7


Аналар меракесі 8 cынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Т. И. Кайпбекова

Биология пәні мұалімі

8 «Д» сынып жетекшісі

Целиноград ауданы

№ 2 Қосшы орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады....


Сабақтың мақсаты: Аналарымызды тамаша сөздермен, өлеңдермен, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды төл мерекесімен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, кішіпейілдікке, сыйластыққа тәрбиелеу, ата - аналарымызға, ұстаздарымызға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Аналарға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін, үмітін ақтап, есімін ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақ көрнекілігі: Аналар жайлы әдемі суреттер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, плакаттар, слайдтар, әуе шарлары.

Сабақ барысы
Кіріспе:
Мұғалім сөзі:
Наурыз күні - Ана күні, әлем күні,
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, балаларым сендер мұны.

Тәрбие сағатымыздың кіріспесін Елбасымыздың Жолдауындағы үш тұғырлы ел бастамасын қолға ала отырып, үш тілде «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады....» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - ші жүргізуші: Саламатсыздар ма, ақ жаулықты аналар, аяулы ұстаздар және қымбатты оқушылар! Кеш жарық! Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз «ана». Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналарды бүгінгі төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті Аналар! Ал сыныбымыздың сіздер үшін дайындаған мерекелік кешті бірге тамашалайық!

2 - жүргізуші: Здравствуйте, самое милое, самое прекрасные наши Мамаши, красивые девчонки! От всей души мы поздравляем Вас с наступающим первый Весенний праздник 8 - Марта! Желаем Вам доброе счастья, крепкого здоровья, успехов на работе и в жизни!

Пусть будет в этот день весенний
У вас отличным настроенье.

Пусть будет множество цветов, Улыбок,
Добрых, нежных слов!
Здравствуйте, любимые!
Всем нам необходимые!
Педагоги классные -
Женщины прекрассные!
Пускай зима полна азарта,
Весна пришла сегодня к нам.
Сегодня день 8 Марта
Любимых милых наших дам!

3 - ші жүргізуші: Good evening our Best Mothers, Teachers and beautiful Girls! We are very happy to meet you! Today is a very big holiday in our Country because It's a holiday of Woman's Day! Our kind Mothers, Teachers and Girls! We are congratulate with you Woman's Day of 8 of March. We wish you long live, success your work and study! We like this holiday very much because it comes with spring. Our Mothers as like as spring as beautiful flowers. We love our Mothers, sisters very much. Happy Holiday dear mothers, teachers!
My dear, dear Mummy,
I love you very much
I want you to be Happy
On the 8 of March
Be happy, Be happy
On the 8 of March
Be happy, Be happy
On the 8 of March

Ал, оқушылар 8- наурыз мерекесі туралы не білеміз? Соған қлақ түре отырайық!

1-оқушы : 1908 жыл. 8 - наурыз. Көктем күні еді. Нью - Йорк жұмысшы әйелдері жұмыс уақытын қысқартуды, жалақыны көбейтуді талап етіп демонстрацияға шықты. Осы оқиғадан кейін 1910 жылы Копенгагенде жиналған социалист әйелдердің 2 - халықаралық конференциясы 8 - наурызды Халықаралық әйелдер күні ретінде мерекелеуге шешім қабылдады. Биыл 105 жыл толып отыр.

2- оқушы: Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды. Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана деген кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді, аяйды. Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз!

Ән: __________________________________

3- оқушы:
Айналасына ас қатып,
Изенді көлдей шалқытқан
Қасын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан
Бұл кім? АНА

4- оқушы:
Анам мені «айым» дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді.
Анам мен «күнім»- дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажылмай.

5- оқушы:
«Жаным» - дейсің мені,
Жаратушым бір сен
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең,
Бәрі: Айналайын, ана
«Құлыншағым» - деп мені
Құрақ ұштың дәйім
Қамқоршым - ау, сені
Бәрі: Айналайын ана!

6- оқушы:
Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқанда білінбейтін
Маңдайынан иіскеп менің
Құлыншағым, күнім дейтін.
Тойға барсақ болғаны,
Есіңе мені аласың
Тәтті - тәтті тағамды
Маған сақтап қоясың.
7- оқушы:
Ата - бабам айтым кеткен о бастан,
Өмір - тірлік ұрпақтармен жалғасқан.
Деп айтыпсыз мен туғанда жан әке,
Өмірімнің онда мен өзегімін жалғасқан.
Балалықтың бал шағын анам маған сыйлаған,
Әлдиіне қуанып, бесік жырын тыңдаған
Қуат алып сіздерден болашаққа аттанамын,
Ата - анамның үміті Еркеназ қызы мен болам.

8- оқушы:
- Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет еш қашан сөнбек емес. Ақ жаулықты аналарымыз өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының жылы ұйытқысы және де алтын діңгегі. Мынау танымсыз тіршілігімізбен, кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы, базарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де ақ жаулықты аналарымызға арналады. Құрметті асыл аналар, аяулы ұстаздар, ару қыздар, сіздерді төл мерекеңізбен құттықтай отырып сізге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, жанұяңызға береке бірлік, әрқашанда көктемдей құлпырып жүре беріңдер! Өз бүлдіршіндеріңізді биіктерден көріп, қуанышына тоймай жүре беріңдер!

Мұғалім: Құрметті ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі аналар мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Келесі кездескенше, ұош-сау болыңыздар!!!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал