- Учителю
- Отбасылық тәрбие (5 класс)
Отбасылық тәрбие (5 класс)
Форма: ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Отбасылық тәрбие.
Отбасылық тәрбиенің стилі және оның бала дамуына тигізетін ықпалы.
Мақсаты: Отбасы арасында жақсы ата-ана болу жолына ықпалымызды тигізу, отбасылық жауапкершілікті сақтауға шақыру.
"Отан - отбасынан басталады" дейді қазақ халқының мақалы. Отбасында тәрбие алу - әрбір адамның жеке тұлға, азамат және Адам ретінде қалыптасуының "алфасы мен омегасы" болып табылады.
Бала үшін отбасы- оның туған ұясы, өмір сұретін негізгі ортасы. Отбасы- белгілі бір психологиялық ахуал, бұл бала үшін адамдармен қарым-қатынас жасау мектебі. Дәл осы отбасыда баланың жақсылық пен жамандық , тәртіптілік, материалдық және рухани құндылықтарға сыйластықпен қарау туралы түсіністіктері қалыптасады.
Психология саласының мамандары ата-ана мінез-құлқының бірнеше стильдерін бөліп қарастырған:
1) Отбасылық тәрбиенің индифференттік түрі (мұндай ата-аналар балалар үшін ешқандай шектеулер қоймайды, жеке бастың мәселелерімен айналысып жүреді, ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАБЫҚ БОЛАДЫ.)
2) либералдық түрі (енжарлық)- бақылау деңгейі төмен, бірақ қарым-қатынастары жылы.
3) авторитарлық /өктемшіл түрі- бақылау деңгейі жоғары, салқын қарым-қатынас.
4)Отбасындағы гипер қамқорлық- шектен тыс қамқорлық жасау, баланы назардан тыс бір минутта қалдырмайды.
Тәрбиенің бұл стилі қаншалықты тиімді болады, айтыңызшы?
Оның жақсы жақтарын неден көресіз?
Кемшіліктері неден көрінеді?
5) Бейберекеттік стиль (тиянақсыз басшылық)- балаға деееген анық, нақты талаптың қойылмауы, ата-аналар арсындағы келіспеушілік.
6) Беделді тәрбие- жылы қарым-қатынас пен бақылаудың жоғары деңгейін көрсетеді.
Баламен үнемі терең психологиялық байланыс- тәрбие деген жан-жақты талап,ол біркелкі дәрежедебарлық ата-анаға ұсынылған , бұл қарым-қатынас кез-келген жастағы балаларға өте қажет.
Отбасылық тәрбиенің қиындық туғызатын мәселелері біз өмір сүретін қоғамның басты проблемалары болуы мүмкін. Сондықтан, өзінің ұлттық қайта өрлеуі кезеңінен өтудегі тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған басты міндетін айқындауда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, негізгі орын әрине отбасыға беріледі, бірақ мемлекетте де бұл мәселеде шет қалмау керек. Бала бақшасынан бастап мектепте, колледжде немесе жоғары оқу орында жастарды тек (б) қана оқытып қоймай тәрбиелеуіміз қажет. Атақты орыс ғалымы Лев Гумилев өз кезінде " халықтың күші оның санында емес ұрпақтары мен әлемге мұра ретінде қалдырған рухани мәдениетінде" деп атаған еді.
Отбасындағы қарым - қатынас және оның бала тұлғасына ықпалы.
Отбасындағы қарым - қатынас оның өмір сүру қызметінің негізгі кезеңі болып табылады. Отбасыда қарым - қатынас барда, онда отбасылық жайлылық та бар. Адамдар бір-бірімен байланысын үзсе, бірін-бірі түсіне алмайды.
Отбасылық қарым-қатынас теңізіндегі компасы болып келесі ережелер қарастырылады:
1. Отбасының әр мүшесін сыйлаңыз. Сыйлау - пікірімен, әдеттерімен, мүдделерімен санасу.
2. Бір-біріңізбен әңгімелесіп қоймай, тыңдай біліңіз.
3. Бір-біріңе жол беруді үйреніңіздер, демек, басқа адамның қажеттіліктерімен санасу керек.
4. Әдепті болыңыз.
5. Бәір-біріңізге деген өкпеңізді үшінші адамға айтпаңыз.
6. Жай - жайдан ренжімеңіз.
7. Отбасыңызбен келісіп алмай қонақ шақырмаңыз.
8. Отбасыдағы басқа мүшелердің жеке хаттарын оқымаңыз, бөлмесіне кірерде есік қағу керек.
9. Адамды (отбасы мүшесін) көзінше жамандамаңыз.
10. Ұрыс болмасын, аяқ асты болып қалса ұрыстан кейін ұзақ уақыт үндемей қоймаңыз. Сізге бұл қажет пе?
11. Бір-біріңізге қамқорлық танытыңыз.
12. Бір-біріңізді қорламаңыз, тіл тигізбеңіз.
13. Бейпіл сөздерді пайдаланбаңыз - ол өздеріне сенімсіз адамдардың қаруы.
2) Топтық жұмыс: "Қажеттілік пирамидасы"
3) тест орындау. Мен өзімді бақылай аламын ба?
Тест сұрақтары:
1. Сіз тез ашуланасызба?
а) өте тез;
ә) жоқ, бірақ өзіңізді ұстай алмасаңыз, қайта қалпыңызға келуге біраз уақыт керек болады;
б) өте қиын;
в) егер өзіңіз қаласаңыз ғана.
2. Ойланбастан бір нәрсені айтып қалатыныңыз қаншалықты жиі болып тұрады?
а) олай болуын қаламасам да, жиірек болады;
ә) сіз әрдайым ойыңыздағыны айтасыз;
б) сирек;
в) ешқашан.
3. Алдап-арбаудың құрбаны рөлінде болып көрдіңізбе?
а) бұл сіздің әрдайым орындайтын рөліңіз деп сезіктенесіз;
ә) сирек-сіз адамдарды тани білесіз;
б) бір күні болған;
в) әзірше болған жоқпын.
4. Сіз адамдармен қажетті тіл табыса аласыз ба?
а) жоқ, табыса алмайтын шығармын;
ә) сізге бұл қажет емес;
б) жоқ;
в) өте жеңіл.
5. Өз шешіміңізді жиі өзгертесіз бе?
а) ие;
ә) сирек;
б) жоқ;
в) егер одан да тиімді нұсқа болса, шешімімді өзгертем.
6. Сіз қалай ойлайсыз, табиғат сізге актерлік шеберлікті сыйлады ма?
а) сізге солай сияқты, иа-сіз өте сезімталсыз;
ә) онша емес;
б) жоқ;
в) иа, барынша.
7. Айналадағыларға өзіңіздің армандап жүрген жоспарыңыз жайлы айтасыз ба?
а) әрине;
ә) тек қана ең жақын достарыма;
б) ол жайында үндемегенді қалаймын;
в) егер осы жоспарды жүзеге асыруға әңгіме қажет болса ғана.
8. Дөрекілікке қандай әрекет жасайсыз?
а) жылауға дейін барып, ренжисіз;
ә) дөрекі адамға не ойлайтыныңыздың бәрін айтасыз;
б) суық көзқарасыңызбен адамды бір мезетте-ақ орнына қоясыз;
в) ренжіткен адамды істеген ісі үшін өкіндіртесіз.
9. Жаңа жағдайға жеңіл бейімделесіз бе?
а) өте жеңіл;
ә) әр жағдайда әр түрлі;
б) жоқ;
в) тіпті жеңіл бейімделемін.
10. Жаңа адамдармен танысу сіз үшін:
а) өмірден алған әңгімелеріңіз бен оқиғаларыңыз белгісіз жаңа тыңдаушыны табуға себеп;
ә) қызықты жағдай, мүмкін лайықты әңгімелесуші болып қалар;
б) шаршататын жағдай;
в) басқа аумақты жаулау.
Жауаптары.
"А" жауабы. Өте жоғары эмоционалдығыңыздың себебінен сіз өзіңізді бақылай алмайсыз.
Кез-келген ұсақ-түйек нәрсені сіз көңіліңізге ауыр аласыз және тез арада тас-талқан ашуланасыз. Сондықтан, сіздің мінез-құлқыңыз үнемі бірқалыпты емес, сізге кейде жағдайды мінеп-сынаудан да бас тарту қиынға соғады. Сіздің түріңізге қарап, тіпті, кішкентай баланың өзі-ақ, терең ойларыңызды оқи алады. Достарыңыз өз құпияларын қоғамға жариялаған соң ғана барып, сізге айтады. Көптеген адамдар сізді дұрыс қабылдамайды және сізді үлкен бала деп санайды. Әзірше жас болғандықтан - бұл адамдардың жүрегін жаулауға көмектеседі, себебі турашылдықтың алдында бас иетін адамдар көп кездеседі. Бірақ, мансап баспалдағы туралы ойланған кезде сіз өзіңіздің пікіріңізбен ешкімнің санаспайтындығын таң қалумен байқайсыз, сөйтіп, қанша тырыссаңыз да, мүлдем іскер емес адамның бетпердесін алып тастау мүмкін еместігіне көзіңіз жетеді.
"Ә" жауабы. Сіз өзіңізді қалай ұстау керектігінің жолын қалауыңызша құрастыра аласыз. Бірақ мінезіңіз ашық болғандықтан, турашылдықты ұнатасыз. Айналадағылар сізді өзіңіздің қалауыңызша қабылдайды, бірақ өз жаныңызға терең үңіліп қарауға тырыссаңыз, сіздің мақтаулы турашылдығыңыздың мүлдем қажеті жоқтығын көресіз, ол жай ғана сіздің құндылық жүйеңізге сәйкес келеді. Сіз қажет емес жағдайда ащы шындықты айтпай-ақ, үндемей қалуға қабілеттісіз, бірақ бұл әдеттен арылу қиынға соғады. Оның үстіне бедел - бейнеңіз міндеттейді.
"Б" жауабы. Сіз тұйық адамның бейнесін саналы түрде таңдап алғансыз, оған ешкімнің үңілуіне мүмкіндік жоқ. Өз бейнеңізді бір қалыпта барынша ұстай аласыз, және де егер өзіңіз қаламасаңыз ешкім сіздің жаныңызда болып жатқан құбылыстар туралы біле алмайды. Және екіжүзділікке де барған емессіз. Сіздің әрбір сөзіңіз мұқият өлшеулі, ал әрекеттеріңіз ойланып істелінген. Бірақ сіз өзіңізбен-өзіңіз болудан қашқақтау арқылы өмірде өзіңізді қуаныштың біршама үлесінен шеттетесіз. Сізді адамдар сыйласа да, қорқынышпен қарайды және сырт айналады, себебі сізде кәдімгі адамға тән әлсіздіктер өте аз.
"В" жауабы. Сіз өзіңізді тамаша бақылай аласыз, кез-келген рөлді өзіңізге қабылдай білесіз, бірақ сіз өмір сүрмейсіз, сахнада ойнағандай боласыз. Сіз туғаннан дипломат болып жаратылғансыз. Сіз үшін әлем - театр, ал адамдар-актерлар. Сіз өзіңіздің әрекеттеріңіз айналадағы адамдарға қалай әсер ететінін өте жақсы білесіз, және өзіңізді жағдайға байланысты ұстайсыз. Тіпті ең пайдасыз жағдайларда да сіз кішігірім мүмкіндігіңізді жіберіп алмайсыз. Екінші жағынан, сіз ешқашанда аяқ асты болатын қарқынды қуаныштарды, жоспарлы емес эмоцияларды сезіне алмайсыз, себебі, басқа бір нәрсеге бағдарламаланған машина өмірдің бұл қырын қабылдамайды. Сізді ешқашанда көктемнің алғашқы жаңбыры, алақандағы қар ұшқыны, мысықтың сеніммен еркелегендігі таң қалдырмайды, ал баланың қатты және ашық күлкісін сіз тәрбиесіздік деп бағалайсыз. Сізге ешқашанда бір көргеннен ғашық болуды сезіну мүмкіндігі болмайды, себебі сіз үнемі сақтықпен жүресіз. Нені сақтайсыз? Әрине, өзіңіздің жеке мүдделеріңіздің сақшылығында.
4)Үйге тапсырма:
-
Жиналыстан кейін 4 күн ішінде ешқандай шамадан тыс балаға дауыс көтермеу, ашу шақырмау, тапсырмаларды орындаудың басқа тәсілдерін ойластыору, ең бастысы-айқайсыз. Мысалы: "Менің айтқанымды істе" дегеннің орнына "Мен ұсынғандай істесем қайтеді" дегенді пайдалансаңыз.
-
Қатты ашуланған минуттарда баланы қарама-қарсы отырғызып бір минут бойы басынан аяғына дейін мұқият қарап,өзіңіздің мінезіңізге ұқсастығын байқаңыз.
5) Рефлекция:
1Бүгінгі кездесу сізге қандай көмегі болды?
2.Қай бөлігі ерекше қызықтырды?
-
Сіздің ұсынысыңыз пен тілектеріңіз?
Сауалнама
Мен өзімді бақылай аламын ба?
1. Сіз тез ашуланасызба?
а) өте тез;
ә) жоқ, бірақ өзіңізді ұстай алмасаңыз, қайта қалпыңызға келуге біраз уақыт керек болады;
б) өте қиын;
в) егер өзіңіз қаласаңыз ғана.
2. Ойланбастан бір нәрсені айтып қалатыныңыз қаншалықты жиі болып тұрады?
а) олай болуын қаламасам да, жиірек болады;
ә) сіз әрдайым ойыңыздағыны айтасыз;
б) сирек;
в) ешқашан.
3. Алдап-арбаудың құрбаны рөлінде болып көрдіңізбе?
а) бұл сіздің әрдайым орындайтын рөліңіз деп сезіктенесіз;
ә) сирек-сіз адамдарды тани білесіз;
б) бір күні болған;
в) әзірше болған жоқпын.
4. Сіз адамдармен қажетті тіл табыса аласыз ба?
а) жоқ, табыса алмайтын шығармын;
ә) сізге бұл қажет емес;
б) жоқ;
в) өте жеңіл.
5. Өз шешіміңізді жиі өзгертесіз бе?
а) ие;
ә) сирек;
б) жоқ;
в) егер одан да тиімді нұсқа болса, шешімімді өзгертем.
6. Сіз қалай ойлайсыз, табиғат сізге актерлік шеберлікті сыйлады ма?
а) сізге солай сияқты, иа-сіз өте сезімталсыз;
ә) онша емес;
б) жоқ;
в) иа, барынша.
7. Айналадағыларға өзіңіздің армандап жүрген жоспарыңыз жайлы айтасыз ба?
а) әрине;
ә) тек қана ең жақын достарыма;
б) ол жайында үндемегенді қалаймын;
в) егер осы жоспарды жүзеге асыруға әңгіме қажет болса ғана.
8. Дөрекілікке қандай әрекет жасайсыз?
а) жылауға дейін барып, ренжисіз;
ә) дөрекі адамға не ойлайтыныңыздың бәрін айтасыз;
б) суық көзқарасыңызбен адамды бір мезетте-ақ орнына қоясыз;
в) ренжіткен адамды істеген ісі үшін өкіндіртесіз.
9. Жаңа жағдайға жеңіл бейімделесіз бе?
а) өте жеңіл;
ә) әр жағдайда әр түрлі;
б) жоқ;
в) тіпті жеңіл бейімделемін.
10. Жаңа адамдармен танысу сіз үшін:
а) өмірден алған әңгімелеріңіз бен оқиғаларыңыз белгісіз жаңа тыңдаушыны табуға себеп;
ә) қызықты жағдай, мүмкін лайықты әңгімелесуші болып қалар;
б) шаршататын жағдай;
в) басқа аумақты жаулау.
5