7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары 'Сезім мүшелері' 8 сынып

Сабақ жоспары 'Сезім мүшелері' 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сезім мүшелері.Көз-көру мүшесі

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері.Көз-көру мүшесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға,көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге,оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Көзді сақтай отырып,ойлау қабілетін,ойы мен тілін дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а/Оқушыларды түгелдеу.
ә/Психологиялық дайындық

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (сұрақтар арқылы)

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту

Жұмбақ шешкізу.

Жақсы -жаман нәрсенің

Ол бәрін де көреді.

Жақсыларын ішінен

Саған айтып береді. (Көз)

Көз туралы не білеміз?

көз

б/Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік беру.

Миға ақпаратты жеткізетін қандай мүше? Сезім мүшелері

Сезім мүшелеріне нелерді жатқызамыз?

Сезім мүшелері

Көз

Құлақ

Мұрын

Тіл

Тері

Заттың пішінін,түсін,мөлшерін ажыратады. Кино қарайды,кітап оқиды.

Дыбысты қабылдайды.шуды,сыбдырды,музыканы т.б

Иісті сезеді, ажыратады.

Дәмді ажыратады.қорғаныш қызметін атқарады.

Қорғаныш қызметін атқарады. Сипап сезу мүшесі.

/ Көз -көру мүшесі туралы түсінік беру.

Адам көзбен заттың пішінін,түсін,мөлшерін ажыратады.Айналадағы әлемнің әсемдігін көреді, кітап оқиды,теледидар қарайды.Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80-90 %-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабақтан тұратын шар тәрізді мүше.

Сыртқы қабық: Көзге пішін береді,жарық сәулесін өткізеді.

Ортаңғы қабық: қантамырлы нұрлы қабық. Ортаңғы қабықта қарашық орналасқан.Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Нұрлы қабық бояғыш заттарға бай. Бояғыш заты аздау көз-көк немесе боз түсті болып келеді.

Ішкі қабық: Торлы қабық та жарықты қатты сезетін жасушалар орналасқан.

Көздің қосымша мүшелеріне - кірпік, қас,қабақ, бұлшықеттер,жас бездері жатады.

Қабақ пен кірпік

Бұлшық еттер

Жас бездері

Қас

көзді шаң тозаңнан,қоқымнан,сұйық тамшылардан қорғайды.

Көзді жоғары -төмен,ішке-сыртқа қарай қозғалтып тұрады.

Ұдайы жас бөледі.Көзді ылғалдап,жылытады.

Аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады.

Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы : 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45-50 жаста 33 см қашықтықтан жақсы көреді. Ал, 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді.Алыстағы көргіштік көбінесе қарт адамдарда кездеседі.

Оқушыларға көзді күте білудің ережелерін тізбектей оқытып түсіндіру.

-Жазғанда жарық сол жақтан түскені дұрыс.Оқығанда кітап,дәптер көзден 30-35 сантиметр қашықтықта болуы керек.

-Жатып оқу,жазу,алагеуім жарықта оқыған зиян.

-Күн сәулесі,электр шамының жарығына тік қарауға болмайды. Көздің жанарын әлсіретеді. Жасыл түс көзге пайдалы.



Көз аурулары

Глаукома

Катаракта

Көз қарығуы

Көз қуыстарындағы сұйықтық қысымының көтерілуі

Көздің мөлдірлігінің көмескіленуі

Көздің сілемейлі қабығы қабынады.

Көз ауруын емдейтін дәрігерді-окулист деп атайды.

Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем:

Егер көзге бөгде зат түссе,дереу қайнатыл,ған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу. Көзге қышқыл,сілті сияқты сұйықтықтар тисе,суды ағызып қойып жуу керек. Көзді ешуақытта қолмен уқалауға,сүртуге болмайды.,тек таза,жұмсақ шүберекпен сүртеді. Сондай-ақ ерте кезде әжелеріміз халықтық емдерді қолданған Мысалы көзге бөгде зат түссе,тіл салу арқылы алған.

Сен білесің бе? Көз туралы қызықты мәліметтер

-Жағымды заттар көргенде адамның қарашығы 45% дейін ұлғаяды.

-Ер балаларға қарағанда қыз балалар көзін екі есе жыпылықтатады екен.

-Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.

-Көк көзділер ауруға сезімталдау.

-Тез оқығанда көз аздау шаршайды.

-Көз астына қарағанда үстінде кірпік көптеу.

-Аралардың көзі бесеу болады. Екі үлкен,үш кішкентай.

-Ал құмырсқалар болса жұлдыздарды күндізде көре алады екен.

-Шаянның көзі антенна сияқты шошайып шығып тұратын бұтақшаларында орналасқан.Тіпті құйрығында да орналасқан көзі бар екен.

Сергіту сәті: Көзге арналған жаттығулар орындау.



Сабақты қорытындылау

Сұрақтарға жауап беру

1.Көру деген -бұл:а/ әдемі көзілдірікә/ әдемі көз б/ алыстан жакыннан көру

2.Көз неше қабықтан турады?а/2 ә/3 б/4

3.Қабақ пен кірпіктің қызметіа/ шаң,тозаңдардан қорғайды ә/ жас бөледі

б/ көзді қозғалтып турады

4.Көз кітап пен дәптерден неше сантиметр қашықтықта болу керек? а/10-12см ә/20-25 см б/30-35 см

5.Қандай түстер көзге пайдалы? а/ақ ә/жасыл б/көк

V Үйге тапсырма беру Үйден мәтінді оқу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал