- Учителю
- Сабақ жоспары, презентация 'Үлкен тоспаұлу' 7-сынып
Сабақ жоспары, презентация 'Үлкен тоспаұлу' 7-сынып
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Шет жалпы орта білім беру мектебінің, биология пәнінің мұғалімі Амирханова Назира Комекбаевна
Сабақтың тақырыбы: Үлкен тоспа ұлу және жалаңаш шырыш.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Үлкен тоспаұлуының сыртқы және ішкі құрылысымен таныстыру және басқа да бауыраяқты моллюскалар туралы тусіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімі мен білік дағдысын дамыту. Білімге деген қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілігі: табиғатты қорғауға, аялауға және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу
Сабаққа керекті құрал-жабдықтарын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ-жауап:
-
Тип неліктен буылтық құрттар деп аталған?
-
Буылтық құрттардың жұмыр құрттардан айырмашылығы қандай?
-
Шұбалшаңның тіршілік ету қалпы қандай?
-
Тұйықталған қан тарату жүйесі дегеніміз не?
-
Гирудин деген не? Оның қандай әсері бар?
ІІІ.Қызығушылықтарын ояту
Бекінген бір тау теке тұшалау үйге,
Құдайым оны салды мұндай күйге.
Күн шықсма жатады салқын үйде,
Күн жауғанда кетеді жапан түзге.
Ұлу
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Ұлудың аяғы дененің бауыр жағында болады (кластың бауыраяқтылар деп аталуы сондықтан)
Ұлудың сыртын тері қатпаршақ мантия қаптаған. Тұлғаның алдыңғы жағы басқа айналған.
Қоректенуі. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Оның жұтқыншағында бұлшықетті тілі орналасады, тілінің үстін қатты тісшелер қаптап жатады. Ас жұтқыншақ пен өңеш арқылы қарынға, одан кейін ішекке түседі.
Тыныс алуы. Тоспаұлу суда мекендесе де ауадағы оттегімен тыныс алады. Тыныс алу үшін ол судың бетіне көтеріледі де, дененің оң жағындағы бақалшақтың шетінде орналасқан дөңгелек тыныс тесігін ашады. Ол мантияның ерекше қалтасына өкпеге қарай бағытталады. Өкпенің қабырғаларын көптеген қантамырлары торлап жатады. Мұнда қан оттегіне қанығып, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Моллюска тыныс алу үшін су бетіне бір сағатта 7-9 рет көтеріледі.
Қан айналымы. Өкпенің жанында бұлшықетті жүрек орналасады, ол екі бөлімнен-құлақша мен қарыншадан құралған. Олардың қабырғалары кезектесе (минутына 20-30 рет) жиырылып, қанды қантамырларына айдап тұрады. Сөйтіп моллюсканың буылтық құрттардан ерекшелігі-оның қан тамырлар жүйесі ашық, өйткені қан үнемі қантамырынсыз ақ дене қуысына барады.
Зәр шығаруы. Тоспа ұлудың бір ғана зәр шығару мүшесі бар ол-бүйрек.
Нерв жүйесі. Жұтқыншақмаңы нерв түйіндері жиынтығынан тұрады.
Көбеюі. Тоспаұлулар-гермофродиттер. Олар жұмыртқаларын шырыштанған мөлдір жіпшенің ішіне салады да судағы өсімдіктерге бекітеді.
Теңіз және құрлық бауыраяқтылары.
Бауыраяқты моллюскалардың түрлері өте көп, солардың ішінде әсіресе бақалшақтары әдемі болғандықтан, теңіз моллюскалары бізге көбірек таныс.
Құрлықта жалаңаш шырыштар мекендейді, олар көп шырыш бөліп шығаратындықтан да осылай аталған. Оларда бақалшақ болмайды. Жалаңаш шырыштар ылғалды жерде тіршілік етіп, өсімдіктермен қоректенеді. Көптеген жалаңаш шырыштар саңырауқұлақтар мен қоректенеді кейбіреулері егістіктерде, огородтарда кездеседі де мәдени өсімдіктерге зиянын тигізеді. Жүзім ұлуы көпке әйгілі, оны кейбір елдерде тағам ретінде пайдаланады.
Оқушылармен жұмыс түрлері
Кубизм әдісі. Бұл тапсырманы оқушылар өз беттерінше орындайды, тақырыпты салыстырып, суреттеп, ортада талқылайды.
І топ:
1
Зерттеңіз
Тоспа ұлудың ішкі құрылысын
2
Салыстырыңыз
Буылтық құрттар мен Тоспа ұлуды
3
Суреттеңіз
Тоспа ұлудың сыртқы және ішкі құрылысын
ІІ топ:
1
Түсіндіріңіз
Бақалшақ мантия дегеніміз не?
2
Талқылаңыз
Қоректенуі және қанайналымын
3
Біліңіз
Теңіз және құрлық бауыраяқтыларын
Бекіту:
1-тапсырма
Тест сұрақтары
1.Келесі жұмсақ, үш қабатты, екі жақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер:
А) Шұбалшаң.
В) Ішексорғыш.
С) Ұлу.
D) Қылқұрт.
Е) Миқұрт.
2.Ұлулардың қозғалу мүшесі:
А) Қозғалып жүру.
В) Бақалшақ.
С) Жүзу.
D) Аяқ.
Е) Секіру.
3.Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат:
А) Апта жасуша.
В) Қармалауыштар.
С) Шапанша (мантия)
D) Қуыс.
Е) Тері асты қабаты.
4.Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі ерекше без:
А) Қылтамақтар.
В) Анал тесігі.
С) Ашішек.
D) Бауыр.
Е) Шапанша.
5.Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан оны бауыраяқты ұлулар класына жатқызады ол:
А) Тоспаұлу.
В) Айқұлақ.
С) Мидия.
D) Сегізаяқ.
Е) Кальмар.
2-тапсырма.
Қорапшадан шыққан бас қатырғылар
1.Тоспаұлудың көбеюі қалай жүреді?
2.Зәр шығаруын қандай мүше атқарады?
3.Тоспа ұлуының денесі неше бөліктен құралған?
4.Не себептен жалаңаш шырыштылар деп аталады?
Үйге тапсырма беру: Теңіз бауыраяқтылары туралы қосымша ақпарат алып келу.
Бағалау: