7


  • Учителю
  • Ашық сабақ тақырыбы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар

Ашық сабақ тақырыбы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: Қалпақшалы саңырауқұлақтар



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1. Оқушылардың саңырауқұлақтар дүниесі

бойынша алған білімдерін саралай отырып, қалпақшалы саңырауқұлақтардың пайдасы мен зиянын түсіндіру

Дамытушылық: 2. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған

білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген

белсенділігін арттыру, кітап оқуға деген қызығушылығын

арттыру, білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: 3. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын

дамытуға, еңбектенуге, табиғатты аялауға, өзара білімдерін тексеріп

бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас

жасауға тәрбиелеу



Сабақтың түрi: аралас сабақ

Көрнекті құралдар: 6-сынып оқулығы, плакаттар, суреттер, интерактивтi тақта, саңырауқұлақтар макеті



Пәнаралық байланыс: География

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңi

II. Үй тапсырмасын тексеру «Кім тапқыр» ойыны

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру

IV. «Кім дұрыс жинайды?» дидактикалық ойыны.

V. Мағынаны таны (мәтінмен жұмыс)

«Кубизм» әдісі

VI. Кесте толтыру

VII. Үйге тапсырма

VIII. Бағалау







І. «Кім тапқыр» ойыны

1. Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар?

2. Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? Олардың бірінен-бірінің

айырмашылығы неде?

3. Мукордың пеницилиннен айырмашылығы қандай?

4. Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы бар?

5. Зең саңырауқұлақтарыныан қалай сақтануға болады?









Жаңа сабақ

</

Саңырауқұлақтардың түрлері





Жеуге жарамды саңырауқұлақтар Улы саңырауқұлақтар

Паразит саңырауқұлақтар





Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрылысы



1 - қалпақша

2 -қалпақша асты

3 - белдеуше сақина

4 - түбiртек

5 - түбiртек жiпшесi

6 - жiпшумақ

7 - жiпше

Саңырауқұлақтар қарағай, самырсын, көк терек, қайың, қарағаш сияқты орманда, ағаштардың түбінде кездеседі.Саңырауқұлақтар ауа райы ылғалды және жылы болса, жақсы өседі. Күннің жарығын керек етпейді. Өйткені оларда хлорофилл болмайды. Өсімдіктердің даяр ағзалық заттарымен қоректенеді.

Қалпақшалы саңырауқұлақтардың денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады. Оны жемісті денесі дейді. Жемісті денесінің мөлшері әрқилы. Қалпақшасының диаметрі 0,2-0,5 сантиметрден 72 сантиметрге дейін жетеді. Ал ақ саңырауқұлақтың жемісті денесінің салмағы 2 кг 720 г, қалпақшасының диаметрі - 57 сантиметрге дейін болады. Жемісті денесі жіпшумақтан өсіп дамиды. Жіпшумағы топырақ арасында көрінбей жатады. Жіпшесін микроскоппен қарасақ, оның бір қатарға орналасқан ұзын жасушалардан тұратынын көреміз. Жіпшесінің жасушалары екі ядролы. Жіпше жақсы өсу үшін ауа, ылғал, жылу қажет. Сондықтан жіпшесі топыраққа терең енбей, 6-12 см тереңдікке ғана таралады. Саңырауқұлақтың жемісті денесі біріне-бірі тығыз ұйыса орналасқан жіпшумақтан тұрады. Түбіртегіндегі жіпшумағы біркелкі, ал қалпақшасындағы жіпшумағы екі қабат құрайды. Үстіңгі қабаты жылтыр, түрлі түсті реңді болса, астыңғы қабаты түтікшелі және қатпарлы болып келеді. Түтікшелісаңырауқұлақтардың қалпақшасының астында майда шұрықтар болады. Ол шұрықтар жіңішке түтікшелермен байланысты. Мұндай саңырауқұлақтар түтікшелі саңырауқұлақтар деп аталады.

Саңырауқұлақтар Арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйық саңырауқұлақтарының қалпақшасының астыңғы беттері түбіртектен шоқталып тараған қатпарларға толы екенін көреміз. Мұндай саңырауқұлақтардықатпарлы саңырауқұлақтар деп атайды. Жемісті денесі жаңбырдан соң 10-12 күнде жетіледі. Қорек заттардың біразын жіпшелер арқылы ормандағы қарашірікке бай топырақтан сорады. Біразын өзі өсіп тұрған ағаштың тамырынан алады.

Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбесуі. Сендер орманға барғанда қалпақшалы саңырауқұлақтардың белгілі бір ағаштардың түбінде өсіп тұрғанын байқаған боларсыңдар. Мысалы, ақ саңырауқұлақ тек қайың, қарағай, шырша маңында өссе, көктерек саңырауқұлағы көктеректің түбінде, арышқұлақтар қарағай мен шырша ормандарында өседі. Бұл жай кездейсоқтық емес, көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар ағаштардың тамырымен селбесіп ,микориза (грекше: «микос» - саңырауқұлақ, «ризос» - тамыр) түзеді. Саңырауқұлақтың жіпшелері ағаштың тамырын айнала қоршап алады. Тіпті тамырдың ішіне енеді, топырақтан су мен минералды заттарды сорады. Ол ағаштың тамырына өтіп, ағаш арқылы фотосинтез процесіне қатысады. Ағаштан саңырауқұлақ өзінің тіршілік етуіне қажетті ағзалық заттар алады. Осындай екі ағзаның пайдалы селбесуін симбиоз (селбесу) дейді. Тамырында микоризасы жоқ ағаштар өте баяу дамып, түрлі аурулармен тез зақымданады.



Микориза

Қалпақшалы саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді. Споралары өте майда және ол қалпақшасының астында пісіп жетіледі. Олар ауа толқыны, жел арқылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтың споралары суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Топырақта бірнеше ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай сақталады. Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер дамиды. Жіпшелері ұзарып, тарамдалып, жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан жемісті дене жетіледі.

Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге болмайды. Өткені ол улы. одан шыбындар да қорқады, шыбынжұт саңырауқұлағына шыбындар қонса болды өліп қалады. Ал Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты, қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңыр түсті болып келеді, сабағы ашық сары түсті болып келеді.Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ.

Жидектерді көрсетіп түсіндіріп өтемін.

Қазір орманға барғанда тек жеуге жарамды саңырауқұлақты және жидекетерді жинаймыз. Жарайды ма балалар!

IV. «Кім дұрыс жинайды?» дидактикалық ойыны.

Екі себетке екеуіне балалар жарамды саңырауқұлақ жинайды.

Төрт топқа оқушыларды бөлемiз:

І топ: Қозықұйрық

ІІ топ: Түлкіжем

ІІІ топ: Көңілкеш

IV топ: Түбіртек



ІІ.Мағынаны таны (мәтінмен жұмыс)

«Кубизм» әдісі

Сипатта Баянда Салыстыр Зертте

Оқушылар мәтінмен қосымша танысып, түсінгендерін постерге салып қорғайды

VI. Кесте толтыру

VII. Үйге тапсырма

VIII. Бағалау







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал