7


  • Учителю
  • Разработка урока по биологии на тему 'Тамырдың түр өзгерістері' (6 класс)

Разработка урока по биологии на тему 'Тамырдың түр өзгерістері' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тексерілді»

________________


Күні: _______________

Сыныбы: 6

Тақырыбы: §14 Тамырдың түрөзгерістері.

Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипаттама беріп, соның бірі - тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі - тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру;

Тәрбиелілігі - Оқушыларға түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;

Дамытушылығы - пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, бейне фильмдер.

Сабақтың типі: аралас

Cабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Бос торкөздерге тамыр жүйесінің суретін салып, соған сәйкес өсімдік түрлерін атаңыз:
Кіндік тамыр тән:__________________ Шашақ тамыр тән:___________________

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.

Жемтамырлар. Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгертеді. Мысалы: сәбіз, қызылша, шомыр, шалқан және т. б. Жемтамырлар дағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады. Жемтамырлар асханалық (қызылша, сәбіз, шомыр, тарна (брюква), ақжелкек және техникалық (қант қызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Жемтамырлы өсімдіктер екі жылдық өсімдіктерге жатады, шалғамнан (редиска) басқасы. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол жемтамырдан сабақ, гүл шығып, жеміс береді (1-сурет).

Емізік тамырлар - паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамырға айналады. Паразитті тіршілік ететін өсімдіктерде хлорофилл болмайды. Сондықтан емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады (сұңғыла, арамсояу). Емізік тамырдың өсуі паразит өсімдіктердің ерекше органикалық қышқыл бөліп шығаруынан басталады. Қышқыл - жанасқан өсімдіктің қабығын ерітеді. Паразит өсімдіктер қабығынан еніп емізік дамиды. Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші өсімдікке инеше қадалып тұрады. Бұл - паразит өсімдіктердің тіршілік ету жағдайына бейімделгендігінің айғағы.

Асқана қызылшасының жемтамыры Қант қызылшасының жемтамыры

1-сурет. Жемтамырлар.

  1. Жапырақ қалдығы. 2. Қысқарған сабақ. 3. Нағыз тамыр бөлімі. Негізгі кіндік тамыр. 4. Жанама тамырлар.

Тіреу тамырлар - тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысып өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Yлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.


2-сурет. Тамырлардың түрөзгерістері. 1. Қосалқы тамырлар.

Тынысалу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары деп те атайды, ол сабақтан дамиды. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашы, айұрық (плюш), монстера, сауыр (кипарис) және т. б.) қосалқы тамырларға жатады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея, 2-сурет) ауа тамырлары қосалқы тамырларға жатады. Ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді.

Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады.

Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.


ІV. Бекіту:

Жеке жұмыс атқару мақсатында келесі тапсырма беріледі.

Тамырдың түрөзгерістері


Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі


Жем-тамырлар


Тіреу тамырлар


Емізік тамырлар


Түйнекті тамырлар


Ауа тамырлар

Бағалау.Топтардағы оқушылар өзара бірін -бірі бағалайды. Өз ұсыныстарын білдіреді. Мұғалім тарапынан кері байланыс.

Үй тапсырмасы: §14 тақырыпты оқып, жалпы өсімдіктің вегетативті мүшесінің бірі - тамыр жайлы өтілген тақырыптарды қайталап келесіздер, келесі сабақта биологиялық тест жұмысы алынады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал