7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). тақырыбында

Сабақ жоспары Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). тақырыбында

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font color="#0d0d0d">15.10.2016ж.

.10.2016ж.

Биология 6



Сабақтың тақырыбы

§14. Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түрөзгерістері.

№8 зертханалық жұмыс.

Тамырдың түрөзгерістері.



Сабақтың мақсаты,міндеті

Білімділік: Тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы мағлұмат беру оқушылардың білімін нақтылап, өздігінше ізденуге жетелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Дамытушылық: Тамырдың түрлері мен маңызын оқыта келе, өсімдіктер дүниесін дұрыс бағалауға және өздігінен тұжырымдай білуге, саралауға, талдауға, ой ұшқырлығын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу.



Оқыту нәтижелері

Сынып оқушыларының өзара қарым-қатынастары өрбиді;

Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады;



Сілтеме

Биология оқулығы 6 сынып

Негізгі идеясы

Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түрөзгерістері жайлы мәлімет беру

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология),

оқуды бағалау, сұрақ - жауап, пікірталас.

Ресурстар

Суреттер, сұрақтар жазылған парақтар

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу(1-3 дейін санау арқылы топқа бөлу), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма



Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады. Сергіту сәті ретінде сыныпқа бидай масақтарының қозғалысы тәрізді қимыл-қозғалыстарды қайталау ұсынылады.







Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.



Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушыларды топқа бөлу:

Оқушыларды 1-3 дейін санау арқылы 3 топқа бөледі

Топтарға бөлінеді

Білу

Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.

  1. Тамыр аймақтарын ата.

  2. Тамыр оймақшасы деген не?

  3. Тамырдың бөліну аймағы.

  4. Тамырдың сору аймағы.

  5. Тамырдың өткізу аймағы.

  6. Тамырдың созылу аймағы туралы әңгімелеңдер.

Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы

мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.



Түсіну

Жаңа сабақ түсіндіру. Сұрақтарға тез жауап алу.

Оқулықты қолдана отырып тамыр түрлері (1 топ) мен тамыр жүйесінің типтеріне (2 топ), тамырдың түрөзгерістеріне (3 топ) сызбанұсқа құру, оны түсіндіру.

Тамыр



Негізгі Жанама Қосалқы

Тұқымның Негізгі тамырдың қосалқы сабақпен

ұрық жан-жағынан жапырақтан өсіп

тамыршасы- дамиды шығады

нан дамиды

Тамыр жүйесі - бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырдың жиынтығы.

Тамыр жүйесі



Кіндік Шашақ

жетіледі



Тіреу тамыр Түйнекті тамыр



ауа тамыр



Емізік тамыр





жемтамыр





асханалық техникалық





Топтар талдап түсіндіреді

Қолдану

Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді.



Тамырдың түрзгерістері. Кестені толтыру



түрөзгеріс

анықтама

мысал







Жемтамырлар.

Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді.

сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан, ақжелкек

Емізік тамырлар

паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады.

сұңғыла, арамсояу

Тіреу тамырлар

тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр.

үнді фикусы

Ауа тамырлары

Тынысалу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер

мангр ағашы, айұрық (плюш), монстера, сауыр (кипарис)

Түйнекті тамырлар

тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады.

Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық



Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады



Талдау

Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды.

Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды

Жинақтау

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?

Тест

1.Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелеінің түрін өзгертуін:

А) жемтамыр в) метаморфоз с) вегетативті мүше

2.Органикалық заттар қорға жиналады:

А) ауа тамырларда в) тіреу тамырларда с) жем тамырларда

3.Паразитті тіршілік ететін өсімдік тамырлары:

А)түйнек тамырлар в) ау тамырлары с) емізік тамырлар.

4.Жемтамырларға жатады: а) үнді фикусы в) батат с) қызылша

5. Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болады:

а)ауа тамыры в) тіреу тамыр с) түйнек тамыр.

6.Нарғызгүл ,батат, шырыш өсімдіктерінің тамыры:

А) жем тамыр в) түйнек тамыр с)ауа тамыр.

7.Сұңғыла ,арамсояу өсімдіктерінің тамырлары: а) тіреу тамыр

В) жем тамыр с) емізік тамыр.

8.Жемтамырдың түйнектамырдан айырмашылығы:

А) тек негізгі тамырына қоректік зат жиналады.

В) жанама тамырына қоректік зат жиналады

С) түйнегіне қорек жиналады.

Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды

Бағалау

Оқушылардың ерекше ой - пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.

Критерийлер бойынша бағалайды

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал