7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему Ұрықжолдастылар отряды

Конспект урока на тему Ұрықжолдастылар отряды

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырып :Ұрықжолдастылардың отрядтары

Мұғалім:Астана қаласы,№54 мл Серекпаева Айсұлу Хабидуллаевна.

Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы, «Стандарттық мазмұн»-9

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту.Пәнді сапалы менгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.

Пәндік нәтиже: қойылған мақсатқа жету.Ұйымдастыру кезеңі

Мотивация

Сыныпты белсендіру, көшбасшыға сөз беру.

Достар!Бүгін белсенділік танытамызба?Иә.Ендеше, сәттілік

Тақтаның жоғарғы жағына 63% нормасы

қойылады.

№1 кесте

2

Оқушылардың субьектілік тәжірибесін өзектендіру.

Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

1.Қазіргі кезде сүтқоректілердің қанша түрі бар?(4500-дей)

2.Сүтқоректілер Жер бетінде қашан пайда болған?( бұдан 200 млн. жыл бұрын)

3.Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым («маммалогия» )





4.Сүтқоректілердің арғы тегі (бауырымен жорғалаушылар)

5.Денесі немен қапталған?( түкпен)

6.Алдыңғы ми сыңарларының сыртында не жақсы дамыған. (ми қыртысы)

7.Олардың тұрқы қанша?(4 см- 33 м)

8.Сүтқоректілердің салмағы (1,2 грамнан- 150 тонна)

9. Қаңқасы неден тұрады?(бассүйек, омыртқа жотасымен [кеуде қуысы], иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан )

10.Сүтқоректілердің тері жабыны неше қабаттан тұрады?( екі қабаттан тұрады)

11.Теріде қандай бездер бар?(май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері)

12.Терінің қосалқы бөлімдеріне нелер жатады?( Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар) 13 Сүтқоректілердің мойын омыртқасы нешеу? - (7).

14. Қандай тістер орналасқан? ( күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер )

15. Ас қорыту жүйесі неден тұрады?( Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады).

16 Көкет қызметі?(тыныстық қозғалыстарға (тынысалу, тынысшығару) қатысады.)

17.Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет? (ұрт)

18. Тыныс алу жүйесі неден тұрады?(Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар ,өкпе)

19. Қанайналым жүйесі қандай?( жүрегі толық төрт қуысты,артерия мен вена араласпайды)

20.Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны қандай?(көп қуысты. Оны үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.

21. Зәршығару жүйесі неден тұрады?(Екі бүйрек, 2 несепағар түтігі, сыңар қуық және зәршығару өзегі)

22. Ми қыртысының көлемін ұлғайтып тұрған не?( Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар)

23. Дыбыс толқындарын аулайтын не? (құлақ қалқаны)

24. Ұрық қайда жетіледі?( аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі.)

25. Плацента қандай қызмет атқарады?(Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасын байланыстыратын арнайы мүше )







































Бірінші баға. Нәтиже бойынша оқушыларға + не - қойылады.

Тақтаға нәтижені жазу.

1кезең > немесе < норм

3

Қабылдауды ұйымдастыру

Бірінші сыни нүкте. Жаңа тақырып бойынша мұғалім қысқаша кіріспе жасайды, оқушылардың назарын осы тақырыпта өтілетін білім көлеміне аударады.Видео ролик көрсету арқылы оқушылардың

Желілілер типі,Омыртқалылар тип тармағы,сүтқоректілер класына жататын жануарлардың алуан түрлі екендігі айтылады. Оларды жүйелік топқа жіктеу кезінде ұрықжолдастылар отрядына біріктірген.Осы отрядтың өзі 8 -ге бөлінеді.

Сабақтың алдында мұғалім тірек сөздерді кіргізеді. (14сөз)

Тірек сөздер:

1-2.Қазіргі сүтқоректілер

3-4.Жоғарғы сатылы

5-6.Ұрықжолдастылар отряды

7.Бунақденеқоректілер

8.Кемірушілер

9.Қоянтектестер

10.Қолқанаттылар

11. Жыртқыштар

12. Жұптұяқтылар

13. Тақтұяқтылар

14. Ескекаяқтылар

Мұғалім тақырыптағы сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады. Жаттауға берілген уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жабылады,оқушылар жаттауға берілген уақытта сөздерді жатқа жазады.Жазып болғаннан кейін тірек сөздер ашылады, оқушылар дәптерлерімен алмасады, бір бірінің жазылған сөздерінің санын санайды, мұғалімге хабарлайды, ол нәтижені ООМ белгілейді.

Одан кейін мұғалім плюс алған оқушыларды іріктеп бақылайды, егер мәлімет дұрыс берілмей, нәтиже сәйкес болмаса, екі оқушы да минус алады, нәтиже дұрыс берілмегені үшін.

Екінші белгі.

Есте сақтауға берілген уақыт нормативі.

14 сөз - 1 мин.15сек

2 сөзден тұратын түсініктер 2 сөз болып есептелінеді. Еске сақтау бойынша жіберу: Бір сөз минус

Тақтаға нәтижені жазу.

2 кезең > немесе < нормалары.





4

Ұғынуды ұйымдастыру

Берілген уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіруі тиіс. Мұғалім оқыған материалы бойынша білімді тексеру мақсатында оқушылардан сұралатынын

ескереді.

Жаңа сабақ: Ұрықжолдастылардың отрядтары

Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкіаңдар және қазіргі аңдар.

  • Ілкіаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер - жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетін үйректұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.

  • Қазіргі сүтқоректілер немесе аңдар екі топқа (төменгі және жоғары сатыдағы аңдар) бөлінеді. Төменгі сатыдағы аңдарды «қалталы сүтқоректілер» деп те атайды. Олардың басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада таралған. Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды. Қалталы сүтқоректілер бұдан 140 млн жыл бұрын пайда болған.

Қазіргі кездегі сүтқоректілердің көпшілігінің ұрығы аналықтарының жатырында дамып жетіледі.Ұрықжолдастылар деп аталуыда сондықтан.Қазақстанның кең байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің 8 отрядтарына жататын.31 тұқымдасы және 178-ден астам түрі кездеседі.№

Ұрықжолдастылар отрядтары

түрлері

Ерекшеліктері

1

Бунақденеқоректілер

отряды

кірпілер, жұпартышқан,

жертесерлер, көртышқандар



Көзі,миы нашар дамыған,тістерінің

құрылысы бірдей,иіс сезуі жақсы

2

Кемірушілерге

кәмшат қайыр, құндыз



Күрек тістері жақсы дамыған,

дене тұрқы 5см-1метрге дейін

3

Қоянтектестер отряды

құм, ор, ақ қоян

Кәсіптік маңызы зор,басқаларымен салыстырғанда,

өте өсімтал ,1 жылда 2 рет көжектеп, 6-10 дейін

көжек туады.

4

Қолқанаттылар отряды -





салпаңқұлақты,ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат.



Түнде белсенді тіршілік етеді,

саны өте аз

5

Жыртқыштар отряды

аю, қасқыр, мысық, сусар

Сойдақ және азу тістері өте жақсы дамыған.

6

Жұптұяқтылар отряды



күйісқайырмайтындар (доңыз,бегемот, пекарьлар),

күйіс қайыратындар (құдыр, бұғы, жираф, қуысмүйізділер, өгіз

бұғышақ

Денесі 52 см-ден 500 см, салмағы 3 кг-нан 3 т.

Негізінен өсімдікқоректі .

7

Тақтұяқтылар

құлан, тапир, керік, жылқы, тарпан, түзат.



Шөлді далалық, орманды жерде тіршілік етеді. Шөп қоректілер.

Бір кұлын табады.

8

Ескекаяқтылар

каспийтүлені

Каспий теңізінде мекендейді,тері астында қалың

майы дене температурасын реттейді

Жаңа туған күшігінің түгі аппақ болғандықтан,

«ақүрпек» дейді.

Күшіктері есе келе түгі өзгеріп, сұр түске ауысады,





Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына", ал соның ішінде жұпартышқан, қызыл қасқыр, қабылан, қарақал, барыс, құлан, Мензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының "Қызыл кітабына" енгізілген.

















7-11 сыныптар үшін, 4 минут мәтіннің бір парағына,яғни оқуға 10минут беріледі.

5

Түсінудің бірінші тексерілуі

Қарама - қарсы сұрақ. Мұғалім ООМ бойынша тақырыпқа байланысты сұрайды рет ретімен емес оқушылар түсінбеген сөздерді ашады, түсіндіреді.

1.жұмыртқа салатын сүтқоректілер(ілкіаңдар)

2. қалталы сүтқоректілер қандай сатылы?(төменгісатылы)

3. Қалталы сүтқоректілер қашан пайда болған ?(бұдан 140 млн жыл бұрын )

4. Қазіргі сүтқоректілер қандай сатылы?(жоғарғысатылы)

5. Ұрықжолдастылар деп аталуы неліктен? (ұрығы аналықтарының жатырында дамып жетіледі)

6. Қазақстанда ұрықжолдастылардың қанша отряды бар?(8)

7. Қанша түрі бар?(178-ден астам )

8. Қай отрядтың миы нашар дамыған? (Бунақденеқоректілер)

9. Кемірушілердің түрлері (кәмшат қайыр)

10. Кәсіптік маңызы зор жануар (қояндар)

11. тістерінің құрылысы бірдей жануарлар(кірпі,жұпартышқан,жертесер)

12. жарқанат қандай отрядқа жатады? (қолқанаттылар)

13. Сойдақ және азу тістері өте жақсы дамыған(жыртқыштар)

14. күйісқайырмайтындарға нелер жатады?((доңыз,бегемот, пекарьлар)

15.бұғы, жираф қандай отрядқа жатады? (жұптұяқтылар )

16. кұлын деп қай жануардың төлін айтады?(жылқы)

17. Тақтұяқтыларға жататын жануарлар.

(құлан, тапир, керік, жылқы, тарпан, түзат)

18. каспийтүленінің ерекшелігі неде?

19. Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер қанша класс тармағы бар?(2 ,олар: ілкіаңдар және қазіргі аңдар.)

20. Қоянтектестердің қандай түрлері бар? (құм, ор, ақ қоян)

21. Түнде белсенді тіршілік ететін(қолқанаттылар)

22. Республикада сүтқоректілердің қанша түрі қорғауға алынған?(40 тан астам)

24. Соңғы кездерде жан-жануарлар дүниесінің азаюына не себеп?

(халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты, қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар)

25. Қазақстанның "Қызыл кітабына"енген қандай жануарлар?(жұпартышқан, қызыл қасқыр, қабылан, қарақал, барыс, құлан, Мензбир суыры)

Екінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық мағынасын аша алмаған сөздерді анықтайды. Одан кейін 1 - 2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

Үшінші белгі нәтиже бойынша + ,- қою.

Тақтаға нәтижені жазу.

3 кезең > немесе < нормалары



6

Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру.





Сыни сұрау. Сыни сұрау 10 дұрыс 20 қате құрылған сұрақтардан тұрады, сұрақтың бірінші бөлігі көңіл аудару сұрақтардан тұрады: қайда,қашан, неге, не себепті, қайдан т.б. сұрақтың екінші бөлігі қате құрылады, сұрақтар бұрмаланады.

1. Қазіргі сүтқоректілер немесе аңдар екі топқа (төменгі және жоғары сатыдағы аңдар) бөлінеді.(келісемін)

2. Мысық бұдан 5 мың жыл бұрын қолға үйретілген саққұлақ жануар.(келісемін)

3. Бунақденеқоректілердің сойдақ тістері өте жақсы дамыған(келіспеймін, олардың тістері бірдей)

4. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді.(келісемін)

5.Етқоректі бегемот судада,құрлықтада мекендейді(келіспеймін, ол шөпқоректі)

6. Керіктің жүрегі сүтқоректілердің ішінде ең үлкен болып саналады(келісемін)

7. Қазіргі сүтқоректілердің құстарға ұқсас клоакасы болады.(келіспеймін,клоака ілкіаңдарда болады.)

8. Қоян сүті сиыр сүтінен алты есе майлы(келісемін)

9. Қазіргі кездегі сүтқоректілердің ұрығы өсімдіктерше жатында дамиды.(келіспеймін,жатын емес ол жатыр)

10. Бунақденелілердің дене тұрқы 44 сантиметрден аспайды. (келісемін)

11. Жарқанат төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12 кГц) қайта қабылдайды.(келісемін)

12. үйректұмсық құстар класының бір түрі(келіспеймін,ол сүтқоректілер класының бір түрі)

13. Құндыздан парфюмерияда қолданылатын «құндыз жұпары» алынады.(келісемін)

14. Жұптұяқтылар отряды күйісқайырмайтындар , күйісқайыратындар деп бөлінеді.

15. . Қалталы сүтқоректілер жоғарғы сатыға жатады(келіспеймін,ол төменгі саты)

16. Кәсіптік маңызы зор қызыл қасқырларды аулауға рұқсат берген.(келіспеймін,ол Қызыл кітапқа енген жануар)

17. Төменгі сатыдағы аңдар Қазақстанда кеңінен тараған (келіспеймін,ол Австралияда,ОңтүстікАмерикада )

18. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салатындар қалталылар деп аталады.(келісемін)

19. құм, ор, ақ қоян кемірушілер отрядының түрлері(келіспеймін,олар қояндар отряды)

20.Ескекаяқтылардың тері астында қалың майы дене температурасын реттейді.(келісемін)

21. бұғы, жираф күйісқайырмайтын жануарлар болғандықтан тақтұяқтыларға жатады.(келіспеймін, олар күйісқайыратын жануар)

22. экологиялық апаттар</<font color="#252525"> жан-жануарлар дүниесінің азаюына әсер етуде.(келісемін)

23. Тақтұяқты өгіздің төлін құлын дейді(келіспеймін,өгіз жұптұяқты,әрі құлын жылқының төлі)

24. Бунақденеқоректілер отрядының иіс сезуі жақсы(келісемін)

25. Ескекаяқтылардың түрлерін Арал мен Балқаштан кездестіруге болады.(келіспеймін,ол тек Каспиде кездеседі.)

Үшінші сыни нүкте.

Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық мағынасын аша алмаған сөздерді анықтайды. Одан кейін 1 - 2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

Төртінші белгі. нәтиже бойынша + ,- қою.

Тақтаға нәтижені жазу.

4 кезең > немесе < нормалары

7

Талдау

Уақыт 5 минут

Бүгінгі өткен тақырып бойынша түсінгендерін шығарма түрінде жазу.

Төртінші сыни нүкте. Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылар түсінбеген немесе толық аша алмаған сөздерді анықтау. Одан кейін 1 - 2 минут ішінде мұғалім проблемалық аймақтарды анықтайды.

Бесінші белгі. Нәтиже бойынша + ,- қою.

Тақтаға нәтижені жазу.

5 кезең > немесе < нормалары

Шығарма сөздің нормативі 63сөз

8

Рефлексия

Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды. Бағалау нормативі бойынша жазған сөздерінің санын анықтап, нормаға сәйкес бағалайды.



9

Бағалар

Журналға баға қою нормативі:

4-5 баға - 5 ұпай

3 баға - 4 ұпай

2 баға - 3 ұпай

1 баға - 2 ұпай



10

Үй тапсырма.

4 бағадан кем алған оқушыларға үйге тапсырма беріледі.

Оқулық бойынша 293-297бетке дейін оқу,мазмұндау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал