7


  • Учителю
  • Научная работа на тему 'Таиғат - тал бесік'

Научная работа на тему 'Таиғат - тал бесік'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚР білім және ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы

Жамбыл атындағы мектеп - лицейі

Тақырыбы: Табиғат - алтын бесік


Бағыты: Жаратылыстану математика

Секция: Биология

Орындаған: 11 сынып оқушысы Қалжан Аян


Жетекшісі: Биология пәнінің мұғалімі

Иманберді Сусар

Табиғат - тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. «Табиғат, Жер Ана, атамекен, туған жер, ауылым» деген - бір - бірімен тамырлас әрі тағдырлас. «Туған жер» деген сөзде терең ұғым бар, ол - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Түптеп келгенде адамның өзі де табиғаттың туындысы. Олай болса, табиғаты корғау, адам мен қоғам табиғат жүйесін дұрыс менгеру, яғни - бүгінгі таңдағы көкейкесті негізгі мәселе - экология

мәселесі.

Халқымыздың мынадай мақалдары: « Жері байдың, елі бай,» «Тырна көлге қонады, ара гүлге қонады,» «Балдырлы көлде балық көп,» «Жылан ала жіптен өтпейді,» «Балық сұлтаны бекіре,» «Ақбөкен сахараның ботагөзі,» «Киіктің киесі ұрады» -деген секілді жануарлар тіршілігіне байланысты парасатты ойлар табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

Ата-бабаларымыз бала бойында балалық шақтан қоршаған ортаға, табиғатқа деген дұрыс көз қарас, құрмет сезімін қалыптастырып отырған. Қоршаған тіршілік ортасын ата-бабаларымыз біздерге сан ғасырлар бойы бүлдірмей, ластамай, көркейтіп жеткізді. Ал біздер кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз?

Ата-бабаларымыз табиғатқа жасалған қастандықты обал деп, ал оны аялап, баптауға арналған істі сауап деп түсіндіру арқылы табиғаты бізге бүлдірмей сақтап жеткізді және көзінің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған жерінің асты-үсті тұнған байлық. Бірақ ұқыпсыз пайдалану мыңдаған жылдарға кететін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соқтыруда. Адам - табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді. Өлі табиғатқа - ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын жыныстар жатады. Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, бунақденелілер, құстар , балық, аң мен біздер адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өз қалдықтарымен өлі табиғатты байытып отырады. Табиғаттың өте тамаша қасиеті өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімізсіз-ақ табиғатты тазарта алады. Ол адам баласының қажетін тек уланбаған тап-таза қалпында ғана өтейді. Қысқасы, таза табиғат біздің ырыс - құтымыз. Ал ластанған табиғат бізге қасірет, өлім әкеледі. Таза табиғат үшін күрес - адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы экологиялық дағдарыс. Бұл ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден-бір жолы табиғаттың тозуына қарсы бірлесіп күресу. Қазақ халқында мынадай мақал бар: «Ел біріксе,алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ» демекші табиғатқа сүйіспеншщілік қасиетінің қалыптасуы әркімнің өнегелі іс-әрекетінен басталады.

Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем алдында экологиялық апат алдында тұр. Табиғаттың ластануына кінәлі адамзат. Барлығы да адам қолымен жасалған істер. Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз « Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

Адам табиғаттың қаласа досы, санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады.

Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі- экологиялық

мәселелер табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану

болғандықтан,Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып отыр.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлініп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселесі екенін атап көрсеткен.

Табиғатты қорғайтын да, ластайтын да - адам. Қоршаған орта сапасы, негізінен адам денсаулығымен бағаланады. Адам денсаулығын сақтау, адамның ұзақ өмір сүруіне қажетті жағдай жасау- қоғамның басты міндеті.

Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттігі туындауда. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша 10% дәрігерлік көмекке, 15% тұқымқуалаушылыққа, 25% қоршаған ортаға, 50% өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.

Тұрмыстық қалдықтарға қағаз, тамақ, шыны, металл, тоқыма бұйымдар, пластмасса, резенке өнімдерінің қалдықтары жатады. Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей жатып алады екен. Мамандардың сараптауынша осы тұрмыстық қалдықтар күн сайын жидіп,езіліп ауа бассейніне адам ағзасына зиян тигізетін аса улы газдарды бөліп шығарады екен. Қасиетті қазақ даласының күл- қоқыс қаласына айналып бара жатқаны шындық. 40 жыл бойы көкірегін қарс айырған атом бомбасының 500-ден астам ядролық сынақтарынан сызат алған, жарты ғасырдан бері Байқоңырдан үздіксіз ұшырылатын ғарыштық зымырандар зіркілінен зәрезап болған, айдыны тартылып, топырағы эрозияға ұшыраған ұлы дала енді тұрмыстық, химиялық, техногендік, ядролық қалдықтар қоймасына айналар қәсіретін көтере алмайды.

Қазақ «Жер жарасы- жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Қазақстан 50 елдің құрамына, ОБСЕ-ге мүше, яғни бір сөзбен айтқанда, дамыған елдердің қатарына кірген. Экономикасы дамыған ел десек те болады. Бірақ экономикасы дамығанымен, қоқыс қалдықтары даулы мәселеге айналуда.

Ауаның құрамы осы үйілген қоқыстан бөлінген түрлі улы газдардан өзгеріске ұшырап отыр. Осы зиянды заттар ағзаға шекктен тыс көп түссе, ағза тіршілігін жою мүмкін. Ластанған ауа адамдардың ішкі мүшелеріне өтіп, денсаулыққа зиян тигізуде, яғни адамның өмір сүруін жылдан-жылға қысқартуда. Улы заттар көбіне тыныс мүшелерінің - өкпе мен қолқаның қызметін бұзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 литр ауа өткізсек, онда ауаның құрамындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі. Адамдардың арасында өкпе, тыныс жолдарының қабынуы, өкпе ісіктері, ентіккпе ауруларына шалдыққандары басым.

Қазақстанның қай түпкірінен экологиялық зардаптарына ұшырамай, қасіретін тартпай отырған бірде-бір елді мекенді табу қиын.

Қоршаған ортаның ластануына қалалардағы өндіріс орындарының мұржаларынан шығатын түтіндер мен автокөліктерден бөлінетін иісті газдардың да үлесі мол. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмір қышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады. Сондықтан көше бойлай ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту, ауының тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады. Бұл іске мектеп оқушылары тиісті үлесін қоса алады.

Табиғатта тіршілік атауы артында ұрпақ қалдырып, өз өмірін ұрпақ арқылы жалғастырады. Оның ішінде адам баласының кейінгі өз ұрпағының болашағына немқұрайлы қарап, тағдыр тәлкегіне қалдыруға еш құқы жоқ. Бүгінгі таңдағы бүлдіршін бөбектердің денсаулығына көңіл бөлген дұрыс.

Егер осы уақытқа дейін адам баласы табиғатты көзсіз бағындырумен оны оңды - солды талан таражға салу мен келсе, енді табиғатты қалпына келтіруге жұмылдыруі тиіс. «Ел иесіз болса, құт кетеді, Жер иесіз болса, жұт жетеді.» Табиғат ананың зәріне ұшырамай тұрғанда жерімізге иелік етіп, аялай білейік.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал