- Учителю
- План работы на тему Бактериялар(6 класс)
План работы на тему Бактериялар(6 класс)
«БЕКІТЕМІН»
______________
______________
Күні: 09. 04. 2016 ж.
Сыныбы: 6 «б»; 6 «в».
Тақырыбы: Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың бактериялар туралы төменгі кластан
білетіндерін еске түсіре отырып бактериялардың құрылысы, тірі
организмдерге әсер ету жолдары, бактериофаг, бактерия арқылы
таралатын ауру түрлері туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың прокариоттар, эукариоттар және жасушасыз
тіршілік құрылымы туралы білімдерін дамыта жетілдіре түсу.
Тәрбиелілігі: 1. Оқушыларды өз бетімен ізденіп оқуға тәрбиелеу;
2. Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау;
3. Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Өткізу әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, деңгейлік тапсырмалар, тест
жұмысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1). Ұжымдық әрекет
2). Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Деңгейлік тапсырмаларды тексеру;
Қосымша микробиология, бактерия, көк - жасыл балдырлар туралы
мәліметтер.
III. Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары:
1. Ашылу тарихы
2. Микробиология ғылымының дамуы
3. Бактериялардың құрылысы, қоректенуі.
І. Бактерияларды зерттеу ХVII ғасырда ұлғайтқыш құралдардың пайда болуына байланысты дамыды. Бактерияларды ең алғаш Антони - ван Левенгук ашқан. Одан кейін Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін микроағзалардың барын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
ІІ. М икробиология ғылымы - (грек. «микрос» - кішкентай, «логос» - ғылым), яғни көзге көрінбейтін, ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым.
ІІІ. Бактериялар - барлық тіршілік ортасын игерген ұсақ ағзалар.
Бактериялардың құрылысы:
-
Олардың жасушалары - 0,1 - ден 10 мкм - ге дейін, өте ұсақ.
-
Прокариоттарға жатады, яғни ядросы болмайды.Цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады,ДНК молекуласы шектеулі кеңістікте(нуклеоидта) орналасып, сақина түрінде тұйық орналасады.
-
Жасушасының өте тығыз, көпқабатты қабықшасы болады, ол нәруыз муреиннен және полисахаридтерден тұрады.
-
Митохондрия мен хлоропласттар болмайды, қызметін ЦПМ атқарады.
-
Рибосомалары бар
IV. Бекіту.
1. Ассоциациялық карта жасау.
Бактерия
2. Деңгейлік тапсырмалар.
V. Үйге тапсырма: ₴ 57. Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы.