- Учителю
- Факультативтік курс. Жануарлар әлемі
Факультативтік курс. Жануарлар әлемі
Факультативтік курс «Жануарлар дүниесі»
7 сынып
Түсінік хат
Жануарлар бүкіл жер шарында мекен етеді. Жануарлардың көпшілігі жасырын тіршілік етеді және өте ұсақ болғандықтан біз оларды байқамаймыз.Жануарлардың табиғаттағы маңызы өте зор, әсіресе олардың санитарлық маңызы зор, ал адам үшін әрқашанда маңызды.
Жануарлар әлемі- табиғи ортаның маңызды құрам бөлігі.Оған қамқорлық жасау үшін тиімді пайдалана білу керек. Жеке түрлердің ерекшеліктерін, олардың табиғаттағы ролін біле отырып, адам өзіне пайдалы жануарларды қорғауға, олардың санын көбейтіп, ауылшаруашылығы зиянкестерінің, ауру тасымалдап, ауру қоздырғыштардың көбеюін шектеуге септігін тигізеді. Жануарлар туралы, олардың әр түрлілігі, құрылысы, мінез-қылығы, көбеюі, шығу тегінің дамуы, таралуы және қоршаған ортамен қарым-қатынасы, сондай-ақ жануарлардың табиғаттағы және адамзат тіршілігіндегі мәні туралы осы курста толық мәлмет алуға болады.
Курстың мақсаты: оқушылардың жануарлар дүниесі бойынша шығарма-шылық қаблетін ашу, жануарлар туралы білімін жүйелеу, кеңейту,дамыту, жануарлардың табиғат тепе-теңдігін сақтаудағы негізгі жүйе екендігіне көз жеткізу.
Курстың міндеті:
-жануарлар дүниесі, олардың құрылысындағы ерекшеліктері, қоректенуі мен қозғалысы, табиғи қоршаған ортасына бейімделуіндегі өзгерістері туралы білімін кеңейту;
-биология кабинетіндегі оқу құралдарымен (жарық микроскоп, микро-препараттар) компьютермен (пезентация жасау) және сарамандық жұмыс-тарды орындау кезіндегі іскерлігін дамыту;
-жануарлар дүниесінің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызын біле отырып, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Факультативтік курстың негізгі оқыту формасы -теориялық білім, практикум, әңгіме, лекция. Топтық және жеке шығармашылық жұмыс қорғау. Білімді тереңдету және бекіту, сонымен бірге ойлау қабілетін дамыту барысында танымжорық өткізу.
Білімді бақылау формасы:
-
тестік;
-
жалпы сұрау;
-
шағын эссе, әңгіме тапсырмасын тексеру;
-
сарамандық жұмыс қорытындысын тексеру;
-
оқушылардың дайындаған шығармашылық жұмыстарына конференция өткізу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар білуі керек:
-
жануарлар әлемін жүйелеу;
-
жануарлардың тіршілік формасын;
-
жануарлар организмінің құрылысын;
-
жануарлардың маңызын, оларды қорғау шараларын.
Оқушылар істей білуі керек:
-
өз бетінше шығармашылық жұмыстарды орындау;
-
көптеген ақпараттық көздермен жұмыс істей білу;
-
алған ақпараттарды анализдеп қорытынды шығару;
-
тапсырма орындауда шығармашылық әрекет ету.
Бағдарламаның мазмұны
1-тақырып.Кіріспе. 1сағат
Жануарлар әлемінің көптүрлілігіне жалпы шолу.Зоология этаптарының дамуы. Өсімдік және жануар жасушасының ұқсастығы мен айырмашылығы. Қоректік және тіршілік ортасы. Жануарлардың табиғаттағы орны. Жануар-ларды жүйелеу.
2-тақырып.Біржасушалылар немесе қарапайымдар. 2сағат
Біржасушалы организмдер ерекшелігі.Органоидтер-жасуша құрылымының элементі.Қарапайымдар жасушасындағы цитоплазма және ядро.Кәдімгі амебаның және кірпікшелі кебісшанің пішіні, қозғалу тәсілі.Паразитті споровиктер мен талшықтылар.
3-тақырып.Көпжасушалылар. Губкалар типі. 1 сағат
Көпжасушалылардың біржасушалылардан құрылысындағы ерекшелік-тер.Ұлпалар және мүшелер.Көпжасушалылардың пайда болуы туралы Э.Геккель мен И.Мечниковтың теориясы.Губкалардың мекен ортасы. Бүршіктену- көбею тәсілі.
4-тақырып.Ішекқуыстылар типі. 2 сағат
Гидра-төменгі сатыдағы көпжасушалы жануар. Полиптер және медузалар: тір- шілігі және пішіні. Медузаның реактивті қозғалуы. Ішекқуыстылардың экологиялық формасы. Коралл полиптері.
5-тақырып.Жалпақ құрттар типі. Ақ планария 2 сағат
Жалпақ құрттардың паразитті тіршілігі. Билатеральді симметрия. Гермофродизм.Жалпақ құрттар классификациясы. Сорғыш және таспа құрт-тардың тіршілігі, құрылысындағы ерекшеліктері.
6-тақырып. Жұмыр құрттар типі. Аскарида 1 сағат
Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Адамда тіршілік ететін жұмыр құрт-тар, олардың құрылысындағы ерекшеліктер. Қазақстанда жиі кездесетін паразиттік құрттар.
7-тақырып. Буылтық құрттар типі. Жауын құрты.2 сағат
Буылтық құрттардың билатеральды симметриялы құрылысындағы ерекшеліктер.Асқорыту, зәр шығару және қанайналым жүйесіндегі ерекшеліктері.Жынысты жыныссыз көбеюі.Регенерациясы.Жауын құртының сыртқы әсерге жауап беруі.
8-тақырып. Ұлулар типі. 2 сағат
Ұлулар-былқылдақ денелі жануарлар.Қоректену тәсілі.Мантия қуысы.Ұлу дамуындағы паразитизм. Бауыраяқтылар мен қосжақтаулылардың бақалшағы. Меруерттің түзілуі.
9-тақырып. Тікентерілілер типі.1 сағат
Тікен терілілер-радиальды симметриялық жануарлар. Сыртқы құрылыс-ындағы ерекшеліктер. Су-түтікшелі жүйе.Теңіз жұлдызының тіршілік әрекеті.
Тікентерілілердің көптүрлілігі.
10-тақырып.Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер класы. Өзен шаяны.2 сағат
Буынаяқтылардың сегменттелген құрылысының ерекшеліктері. Хитинді жабын. Өзен шянының тіршілік әрекеті құрылысы. Шаянтәрізділердің көптүр-лілігі. Зоопланктон. Тұщы су, теіңіз және құрлықтағы шаянтәрізділер. Шаянтәрізділердің маңызы.
11-тақырып. Буынаяқтылар типі. Өрмекші тәрізділер класы. Шаршылы өрмекші. 2 сағат
Өрмекшітәрізділер-жыртқыштар.Шаршылы өрмекшінің сыртқы құрылысы. Ішектен тыс қорытылу.Тынысалу жүйесіндегі ерекшеліктері. Партеногенез.
12-тақырып. Буынаяқтылар типі. Бунақденелілер класы. 2 сағат
Бунақденелілер табиғатта ең көп таралған жәндіктер.Көру мүшесінің құрылысындағы ерекшелік.Бунақденелілердің ауыз аппараттары мен қанаттарының көптүрлілігі.Бунақденелілердің сан алуандылығы.Оларға қарсы күрес жүргізу әдістері.Бунақденелілердің табиғаттағы ролі және адам үшін практикалық маңызы.
13-тақырып.Хордалылар типі.Төменгі сатыдағы хордалылар.1 сағат
Хорда -ішкі қаңқа. Хордалылар типінің негізгі ерекшелігі. Қандауыршаның тіршілік ортасы және сыртқы құрылысы.Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген А.О.Ковалевскийдің дәлелі.
14-тақырып. Хордалылар типі. Балықтар класы.2 сағат
Жалпы сипаттамасы.Өзен алабұғасының қабыршағының құрылысы. Қаңқасы.Торсылдағының қызметі.Балықтың тынысалуы мен қанайналымының ерекшелігі.Бүйір сызығы-гидростатикалық мүше. Шеміршекті балықтардың негізгі өкілі.Аквариум балықтары.
15-тақырып. Қосмекенділер класы. Тоған бақасы. 2 сағат
Ересек бақа мен итшабақтың құрылысындағы ерекшеліктер.Өкпе және терімен тынысалу.Қоршаған орта температурасына дене температурасының тәуелділігі.Қосмекенділер түрінің саналуандылығы және оларды қорғау.
16-тақырып.Жорғалаушылар класы. Сұр кесіртке.2 сағат
Сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Мүйізді қабыршақ.Қазақстанда мекендейтін жорғалаушылар. Жорғалаушылардың шығу тегі. Жорғалаушыларды қорғау.
17-тақырып. Құстар класы. Көгершін. 2 сағат
Құстар- алғашқы жылы қанды жануарлар. Көгершіннің құрылысындағы ерекшеліктері. Қауырсынның құрылысы. Қосарынан тынысалу.Құстардың ұя салуы және маусымдық қоныс өзгертуі. Құстардың көптүрлілігі. Құсшаруашылығы.
18-тақырып. Сүтқоректілер класы. Асыранды ит. 2 сағат
Сүтқоректілердің тіршілік әрекеті және сыртқы құрылысы.Қанайналым және жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер. Алғашқы аңдар. Негізгі отрядтарының жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің маусымдық өзгерістері. Сүтқорек-тілердің маңызы және оларды қорғау. Қазақстандағы мал шаруашылығының негізгі бағыттары және жергілікті қолтұқымдары.
19-тақырып.Жануарлар әлемі эволюциясы. 1 сағат
Жануарлар әлемі эволюциясының ғылыми дәлелдемелері.Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.Тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу.
20-тақырып. Табиғи бірлестік. 2 сағат
Табиғи бірлестіктегі организмдердің өзара байланысы.Қоректік тізбек.Адам әрекетінің табиғи бірлестікке әсері. Адамның фаунаны жоюы. Табиғатты қорғау.
Оқу жоспары
Бөлімдер аты
Жалпы сағат саны
Теория
Практика
Сағат саны
Сағат саны
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Кіріспе
Біржасушалылар немесе қарапайымдар
Омыртқасыздар
Омыртқалылар
Жануарлар әлемі эволюциясы
Табиғи бірлестік
1
2
17
11
1
2
1
2
6
2
1
11
9
2
Барлығы
34
12
22
35%
65%
Тақырыптық -күнтізбелік жоспар
1
Теориялық білім
Жалпы сұрақ
2-3
Біржасушалылар немесе қарапайымдар
2
Шығармашылық сұрақтарды бере отырып, көру әдісін қолдану
Тестік бақылау
4
Көпжасушалылар.
Губкалар типі
1
Әңгімелесе отырып баяндау
Суретті тапсырмалар
5-6
Ішекқуыстылар типі. Гидра
2
Слайдтарды пайдалана отырып ұжымдық шығармашылық тапсырмалар орындау
Оқушылар презентациясын тексеру
7-8
Жалпақ құрттар типі.
Ақ планария
2
«Қатесін тап» әдісін пайдалана отырып әңгімелеу.
Дәптердегі таблицаларын тексеру
9
Жұмыр құрттар типі. Аскарида
1
Лекция .
Дәптердегі қорытынды нәтижесін тексеру
10-11
Буылтық құрттар типі.Жауын құрты
2
Практикалық жұмыс «Сыртқы орта әсеріне жауын құртының мінез-құлқын бақылау»
Практикалық жұмыс нәтижесін тексеру
12-13
Ұлулар типі
2
Ұжымдық шығармашылық жұмыс
«Меруерттің түзілуі» шағын эссесін тексеру
14
Тікен терілілер типі
1
Теориялық ізденіс жұмысы
Оқушылар презентациясы
15-16
Буынаяқтылар типі.
Шаянтәрізділер класы. Өзен шаяны
2
Проблеманы туындата отырып жеке оқушымен жұмыс
«Шаянтәрізді-лердің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында жазған әңгімесін тексеру
17-18
Буынаяқтылар типі.
Өрмекшітәрізділер класы.Шаршылы өрмекші.
2
Лекция
Тестік бақылау
19-20
Буынаяқтылар типі.
Бунақденелілер класы
2
Көру әдісі арқылы өздігінен салыстыра нақты дәлел келтіре отырып шығармашылық тапсырмалар орындау
«Бунақденелі-лердің пайда-зияны» тақырыбында кесте толтыр-ғанын тексеру
21
Хордалылар типі.
Төменгі сатыдағы хордалы жануарлар.
1
Лекция
Жалпы сұрау
22-23
Хордалылар типі Балықтар класы (Шеміршекті және Сүйекті)
2
Ұжымдық шығармашылық тапсырмалар
«Менің аквариумдағы балықтарым» әңгімесін тексеру
24-25
Қосмекенділер класы.Тоған бақасы.
2
Практикалық жұмыс «Қосмекенділердің қоршаған ортаға адапта-циясы»
Дәптердегі таблицалар мен шығарған қорытындысын тексеру
26-27
Жорғалаушылар класы Сұр кесіртке.
2
Практикалық жұмыс «Жорғалаушы-лардың қорша-ған ортаға адаптациясы»
Дәптердегі таблицалар мен шығарған қорытындысын тексеру
28-29
Құстар класы.
Көшершін.
2
Көру әдісі арқылы өздігінен салыстыра нақты дәлел келтіре отырып шығармашылық тапсырмалар орындау
Берілген тапсырмаларды тексеру
30-31
Сүтқоректілер класы
2
Жас натуралистер станциясына танымжорық
«Жас натуралистер станциясына саяхат» фото көрмесінен презентация-сын тексеру
32
Жануарлар әлемі эволюция-сы.
1
Жануарлар әлемі эволюциясы-ның ғылыми дәлелдемелері презентация-сын тексеру.
33-34
Табиғи бірлестік
2
Конференция «Жануарлар тіршілігі», презентация-ларын демонстрация-лау
Қоректік тізбекке жасаған презентация-ларын тексеру
Барлығы
34 сағат
Пайдаланған әдебиеттер
1.ҚР балалар энциклопедиясы
2.Қ.Қайым және басқалар «Биология» оқулығы 7 сынып. Алматы «Атамұра»-2012ж
3.Қ.Қайым, Б.Мұханов, Р.Сәтімбеков, М.Шаймарданқызы «Жануартану» 7-8 сынып.Алматы «Рауан»-1994ж
4.Б.Е.Быховский және басқалар «Зоология» 6-7 сынып. Алматы «Мектеп»-1985ж
5.Е.Т.Бровкина, Н.И.Кузьмина «Зоология сабақтары» Алматы «Мектеп»-1983ж
6.А.Ф.Ковшарь, А.Б.Бекенов «В мире редких животных» Алматы «Қайнар»-1985ж
7.Х.Қыдырбаев, Р.Сәтімбеков, С.Махмутов «Су хайуанаттары» Алматы «Қайнар»-1988ж
8.Қ.Қайымов «Су асты әлемінің айнасы» Алматы «Қайнар»-1989ж
9.Х.Қыдырбаев және басқалар «Қазақстанның жануарлары» Алматы «Қайнар»-1995ж
10.Қазақстанның Қызыл кітабы-Алматы-1996ж
№ 26 жалпы білім беретін мектеп
Факультативтік курс бағдарламасы
Жануарлар дүниесі
7 сынып
Бағдарлама авторы: Нурманова Айымхан Сандыбаевна
Жоғары санатты биология пәні мұғалімі
</
Алматы