7


  • Учителю
  • Қосжақтаулы, басаяқты ұлулар сабақ жоспары 7 класс

Қосжақтаулы, басаяқты ұлулар сабақ жоспары 7 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 25.11.2015ж

Тақырыбы: Қосжақтаулы, басаяқты ұлулар

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың білім білік дағдысын қалыптастыру. Ұлулар туралы білімдерін тереңірек жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.Оқушылардың өзін-өзі дамытуына жетелеу және оқышылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілік мақсаты:

Табиғатты қорғауға және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Типі: жаңа материалды меңгерту.

Түрі: шығармашылық сабақ,

Әдісі:зерттеу, салыстыру, талдау, сұрақ - жауап.

Пәндік байланысы: география,тарих

Көрнекілігі: слайд түрлері, видио,суреттер,кесте,жұмбақтар т/б

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық

Бүгінгі сабығымызды жақсы көңіл күймен өткізу үшін бір-бірімізге сәттілік тілейік.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

І кезең: Сиқырлы сандықша

1- тапсырма:

1.Ұлуларды неге былқылдақденелілер деп атайды?

2.Бақалшақ қалдығы сақталған ұлу.

3.Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі ерекше без.

4.Ұлудың ас қорыту мүшесін ата?

5.Ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.

6.Ұлудың қанша түрі бар?

7. Бауыр аяқтылардың қанша түрін білесің?

8. Бау-бақшаға,бақтарға қандай ұлу зиянын келтіреді?

9. Жүзім ұлуы қандай жынысты?

10. Үлкен топа ұлуды жүрегі неше бөліктен тұрады?

2- тапсырма:

Сәйкестігін тап

























3 тапсырма



2-кезең"Білгенге маржан"Қосжақтаулы, басаяқты ұлулар сабақ жоспары 7 класс

Аяғы бар, басы жоқ,

Тұлғасы бар, қарны тоқ.

Екі жақтау қорғаны,

Ол болмаса сорлады Жауабы:Айқұлақ

Бақалшағы жоқ сыртында,

Үккісі бар ұртында.

Қорегін ұстар таяғы,

Арқанға ұқсас аяғы Жауабы: Сегізаяқ

Жаңа сабақ:

Тақырыбы: Қосжақтаулы,басаяты ұлулар

Қосжақтаулы ұлулар

1.Мұхиттарда,тоғандарда,теңіздерде,су түбінде жартылай құмға көміп тіршілік етеді.

2.20000-ға жуық түрі белгілі.

3.Қос жақтаулы былқылдақ дене: Екі жақтауы, жалпақ бақалшағы болады.

4.Денесі:тұлғадан және аяқтан тұрады.

5.Аяғының қасында ауыз бар.

6.Қармалауыштары аяқ қызметін атқарады.

7.Қантарату жүйесі ашық. Жүрегі 3 қуысты:2 құлақша,1 қарынша.

8.Тыныс алу жүйесі:Желбезек арқылы тыныс алады.

9.Асқорыту жүйесі:өңеш-қарын-ішек.

10 Зәршығару жүйесі: бүйрек

11.Жүйке жүйесі: 3 жұп жүйке түйінінен тұрады

12. Қозғалуы: Реактивті қозғалып жүру тән,олар суды шапанша қуысына айдап,күшпен итеріп шығарады.

13.Көбеюі: Дара жынысты

14.Ұлуларды зерттейтін ғылым-гистиология



Басаяқты ұлулар

1.Өте ірі жәндіктер.

2.Тұзды мұхиттар мен теңіздерде тіршілік етеді.

3.800-ге жуық түрі белгілі.

4.Денесі бастан және тұлғадан тұрады.

5.Ауыз төңірегінде 8-10 қармалауыштары бар.

6.Қармалауыштары аяқ қызметін атқарады.

7.Қармалауыштарының ішкі жағында сорғыштары бар.

8.Аяғы басында орналасқандықтан, басаяқтылар деп аталады

9.Қантарату жүйесі ашық.

10.Жүрегі 3 қуысты:2 құлақша,1 қарынша.

11.Тыныс алу жүйесі: Желбезек арқылы тыныс алады.

12.Асқорыту жүйесі:Ауыз-үккі-жұтқыншақ-өңеш-қарын-ішек.

13.Зәршығару жүйесі: 2 бүйрек,несепағар түтігі

14.Жүйке жүйесі:Миы дамыған, жүйке түйіні 170 млн жүйке жасушаларынан тұрады.

15.Қозғалуы:Реактивті қозғалып жүру тән,олар суды шапанша қуысына айдап,күшпен итеріп шығарады.

16.Көбеюі:Тура даму:жұмыртқа-ересек ағза.

3.Бейне көрініс

4.Әлемде талай қызық бар

5.Сабақты бекіту

1-тапсырма.Тест

1.Айқұлақтарда тыныс алу мүшесі

А)Желбезек В)Өкпе С)Дененің бүкіл беті

2.Ұлуларда алғаш рет қай без пайда болды?

А)Ұйқы безі В)Бауыр С)Бездері жоқ

3.Қай ұлуда бас бөлігі жоқ?

А)Айқұлақ,мидия В)Сегізаяқ,кальмар С)Жүзім ұлуы

4.Бауыраяқтыларға қайсысы жатады?

А)Қошқармүйіз В)Кальмар С)Каракатица

5.Басаяқтыларға қайсысы жатады?

А)Кальмар В)Мидия С)Айқұлақ

6.Қосжақтаулылар қайда тіршілік етеді?

А)Құрлықта В)Ауада С)Тастарда

7.Ұлуларда бақалшақтың маңызы қандай?

А)Ауа жұту В)Қорғаныс С)Тыныс алу

1-А 2-В 3-А 4-А 5-А 6-А 7-В



2 тапсырма: Сұрақ-жауап

1.Ұлулар типінің кластары.

2.Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат.

3.Ұлулардың қантарату жүйесіндегі ерекшелігі?

4.Бауыраяқты ұлуларды атаңдар.

5.Ең ірі қосжақтаулы ұлу

1.Ұлулардың буылтық құрттардан ерекшелігі?

.2.Ұлулар қалай тыныс алады?

3.Не себепті бауыраяқтылар деп аталады?

4.Ұлудың теңізде және құрлықта тіршілік ететін класы.

5.Тағамға пайдаланатын ұлуларды атаңдар

Жауабы:

1.бауыраяқты,қосжақтаулылар,басаяқтылар.

2.шапанша

3. Ашық

4. Тоспаұлу,жалаңаш шырыш, жүзімұлуы,қошқармүйіз

5.тридакна

6. денесі буылтыққа бөлінбейді

7. өкпе,желбезек

8. Аяғы бауырын толық жабады.

9.Бауыраяқтылар

10. Мидия,устрица



тоспаұлу

сегізаяқ

мидия

айқұлақ

жүзімұлуы

кальмар

қошқармүйіз

каракатица

кемеқұрт





+

+





+

+







+







+



+







+



+

























Сәйкестігін анықта:1.Қармалауыштар саны 10

</<font face="Times New Roman, serif">2.Сиқырлап ұйықтатуға болады.

3.Бастың екі жағында үлкен көздері бар.

4.Басы да,тұлғасы да жалпақ .

5.Сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүзеді.

6.Сиялы сұйықтық шашады.

7.Ұлулардың ішіндегі ең жыртқышы.

8.Жемін аулау үшін су атқылайды.

9.Улы түрлері де бар.

Үйге тапсырма: § 45.Қосжақтаулы,басаяқты ұлу. Суретін салу,құрлысын жазу.































































































М.Тәжин атындағы орта мектеп































Тақырыбы:

«Қосжақтаулы, басаяқты ұлулар»

Биология /7 сынып/































Өткізген: биология пәнінің мұғалімі Ж .Балмұрат























Мөңке би ауылы

2015ж













































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал