:
Пысықтау: «Шыңға шығу» әдісі бойынша
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:
Жоспар:
I. Пияз туыстастар даражарнақты өсімдіктер
II. Басты пияз
III. Сарымсақ
"Шыңға шығу" әдісі
1. Қай класқа жатады?
2. Нелер арқылы тозаңданады?
3. Қызыл кітапқа неше түрі тіркелді?
4. Биіктгі 15 см дәрі және улы өсімдік?
5. Қазақстанда қанша түрі бар?
6. Лалагүл жемісі аталады....

Жаңа сабақ баяндау:
Пияз тұқымдастар - даражарнақтылар класы лалагүлділер қатарына жататын даражарнақты өсімдіктер (83 - сурет). Бұлар пиязшықты, кейде түйнек - пиязшықты және тамырсабақты, көпжылдық өсімдіктер болып табылады. Таспа тәрізді немесе сопақша жапырақтары жалпақ және түтікшелі болып келеді. Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады. Гүлдері - ұсақ, жай шатыршагүлге жиналады. Күлтелері қызғылт, ақ, күлгін және қаңқызыл түсті.

Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Гүлдері ашылғанға дейін бүкіл гүлшоғырының сыртын мөлдір қабықша қаптайды. Гүл жарған соң қабықша құрап қалады. Пияз тұқымдастарды бунақденелілер тозаңдандырады. Жемісі - қауашақ. Пияз тұқымдастарды тұқымынан да, өсімді мүшесінен де көбейтуге болады. Тұқымдары жел, құмырсқалар, жануарлар арқылы таралады. Ғаламшарымызда пияз тұқымдастардың 650 - ге жуық түрі таралған. Қазақстанда олардың 110 - ға жуық түрі өседі. Пияз тұқымдастар - азықтық, мал азықтық, дәрілік және сәндік бағалы өсімдіктер.

Сарымсақ (Чеснок) - пияз тұқымдастарына жататын шөп тәріздес өсімдік. Отаны - Оңтүстік Шығыс Азия. Жабайы сарымсақ екі жылдық, ал шаруашылық мақсатында өсірілетін сарымсақ бір жылдық. Сарымсақтың дәмі ащы, иісі өткір. Оның себебі құрамындағы эфир майында жатыр. Ауызды сасытып жағымсыз иіс шығаратын да қасиеті бар. Сарымсақ көне заманнан бері мәдени өсімдік ретінде өсіріледі. Көне Египеттегі папирустардағы жазуларда сарымсақтар жайлы мәліметтер болған. Мысалы, әйгілі пирамиданы салушар сарымсақты тамақ ретінде пайдаланған. Сарымсақ жетіспей қалған кезде олар шу көтерген.
Ал ертедегі Римдік император Нерон сарбаздардың батылдығын арттыру үшін оларға сарымсақ жеуді бұйырған.

Ерекше жағдай
Сарымсақ адам денсаулығына жан - жақты пайдалы болғанымен ВИЧ - ке қарсы егілген, қабылданған дәрілердің белсенділігін жояды екен. Бұл жөнінде америкалық бір топ фармацевт ғалымдар өздерінің зерттеулеріне сүйеніп айтқан.
Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер бар.

Қызықты мәліметтер.
Әлем бойынша сарымсақты ең көп экспорттайтын ел - Қытай. Жылына 12 миллионнан астам тонна сарымсақты шет елдерге сатады. Одан кейін Үндістан мен Оңтүстік Корея елдері.

№28 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жуа тұқымдас өсімдіктердің жемісінің құрылысы.
Мақсаты: Жуа өсімдігінің құрылысын зерттеп білу микроскоп арқылы қарау.
Құрал - жабдық: микроскоп, сапты ине, аршылған пияз, жабын шынылар өткір ұстара, қысқыш, су.

Орындалатын тапсырмалар:
Микроскоптағы көріністі дәптерге түсіру.
Ескерту: көрнекілікке кез келген бөлме өсімдігі алынады.

Қауіпсіздік ережесі:
Сапты инемен жұмыс жасағанда абай бол қолың немесе басқа жерлеріңді зақымдап алма
Шынымен жұмыс кезінде мұқият бол денеңді жарақат қылуы мүмкін.
Жұмыс үстінде бір - біріңе кедергі келтір ме

Үйге тапсырма:
§49. Жуа тұқымдастар
№28 Зертханалық жұмыс
Жуа тұқымдас өсімдіктердің жемісінің құрылысы
Микроскоп бөлшектерінің аттарын жазып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал