7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Класс:8 «Ә»

Сабақ тақырыбы:Сезім мүшелері.

Мақсаты:
Білімділік:Сезім мүшелерінің түрлері, олардың құрылысы, атқаратын қызметі, ағзадағы маңызына тоқтала отырып, таным білімділігін арттыру.
Дамытушылық: Сезім мүшелерінің құрылысын, атқаратын қызметін, ағзадағы маңызын іс жүзінде көрсете отырып, пәнге деген қызығушылықтарын ояту арқылы дамыта оқыту.
Тәрбиелік: Сезім мүшелерінің гигиенасымен таныстыру арқылы әр түрлі аурулардың алдын алуға баулу, өз денсаулықтарын қадірлеуге, құрметтеуге баулу.
Көрнекіліктер: Сезім мүшелерінің нақпішіндері, сызбалар, графикалық диктант, тесттер, Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, физика, медицина, валеология.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі
2. Ұран, мақсатымен таныстыру.
3. Негізгі бөлім.
Жоспары: 1. Кіріспе. Сезім мүшелері.
2. Көздің маңызы, құрылысы, қызметі.
3. Есту мүшесінің маңызы, құрылысы, қызметі.
4. Тері және бұлшық ет сезімі.
5. Иіс сезу және дәм сезу
6. Қорытынды. Сезім мүшелерінің өзара әрекеті.
Ұран: «Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда». «Қарлы кесек» ойынымен басталады.
1. Бізді қоршаған дүние туралы ақпаратты қалай аламыз?
2. Анализатор дегеніміз не?
3. Анализатор терминін ғылымға енгізген ғалым?
4. Анализатор қандай бөлімдерден тұрады?
5. Қандай сезім мүшелерін білесіңдер?
Сөз кезегін сезім мүшелеріне берейік.


II.Жаңа сабақ.

1. Көрудің маңызы. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%- дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез - құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Көру арқылы жазуға, оқуға үйренеміз. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, балет, кескіндеме, кинодағы әдемілікті көреміз.
2. Көздің құрылысы. Көз алмасының пішіні шар тәрізді. 2/3 бөлігі бас сүйектегі көз шарасымен қоршалады. Көз алмасын солға, оңға, жоғары, төмен қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер арқылы көз шарасына бекінеді.

Ақ қабық көз алмасына пішін береді. Алдыңғы бөлігі қасаң қабыққа жалғасады. Қасаң қабық жарықты өткізеді. Тамырлы қабықта қан тамырлары көп. Ол көздің барлық ұлпасын қоректік заттармен, оттекпен қамтамасыз етеді. Тор қабықта жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар мен таяқшалар орналасқан. Қарашыққа қарсы жиналған құтышалар сары дақ, көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ дейді.
3. Көру қызметі. Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды. Көзді қимылдататын бұлшық ет заттың кескіні көздің тор қабығына, сары даққа дәл түсетіндей етіп көз алмасын қозғайды.

4. Көрудің бұзылуы. Жас өскен сайын адамның көру қабілеті өзгереді. Көзбұршақ өзінің өзгерту қабілетін жоғалтады. Шыны тәрізді денедегі су азаяды да, көз алмасы қысқарады. Жарық сәулесінің сынуы көздің тор қабығының шегінен шығады. Мұндай жағдайда алысты көргіштік - қырақтылық (дальнозоркость) дамиды. Көрудің кемістігі алыстан көрмеушілік - сығырлық. Бұл кезде көз алмасы ұзындау пішінді болып, сынған сәуле көздің тор қабығына жетпейді. Көз ауруының бірі - жұқпалы ауру көздің қарығуы (конъюнктивит). Бұл кезде көздің кілегейлі қабығы қабынады. Көз ауруларын емдейтін дәрігерді офтальмолог (грекше офтальмос - көз), кейде окулист (латынша окулус - көз) деп атайды.
5. Көз гигиенасы. Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы немесе көрмеуі көздің зақымдануынан болады. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.

1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру.
3. Шам жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30 - 35 см қашықтықта
ұстау.
5. Теледидарды 3 - 5 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
9. Темекі тартпау, зиянды әдеттерден аулақ болу.
10. Мектеп шеберханасында қорғаныш көзәйнек кию.
11. Шаң - тозаң, микробтардан сақтау.
6. Алғашқы жәрдем. Егер көзге бөгде зат түссе, дереу қайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне қарай жуу керек. Көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу керек. Қолмен уқалауға, сүртуге болмайды. Тек таза, жұмсақ шүберекпен сүрту керек.
Қорытынды: Адам үшін сыртқы дүниені тануда көру аса маңызды роль атқарады.
2. 1 Есту анализаторының маңызы. Адам туылғаннан бастап дыбыс әлемін қабылдай бастайды. Есту мен сөйлеу адамдар арасындағы қарым - қатынастың маңызды құралы. Есту мүшесі дыбыс пен тепе - теңдікті сезеді.
2. 2 Есту мүшесінің құрылысы.

Есту мүшесі
Сыртқы, Ортаңғы, Ішкі
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Құлақ қалқаны дыбыстарды қабылдауға бейімделген. Есту жолы құлақ қалқанын ортаңғы құлақпен байланыстырады. Сыртқы құлақ ортаңғы құлақтан дабыл жарғағы арқылы бөлінеді. Ортаңғы құлақ самай сүйегінде орналасқан, есту сүйекшелері бар тар қуыс болып табылады. Ортаңғы құлақ қуысы жұтқыншаққа ашылады. Ортаңғы құлақ қуысындағы қысым атмосфералық қысыммен бірдей. Дыбыс сүйекшелері - балғашық, төстік, үзеңгі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Сондықтан дабыл жарғағында пайда болған механикалық тербелістер ішкі құлаққа беріледі.
Ішкі құлақ самай сүйегінде тереңірек орналасқан жіңішке иірім өзек жүйесі. Ішкі құлақ есту иірімінен, жартылай иірім
өзектен, сопақша және домалақ қапшық - вестибула аппаратынан тұрады. Иірім екі жарым орам құрайды. Қабырғаларының бірі
24 мың талшықтан тұрады. Әрбір талшық өз дыбысына жауап береді.
2. 3 Есту мүшесінің қызметі. Құлақ қалқаны дыбыс толқындарын қабылдап, есту жолына бағыттайды. Есту жолы арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына жетіп, механикалық тербеліске ұшырайды. Есту сүйекшелері арқылы тербеліс ішкі құлаққа жарғақты шытырманның сопақша кіреберісі арқылы беріледі. Тербеліс түкшелерді тербетеді.
2. 4. Есту гигиенасы. Есту мүшесі бас сүйектің самай сүйегіне терең орналасқан. Әйтсе де зиянды әсерлерден, инфекция енуінен сақтау керек. Есту жолының түбінде құлық бөлетін бездер бар. Құлықтың жабысқақтығы сыртқы құлақтан түсетін шаң мен микробтарды жабыстыру, ұстау үшін керек. Құлық жиналып, естудің нашарлауына соқтырады. Оны әр түрлі затпен алуға болмайды. Дабыл жарғағы зақымданады. Ортаңғы құлақ аурулары жұқпалы аурулармен ауырған кезде мұрын - жұтқыншақтан микробтар мұрын шырышымен есту түтігі арқылы ортаңғы құлаққа түскенде пайда болады. Скарлатина, тұмау, баспа, бұлық, шешек, құлғана сияқты аурулар жұтқыншаққа зиян келтіретіндер. Есту мүшесін қорғау керек.
1. Әр түрлі жұқпалы аурулардан.
2. Қатты шудан.
3. Үнемі таза ұстау керек.
Өндірістік шуылды болғызбау - еңбек гигиенасының маңызды міндеті. Кәсіпорындардың, цехтардың қабырғалары мен төбелері дыбысты бойына сіңіретін арнаулы материалдармен қапталады. Темір жол бойындағы адамдар дыбысты өзіне сіңіріп алатын наушник киеді. Осы заманғы ғылымның жетістіктері құлақтың нашар естуіне жол бермейді, тіпті кейбір жағдайларда саңырау адамды емдеуге мүмкіндік бар. Естімей қалу - үлкен бақытсыздық. Атақты композитор Бетховеннің азап шеккен қайғысы - оның саңыраулығы болды. Қазір Бетховенді саңырау еткен ауру - отосклерозды хирургиялық әдіспен емдейді.
Қорытынды. Есту арқылы адам сыртқы дүниедегі, бізді қоршаған табиғаттағы әр түрлі дыбыстарды қабылдайды. Тепе - теңдік сезімі адамда ішкі құлақта орналасқан. Ол екі қапшық пен жартылай иірім өзектен тұрады. Өзек өзара перпендикуляр үш қуыста орналасқан. Жартылай иірім өзек қуысы сұйыққа толы. Тепе - теңдік сезімі дененің кеңістіктегі тепе - теңдігін сақтайтын мүше. Жердің өзіне тарту күшінен дененің шынығуында, еңбек етуінде, дене жаттығуында кіреберіс анализаторының маңызы зор. Кіреберіс мүшесінің ұшқыштар жұмысына, ғарышқа ұшқанда салмақсыздық жағдайда, парашют, таудағы спортта, суда жүзгенде, гимнастикамен шұғылданғанда, велосипед, коньки тепкенде өте маңызды.
Тері сезімі

Тері сыртқы ортамен тікелей жанасады. Сондықтан сыртқы ортада жүретін өзгерістерді ең алдымен тері сезінеді, ақпаратты қабылдайды. Ол жанасу мен қысымды, жылу мен суықты, ауыруды қабылдайды. Теріде ауырсыну рецепторлары көп. 1см - де, шамамен 100 рецептор бар. Ауырсыну - бұл қорғаныш реакциясы. Сипап сезу - бұл тері сезімі. Олар саусақ, тіл ұшында, ерінде көп болады.

Бұлшық ет сезімі
Адам үшін бұлшық ет, буын сезімі өте маңызды. Бұлшық ет сезімінсіз бірде - бір үйлесімді қимыл жасай алмаймыз. Пионинода ойнаушы, скрипкашы, хирург, жүргізуші сияқты мамандық иелерінде бұлшық ет сезімі маңызды рөл атқарады. Бұлшық еттегі сезім арқылы біз нәрсенің салмағын, көлемін анықтаймыз.
Дәм сезу мүшесі.

Тамақты оның иісімен бірге қабылдаған кезде дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп, қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді.
Тіл ұшы - тәтті нәрсеге,
Орталық артқы бөлігі - ащы,
Алдыңғы және бүйір бөліктері - тұзды,
Бүйір шеті - қышқылды сезеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді. Қышқыл, ащы, тәтті, тұзды дәмнен күрделі дәм үйлесімі пайда болады. Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей қалған кезде, тамақтың дәмі өзгереді.
Иіс сезу мүшесі

Адам үшін иіс маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, тамақтың ашып кеткендігі туралы хабар береді. Мұрын қуысында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл пішіні түйреуіш тәрізді, кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал. Хош иісті заттың 1грамының 10млн - нан бір бөлігі адамның қабылдауына жеткілікті.
Қорытынды. Жеке адамдардың өзара әрекеті барлық анализаторлардан сигнал түсетін ми қыртысында жүреді. Барлық анализатордың өзара әрекеті толыққанды тіршіліктің, еңбек іс - әрекетінің міндеті.



III.Бекіту.

Анализатор.Түйсіну.Қабылдау ұғымдарына анықтама беру.

IV.Бағалау.

Белсенді оқушыларды бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал